Ж. №1 басылым беттің


Графикалық редактордың ортасы



жүктеу 0,82 Mb.
бет11/11
Дата11.02.2020
өлшемі0,82 Mb.
#28707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Графикалық редактордың ортасы. Графикалық редакторлар көпшілігінің интерфейстері біркелкі ұйымдастырылады. Экранның сол жағында суреттерді редакциялау процесінде қолданылатын саймандардың кескіндері бар, пиктограммалар жиынынан тұратын саймандар тақтасы орналасады.

Экранның төменгі жағында палитра тақтасы орналасады, одан суретші қажат түсті бояды таңдайды. Экранның қалған бөлігі бос жұмыс өрісі болады. Жұмыс өрісінің үстінде ГР жұмыс режімдерін өзгертуге қажет бұйрықтар мәзірі болады.



Жұмыс режімдері. ГР режімін пайдаланушының жасайтын әрекеттері және оның осы режімде редакторға беретін бұйрықтары анықтайды.

Суретпен жұмыс жасау режімі (сурет салу). Бұл режімде жұмыс өрісінде құралдың бейнесі тұрады. Пайдаланушы суретті кескіндейді, оны редакциялайды, оның үзінділерімен манипуляциялық әрекеттерді орындайды.

Сайманды таңдау және икемдеу режімі. Нұсқаушы-меңзер саймандар тақтасы (саймандар мәзірі) аймағында болады. Бұдан басқа, мәзір көмегімен, анықталған сызықтың типіне, еніне, бояу әшекейіне сайманды икемдеуге болады.

Жұмыс түстерін таңдау режімі. Меңзер палитра тақтасы аймағында болады. Мұнда суреттің, фонның түстерін қоюға болады. Кейбір ГР-лар пайдаланушыға палитраны өзгертуге мүмкіндік береді.

Сыртқы құрылғылармен жұмыс жасау режімі. Бұл режімде суретті дискіге жазу, дискіден оқу, суретті баспаға шығару бұйрықтарын орындауға болады. Кәсіби ДК-де графикалық редакторлар бейнені қағаздан енгізу үшін сканермен жұмыс жасай алады.

Графикалық редактордың бұйрықтар жүйесі. Жоғарыда аталған режімдердің әрқайсысында, пайдаланушы ГР бұйрықтарының анықталған жиынтығымен жұмыс жасауы мүмкін. Олардың барлығы графикалық редактордың бұйрықтар жүйесін құрайды. Әртүрлі ГР-да, әртүрлі компьютерлерде бұйрықтар жүйесінде өзгешеліктер болуы мүмкін.

ГР бұйрықтар жүйесіне мыналар жатады:


  • сайманды таңдау бұйрықтары;

  • сайманды икемдеу бұйрықтары (сызықтың ені, әріптердің шрифті);

  • түстерді таңдау бұйрықтары;

  • суретті масштабтау бұйрықтары;

  • алмасу буфермен жұмыс жасау бұйрықтары (кесіп тастау, көшіру, қою);

  • ерекшеленген үзінділермен манипуляциялық әрекеттер жасау бұйрықтары (бұру, созу, айналы аудару);

  • сыртқы құрылғыларға суретті енгізу/ шығару бұйрықтары.

Келтірілген тізімнен шығатын қорытынды – пайдаланушының неше түрлі әрекетін: сайманды таңдау, түсті таңдау, сызықты жүргізу, өшіру және т.б. сәйкес режімде орындалатын бұйрық деп қарастыру қажет.
Сандық ақпаратты өңдеу технологиясы. Электрондық кестелерді оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар:

-электондық кестелерді (ЭК) қолдану аймағы;

-кестелік процессордың (КП) ортасы;

-ЭК құрылымдық объектілері;

-ЭК ұяшықтарындағы деректер, оның типтері, құрылымы;

-ЭК адрестеу тәсілдері;

-КП жұмыс режімдері;

-бұйрықтар жүйесі.



Электондық кестелерді (ЭК) қолдану аймағы. Тарихи ЭК пайда болуы дербес компьютерлердің өрістеу бастамасымен тура келді. Apple II типті компьютерлері үшін ЭК жұмыс жасауға арналған бірінші бағдарлама – VisiCalc деп аталған кестелік процессор 1979 жылы жасалды. 1982 жылы IBM PC үшін әйгілі кестелік процессоры Lotus 1-2-3 пайда болады. Lotus өзінде ЭК-ң есептеу мүмкіндіктерін, іскерлік графиканы және реляциялық ДҚБЖ қызметтерін біріктірді. Кестелік процессорлардың даңқы тез өсті. Осы сынды жаңа бағдарламалық өнімдер пайда бола бастады: Multiplan, Quattro Pro, SuperCalc және т.б. Бүгінгі таңда ең кең тараған кестелік процессорлардың бірі, Microsoft Office пакетіне кіретін MS Excel болып табылады.

MS Excel (XL) – электрондық процессор, кесте түрінде ұйымдастырылған ақпаратты енгізуге, өңдеуге, автоматтандырылып санауға арналған арнайы бағдарламалық жүйе. Құрылымы күрделі кестелерді құруға, әдемілеп өңдеуге, сонымен қатар, жеке ұяшықтарда, жолдарда, бағаналарда және матрицаны есептеу, іріктеу мүмкіндігі мол. XL – өзінің есептерін шығыратын бағдарламалау жүйесі.

Электрондық кесте деген не? Бұл бүтін кешендік есептерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың құралы.

1. Есептеулерді орындау. Ежелден көптеген есептеулер кестелік пішінде орындалады, әсіресе іс-қағаздарын жүргізу, толып жатқан есептеу тізімдемелері (орысш. – ведомости), шығыс сметалары және т.б. Бұдан басқа, сандық әдістермен есептелетін математикалық есептердің бүтін бір қатарын кестелік пішінде орындау ыңғайлы. ЭК ондай есептеулерді автоматтандырудың ыңғайлы құралы болып табылады. Бұрын, көптеген есептеулерді ЭЕМ-де шешу үшін тек қана бағдарлама құру қажет болса, қазір оларды электрондық кестелерде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.

2. Математикалық модельдеу. ЭК-де математикалық формулаларды пайдалану, кейбір нақты жүйенің әртүрлі параметрлері арасындағы өзара байланыстарын ұсынуға мүмкіндік береді. ЭК негізгі қасиеті – формуладағы операндалардың мәндері өзгергенде оны лезде қайта есептеу мүмкіндігі. Осы қасиеттің арқасында, электрондық кесте сандық экспериментті: параметрлерді таңдап алу, модельдену жүйенің тәртібін болжау, тәуелділіктерді саралау, жоспарлау және т.с.с. ұйымдастырудың ыңғайлы құралы болып табылады.

3. Электрондық кестелерді деректер қоры есебінде қолдану. Әрине, бұл аймақта ДҚБЖ салыстырғанда, электрондық кестелердің мүмкіндіктері әлдеқайда аз. Алайда, онда реляциялық ДҚБЖ тән, деректермен кейбір манипуляциялық амалдар жүзеге асырылған. Олар, белгіленген шарт бойынша ақпаратты іздеу және іріктеу амалдары.

Сабақтарда оқушылар нақты кестелік процессорды игеруге тиіс. Курстың ақпараттық технологияларын қарастыратын алдындағы тақырыптар сияқты, ЭК оқыту тәртібі, виртуалды орындаушының әдістемелік схемасы бойынша орта, деректер, жұмыс режімдері, бұйрықтар жүйесі өтуге тиіс.

Кестелік процессордың ортасы. Базалық курста қарастырылатын MS Excel электрондық процессорының стандартты терезесінің интерфейсі мына компоненттерден тұрады1:

Тақырып жолы – «Свернуть», «Развернуть», «Закрыть» батырмалары бар терезенің ең жоғарғы жағындағы жол.

Мәзір жолы. Excel-ң жұмысын ұйымдастыратын негізгі бұйрықтар тізімінен тұрады. Олардың әрқайсысы иерархиялық бұйрықтар жүйесін құрайды.

Пайдаланушы экранға өзіне қажет саймандар тақтасын қою мүмкіндігі бар. Ол үшін – Вид  Панели инстументов  қажет саймандар тақтасының атауының қасына шертіледі. Әдетте, экранда мына саймандар тақталары тұрады:

Стандартты саймандар тақтасы – жиі кезігетін амалдарды орындауға арналған батырмалар орналасқан. Форматтау (пішімдеу) саймандар тақтасы – ұяшықтардағы мәтінді және сандарды пішімдеуге арналған батырмалар орналасқан.

Формулалар жолы – үш бөлімнен тұрады: сол жағында ағымды ұяшықтың адресі нұсқалады, ортасында – дайындалған әрекетті қайтару (немесе Esc), жасыл – енегізу (немесе Enter), fx – Вставка функции қосымшасын шақыру батырмасы орналасады. Бұл батырмамен көптеген әртүрлі функцияларды – қаржылық (финансовый), статистикалық, математикалық және басқаларды шақыруға болады. Егер формула жолы тақтада жоқ болса, онда: Вид  Строка формул бұйрықтар тізімін орындап қоюға болады.

Электрондық кестенің жұмыс өрісі жолдардан және бағаналалардан тұратын матрица түрінде ұсынылады.

Жолдар – жоғарыдан төмен қарай 1-ден бастап нөмірленеді. Бағаналар – солдан оңға қарай, алфавит ретімен, латын әріптерімен аталады: A, B, … , Z, AA, AB, …, AZ, BA, BB, …, IU, IV.

Жолдар мен бағаналардың саны электрондық кестенің нұсқасына байланысты, мысалы, MS Excel 2003-ң әр парағы – 65536 жолдан, 256 бағаннан тұрады.

Жағдай жолы – терезенің төменгі жағында орналасқан. Амалды орындау барысы немесе таңдалған бұйрық туралы ақпаратты бейнелейді.

Парақтардың жарлықтары – Лист1, Лист2, …

Айналдыру жолақтары (скроллингтер) – терезенің төменгі және оң жағында орналасады.



ЭК құрылымдық объектілері. Электрондық кесте – 3 өлшемді құрылым болып табылады. Оның негізгі объектілері: ұяшық, парақ, жұмыс кітабы. Мұғалімнің міндеті оқушыларды электрондық кестенің осы объектілерімен жұмыс жасауға үйрету, білімдерін бекіту, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Ұяшық – кестенің жеке элементі, бағана мен жолдың қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, ол бағана атауы мен жол нөмірі. Мысалы: A1, B7, C12, BK43, AB356 және т.с.с. Ағымды ұяшықтың адресі (координаталары) формулалар жолының сол жағындағы терезеде пайда болып отырады. Бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өту үшін меңзерді басқару пернелері және TAB пернесі қолданылады немесе басқа ұяшықты шертсе болғаны.

Ұяшықтың меңзері – маркері бар тік төртбұрыш рамка. Меңзер тұрған ұяшықты – ағымды ұяшық деп атайды.

Ұяшықтарға деректерді енгізу үшін ұяшықты шертіп, санды немесе мәтінді теріп, міндетті түрде Enter-ді немесе көрсеткіш пернелерінің біреуін немесе формулалар жолындағы жасыл (ввод) батырмасын басу қажет.

Ұяшықтарды пішімдеу. Ұяшықтағы деректер әртүрлі пішімдерге өзгертілуі мүмкін. Деректердің көрсетілуіне тапсырыс беруге болады:

1) санды неше ондық белгіге дейін дөңгелектеуді;

2) теріс сандарды экранда қалай бейнелеуді (мысалы, оларды жазғанда қызыл түсті немесе алдында «-» белгісін қолдану);

3) ақшалық шамалар болғанда қандай валютаның символын қолдануды (мысалы, $ немесе тнг.);

4) мерзім/уақыт мәндерімен жұмыс жасағанда, мерзім/уақыт-тың (мысалы, день/месяц/год немесе месяц/год) бейнелену типін таңдау.

Ұяшықта қажет пішімді қою мысалдарын келтірейік.

1-мысал: сандық пішімді қою тәртібі: керек ұяшықтарды ерекшелеу  Формат  Ячейки  Число  Числовой  керек параметрлерді таңдау (теріс сандарды, ондық таңбалар санын,)  ОК.

2-мысал: ұзын мәтінді тар ұяшықта орналастыру тәртібі: қажет ұяшыққа меңзерді қою  Формат  Ячейки  Выравнивание  Переносить по словам (қанатша қою)  ОК. Осыдан кейін енгізілген мәтін ешқашанда ұяшықтың шекарасынан шықпайды.

Парақ (Лист) – жұмыс кітабының немесе файлдың (Книга) жеке құжаты. Парақ – деректерді енгізуге арналған ұяшықтардан тұратын аймақ.

Пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін ұяшықтар тор сызықтарымен бөлінген, әйтсе де баспаға тор шықпайды, сондықтан шығару алдында кестені ерекшелеп шекара сызықтарын қою қажет.

Экранда бүкіл электрондық кесте (құжат) көрінбейді, тек оның азғантай ғана бөлігі тұрады. Экран арқылы, пайдаланушы құжатты жылжыта отырып, толық қарап шығу мүмкіндігі бар. Құжат толық көлемде жедел жадыда сақталып тұрады. Электрондық кесте сақталып тұрған жадының негізгі бөлімінен басқа оның қосымша бөлімдері де қолданылады:


  • кестенің үзінділерінің көшірмелерін сақтайтын буфер;

  • анықтамалық ақпаратты орналастыруға арналған жады бөлімі.

Пайдаланушы өз қажетіне сәйкес қанша болсын жаңа парақтарды қоса алады, тек жадының көлемі көтерсе болғаны.

Парақ қосу – Вставка  Лист. Немесе ағымды парақтың жарлығын оң батырмамен шертіп  Добавить  Лист  ОК. Жаңа парақ ағымды парақтың алдына қойылады.



Жұмыс кітабы – бірнеше парақтардан тұрады (Лист1, Лист2, Лист3 …). Бір құжатты немесе файлды Книга деп атайды. Неше файл құрамыз десеңізде ол өз еркіңізде.

Әдетте бір кітаптағы парақтар арасындағы ақпарат логикалық байланыста болады. Жұмыс кітабының мысалы ретінде бір ұжымның құжаттар жиынын келтіруге болады – бухгалтериялық формалар, налогтар, кадрлар, т.б. Басқаша айтсақ, Жұмыс кітабын – бұл парақтар тігілген тезтікпе (орысш. – скоросшиватель) деуге болады, парақтарды қосуға, жоюға, орындарын ауыстыруға, құжаттарды өзгертуге және т.б. әрекеттер жасауға болады.



ЭК ұяшықтарындағы деректер. Кестелік процессор үшін деректер – айқындалған символдық пішінде үсынылған, кестенің ұяшығында тұрған ақпарат. Мұнда, тұрақты және айнымалы ұғымы, арифметикалық және логикалық өрнектер ұғымы, адрестеу ұғымы қарастырылады. Электрондық кестенің ұяшығында формула немесе мәтін тұруы мүмкін. Формуланың дербес жағдайы сандық тұрақты немесе айнымалы болады. Жалпылау жағдайы – арифметикалық немесе логикалық өрнек.

Деректердің типтері. Кестелік процессор, нақты ұяшықта деректің қандай типі сақталып тұрғанын «білуге» тиіс. Деректердің типтері кестелік процессордың өңдейтін объектілері болып табылады. Электрондық процессорда деректер типтерінің негізгі жиыны мынадай:

- сандық (яғни цифрлар, ондық бөлгіш, , #, %, +, -) – әртүрлі пішімдерде болуы мүмкін, атап айтқанда: денежный (ақшалық), процентный (пайыздық), финансовый (қаржылық), экспоненциальный (экспоненциалдық);

- символдық (мәтіндік, барлық басқа символдар);

- мерзім және/немесе уақыт;

- логикалық.

Деректердің құрылымы. Электрондық кестеде ұсынылған, деректердің минималды құрылымдық элементі – ұяшық. Негізгі жұмыс ұяшықтармен жүргізіледі: олар толтырылады, редакцияланады, тазаланады.

Ұяшықтардан тұратын – тұтас деректердің құрылымы – бағана және жолдар болып бірігеді. Сондықтан кестелік процессорда жолдармен немесе бағандармен тұтастай – жою/кірістіру амалдардын жасауға болады. Мысалы, жаңа бағанды кірістіру тәртібі: кестеде баған қойылатын тұстағы бағанды ерекшелеу  Вставка  Столбцы.

Электрондық кестелерде базалық құрылымдық ұғым – ұяшықтар диапазоны (блок) ұғымы.

Ұяшықтар диапазоны – қос нүктемен бөлініп жазылады, мысалы, А2:А5 жазылымы – А2, А3, А4, А5 ұяшықтар жиынын көрсетеді. Мысалы: A2:C3 жазылымы – жоғарғы сол жақ А2 ұяшығынан бастап төменгі оң жақ С3 ұяшығына дейінгі ұяшықтар диапазонын көрсетеді, яғни: A2, B2, C2, A3, B3, C3 ұяшықтарына сәйкес.



Сандық тұрақтылар бүтін және нақты деп бөлінеді. Нақты тұрақтыларды екі әдіспен жазуға болады: тиянақты нүктелі және экспоненциалды (жылжымалы нүктелі) пішінде.

Мысалы, -6,1514 сандық тұрақтысы нүкте арқылы жазылады: -6.1514, әйтсе де Excel-де үтір арқылы жазыла береді.

Сандық тұрақтыны экспоненциалды пішіне жазғанда алдымен мантисса, одан соң – Е латын әрпі (үлкен немесе кіші әріп), одан кейін – реті жазылады. Мантисса бүтін тұрақты немесе тиянақты нүктелі тұрақты түрінде, ал реті – тек қана екі орынды тұрақты түрінде жазылады. Экспоненциалды пішіндегі сандық тұрақты, ол мантиссаны, рет санына тең дәрежеге шығарылған 10-ға көбейту деп түсініледі. Мысалдар: а) 0,0001 саны былай жазылады: 1Е-4 немесе 0.1Е-3; б) 1000000 саны: 1Е6 немесе 1Е+6.

Айнымалылар. Кестенің әр ұяшығын кестелік процессордың жады ұяшығы деп түсінетін боламыз. Әрбір ұяшықтың – бағанның атауынан және жолдың нөмірінен құралған, өз атауы (адресі) бар. Әр ұяшықта тек қана бір типті деректер сақталады. Мұнда бағдарламалау тілдеріндегі айнымалы ұғымымен тікелей ұқсастық байқалады.

Айнымалы – мәнді жазуға/сақтауға арналған аты аталған жадыдағы орын. Айнымалылар типі белгіленген әртүрлі мәндерді қабылдайды. Әр айнымалы символдық атаумен (идентификатормен) белгіленеді. Кестенің ұяшығын айнымалы деп қарастыруға болады. Демек, A1, B7, C3, G10 және т.с.с. ұяшықтардың адрестері – айнымалылардың атаулары болады.



Өрнектер (формулалар). Электрондық кестелерде өрнектердің екі түрі қолданылады: арифметикалық және логикалық.

Арифметикалық өрнек – математикалық формула бойынша кейбір сандық мәнді есептеу әдісін белгілейтін формула. Арифметикалық өрнектерді жазудың анықталған ережелері бар. Олар бағдарламалау тілдерінде қолданылатын ережелерге ұқсас.

Өрнек математикалық амалдардың белгілерімен қосылған, сандық тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, жақшалардан құралады. Өрнектің есептелу реті, арифметикалық амалдардың орындалу үстемділігімен және жақшаларды қоюмен анықталады.

Кестелік процессордың негізгі жұмыс режімдері

Әзірлік режімі. Бұл режімде ұяшықты таңдау немесе ұяшықтардың блогын ерекшелеу орындалады.

Деректерді енгізу режімі. Ағымды ұяшыққа пернетақтадан деректерді жекеленген символдармен енгізу орындалады.

Редакциялау режімі. Ұяшықта тұрған деректі толық ауыстырмай, тек редакциялау қажеттілігі болғанда ғана қолданылады.

Бұйрық беру режімі. Бұйрықтарды мәзірдің иерархиялық жүйесінен таңдау және орындау режімі. Бұйрық орындалған соң, әзірлік режімге қайтарылады.

Аталған негізгі режімдерден басқа кестені бейнелеу және есептеуді басқару режімдері туралы айтуға болады.

Кестені бейнелеу режімі. Формула сақталған ұяшықтарда, формула бойынша есептелген нәтиже немесе формуланың өзі бейнеленуі мүмкін. Біріншісі мәндерді бейнелеу режімі, екіншісі формуланы бейнелеу режімі деп аталады. Кестенің жұмыс жағдайы мәндерді бейнелеу режімі болып табылады. Формуланы бейнелеу режімі кестені жасағанда және жөндегенде қолданылуы мүмкін.

Есептеуді басқару режімі. Кестелік процессор формула бойынша есептеулерді, белгіленген ретпен кестені сканірлеу арқылы орындайды. Осындай сканірлеу А1 ұяшығынан басталады.

Автоматтандырылған түрде қайта санау режімі – деректерді жаңадан әр енгізген сайын барлық кесте қайтадан есептеліп отырады.

Компьютерде практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Оқушылар үшін басты мақсат - осы тақырыпты оқудың минимальды деңгейінде электрондық кестелердің көмегімен есептеуді ұйымдастырудың негізгі әдістерін үйрену. Ол үшін олар электрондық кестенің ортасында мына практикалық жұмыс жасау тәсілдерін игерулері қажет:



  • кестелік меңзерді кесте бойы ауыстыру; меңзерді қажет ұяшыққа қою;

  • деректерді: сандарды, мәтіндерді, формулаларды енгізу;

  • ұяшықтарды әртүрлі реттелген деректермен автоматты түрде толтыру;

  • ұяшықтардағы деректерді редакциялау;

  • ұяшықтардағы ақпараттың көшірмесін жасау;

  • жолдарды және бағаналарды кірістіру және жою.

Алғашқы кезеңде ең көп қиыншылық туғызатын теориялық сұрақтар – формулаларды жазу ережелері және салыстырмалы адрестеу принціпін түсіну. Сондықтан оқушылардың біліктілігін, дағдыларын жаттығулар мен есептерді шешуді жүзеге асыру арқылы қалыптастыру қажет. Формулаларды жазудың негізгі ережелері мынадай:



  • формулада барлық символдар бір жолда (бір ізді) жазылады;

  • амалдардың барлық белгілері қойылады;

  • амалдардың орындалу ретіне әсер үшін жай жақшалар қолданылады;

  • амалдардың үстемділігі ескеріледі:  дәрежеге шығару; *, / – көбейту және бөлу; +, - – қосу және алу;

  • стандартты функциялардың үстемділігі арифметикалық амалдардан жоғары; функцияның аргументі оның атауынан кейін жай жақшаның ішінде жазылады;

  • үстемділіктері бірдей тізбекпен жазылған амалдар, жазу ретімен, солдан оңға қарай орындалады (дәрежеге шығару – оңнан солға).

Осы ережелердің барлығы бағдарламалау тілдеріндегі өрнектерді жазу ережелерімен бірдей. Сондықтан кейін бағдарламалау тілін қарастырғанда бұл сұрақтар оқушыларға таныс болады. Жаттықтыру үшін өрнекті тура жазу – яғни математикалық өрнекті электрондық кесте үшін формула түрінде жазумен қатар, кері жазу – яғни формула бойынша математикалық өрнекті қайта қалпына келтіру тапсырмаларын беру қажет.
Деректер қоры және ақпараттық жүйелер тақырыбын оқыту әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар:

  • ақпараттық жүйелердің және деректер қорының (ДҚ) қызметі;

  • ДҚ жіктеу;

  • Реляциялық деректер қорының құрылымы;

  • ДҚ элементтері: басты кілт, өрістің аты, мәні және типі;

  • деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) қызметі; ДҚБЖ жұмыс режімі;

  • деректерді іздеуге сұраныс;

  • деректерді жоюға сұраныс;

  • деректерді іріктеуге сұраныс.

Теориялық материалды баяндау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Тақырыпты қарастыруды компьютерлік ақпараттық жүйелерін қолдану аймағын сипаттаудан және берілген компьютерлік техниканың қосымшасын қолдану өзектілігін және қызметін негіздеуден бастаған жөн. Мәселені былай қоюға болады: қандай да бір нақты объектілер немесе оқиғалар туралы көлемі мол деректер болсын. Мысалы, кітапханадағы кітаптар, кәсіпорынның жұмыскерлері, қоймадағы тауарлар және т.с.с. Мүндай ақпаратты сақтауды: оны қарауға, толтыруға, өзгертуге, керек мәліметті іздеуге, кез келген іріктеулерді жасауға, кез келген ретпен сұрыптауға ыңғайлы түрде ұйымдастыру қажет. Мұндай жұмыспен адамдар комьютерлер пайда болудан көп бұрын айналысқан болатын. Деректерді сақтаудың негізгі құралы қағаз болды.

Қазіргі кезде бұл проблемаларды шешуге компьютерлер көмектеседі. Компьютерлік ақпараттық жүйелер көлемі үлкен деректерді сақтауға, оның ішінен жылдам іздеуге, өзгертулерді енгізуге, деректермен әртүрлі іс-әрекеттерді (топтауға, сұрыптауға және т.б.) мүмкіндік береді. Осындай ақпараттық жүйелердің мысалдарын келтіру қажет. Мысалы, теміржол немесе авиация билетін сату жүйесі. Оқушыларға таныс басқа мысал: халықаралық қөлемді жарыстардан, олимпиадалық ойындардан телерепортаждар кезінде комментатор атаса болды, экранға кез келген спортсменнің құжаттамасы шығып отырады, бұл - компьютерлік ақпараттық жүйенің жұмысы.

Қолдану аймағы бойынша ақпараттық жүйелерді негізгі екі топқа бөлуге болады: ақпараттық-іздеу жүйелері және деректерді өңдеу жүйелері. Кез келген ақпараттық жүйе негізгі үш қызмет атқаруға тиіс: деректерді енгізу, деректер бойынша сұраныс жасау, есеп беруді құрастыру.

Ақпараттық жүйелердің өте маңызды құрама бөлігі – деректер қоры. ДҚБЖ арқылы шығарылатын есептерді жобалау ақпараттық жүйелерді жасауға әкеледі.

Деректер қоры — пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын, қандай да пәндік аймақтың өзекті жағдайын сипаттайтын, анықталған ережелерге сәйкес ұйымдастырылған және компьютер жадында қолдау тапқан деректер жиынтығы [19].

Атап айтқанда, деректер қоры – магниттік дискілерге жазылған деректердің ұйымдастырылған жиыны. Сондықтан үлкен деректер қорына қатысты жасалатын бірінші қорытынды – олар үшін көлемді дискілік жадының қажеттілігі.



Деректер қорының жіктелуі. Деректер қоры әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі.

Сақталған ақпараттың сипаты бойынша деректер қоры фактографиялық және құжаттық деп бөлінеді. Фактографиялық ДҚ қатал анықталған пішімде қысқа ақпараттар сақталады. Мысалы, мәліметтер тіркелген карточкалар жинағы. Ал, деректілік сипатты ДҚ – тұрлі құжаттар және онда мәтіндік құжаттардан басқа, графикалық, бейнелік дыбыстық (мультимедиа) сақталады, мысалы – мұрағат қоры.

Деректердің сақталуы бойынша – ДҚ орталықтандырылған және бөлісілген болады. Орталықтандырылған ДҚ барлық ақпарат бір компьютерде сақталады. Ол дербес автономиялы ДК немесе пайдаланушы-клиенттің қатынасуға рұқсаты бар, желілік сервері болуы мүмкін. Бөлісілген ДҚ жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілерде қолданылады. Бұл жағдайда қордың әртүрлі бөлігі әртүрлі компьютерлерде сақталып тұрады.

Деректерді ұйымдастыру құрылымы бойынша – ДҚ кестелік (реляциялық), желілік және иерархиялық деп бөлінеді.

Базалық курста тек фактографиялық реляциялық деректер қоры қарастырылады. Бұл реляциялық типті деректер қорының ең жиі қолданылуына және оның әмбебаптылығына байланысты. Теориялық жағынан кез келген деректер жүйесін кестелер көмегімен бейнелеуге болатындығы дәлелденген. Қарапайым реляциялық ДҚ бір кестеден, күрделісі көптеген өзара байланысқан кестелерден тұрады.

Бір кестелік реляциялық ДҚ құрылымы. Реляциялық деректер қорының терминологиясында кестенің жолдары – жазба, бағаналары – өріс деп аталады. «Реляциялық ДҚ» атауының өзі ағылшын тілінің – relation сөзінен шыққан, аудармасы – «қатынас». Мұнда «қатынас» термині кестенің өрістерінің арасындағы өзара байланысы деп түсініледі.

Реляциялық деректер қоры – қисынды байланысқан, кестелерде тұрған деректер жиыны (қор). Анықтамаларға ұқсаған, әр кестедегі ақпарат, тек қана бір объект туралы ғана болады. Ал кестелер арасында байланыстарды құру, кез келген кестелерден кез келген деректерді жеңіл шығару және қатынасу мүмкіндігін береді.

Оқушыларға материалды нақты мысалдар негізінде түсіндіру қажет. Мысал ретінде мұғалім әртүрлі кестелерді: «Ауа райы», «Сабақ үлгерімі», «Факультативтер», «Үй кітапханасы» т.с.с. көрнекілеп дайындауына болады. Деректер қорында әр кестенің өз атауы болатынын ескерту қажет.

ДҚ элементтері. Жазбаларға, өрістерге байланысты негізгі ұғымдар:


  • жазбаның басты кілті;

  • өрістің аты;

  • өрістің мәні;

  • өрістің типі.

Басты кілт – кестедегі жазбаны бір мәнді анықтайтын, өріс немесе өрістер жиыны. Басқаша айтқанда, басты кілтті жазбаның идентификаторы деуге болады. Деректер қорында «кілт» сөзінің бірнеше қолданысы бар: іздеу кілті – оның мәні бойынша ДҚ жазбаны іздейтін өріс; іріктеу кілті – оның мәні бойынша жазбаларды реттейтін өріс. Жазбалардың идентификаторын басты кілт деп атайтыны сондықтан.

«Деректер қоры» тақырыбы жалпы информатика курсы үшін іргелі мәні бар, бірқатар түйінді мәселелерді қарастыратынын мұғалімнің түсінгені маңызды. Мұнда оқушылар тағы да (электрондық кестеде айнымалы ұғымымен танысқан) шама ұғымымен кезігеді. Бұл ұғым келешекте алгоритмдерде және бағдарламаларда кеңінен қолданылатын болады.



Шама – басыбайлы атауы бар және компьютердің жадында орын алатын жеке ақпараттық объект. Осы жағынан қарағанда өріс – шамалар болып табылады. Кестеде әр өрістің атуы бар, әр қайсысының типі анықталған. Шаманың типі ұғымы оның үш қасиетімен байланысты:

  • шама көптеген мәндерді қабылдай алады;

  • шамамен көптеген амалдарды орындауға болады;

  • ЭЕМ жадында ішкі ұсыну пішінімен.

Көптеген жағдайда деректер қорында өрістердің (шамалардың) төрт негізгі типі қолданылады:

  • символдық – ондай өрісте символдардың кез келген тізбегі сақтауға болады;

  • сандық – бүтін немесе ондық бөлшек сандардан тұрады;

  • дата – күн/айы және/жылы;

  • логикалық – логикалық шамалардың мәндері (иә – жоқ, ақиқат – жалған, (true - false)

Оқушылардың назарын мына жағдайға аудару қажет: символдық өрісте цифрлар тұруы мүмкін. Осы себепті кейде символдық және сандық типтер арасында жаңылыстық болады.

Бағдарламалық қамсыздандыру. Деректер қорымен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламалық жасақтаманы деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп атайды. Дербес компьютерлер үшін реляциялық типті бір қатар ДҚБЖ бар. Оларға FoxPro, Paradox, т.б. жатады. Мектепте көбінесе Microsoft Office пакетіне кіретін, реляциялық деректер қорын басқару жүйесі MS Access оқытылады.

Access – ағылшын тілінен аударғанда «кіруге болады», «рұқсат», «кедергісіз кіру» (орысш. – доступ) дегенді білдіреді.

Нақты ДҚБЖ оқытуды, әдеттегідей стандартты методикалық схема: «орта — жұмыс режімі— бұйрықтар жүйесі — деректер» бойынша өткізуге бағыттаған жөн.

Мысалы, MS Access үшін мына негізгі жұмыс режімдері өзгешеленеді:


  • «Таблица» – кестемен жұмыс жасау режімі;

  • «Запрос» – сұраныстармен жұмыс жасау режімі;

  • «Отчет» – есептемелермен жұмыс жасау режімі;

  • «Форма» – формалармен жұмыс жасау режімі.

Өз кезегінде аталған режімдердің әрқайсысында ішкі: «Просмотр», «Конструктор» және «Создать» режімдері бар. Мысалы, «Таблица» режімінде отырып пайдаланушы кестенің мазмұнын көре алады және оның кейбір өрістерін өзгертуге болады. «Таблица – Создать» создать режімінде жаңа кестенің құрылымы жасалады.

Оқушылардың ең бірінші игеретін ұғымы: ДҚ файлда сақталады; онымен жұмыс жасау үшін сол файлды ашу керек. Одан соң кестенің жазбаларын экранда қалай қарауға болатынын мұғалім көрсетуі керек. Ол үшін мұғалім алдын ала демонстрациялық деректер қорын дайындап алуы қажет.

Оқушыларға демонстрациялық ДҚ көрсету кезінде, оқушылардың назарын аударатын нәрсе: компьютердің жадында кестенің өзімен қатар оның құрылымының сипаттамасы сақталып тұрады, одан пайдаланушы өрістің параметрлерін: атын, типін, пішімін және басқаны біле алады. Access ДҚБЖ-де бұл «Таблица –Конструктор» режімінде жасалады.

Деректерді іздеуге сұраныс. Кез келген ақпараттық жүйенің негізгі міндеті – деректер қорында ақпаратты іздеу. Іздеу пайдаланушының сұранысы бойынша жасалады. ДҚБЖ тілінде, сұраныс бұйрығының құрылымы мынадай болады:

.анықтама <шығарылатын өрістердің тізімі> үшін <іздеу шарты>

Сұраныстардың орындалу нәтижесінде бұйрықта нұсқалған өрістерден тұратын кесте пайда болады. Бұл кестеге іздеу шартын қанағаттандырған, жазбалардан алынған ақпарат кіреді. Іздеу шарты логикалық өрнек болып табылады.

Мұнда біз курстың осы тақырыбының тағы бір іргелі құрамасы – математикалық логика негізімен кезігеміз. Бұл тақырыптың, информатикада қолданбалы пайдалануынан басқа, оқушылар үшін жалпыбілімдік ұлкен мәні бар.

Деректер қорына ыңғайластырып, логикалық өрнектің мынадай анықтамасын айтуға болады:



Логикалық өрнек – деректер қоры өрістерінің мәндері жайында кейбір пікір; ол пікір әртірлі жазбаларға қатысты, ақиқат немесе жалған болуы мүмкін.

Негізгі проблема – оқушыларды іздеу шартын, логикалық өрнек түрінде формалды ұсынуға үйрету. Мысалы, «бесінші сөреден жоғары тұрған барлық кітаптарды табу» фразасынан логикалық – ПОЛКА > 5 өрнегіне келтіру; немесе «физикадан барлық үлгермеушілерді таңдау» – ФИЗИКА < 3; немесе «жауын жауған барлық күндерді таңдау» – ОСАДКИ = дождь түрінде ұсыну.

Күрделі логикалық өрнектерде логикалық амалдар болады. Математикалық логиканың үш негізгі амалдары: конъюнкция ЖӘНЕ (И), дизъюнкция НЕМЕСЕ (ИЛИ), терістеу ЕМЕС (НЕ) қарастырылады.

Деректерді жоюға сұраныс. Іріктеу шарты логикалық пікірлер түрінде кестеден жазбаларды жою бұйрықтарында қолданылады. Бұйрықтың құрылымы жалпы түрде келесідей болады:

.жою үшін <логикалық өрнек>

Access-те конструктордың көмегімен кестелік түрде, жойылатын жазбаларды таңдау шарттары және оны жоюға сұраныс қалыптастырылады.



Деректерді іріктеуге сұраныс. Деректер қорында ақпаратпен жасалатын тағы бір маңызды айланың бірі – жазбаларды іріктеу. Мұнда, оқушылардың игеретін ұғымдары – «іріктеу кілті» және «іріктеу реті» болып табылады.

Іріктеу кілті – өріс, соның мәні бойынша кестедегі жазбалар реттеледі. Іріктеу реттінің екі нұсқасы бар: кілт мәндерінің өсуі және мәндерінің кемуі бойынша.

Егер бірнеше кілт болса, онда олардың арасында иерархия қойылады: бастапқы кілт, екінші кілт және с.с. Жазбалар бірінші ретте басты кілттің мәні бойынша іріктеледі, басты кілттің мәндері бірдей топтың ішінде, екінші кілт бойынша іріктелу жүзеге асады және т.с.с.

Access ДҚБЖ бүкіл кестенің жазбаларын іріктеумен қатар сұраныстың нәтижесінде шыққан кестенің жазбаларында іріктеуге мүмкіндік береді.

Деректер қорын құру – үш кезеңнен тұрады:

1) ДҚ жобалау. Бұл жұмыстың теориялық (компьютерсіз) кезеңі. Бұл кезеңде мыналар анықталады:

- ДҚ құрамына қандай кестелердің кіретіні;

- кестелердің құрылымы (әр кестеде қандай өрістер, қандай типті және өлшемі болатыны);

- әр кестенің басты кілті ретінде, қандай өрістер таңдалады және т.с.с.

2) Құрылымды жасау. Бұл кезеңде нақты ДҚБЖ-ң көмегімен ДҚ кіретін кестелердің құрылымы сипатталады.

3) Жазбаларды енгізу. Бұл кезеңде деректер қорының кестелері нақты ақпаратпен толтырылады.

Практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Практикалық тапсырмаларды үш типке бөлуге болады:

1) есептер: негізгі ұғымдарды бекітуге арналған теориялық тапсырмалар;

2) жаттығулар:, ДҚБЖ ортасында жұмыс жасау үшін, жеке дағдыларды қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалар;

3) дербес жұмыстар, сынақ тапсырмалары; бұл тапсырмаларды орындауға қойылатын талап: оқушылар теориялық материалды игеріп және практикалық дағдылары қалыптасуы қажет.

Жаттығулар компьютерде орындалады. Мұғалім қарастырылып жатқан ДҚБЖ құралдарымен, ДҚ жұмыс тәсілдерін көрсету үшін түсіндіру барысында жаттығу материалдарын қолдануына болады. Осындай түсіндіруден кейін сондай типті басқа жаттығуларды оқушыларға топпен орындауға ұсынылады. Жаттығулар үшін жұмыс материалдарын (кестелер сақталған файлдарды) мұғалім алдын ала дайындап алуы керек.



Желілілік ақпараттық технологиялар тақырыбын оқыту әдістемесі

Компьютерлік телекоммуникациялар – ақпараттық технологиялардың ерекше серпінді дамушы аймағының бірі. Ақпараттық технологиялардың басқа бөлімдерімен салыстырғанда оның технологиялық құрамы, теориялық құрамнан анағұрлым басым түседі. Сондықтан бұл тақырыпты оқыту тиімділігі, компьютерлік желілермен оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыру мұмкіндігіне қатты байланысты.

Базалық курстың осы бөлімі аясында педагогикалық мақсаттардың мына тізімі жүзеге асырылады:

1) жергілікті және ғаламдық желілердің қызметі және құрылымы жөнінде түсінік беру;

2) желілердің негізгі ақпараттық қызметтері мен Интернеттің мүмкіндіктерін оқушыларды таныстыру;

3) компьютерлік сыныптың жергілікті желісінде файлдармен алмасу әдістерін оқыту;

4) Интернетте ақпаратты іздеу әдістерімен таныстыру (техникалық мүмкіндік болған жағдайда).

Бұл бөлімінің мазмұны, компьютерлік желілердің бөліну принципі бойынша, екі бөлікке бөлінеді:

▪ жергілікті желілер;

▪ ғаламдық желілер.

Компьютерлік желілер тақырыбында ұғымдардың саны өте ауқымды болғандықтан, жан-жақтылы баяндалу дәрежесі де әртүрлі болуы мүмкін.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

Қарастырылатын сұрақтар:



  • Жергілікті желі (ЖЖ), құрылымы және қызметі.

  • Ғаламдық желілердің (ҒЖ) құрылымы және қызметі.

  • Internet деген не.

  • Деректерді маршруттау және тасу.

  • Электрондық пошта; «клиент/сервер технологиясы;

ҒЖ желілердің аппараттық құралдары;

Internet және World Wide Web ақпараттық қызметтері.



Жергілікті желі (ЖЖ), құрылымы және қызметі. Егер мектептің информатика кабинетінде компьютерлер жергілікті желіге біріктірілген болса, онда тақырыпты оқыту қиындық туғызбайды. Компьютерлік желілерде ақпаратты жіберу туралы әңгіме дәл осы мектептің компьютерлік сыныбының жабдығы негізінде қозғалады.

Компьютерлік желіні – ақпаратты жіберу арналармен байланысқан, компьютерлер жүйесі – деп анықтап алған соң, мұғалім компьютерлік сыныптың жабдығын көрсетеді. Осындай желіні жергілікті деп аталатынын хабарлайды.



Жергілікті компьютерлік желілер – масштабы бойынша шағын, бір бөлме, ғимарат немесе мекеме аймағында жұмыс жасайды. Мектепте әр бөлмеде, оқу кабинеттерінде, директордың кабинетінде, бұгалтерияда және т.б. қойылған компьютерлерді біріктіретін, жергілікті желі жұмыс жасап тұруы мүмкін. Дәл осы сияқты, әдетте, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері, фирмалар, мекемелер жергілікті желіге жиі біріктіріледі.

Жергілікті желілерде, техникалық шешіміне және қызметіне байланысты, компьютерлерді біріктіру құрылымы әртүрлі болады. Оларды желінің архитектурасы, конфигурациясы, топологиясы деп атайды. Жергілікті желіні қолдану негізгі екі мақсатқа жауап береді:

1) желіні пайдаланушыларының арасында файлдармен алмасуға;

2) жалпыға рұқсат етілген ресурстарды: дискілік жадының үлкен көлемін, принтерлерді, ортақтандырылған ДҚ, бағдарламалық жасақтаманы қолдануға.

Жалпы жергілікті желінің пайдаланушыларын – жұмыс тобы деп, ал олардың жұмыс жасап отырған компьютерлерін – жұмыс станциясы деп атайды. Егер желіде бүкіл компьютерлер тең құқұқты, яғни тек қана пайдаланушылардың жұмыс станцияларынан тұратытын болса, онда оны бір рангалық желі деп атайды.

Бір рангалық желі, аталған мақсаттардың тек біріншісін: файлдармен алмасуды жүзеге асыру үшін қолданылады. Мұндай желіде әр компьютердің өз аты болады. Осы атаулар бойынша жұмыс тобының мүшелері өздерінің әріптестерінің ДК дискілік жадысымен хабарласуына, өз компьютерлеріне немесе өзінің файлын басқа компьютерлерге көшіруіне болады.

Осындай алмасу мүмкіндігін арнаулы желілік операциялық жүйе қамтамасыз етеді. Желілік ОЖ құралдарымен ақпаратты сыртқы бейтаныс қатынастан қорғауға болады.

Жергілікті желіні ұйымдастырудың басқа түрі – бөлінген басты компьютері бар желі. Оны файл-сервер деп те атайды. Әдетте, мектептің компьютерлік сыныптарында дәл осындай ұйымдастыру қолданылады.

Файл-серверге мұғалімнің ғана кіруге мүмкіндігі бар, сондықтан оны – мұғалімнің жұмыс орыны (МЖО), ал оқушылар жұмыс станцияларда жұмыс жасайтын болғандықтан – оқушылардың жұмыс орыны (ОЖО) деген атаулар қалыптасқан.

Барлық жұмыс станциялары басты компьютермен «жұлдыз» схемасы бойынша жалғасады. Сондықтан ақпаратпен тікелей алмасу, сервермен және әр жұмыс станциясының арасында жүреді. Әрине, мұндай жүйеде де оқушылар файлдарымен алмасуына болады, әйтсе де ол әрекет сервер арқылы жүзеге асады.

Әдетте, сервер – жұмыс станцияларына қарағанда, аппараттық жағынан қуаттырақ болады. Ол үлкен көлемді қатты дискімен, қосымша сыртқы құрылғыларымен (мысалы, CD–RW, DVD – дискжетегімен, принтермен, модеммен) жабдықталады.

Жергілікті желі осылай ұйымдастырылғанда жоғарыда аталған мақсаттардың екіншісі – сервердің жалпы аппараттық және ақпараттық ресурстарына пайдаланушының кедергісіз қатынасуы жүзеге асады. Атап айтқанда, сервердің дискісінде сақталған бағдарламаларды жұмыс станцияларының жедел жадына жүктеуге және орындауға болады. Пайдаланушы өзінің жұмыс орнынан сервердің қатты дискісінде файлды жазып, сонда сақтай алады.

Желінің жұмысын желілік операциялық жүйе басқарады. Операциялық жүйе – желідегі ақпарат алмасу стандарттарын (протоколдарды) қолдайды, әртүрлі пайдаланушылар бір ресурсқа қатынасқанда, оларды кезекке қояды және т.б. басқару жұмыстарын жасайды.

Желілік операциялық жүйенің негізгі қызметі – жергілікті желіде пайдаланыушылардың біріне бірі кедергі келтірмей, жұмыс жасауларына мүмкіндік беру. Бір рангалық желілердің жұмысын Windows XP, Windows 7 т.б. осы тектес операциялық жүйелер қолдайды. Сервері бөлектелген желілер үшін кең тараған операциялық жүйелер – Novell NetWare, Windows NT.



Ғаламдық желілердің (ҒЖ) құрылымы және қызметі. Ғаламдық компьютерлік желілер алыста үлкен қашықтықта (аймақ, ел, дүниежүзі масшабында) орналасқан ЭЕМ өзара біріктіреді. Егер жергілікті желіні оқушылар өз көздерімен көре алатын болса, ал ғаламдық желілермен таныстыру көбінесе сипаттамалық түрде жүретін болады.

Мұнда тағы да көмекке ұқсастық әдісі келеді. Ғаламдық желінің құрылу жүйесін телефондық байланыс жүйесі – телефондық желімен салыстыруға болады. Абоненттердің телефондары коммутаторлар түйіндері арқылы байланысады. Өз кезегінде барлық қалалық коммутаторлар өзара байланысқан, сондықтан кез келген екі абонент арасында байланыс орнатылады. Барлық жүйе қаланың телефондық желісін құрайды. Қалалық (аймақтық) желілер өзара қалааралық тораптар бойынша байланысады. Басқа елдердің телефондық желілеріне шығу халықаралық байланыс торабы бойынша жүзеге асады. Сөйтіп, барлық дүниежүзі телефондық желілермен «шырмалған». Осы желіге қосылған екі абонент, дүниенің кез келген бөлігінен бірімен-бірі байланыса алады.

Осы туралы баяндаған соң оқушыларға абоненттерде телефонның орнында дербес компьютерлер орнатылғанын елестетуді ұсыныңыз. Коммутаторлардың орнында – қуатты компьютерлік тораптар және осындай желіде әртүрлі ақпарат – мәтіндіктен бастап бейне және дыбысқа дейін айналып жүреді. Міне, қазіргі дүниежүзілік ғаламдық компьютерлік жүйе осы болады.

ARPANET деп аталған алғашқы ғаламдық компьютерлік желі АҚШ-та 1969 жылы жұмыс жасай бастады, ол алыстатылған тек 4 компьютерді ғана біріктірді. 1981 жылы Нью-Йорк университетімен Йель университін біріктірген BITNET желісінің негізі жасалды. BITNET – аралық жинақтаушы электрондық коммуникациялар желісі болып табылады. BITNET АҚШ–та 560 астам мекеменің (зерттеу орталықтарын, университеттерді, колледждерді, мектептерді қосқанда) компьютерлерін байланыстырды.

Қазіргі таңда BITNET желісі Европа, Азия және Америка құрылықтарының 52 елінінің 1500 астам мекемесін біріктіреді. BITNET ғылыми зерттеулерді және білім алуды қолдау үшін электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көптеген шлюздар BITNET-пен Интернет арасында электрондық поштаны жіберіге мүмкіндік береді.

1990 жылы жасалған Ресейдің орасан зор желісі RELCOM болып табылды. RELCOM европалық желі EUNET-тің құрамына енді, өз кезегінде EUNET – әлемдік алып бірлестігі INTERNET-ң қатысушысы болып табылады. Мұндай иерархиялық құрылымдау ғаламдық желілерді ұйымдастыру үшін тән нәрсе.

Хост-компьютерлер – үнемі ақпаратты қабылдауға/жіберуге дайын, әрқашанда қосылып тұрады. Ондай жағдайды, олар – on-line режімінде жұмыс жасап тұр дейді. Абоненттердің компьютерлері желімен байланысқа тек белгіленген уақытта – байланыс сеансында шығады. Қажет ақпаратты қабылдап жіберген соң, абонент желіден ажыратылып, одан әрі алынған ақпаратпен дербес (автономиялы) – off-line режімінде жұмыс жасайды.

Ақпаратты жіберу маршруты, әдетте, пайдаланушыға белгісіз. Ол тек ақпараттың қосылу торабынан өтіп, қажетті пунктіне жеткеніне сенімді болуы керек. Жіберілетін деректерді маршруттаумен желінің жүйелік құралдары айналысады. Бір корреспондентпен, байланыстың әр сеансында, ақпарат әртүрлі маршрутпен жүруі мүмкін.

Шлюз – берілген желіні басқа ғаламдық желілермен байланысты үйымдастыратын компьютер.

Internet деген не? Әдебиетте бұл сұраққа жауаптың әртүрлі нұсқаларын кезіктіруге болады. Бәрінен жиі алынатын жауап ол:

Internet – бүкіл дүниежүзін қамтыған, көп желілердің жиынтығынан тұратын бірыңғай ТСР/1Р (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) протоколын қолдайтын алып желі.

Тағы бір анықтамасы мынадай: Интернет – жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілер өзара, өткізу мүмкіндігі жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналарымен қосылған ғаламдық компьютерлік желі. Сондықтан Интернетті желілердің желісі дейді.

Көптеген ақпаратты қорғауға мүдделі ұжымдар (мысалы, әскери, банктер және т.б.), рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, өздерінің жеке корпоративтік желілерін жасайды. Корпоративтік желілер, әр елдерде және қалаларда орналасқан, мыңдаған және он мыңдаған компьютерді біріктіруі мүмкін.

Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру қажеттілігі – жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілерді ғаламдық компьютерлік Интернет желісіне бірігуіне келтірді.

Ғаламдық желінің жұмыс жасау сенімділігі, жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілер арасындағы өткізу мүмкіндігі жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналары қамтамасыз етеді.

Мысалы, ресейлік аймақтық компьютерлік желі Рунет (RU) көптеген ақпаратты жіберу арналары арқылы солтүстік американдық (US), еуропалық (EU), жапондық (JP) аймақтық желілерімен қосылады (6.5-сурет). Интернетте адрес беру. Ақпаратпен алмасу үрдісінде, Интернетте компьютерлер бірін-бірі табу үшін Интернет-адресті қолдануға негізделген адрестеудің бірыңғай жүйесі қалыптасқан.

IP-адрестер деп аталатын ол жүйе Интернеттің негізі болып табылады. Интернетке қосылған әрбір компьютер өзінің бірегей екілік 32-биттік Интернет-адресін алады.



IP-адрес – нүктемен бөлінген, төрт бүтін ондық сандардың тізбегі. Мысалы: 213.171.37.202. Интернет желілердің желісі болғандықтан, бірінші сан құрамында компьютер кірген желіні анықтайды, мына сандар осы желідегі сол компьютердің координаталарын дәлдейді.

Хартли формуласы1 бойынша, 32-биттік Интернет-адрестердің жалпы N – санын есептеуге болады.

Шешімі: Интернет-адрестегі ақпараттың саны I = 32 бит, сонда N әртүрлі Интернет-адрестердің жалпы саны:

N = 2I = 232 = 4 294 967 296 болады.

Қорытынды: Ұзындығы 32 биттік Интернет-адрес, Интернетке 4 миллиардтан астам компьютерлерді қосуға мүмкіндік береді екен.

Домендік атау жүйесі. Адамға сандық адресті ойда сақтау оңай емес, сондықтан Интернеттің пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін домендік атау жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде компьютердің сандық Интернет-адресіне сәйкес бірегей домендік атау қойылады. Арнайы серверлік бағдарламаның көмегімен сандық және домендік адрестер арасында байланыс орнатылады.

Домен – нүктемен бөлінген символдық аттар. Домендік атау жүйесі иерархиялық құрылымды болады: жоғарғы деңгейдегі домендер – екінші деңгейдегі домендер – үшінші деңгейдегі домендер. Жоғарғы деңгейдегі домендер екі типті болады: географиялық және әкімшілік. Дүниежүзінің әр еліне екі әріпті кодпен белгіленген өзінің географиялық домені бөлінеді. Мысалы: ru — Ресей, uk — Ұлыбритания, fr — Франция, kz – Қазақстан. Әдетте, ол сол компьютер тұрған елді анықтайды (сөйтіп, компьютер ұлттық желінің элементі болып табылады). Мысалы, www.psu.ru. Әкімшілік домендер – үш немесе одан артық әріптермен белгіленеді. Әр типті ұжымдар, оны өздерінің екінші деңгейдегі домендерін тіркеу үшін қолданады. Мысалы, Microsoft компаниясы жоғарғы деңгейдегі әкімшілік com доменінде – екінші деңгейлі Microsoft доменін, ал Мәскеулік ашық білім беру институты – екінші деңгейлі metodist доменін жоғарғы деңгейлі географиялық ru доменінде тіркеген. Интернеттегі сервердің домендік аты (оңнан солға қарай) –жоғарғы деңгейдегі доменнің атынан, екінші деңгейдегі доменнің атынан және компьютердің өз атынан тұрады. Мысалы, Microsoft компаниясының негізгі серверінің аты – www.microsoft.com, ал институт серверінің аты – iit.metodist.ru. Интернетке қосылған әр компьютердің Интернет-адресі болады, әйтсе де оның домендік аты болмауы да мүмкін. Әдетте, Интернетке телефон желісімен қосылған компьютерлерде болмайды.

Протокол – компьютерлік желіде ақпаратты ұсыну, түрлендіру және жіберу стандарты.

Бейнелеп айтқанда, протокол – анықталған желілік тіл. Әртүрлі ғаламдық желілер автономиялы жұмыс жасаған кезде олар «әртүрлі тілде сөйлесті». Оларды біріктіру үшін жалпы (өзгеше желілік эсперанто) тілін ойлап табу қажет болды. Сондай жалпы желілік тіл болып – ТСР/1Р протоколы қалыптасты. ТСР/1Р термині деректерді жіберудің екі портоколының атынан құралады:

- TCP (Transmission Control Protocol) – тасу протоколы;

- IP (Internet Protocol – маршруттау протоколы.

ТСР/1Р протоколының негізінде, желінің сервис негізін құрайтын, Интернеттің басқа қолданбалы протоколдары жүзеге асырылды. Бұл протоколды желінің бағдарламалық және аппараттық құралдары қолдайды. Ол мына тәртіптерді стандарттайды:

▪ жіберілетін деректерді пакеттерге (бөліктерге) бөлу;

▪ пакеттерді адрестеу және оларды анықталған маршруттары бойынша тағайындалған пунктіне жеткізу;

▪ пакеттерді деректердің бастапқы түріне келтіріп жинау.

Бұл ретте пакетті қабылдау-жіберу дұрыстығы, қажетті орында жіберілген барлық пакеттердің жиналу дұрыстығы тексеріледі.



Деректерді маршруттау. Деректерді маршруттаудың және тасудың бірыңғай принципі арқасында, желілердің желісінен тұратын, алып Интернет желісі дамып жұмыс жасауда.

Деректерді маршруттау компьютерлік желілер арасында ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Деректерді маршруттау принципін жай поштадағы ақпаратты беру ұқсастығы бойынша қарастырайық. Хатты тағайындалған жерге жеткізу үшін конвертте алушының (кімге) адресі және жіберушінің (кімнен) адресі жазылады.

Сол сияқты, желімен жіберілетін ақпарат «конвертке буылады», онда алушының және жіберуші компьютерлерінің Интернет-адрестері жазылады, мысалы: «Кімге: 198.78.213.185», «Кімнен: : 193.124.5.33». Компьютерлік тілде конверттің ішіндегісі Интернет-пакет деп аталады, ол байтар жиыны болып табылады.

Жай хаттарды жіберу үрдісінде олар алдымен ең жақын пошта бөліміне жеткізіледі, одан соң аралық пошта бөлімдері арқылы алушыға жақын пошта бөлімшесіне жіберіледі. Аралық пошта бөлімдерінде хаттар сұрыпталады, яғни адресі бойынша қай хатты қандай пошта бөліміне жіберу қажеттігі анықталады.

Интернет-пакеттерде, сол сияқты жіберушінің компьютеріне жету жолында, Интернеттегі көптеген аралық серверлер арқылы өтеді, оларда маршруттау амалдары орындалады. Соның нәтижесінде Интернет-пакеттер бір серверден екіншіге жіберіліп, бірте-бірте алушының компьютеріне жақындайды. Интернет-пакеттерді маршруттау – жіберушінің компьютерінен алушының компьютеріне ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Интернет-пакеттерді жеткізу маршруттары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан бірінші Интернет-пакет алушының компьютеріне ең соңғы ретте жетуі мүмкін.

Мысалы, Кімнен серверінен Кімге серверіне файлды жіберу үрдісінде бірінші Интернет-пакеттің маршруты Кімнен 12 Кімге, екіншісі – Кімнен Кімге және үшіншісі – Кімнен 34 5  Кімге болуы мүмкін. Ақпаратты алу жылдамдығы ақпараттың өту маршрутына (яғни, аралық серверлердің санына және байланыс желісінің өткізгіштік қабілетіне) байланысты болады.



Деректерді тасу. Көлемі үлкен файлдарды жібергенде, байланыс арнасын басқа хабарларды жіберуге жол бермей, ұзақ уақытқа «тығындап» тастауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін жіберуші-компьютерде үлкен файлды кішкентай бөліктерге бөліп, әр-қайсысын нөмірлеп, жеке Интернет-пакеттер түрінде алушы- компьютерге дейін тасу қажет. Алушы-компьютерде жеке бөліктерден дұрыс реттілігімен бастапқы файлды жинау қажет. Сондықтан барлық Интернет-пакеттер келмейінше бастапқы файл жиналмайды.

Деректерді тасу реті – жіберуші-компьютерде файлдарды Интернет-пакеттерге бөлу, әр пакетті жеке маршруттау және алушы-компьютерде алғашқы ретпен пакеттерден файлды қайта жинау арқылы жүзеге асады. Деректерді маршруттау және тасу, жоғарыда аталған TCP/IP протоколы негізінде орындалады. Ол Интернеттің негізгі «заңы» болып табылады.



Электрондық пошта. Ғаламдық желілердің тарихында ақпараттық қызмет ету үшін ең алғаш пайда болған технология – электрондық пошта (e-mail) болды. Бұл қызметтің түрі қазір компьютерлік телекоммуникацияларда басты және маңызды орнын сақтауда.

Электрондық поштаның хабарды жеткізу жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, дәстүрлі қағаз поштаны ығыстыру үрдісі қалыптасуда. Егер жай пошта арқылы жіберілген хат күндер немесе апталап жүретін болса, электрондық поштамен жіберілген хаттың, тағайындалған жеріне жетуіне ондаған секунд немесе минуттар ғана (сирек жағдайда – сағаттар) кетеді. Электрондық поштаның басқа артықшылығы: онда мәтіндік хабардан басқа, графикалық бейнелерді (image), аудио-ақпаратты, бейне фильмдерді, кез келген қолданбаларды орналастыруға болады. Сонымен қатар, хабарды бірден бірнеше абонеттерге, хатты басқа адрестерге жіберуге мүмкіндік береді.

Қазір іскерлік және жеке хат алмасудың қисапсыз көлемі e-mail арқылы жүреді.

Электрондық поштаның қызметімен пайдалану үшін абонентте мыналар болуы қажет:

▪ оның дербес компьютері компьютерлік желінің торабына (аппаратурасына) қосулы керек;

▪ сол серверде оның өзінің пошталық жәшігі және паролі болуға тиіс;

▪ жеке электрондық адресі болуы керек;

▪ өзінің компьютерінде электрондық поштаның клиент-бағдарламасы (мэйлері) болуы қажет.

Компьютерлік желінің торабына қосылу көбінесе телефон желісі бойынша жүзеге асырылады, сондықтан абоненттің өз телефоны болуы қажет.

Желілік қызмет көретуді ұсынатын мекемелерді – ғаламдық желі торобының иесін – провайдер деп атайды.

Провайдер – (ағылш. – Internet Service Provider) сөзбе-сөз "Интернеттің-қызмет көрсетуін жеткізуші" – Интернетке кіруге рұқсат беретін және Интернетке байланысты қызметтерді көрсетуді ұсынатын ұжым. Мысалы: Nursat, Казтелеком (Қазахстан) немесе Ростелеком (Ресей). Соңғы кездері олардың саны өсіп келеді, қолданушы адам өзін қанағаттандыратын провайдерді тандауға мүмкіндігі бар. Провайдер пайдаланушы үшін пароль, электрондық адрес тағайындайды, оған пошталық серверден пошталық жәшік ашады.

Электрондық поштаның адресі. Жолданушыға электрондық хат жетуі үшін, онда хабардан басқа міндетті түрде хат алаушының электрондық адресі болуы қажет. Пошталық адрестің бірінші бөлігі usename ерікті болады, оны пошталық жәшік тіркелгенде пайдаланушы өзі береді. Екінші бөлігі server.ru пайдаланушының пошталық жәшігі тіркелген, Интернеттегі пошталық сервердің аты болады.

Электрондық поштаның адресі – айқындалған пішін бойынша жазылады; @ символымен бөлінген екі бөліктен тұрады: username@server.ru. Бос орынсыз тек қана латын әріптерімен жазылады. Мысалы, егер пошталық сервердің аты metodist.ru болса, онда пайдаланушылардың пошталық жәшіктерінің аттары мына түрде болады: username@metodist.ru.



Клиент/сервер технологиясы. Қазіргі желілерде қабылданған клиент-сервер технологиясының мәнін электрондық поштаның мысалы жақсы бейнелейді.

Бұл технологияның мәні клиенттің компьютерімен сервердің арасындағы әрбір ақпараттық қызметтерді қамтамасыз ететін бағдарламалардың міндеттері бөлініп орындалады. Сондықтан сәйкес бағдарламалық жасақтамаларды клиент-бағдарламасы және сервер- бағдарламасы (қысқаша клиент және сервер ) деп атайды.

Яғни клиент деп ресурстарды пайдаланатын бағдарламаны айтады. Сервер – клиенттердің сұранысы бойынша айқындалған түрдегі ресурсты алуға қызмет ететін бағдарлама. Windows жүйесі қолдайтын электрондық поштаның танымал клиент-бағдарламасы Outlook Express болып табылады.

ҒЖ желілердің аппараттық құралдары. Хост-компьютерлер (серверлер). Хост (ағылш. – host) сөзі– «қонақтарды қарсы алушы.

Пошталық адрестің бірінші бөлігі usename ерікті болады, оны пошталық жәшік тіркелгенде пайдаланушы өзі береді. Екінші бөлігі server.ru пайдаланушының пошталық жәшігі тіркелген, Интернеттегі пошталық сервердің аты болады.

Электрондық поштаның адресі – айқындалған пішін бойынша жазылады; @ символымен бөлінген екі бөліктен тұрады: username@server.ru. Бос орынсыз тек қана латын әріптерімен жазылады. Мысалы, егер пошталық сервердің аты metodist.ru болса, онда пайдаланушылардың пошталық жәшіктерінің аттары мына түрде болады: username@metodist.ru.

Клиент/сервер технологиясы. Қазіргі желілерде қабылданған клиент-сервер технологиясының мәнін электрондық поштаның мысалы жақсы бейнелейді.

Бұл технологияның мәні клиенттің компьютерімен сервердің арасындағы әрбір ақпараттық қызметтерді қамтамасыз ететін бағдарламалардың міндеттері бөлініп орындалады. Сондықтан сәйкес бағдарламалық жасақтамаларды клиент-бағдарламасы және сервер- бағдарламасы (қысқаша клиент және сервер ) деп атайды.

Яғни клиент деп ресурстарды пайдаланатын бағдарламаны айтады. Сервер – клиенттердің сұранысы бойынша айқындалған түрдегі ресурсты алуға қызмет ететін бағдарлама. Windows жүйесі қолдайтын электрондық поштаның танымал клиент-бағдарламасы Outlook Express болып табылады.

ҒЖ желілердің аппараттық құралдары. Хост-компьютерлер (серверлер). Хост (ағылш. – host) сөзі– «қонақтарды қарсы алушы қожа» деген мағынаны білдіреді. Хост-компьютерлердің өзінің бірегей адресі болады, желіде абоненттерге қызмет көрсететін торапты машинаның рөлін атқарады. Хост-компьютер ретінде әртүрлі типті машиналар: қуатты ДК-ден бастап үлкен әмбебапты ЭЕМ (мэйнфреймдерге) дейін қолданылады. Қойылатын негізгі талаптар – жоғары жылдамдықты процессорлардың және үлкен көлемді (ондаған және мыңдаған Гбайт, Тбайт) дискілік жадының болуы қажет.

Интернет желісінде хост-компьютерлерде Unix операциялық жүйесі қолданылады. Қолданбалы бағдарламаларға қызмет ететін барлық серверлік бағдарламалар, Unix операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайды.

Жоғарыда айтылғанның бәрінен жасалатын тұжырым: «сервер» ұғымы – бағдарламалық-аппаратты деген мағына береді. Мысалы, уақыттың дәл осы сәтінде, хост-компьютерде электрондық поштаның сервер-бағдарламасы жұмыс жасап тұрса, онда ол пошталық сервердің рөлін атқарады. Егер осы машинада WWW-ң сервер-бағдарламасы жұмыс жасай бастаса, онда ол Web-сервер болады. Серверлердің әртүрлі қызметтері желі торабында әртүрлі компьютерлердің арасында жиі бөлінеді.

Ақпаратты байланыс арналары арқылы жіберу үшін оны компьютерде тұрған пішіннен сигналдар түріне түрлендіру қажет. Ондай түрлендірулерді, арнайы құрылғылар – желілік адаптерлер жүзеге асырады.

Пайдаланушының компьютерін телефон арнасы бойынша Интернет-провайдердің серверімен қосу үшін екі компьютерде модемге қосылып тұруы керек. Модемнің қызметі: екілік кодпен берілген компьютерлік ақпаратты телефон сигналына және кері түрлендіру. Модемдер аналогты телефон арнасы бойынша 56 Кбит/с. жылдамдығымен сандық компьютерлік деректерді беруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі ADSL-технологиялары дағдылы телефон арнасын Интернетке жоғарғы жылдамдықпен (1 Мбит/с және одан жоғары) қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте телефон нөмірі бос тұрады, сол маңызды. Жәй және ADSL модемдер компьютердің USB-портына және телефон розеткасының ажыратқышына қосылады.

Ықшамды компьютерлерді қолданатындар Интернетке сымсыз Wi-Fi технологиясын қолданып қосыла алады. Вокзалда, әуежайда, оқу мекемелерінде және басқа қоғамдық жерлерде, Интернетке қосылған сымыз байланысқа шығу орындары қойылады. Сымсыз байланыспен жабдықталған ықшамды компьютер, радиусы 100 м. шеңберінде, жылдамдығы 11 Мбит/с. дейін Интернетке шығуға мүмкіндік алады.

Internet және World Wide Web ақпараттық қызметтері. Ғаламдық желілерде электрондық поштамен қатар пайдаланушылар үшін басқада қызмет көрсету формалары бар. Telnet. Бұл қызмет пайдаланушыға компьютерде алыстатылған терминал режімінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді; яғни терминалда қойылған бағдарламаларды өз компьютеріңде тұрған бағдарлама сияқты қолдануға болады.

FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды тасымалдау протоколы, яғни кез келген пішімді және көлемді файлдарды қабылдау және жіберу үшін желі бойымен ақпаратты беру технологиясы. FTP – протоколы клиентке басқа серверлерде сақтаулы тұрған, көлемі үлкен ақпаратқа тез қатынасу (сервердің каталогтарын қарап шығу, файлдарды көшіру) мүмкіндігін береді.

Archie. FTP-серверлер жүйесінде іздеуші бағдарлама рөлін атқаратын – арнайы серверлер. Олар бізге керек файлдарды тез табуға көмектеседі.

Gopher. Дамыған, яғни көп деңгейлі мәзір құралдары, анықтама кітаптары, индекстік сілтемелері бар желіден – ақпаратты іздеу және шығару жүйесі.

WAIS. Кітапханалар мен бөлісілген деректер қорында негізделген, желілік ақпаратты-іздеу жүйесі.

Usenet. Телеконференциялар жүйесі. Басқаша аты – жаңалықтар тобы. Белгіленген тақырыптық телеконференцияларға жазылғандарға қызмет көрсетеді, яғни электрондық почта арқылы оларға материалдарды жіберіп отырады.

World Wide Web. Осы ағылшын сөз тіркесінің еркін аудармасы – Дүниежүзілік тор, WWW немесе Web деп жиі белгіленеді. Бұл- Интернеттің гипермәтіндік ақпараттық жүйесі. Интернет желілерінің қарқындап дамуына, 90-жылдар бойы жаңа WWW технологиясының пайда болуына байланысты.

WWW технологиясы – сілтемелерді жасауға мүмкіндік береді, оны гиперсілтеме деп атайды. Бұл технология, құжаттың ішінде басқа жерге ауысуға, осы компьютердегі басқа құжатқа өтуге, басқа компьютердегі кез келген құжатқа өтуге мүмкіндік береді.

Қазір WWW және оның бағдарламалық жабдықтамасы Интернетте қызмет көрсететін әмбебап құрал болып табылады, өйткені ол пайдаланушыға жоғарыда аталған ресурстарға (FTP, e-mail, WAIS, Gopher және б.) іс жүзінде кіруге мүмкіндік береді.

Гиперсілтеме – бір-бірімен байланысқан сөздер, яғни бір құжаттың ішінен басқа құжатқа сілтеме. WWW байланысты негізгі ұғымдар:

Веб-бет – (ағылш. – Web page) – өзінің адресі бар, WWW негізгі ақпараттық бірлігі.

Web-сервер – Веб-беттер және олармен жұмыс жасау үшін сәйкес бағдарламалық жасақтама сақталған компьютер.

Web–броузер (ағылш. – Web browser) – Веб-беттерді қарауға және оны шығарып алуға мүмкіндік жасайтын клиент-бағдарлама.

Web-сайт – қандайда бір мекеменің немесе тұлғаның меншігіндегі Web-серверде тұрған деректер бөлімі. Бұл бөлімде, оның иесі, өзінің ақпаратын көптеген өзара байланысқан Веб-беттер түрінде орналастырады. Әдетте, сайттың өзінің титулы – басты беті болады, онда гиперсілтемелер арқылы немесе «алға-кері» белгілерімен сайттың беттерінде жылжуға болады.

Танымал браузерлердің қатарына Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Safari, Google Chrome жатады. Браузердің негізгі міндеті – ізделіп отырған бетті алу үшін Web-сервермен қатынасып бетті экранға шығару.

Ресурстарға әмбебап сілтегіш. Интернетте ақпаратты сақтау және іздеу үшін – URL – Uniform Resource Locator – (ресурстарға әмбебап сілтегіш) – деп аталатын әмбебап адрестеу қолданылады.

URL-адресіне – құжатқа қол жеткізу протоколы, құжат тұрған сервердің домендік аты немесе IP-адресі, файлға баратын жол және файлдың өз аты кіреді:

protocol://domain_name/path/file_name

Құжатқа қол жеткізу протоколы ақпаратты беру әдісін анықтайды. Веб-беттерге қол жеткізу үшін: HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – гипермәтінді беру протоколы қолданылады. Протоколды жазғанда оның атынан соң қос нүкте және тура слэш жазу керек: http://. FTP-серверлеріне тілдесу үшін ftp:// – файлдарды тасымалдау протоколы жазылады. 1-мысал. «Ақпарат және ақпараттық технологиялар» Web-сайтының титулды бетінің URL-адресін жазайық. Бет schools.keldysh.ru серверінде, info2000 каталогында, index.htm файлында орналасқан. Демек, ресурстарға әмбебап сілтегіш мына түрді қабылдайды: http://schools.keldysh.ru/info2000/index.htm.

Ол үш бөліктен тұрады:

http:// –– гипермәтінмен жұмыс жасау протоколы. Бұл протоколды кез келген WWW - серверімен тілдескенде пайдануға болады.

schools.keldysh.ru – сервердің домендік аты; /info2000/index.htm – Web-бетте файлға баратын жол және файлдың аты.

Интернетте ақпаратты іздеу. Internet желісімен берілетін барлық қызметті екі категорияға бөлуге болады: абоненттер арасында ақпараттар алмасу және мәліметтер қорын қолдану.

Абоненттер арасында қолданылатын қызметтерге мыналар жатады:



  • Telnet – желілік мүмкіндік. Абонентке Internet желісінде кез-келген ЭВМ мен өзінікіндей жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Яғни программаларды жүктеу, жұмыс режимдерін ауыстыру және т.б.

  • FTP (File Transfer Protocol) – файлдар протоколдарын жіберу. Желідегі кез-келген компьютер арқылы абонентке екілік және текстік файлдармен алмасу мүмкіндігін береді. Желілік компьютермен байланыса орнатып, қолданушы өзінің компьютеріне желілік компьютерден мәлімет ала алады немесе керісінше.

  • NFS (Network File System) – бөлінген файлдық жүйе. Абонентке желілік компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • E-mail (Электрондық почта) – Internet желісіндегі кез-келген абонентпен почталық хабар алмасу. Текстік және екілік файлдарды жіберудің (UUEncoding жолымен) мүмкіндіктері бар. Internet желісіндегі почталық хабардың өлшемі 64 Кб аспау қажет.

  • News (жаңалықтар) – Желілік жаңалықтарды және электрондық тақта жаңалықтарын алу және ақпараттарды тақтаға орналастыру. Internet желісіндегі электрондық тақта жаңалықтары тақырыптарына байланысты жіктеледі. Қолданушы өз қалауы бойынша кез-келген жаңалықтар тобына жазыла алады.

  • Rsh (Remote Shell) – желілік мүмкіндік. Telnet аналогі, бірақ компьютерде UNIX операциялық жүйесі болғанда ғана жұмыс істейді.

  • Rexec (Remote Execution) – бір команданы желілік UNIX-машинада орындау.

  • Lpr – желілік баспа. Файлды желілік принтерге жіберу.

  • Lpq – желілік баспа. Желілік принтерде кезекте тұрған файлдарды көрсетеді.

  • Ping – желі бойынша ЭВМ нің желілік қатынас мүмкіндігін тексереді.

  • Talk – қолданушыға желідегі ЭЕМ мен «сөйлесуге» мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, экранда бір уақытта желідегі қолданушының мәтіні және жауабы көрініп тұрады.

  • Whois – Internet-ң адрестің кітабы. Сұраныс бойынша абонент желідегі компьютердің тиістілігі, қолданушылар туралы мәлімет ала алады.

  • Finger – Желідегі компьютер қолданушылары туралы ақпарат алу.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Internet желісі келесі спецификалық қызметтерді көрсетеді:

  • Webster – ағылшын тілінің түсіндірме сөздігінің желілік версиясы.

  • Факс-сервис – қолданушыға факсимальды байланыс арқылы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.желінің факс-серверін қолданады.

  • Электрондық аудармашы – оған келген тексті бір тілден екінші тілге аударады. Электрондық аудармашыға қатынас құру, электрондық почта арқылы жүзеге асады.

  • Шлюзы – абонентке TCP\IP (Fido, Goldnet, AT50) протоколдарымен жұмыс істемейтін желіде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Internet желісінің автоматты түрде іздеу жүйесіне келесі жүйелер жатады:



  • Gopher – кілтті сөздер арқылы ақпаратты іздеуге болатын Internet желісінің кең тараған іздеу тәсілі. Gopher жүйесімен жұмыс мазмұндарын қарап шығуды еске түсіреді, мұнда қолданушы қажетті тақырыптарды оңай таба алады. Gopher қолданушыға ақпаратты аты және авторының көрсетілуінсіз алуына мүмкіндік береді. Бұл қолданушынығ уақытын үнемдейді. Ол жүйеге тек қажеттісін хабарлайды, жүйе оны тауып береді. Gopher-серверов екі мыңнан көп, сондықтан да олардың кқмегімен қажетті нәрселер ылғи да оңай табыла бермейді. Егер қиыншылық туған жағдай болса VERONICA қызметін пайдалануға болады. VERONICA қолданушыны қолмен қараудан босата отырып Gopher-дің 500 ден артық системасымен іздеу жұмысын іске асырады.

  • WAIS – Ақпартты алудың Gopher-ге қарағанда кіштірек тәсілі. Себебі ол барлық текстік құжаттарда кілтті өрісті іздейді. Сұраныстар WAIS–ке әлдеқайда қысқартылған ағылшынша түрде жіберіледі. Бұл алгебра және логика тілінде құрылымнан әлдеқайда жеңіл. WAIS-пен жұмыста қолданушыға қажетті материалды іздеуде уақыт кетіріп қажеті жоқ. Internet желісінде 200 ден астам WAIS – кітапханалар бар. Бірақ мұнда көптеген материалдар зерттеу салаларына және компьютерлік ғылым областарында қолданылады.

WWW – гипертекстпен жұмыс жасауға арналған жүйе. Ол іздеудің күшті құралы болып табылады. Гипертекст алдын ала берілген сөздер жиынтықтарын біріктіреді. Мысалы, мәтінде жаңа сөз немесе ұғым кездессе, онда гипертекстаен жұмыс істейтін жүйе осы ұғым немесе сөз нақтырақ қарастырылатын басқа құжатқа жібереді. Әдетте WWW көбінесе WAIS мәліметтер қоры интерфейсі ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта WWW кең

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР


Негізгі әдебиеттер

  1. Бидайбеков Е.Ы. Сағымбаева А.Е., Лапчик М.П. Нұрбекова Ж.К.,  Жарасова Г.С., Оспанова Н.Н., Исабаева Д.Н. Информатиканы оқыту әдістемесі Оқулық. Алматы, -2014.

  2. Бидайбеков Е. Ы. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері, оқулық - Алматы : Дәуір, 2014.

  3. Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. ‬ Алматы, 2008. ‬

  4. Медешова А. Б., Мухамбетова Ғ. Г., Амантурлина Г.К. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, Орал қаласы «БҚМУ» баспасы. 2011 жыл

  5. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы, 1-2 бөлім. ПМПИ, 2013 ж

  6. Лапчик М.П., Рагулина М.И., Самылкина Н.Н., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. - М.: «Академия», 2008.-592 с.

  7. Сағымбаева А.Е. Информатика мұғалімдерін оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға дайындау. Монография. -Алматы, 2009

  8. Сағымбаева А.Е.  Информатикадан бақылау тапсырмалары.  Оқу құралы. Алматы, 2009

  9. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М.: Высш. шк., 2004. - 223 с. ил.

  10. Сагимбаева А.Е., Мухамбетжанова С.Т., Информатика. Әдістемелік нұсқау. 11-жылдық мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралы -Алматы: Атамура. - 2015

  11. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики: Учебное пособие. Воронеж: ВГПУ, 2005. - 271 с.

  12. Лапчик М.П., Рагулина М.И., Смолина Л.В. Теория и методика обучения информатике. Лаборторный практикум. Уч. пособие для студентов вузов /Под.ред. М.П. Лапчика. - Омск: Изд-во ОмПТУ, 2004. - 312 с.

  13. Босова Л. Л. Занимательные задачи по информатике: Учебно-методический комплект / ЛЛ.Босова. - 3-е изд. - М.: БИНОМ, 2007.

  14. Педагогическая практика в системе подготовки учителя информатики и математики: Методические реомендации /Под общей ред. М.П. Лапчика. - Омск: Изд-во ОмГПУ, 2004. - 188 с.

  15. Халыкова К.З. Жогары оку орындары студенттерінің өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырудын теориясы мен практикасы. Монография. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2009. - 291 б.

  16. Компьютерные технологии для преподавателя: метод. комплекс /Соловьева, Л. - 2008

  17. Информация, информатика, компьютер, информационные системы, сети /Микрюков, В.Ю. - 2007

  18. Введение в информационные технологии /Исаченко, О.В. - 2009

  19. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования /Полат, Е.С. - 2010


Қосымша әдебиеттер:

  1. Бурибаев Б., Нақысбеков Б., Мадьярова Г. Информатика және есептеуіш техника негіздері 9 сынып: Оқулық. Алматы, «Мектеп», 2005 ж.

  2. Қойбағарова Т.Қ. Информатика, Оқу-әдістемелік құрал. Павлодар, 2010. ‬

  3. Ермеков Н. Және басқалар. Информатика 8 сынып: Дидактикалық материалдар. Практикум. Алматы, «Атамұра», 2004 ж

  4. Симонович С., Евсеев Г.Практическая информатика: Инфорком- Пресс, 2008г.

  5. Макарова Н.В. Информатика. Практикум. Москва, 2008 г.

  6. Семакина И., Хеннер Е. Задачник практикум. 1,2 том. Москва, 2009 г.



Интернет-ресурстар


  1. Информационные и коммуникационные технологии в образовании - http://wiki.irkutsk.ru/index.php

  2. http://infust.kz/2011/09/bayandama-taqyryby-bastauysh-synypta-

informatika-panin-engizuding-qazhettiligi/ ‬Информатик ұстаздар

  1. Информационные технологии в образовании. - http://www.ito.su/

  2. Использование информационных и коммуникационных технологий в общем среднем образовании- http://www.humanities.edu.ru/db/msg/80297

  3. В помощь учителю информатики. - http://public.tsu.ru/~wawlasov/start.htm

  4. Информационное образовательное пространство системы открытого образования - http://www.ido.edu.ru/open/ikt/5.htm

  5. Информационно-справочный портал. - http://www.morepc.r

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау