Салада көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында тоқыма бұйымдары мен теріден жасалған бұйымдарды жуу және химиялық тазалау
30
2) Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері
жобаларының өндірістік қуаттарын ұлғайту.
Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерде
кәсіпкерлердің өндірістік әлеуетін арттыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге
асырылады:
ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің
жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу.
3) Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде
кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту.
Моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі
кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту үшін:
мемлекеттік гранттарды беру.
Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион)
теңгеден аспайды. Гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне нысаналы трансферттерді аудару
жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік гранттар беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты
шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас
кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде
экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында,
сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық
шектеусіз өз жобаларын іске асыруды жоспарлайтын әйелдер, мүгедектер және 50
жастан асқан адамдар қатысушы бола алады.
2 - бағыт-экономиканың басым секторларында өнеркәсіпті қамтитын
салаларда кәсіпкерлікті дамыту
Осы бағыт шеңберінде келесі міндеттерді шешу қажет:
1) Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту.
Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнімінің көлемін ұлғайту үшін жүзеге
асырылады:
Өңдеуші
өнеркәсіптің
өндірілген
өнім
көлемін
ұлғайту.*
банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы
лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
кәсіпкерлерге берілген банктердің/Даму Банкінің кредиттеріне ішінара
кепілдік беру.
2) Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.
Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру үшін орындалады:
Салада көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында тоқыма бұйымдары мен теріден жасалған бұйымдарды жуу және химиялық тазалау
31
кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтардың жетіспейтін
инфрақұрылымын қамтамасыз ету.
3) Шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын
арттыру.
Шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру
үшін жүзеге асырылады:
банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы
лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
кәсіпкерлерге берілген банктердің/Даму банктерінің кредиттеріне
ішінара кепілдік беру;
кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтардың жетіспейтін
инфрақұрылымын қамтамасыз ету.
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржы
лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспайды және
онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржы лизингі шарты
бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК
шешімі бойынша кейіннен 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш)
жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған
жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші
субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске
асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 16% -
дан аспайтын кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша ғана жүзеге
асырылады, оның 7% - ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске
асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 16% -
дан аспайтын кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша ғана жүзеге
асырылады, оның 10% - ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Егер айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды және/немесе
инвестицияларды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға жүзеге асырылса, бірақ 60
млн.теңге кредиттерін қоспағанда, кредит сомасының 100% - на дейін айналым
қаражатын қаржыландыруға жол берілетін кредит сомасының 30% - нан аспайтын
болса, егер мұндай қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе
жаңғыртуға және/немесе инвестицияларға байланысты болса, айналым қаражатын
толықтыруға берілетін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру жүзеге асырылуы
мүмкін.
Салада көрсетілетін қолдау
Қазақстан Республикасында тоқыма бұйымдары мен теріден жасалған бұйымдарды жуу және химиялық тазалау
32
Кепілдік беру жүзеге асырылатын бағдарлама шеңберінде экономиканың
басым секторларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы 360 млн.теңгеден
аспауы тиіс.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші
өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға кредит сомасы бір
кәсіпкер үшін 1 850 млн.теңгеден аспауы тиіс.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндірістерді
құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған
Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды
жекелеген жобалар үшін де (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету
үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жеткізу болып табылады.
Өндірістік
(индустриялық)
инфрақұрылымды
дамыту
Бағдарлама
шеңберінде ИИДМБ-да айқындалған экономиканың басым секторларында және
өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ
моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері
үшін жүзеге асырылады.
Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға және қайта жаңартуға
бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды
бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, өнеркәсіптік алаңдарға
арналған қазандықтарды жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол
тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы
станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары, баламалы
энергия көздері.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте
кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу
көзделмейді.
Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар өз жобаларын іске асыратын
және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер болып табылады:
экономиканың басым секторларында
ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында
ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына мыналар
жатады:
1. Қара металлургия.
2. Түсті металлургия.
3. Мұнай өңдеу.
4. Мұнай-газ химиясы.
5. Тамақ өнімдерін өндіру.
6. Агрохимия.
Достарыңызбен бөлісу: |