9 Қызмет көрсетудің жылдамдығы, уақыты болуы және сапасы
9.1 Жолаушылар тасымалы кезінде қызмет көрсетудің жылдамдығы, уақытылы болуы және сапасы [2] талаптарымен белгіленеді.
10 Қауіпсіздік талаптары
10.1 Қызметтер көрсеткен кезде, орындаушы азаматтардың өміріне және денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі керек.
10.2 Жолаушыларды тасымалдау мынадай шарттарды сақтау кезінде іске асады:
а) автокөлік құралдары: жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретті органда тіркелуі керек; «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің, СТ РК 41.36, СТ РК 41.52 оларды техникалық пайдаланудың ережелері мен нұсқамалары; оларды пайдалануға рұқсат етілмейтін ақаулықтары болмау керек; ҚР СТ 1811 сәйкес мемлекеттік техникалық бақылауды уақытында өткендігін растайтын құжаты болу керек;
б) автокөлік құралдарының мақсаты мен орындалу түрлері, жол және климаттық жағдайларын ескере отырып тасымалдау түріне сәйкес болуы керек;
в) тасымалданатын жолаушылар саны автокөлік құралының техникалық сипаттамасында немесе тасымалдардың нақтылы бір түрін жүргізу ережелерінде қарастырылған сыйымдылық нормасынан аспауы керек;
г) автокөлік құралын пайдалану процессінде, жүргізуші кабинасы мен жолаушылар салонында қажетті температураны, ауа құрамын және шу деңгейін ұстап тұратын жүйелердің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету керек;
д) апаттық сипаттағы, жолдық-климаттық жағдайлардың өзгеруі, жылу, газ, электрлік және басқада коммуникациялардағы апаттармен байланысты, ол жолдармен қозғалу жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, кейбір жағдайларда қызмет көрсетуді ұйымдастырғыш автокөлік құралының қозғалысын тоқтатуы керек. Қозғалысты жалғастыру, қозғалуға қауіпсіз жағдайлар жасалғаннан кейін жүзеге асуы керек;
е) тасымалдау кезінде жолаушыларға, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге байланысты сұрақтар бойынша қажетті және уақтылы дыбыстық және көзбен шолынатын ақпараттар берілуі керек. Дыбыстық ақпарат дыбыс күшейткіш құрылғыларды қолдана отырып берілуі мүмкін, соның ішінде автоматтық. Көзбен шолынатын ақпаратты жолаушыға ыңғайлы сілтеуіштерде, сұлбаларда және ақпараттық тақтайшаларда берілуі мүмкін. Жалпы қолданыстағы тапсырыстар кезінде автокөлік құралдарының ақпараттық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар – [1] бойынша;
ж) жолаушыларды тасымалдауды жүргізетін жүргізушілер, тиісті санаттағы автокөлік құралдарын басқару құқығының жүргізуші куәлігі, белгіленген мерзімде медициналық куәландыруды өткендігі туралы құжат, рейс алды медициналық тексеруден өткендігі туралы, автокөлік құралының рейс алды техникалық бақылаудан өткендігі туралы белгісі бар жолдама қағаз, сонымен қатар кейбір тасымал түрлерін жүргізу үшін қажетті басқа да құжаттарға [2] (қозғалу кестесі, бағдар сұлбасы және т.б.) ие болуы керек;
и) біліктілігі, жұмыс өтілі, жасы және жүргізушінің басқа да кәсіби мінездемелері, белгіленген жолаушылар тасымалдауға арналған белгіленген талаптарға сай болуы керек;
к) технологиялық процесстерді күшіндегі нормативтік құжаттарда белгіленген жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртіптерін міндетті сақтай отырып орындайды;
л) автокөлік құралының жүру жолы және оның қозғалу параметрлері (кестесі, жылдамдығы, аялдау орындары және т.б.) жол жүру ережелерін міндетті сақтаумен міндеттемелерімен жүзеге асырылады.
м) жолаушылардың автокөлік құралына отыруы және шығуы тек автокөлік қозғалмай тұрғанда оң жағынан жүргізіледі.
Автокөлік құралының қозғалысты бастау, тек есіктері жабылған кезде қана жүргізілуі керек. Жолаушыларға зақым келтіруі мүмкін автобустың күрт үдеуіне, бұлғақтауына, сонымен қатар қосарланған озуға рұқсат етілмейді.
10.3 Тасымалдың нақтылы түрлерінің технологиялық процесстерін (балаларды мүгедектерді, жолаушыларды автобустық тасымалы; таулы бағдарларда қозғалу, халықаралық тасымалдар және т.б.) тиісті нормативтік құжаттарында белгіленген қосымша арнай талаптарды ескере отырып орындау керек.
10.4 Такси-автомобильмен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қоршаған ортаны қорғаудың мынадай талаптары қамтамасыз етілуі керек:
- белгіленген экономикалық нормалар мен нормативтерді сақтау (суды тұтыну және суды ағызу, ағызылатын өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сулардағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшері, атмосферадағы ластаушы заттардың қалдығы соның ішінде автокөлік құралдарынан, шулық әсерлер және т.б.);
- қоршаған ортаның сипатының нашарлауын ескерту бойынша талаптар мен шарттарды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық және басқа да шараларды жүргізу (жөндеу-қызмет көрсету әрекеттерін жүргізу, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлерде жуу; қозғалтқыштарды жалату үшін от жағуға; газбаллонды автомобильдердің баллондарынан атмосфераға газ шығаруға; автокөлік құралдардың шөпті жабындармен және басқа да өсімдікті жабынмен жүруіне; жүретін жолды және оған жататын территорияны тұрмыстық және өндірістік қоқыспен былғауға; табиғи қорықтарда белгіленбеген бағдарлармен жүруге; автокөлік құралы ісінен қалдықтарды рұқсатсыз утилизациялау және т.б.) және олардың салдарын жою;
- жұмыскерлерді қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша және қоршаған ортаның ластануына келтіретін әрекеттер үшін жауапкершіліктің үлестірілуін оқыту;
- қоршаған ортаны қорғу бойынша шараларды іске асырар кезде қолданылатын қондырғыларды, саймандарды және құрылғыларды жұмыстық күйде ұстау.
10.5 Қызметтерді орындаушы қызмет көрсетумен байланысты жұмыстың белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжатпен қамтамасыз етуі керек (экологиялық құжатың болуы; атмосфераға ластаушы заттардың шектен тыс болуына рұқсаттың болуы, ластанған суларды ағызу; экология бойынша мемлекеттік есеп беруді жүргізу және т.б.).
10.6 Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігі екі бағыт бойынша іске асады:
- жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізушінің Жол қозғалыс ережесін сақтаумен регламенттеледі [3];
- Қазақстан Республикасының Көлік қауіпсіздігі концепциясының талаптарына сәйкес жолаушылар мен жүктің қауіпсіз тасымалын қамтамасыз ету [4].
10.7 Лаңкестік актілердің алдын алу мақсатында, жүргізуші автокөлік құралында бөгде заттардың болмауына тыңғылықты тексеру жүргізуі керек.
11 Мүгедектерге арналған қызметтің қауіпсіздігі мен ыңғайлылығына қойылатын талаптар
Такси-автомобильдермен мүгедек, соның ішінде арбада отыратын жолаушыларды тасымалдау үшін, Қазақстан Республикасының тәртіптерімен белгіленгендерге сәйкес мүгедектер үшін арнайы қайта жабдықталған М1 санатты автокөлік құралдары қолданылады.
12 Басқа да талаптар
12.1 Тасымалды техникалық немесе басқа жағдайлармен тоқтатқан жағдайда, автомобильдік тасымалдаушы жолаушыларды көздеген жерлеріне жетуін қамтамасыз етуі керек.
Жолаушылар, көздеген жеріне жеткізген такси-автомобильі жүргізушісіне белгіленген тәртіпте жол ақысын төлеуі керек.
12.2 Жолаушылар тарапынан негіздік арыз түскен жағдайда, сонымен қатар келісім шарттарын такси-автомобиль жүргізушілері немесе диспетчерлік қызмет дұрыс орындамаған немесе жауапсыз қалдырған жағдайында, сонымен қатар қолданыстағы заңнамалар мен жасалған шарт талаптарына сәйкес қарастырылған жолаушыларды тасымалдаудың технологиялық процесстерін ұйымдастыру бойынша жасалған келісімдер шарттарын такси-автомобиль жүргізушілері немесе диспетчерлік қызмет бірнеше бұзған жағдайда жауапкершілікті тартады.
12.3 Жолаушылар тарапынан такси диспетчерінен берілетін ақпараттың дұрыс еместігінің растығы жайлы, және оларға дұрыс мән бермеген жағдайында, , сонымен қатар келісім шарттарын бірнеше рет бұзған жағдайы туралы негіздік арыз түскен жағдайда күшіндегі заңнамамен және жасалған келісім шартта қарастырылған жауапкершілік тартады.
12.4 Такси-автомобиль жүргізушілері немесе диспетчерлік қызмет жолаушыға келтірілген зияннан, жүкке (қолдық затқа) келтірілген залалдан жауапкершіліктен босатылады, егер зиянның келуіне және залалдың келтірілуіне жолаушының қателігі себеп болса және барлық қолданған шараларға қарамастан такси-автомобиль жүргізушілері немесе диспетчерлік қызмет алдын алып және болдырмау оған байланысты болмаған жағдайлар, сонымен қатар жүкте болған ақаулар жағдайында, тез бұзылатын және тасымалдауға рұқсат етілмеген заттар, құралдар және саймандар болған жағдайында.
12.5 Такси-автомобиль жүргізушілері такси диспетчеріне берілетін ақпараттардың сенімділігіне жауапты болып табылады.
12.6 Ұмытылған және табылған заттар кезінде жолаушының әрекеттері – Д қосымшасына сәйкес.
12.7 Жолаушылармен наразылықты рәсімдеудің және акт жасаудың реті – E қосымшасына сәйкес.
А қосымшасы
(ақпараттық)
Такси жеңіл автомобилінің сыртқы безендіруінің үлгісі,
такси-автомобилінің айрықша белгілері және танымдылық шамы
Гараж нөмірі
Достарыңызбен бөлісу: |