Қызметтер сипаттамасы
Қолдау қызметтері
24-бет
http://microsoft.com/licensing/contracts
торабында (немесе Microsoft анықтайтын оның
құқығын жалғастыратын торапта) Microsoft ара-тұра жариялап тұратын Өнімдер тізімінде
анықталатын сатуға шығарылған, жалпыға қолжетімді Microsoft бағдарламалық
жасақтамасы мен Онлайн қызметтер өнімдерінің барлық нұсқаларына қолдау
көрсетеміз. Осы Қызметтердің сипаттамасында Ұзартылған жылдам түзету қолдауы
ретінде немесе Жұмысқа тапсырысыңызға тіркелген Қосымшада сипатталған мұндай
қолдауды сатып алмасаңыз, қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзету қолдауы
http://support.microsoft.com/lifecycle
торабында анықталған Ұзартылған қолдау сатысына
енген Microsoft өнімдеріне көрсетілмейді.
• Тіркелген Қосымшада басқаша ескерілмеген болса, алдын ала шығарылған және бета
нұсқалы өнімдерге қолдау көрсетілмейді.
• Барлық қызметтер, соның ішінде Қолдау жұмыс тапсырысыңыздың бір бөлігі ретінде
немесе мерзімінде сатып алынған қандай да бір қосымша қызметтер қолданыстағы
Жұмыс тапсырысыңыздың мерзімі ішінде пайдаланылмаған жағдайда күшінен
айырылады.
• Қызметтер ресурстардың қолжетімділігіне байланысты жоспарланады және ең төменгі
тіркелу деңгейлеріне қол жеткізілмеген жағдайда семинарлар өткізілмеуі мүмкін.
• Сіздің сұрауыңыз бойынша, біз проблемаларды талдау үшін сіздің жүйеңізге қашықтан
қосылу арқылы кіреміз. Біздің қызметкерлеріміз тек сіз рұқсат берген жүйелерге кіреді.
Қашықтағы байланыс арқылы көмекті пайдалану үшін, бізге тиісті қол жеткізу мүмкіндігі
мен қажетті жабдықты беруіңіз керек.
• Кейбір қызметтерді көрсету үшін реттелетін деректеріңізді сақтауымызды, өңдеуімізді
және кіруімізді талап етуі мүмкін. Бұл әрекетті орындаған кезде деректерді қорғау
саясаттар мен процестерімізге сәйкес Microsoft компаниясы мақұлдаған
технологияларды пайдаланамыз. Егер Microsoft компаниясы мақұлдамаған
технологияларды пайдалануымызды сұрасаңыз, реттелетін деректеріңіздің тұтастығы
мен қауіпсіздігі үшін тек сіз жауапты болатыныңызды және Microsoft мақұлдамаған
технологияларды пайдаланған үшін Microsoft компаниясы жауапты болмайтынын
түсінесіз және келісесіз.
• Егер сіз бұрын жоспарланған қызметтен бас тартуды сұрасаңыз, бас тарту немесе қайта
жоспарлау жеткізудің бірінші күнінен кемінде 14 күн бұрын орындалмаса, Microsoft
корпорациясы өз ұйғаруы бойынша бас тарту ақысын қызмет бағасының 100%-на дейін
шегеруі мүмкін.
• Қолдау бумаңызға сатып алу, Бағдарламалық жасақтаманың кепілдігі аясындағы
оқиғаларды түрлендіру арқылы қосымша қызметтер қосқанда, жеткізуді жеңілдету үшін
қызметтердің көрсетілуін басқарудың тиісті деңгейінің қосылуын талап етуіміз мүмкін.
• Егер сіз қызметтің бір түріне тапсырыс беріп, оны басқа біріне ауыстырғыңыз келсе,
оның балама құнын пайдалануға болатын және Қызметтерді көрсету жөніндегі
менеджеріңізбен келісілген басқа бір қызметке қолдануыңызға болады.
• Бағдарламалық жасақтаманың кепілдігі аясындағы оқиғаларды тек Проблемаларды
шешу бойынша қолдау сағаттарына немесе Үшінші деңгейлі қолдауға түрлендіруге
болады. Еліңізде қосымша қызметтер көрсетілуі мүмкін. Егжей-тегжейлерін білу үшін
Қызмет көрсету жөніндегі менеджерге хабарласыңыз. 30 күннен кейін, біз Жұмысқа
тапсырысыңызда көрсетілген Premier қолдау қызметтеріне түрлендірген Бағдарламалық
Қызметтер сипаттамасы
Қолдау қызметтері
25-бет
жасақтаманың кепілдігі аясындағы оқиғалардың кез келген жетіспеушілігінің құнына
балама есеп-фактура шығаруға құқылымыз.
• Барлық қосымша қызметтер еліңізде қолжетімді бола бермеуі мүмкін. Қосымша
мәліметтер алу үшін қызмет көрсету жөніндегі менеджерге хабарласыңыз.
• Қолдау қызметтері сіздің меншігіңіздегі немесе Microsoft меншігіндегі кодқа қатысты
кеңестер мен нұсқаулар берумен шектеледі.
• Сіз бізге қол жеткізуге рұқсат беретін Microsoft корпорациясына тиесілі емес жалғыз код
өзіңіздің меншігіңіздегі код болатынына келісесіз.
• Қолдау қызметі үлгілік кодтан басқа ешқандай түрдегі код бермейді.
• Сатып алынған қызметтерге ең аз платформа талаптары болуы мүмкін.
• Серіктестерге арналған Premier қолдауын сатып алмайынша және Microsoft Premier
қолдау көрсетілімі - Серіктестің қосалқы мердігерлігі бағдарламасын орындамайынша,
тұтынушыларға қызметтер көрсетілмеуі мүмкін.
• Жұмыс орындарына бару өзара келісілген және алдын ала төленбеген жағдайда, біз сізге
себепті жолсапар мен қонақ үй шығындарына есепшот жібереміз немесе сіздің
сұрауыңыз бойынша шығындарды жабу үшін Проблеманы шешу бойынша қолдау
сағаттарынан балама санды шегереміз.
Тиісті Қосымшаларда қосымша алғы шарттар мен болжамдар көрсетілуі мүмкін.
4.9 Сіздің жауапкершілігіңіз
Premier Support қызметінің артықшылықтарын оңтайландыру үшін, барлық Қосымшаларда
көрсетілгендерге қоса төмендегідей міндеттерді де орындауыңыз шарт. Төмендегі міндеттерді
орындамау салдарынан қызмет көрсету кезінде кідірістер туындауы мүмкін:
• Жұмысқа тапсырысыңызда аталған контактілерді тағайындайсыз және олардың бірі
Тұтынушыны қолдау менеджері («ТҚМ») болады. ТҚМ тобыңызға басшылық етуге және
сіздің қолдау іс-әрекеттеріңіздің барлығын және бізге қолдау қызметі бойынша сұраулар
жіберудің ішкі процесін басқаруға жауапты. Әрбір контактіге Microsoft Premier Online
веб-торабына кіру, қолдау мәселесін жіберу және Microsoft қызметтер көрсету тобына
хабарласу үшін жеке тіркелгі нөмірі беріледі. Онлайн қызметтер әкімшілерінде
қолданылатын онлайн қызметтер бойынша қолдау көрсету порталдары арқылы онлайн
қызметтерге қолдау көрсету сұрауларын жіберу мүмкіндігі бар. Аталған контактілерге
қоса, сіз топ контактілерінің төмендегідей екі түрін де анықтауыңызға болады:
o
Контактінің бір түрі ақпарат мазмұны мен қолдау бойынша сұраулар жіберу
мүмкіндігі үшін Microsoft Premier Online веб-торабына кіру рұқсатын беретін
ортақ тіркелгі идентификаторын алады.
o
Контактінің екінші түрі тек ақпарат алу үшін Microsoft Premier Online веб-
торабына кіру рұқсатын беретін ортақ тіркелгі идентификаторын алады.
• Қызмет сұрауын жіберу кезінде белсенді қолдау контактілерінде сіз тіркеген мәселенің
негізгі түсінігі және Microsoft корпорациясына мәселені анықтап шешуде көмек беретін
мәселені тарату мүмкіндігі болуы керек. Сонымен қатар, осы жеке тұлғалар жүйе
мәселелерін шешу және Microsoft корпорациясына қызмет сұрауларын талдап шешуде
көмектесу үшін қолдау көрсетілетін Microsoft өнімдері мен Microsoft ортасы туралы білуі
керек.