Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру



жүктеу 171,13 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі171,13 Kb.
#21719


Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері 

бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру 

қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 

1019 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12665 болып 

тіркелді 

 

      РҚАО-ның ескертпесі!



 

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 30) 



тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері 

бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері 

бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек 

және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында 

кӛзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 

       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 

және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовқа жүктелсiн.  

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми 

жариялануға тиіс. 



      Қазақстан Республикасының 

      Денсаулық сақтау және 

      әлеуметтік даму министрі                          Т. Дүйсенова 

  Қазақстан Республикасы    

 Денсаулық сақтау және    

әлеуметтiк даму министрiнiң 

2015 жылғы 25 желтоқсандағы 

 № 1019 бұйрығымен       

 бекітілген           

   Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және 

бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері 

   1. Жалпы ережелер 



      1. Осы Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, 

оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – 

Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң (бұдан 

әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек 

қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және 

бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды. 

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады: 

      1) еңбек инспекциясы жӛніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар 

қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік 

шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы 

ӛкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бӛлімшесі; 

      2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) 

қауіпті ӛндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз 

етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі; 

      3) жауапты қызметкерлер – ӛндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек 

қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар; 

      4) қауіпсіздік нормалары – қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың ӛмірі мен 

денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-

гигиеналық, биологиялық және ӛзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен 

критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан ӛндіріс жағдайларын, ӛндірістік және еңбек 

процесін сипаттайтын сапалық және сандық кӛрсеткіштер; 

      5) оқу орталығы – басшы және жауапты қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 

қорғау бойынша заңнама шеңберінде теориялық оқытуды жүргізетін ұйым; 

      6) рұқсат беру наряды – белгілеген нысандағы арнайы бланкіде ресімделген және жұмыс 

мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оны қауіпсіз орындау шарттарын, 

қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, ӛрт қауіпсіздігі және газдалған 

жұмыс орындарында), бригада құрамы мен жауапты қызметкерлерді айқындайтын, жұмысты 

қауіпсіз жүргізуге арналған тапсырма. 

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына 

сәйкес қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, 

оларға нұсқама берудi және бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi ӛз қаражаты есебiнен 

жүргiзедi. 

      4. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті тәртіппен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 

қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастыратын оқытудан ӛтедi, кейiннен 

мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

мәселелерi бойынша оқытудан, оларға нұсқама беруден және бiлiмдерiн тексеруден ӛтпеген 

қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi. 

      5. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жұмысқа қабылданған 

жауапты қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей еңбек 

қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден ӛтеді. 

      6. Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 

қызметкерлерінiң тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тiзбесiн, сондай-ақ 

оқытудың тәртiбiн, нысанын жұмыс берушi кәсіптің сипатына, жұмыстардың түрiне, 



ӛндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, қызметкерлер ӛкiлдерiмен 

(олар болған кезде) келiсе отырып белгiлейдi. 



   2. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсібі бойынша еңбек қауiпсiздiгi 

және еңбектi қорғау саласында оқыту және бiлiмдерiн 

тексеру тәртiбi 

      7. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына 

кемінде 1 рет жүзеге асырылады. 

      Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады. 

      8. Ӛндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, 

дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, 

тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және ұйымның ӛзiнiң еңбек қауiпсiздiгi 

және еңбектi қорғау қызметтерiн тарта отырып жүргiзедi. 

      9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның 

ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және ӛндiрiстiк оқытуды кӛздейді және оны жұмыс 

берушi бекiтеді. 

      10. Еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне ӛндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi 

және еңбектi қорғауға жауапты қызметкерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, 

шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда жүргiзiледi. 

      11. Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын 

жұмыстармен байланысты жекелеген ӛндiрiстерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан 

ӛтеді. 


      12. Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрi бойынша жұмыста үш немесе одан да 

кӛп, ал қауiптiлiгi аса жоғары жұмыста – бір жылдан артық уақыт үзiлiсi бар қызметкерлер 

ӛздiк жұмыс басталғанға дейiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша 

оқудан ӛтеді. 

      13. Саны үш адамнан кем болмайтын Емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң актісімен 

құрылады. 

      14. Емтихан комиссиясы тӛрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан 

комиссиясының құрамына еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқудан және 

білімдерін тексеруден ӛткені туралы сертификаты бар болған кезде тиiстi комиссиядан бiлiмiн 

тексеруден ӛткен бӛлiмшелердiң басшылары, ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

қызметiнiң мамандары, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге 

жауапты қызметкерлер, кәсiпорынның еңбектi қорғау жӛнiндегi техникалық инспекторы 

кiредi. 

      15. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады. 

      16. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртiбi жұмыс берушiнің актісінде белгіленеді. 

      17. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмi тексерiлетiн қызметкерлерді 

оны ӛткiзуден күнтізбелік отыз күн бұрын жұмыс беруші ескертеді. 

      18. Қызметкерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 

нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға тӛраға және емтихан комиссиясының 

мүшелері қол қояды. 

      19. Бiлiмiн тексеруден табысты ӛткен қызметкерге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 

нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдер, қағидаларды, 




нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жӛніндегі куәлiк берiледi. 

      20. Қызметкер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде, бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан 

кешiктiрмей белгiленедi. Қызметкер қайта оқудан ӛтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн 

қызметкер ӛздiк жұмысқа жiберiлмейдi. 



   3. Ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды 

қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерiн еңбек қауiпсiздiгi 

және еңбектi қорғау бойынша оқыту және бiлiмдер тексеру тәртiбi 

      21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты 

қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер), мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет 

кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын 

ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін 

тексеруден ӛтеді. 

      Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды: 

      1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған); 

      2) тестілеу үшін компьютерлерді; 

      3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша кӛрнекі құралдарды; 

      4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-

техникалық базасы болуға тиіс. 

      22. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты 

қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жӛніндегі оқу 

бағдарламаларын оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның 

ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды кӛздейді және еңбек инспекциясы жӛнiндегi 

жергілікті органмен келісіледі. 

      23. Басшы және жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 

қорғау саласында тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi 

қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден ӛткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк 

қадағалау және бақылау органдары мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, 

заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi ӛнеркәсiп ұйымдарының 

еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi. 

      24. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы және жауапты 

қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылған, саны үш адамнан 

кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар орнында) жүргiзедi. 

      Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады. 

      25. Емтихан комиссиясы тӛрағадан – мемлекеттiк еңбек инспекторынан және комиссия 

мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, 

мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), сондай-ақ 

Қағидалардың 22-тармағында аталған мамандардың ішінен тұлғалар кiредi. 

      26. Басшы және жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы 

тестiлеу жүргізеді. 

      Емтихан тестілерін ӛндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк 

талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi. 

      27. Емтихан комиссиясы тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн 

қабылдайды: 




      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден ӛттi; 

      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерi қайта тексерілуге тиіс. 

      28. Қызметкерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 

нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға тӛраға және емтихан комиссиясының 

мүшелерi қол қояды. 

      29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден ӛткен басшыға 

және жауапты қызметкерлерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл 

мерзімге жарамды сертификат берiледi. 

      30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден ӛтпеген басшы 

және жауапты қызметкерлер бiлiмдерiн қайта тексергенге дейiн ӛздерiнiң атқаратын 

лауазымдарында қалады. 

      Бiлiмдерiн қайта тексеру алғашқы бiлiмдерiн тексеру ӛткен күнiнен бастап үш айдан кейін 

ӛткiзiледi. 

      31. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қайта тексеруден ӛтпеген 

басшы және жауапты қызметкер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыстан 

шеттетiледi. 

      32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қосымша тексеруден 

басшы және жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда: 

      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жӛнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер 

қолданысқа енгiзiлген, оларға ӛзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде; 

      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер 

пайдалануға енгiзiлген кезде; 

      3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе 

ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа 

лауазымға тағайындалған кезде; 

      4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жӛнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы 

адам ӛлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған 

кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, ӛрт немесе улану кезiнде; 

      5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде ӛтедi. 

      33. Емтихан комиссиясының шешiмiне байланысты дауларды еңбек жӛнiндегi уәкiлеттi 

мемлекеттiк орган немесе сот қарайды. 

      34. Ұйымдарда басшы және жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден 

уақтылы ӛтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады. 

      35. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді 

ұйымдастыруды еңбек инспекциясы жӛніндегі жергілікті орган үйлестіреді. 

   4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама 

беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары 

      36. Нұсқамалар сипаты мен жүргiзiлу уақытына қарай былай бӛлiнедi: 

      1) кiрiспе; 

      2) жұмыс орнындағы алғашқы; 

      3) қайталама; 

      4) жоспардан тыс; 

      5) мақсатты. 

      37. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама қызметкерлердің 




бiлiмiне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс ӛтіліне қарамастан жүргізіледі. 

      Еңбек қауіпсіздігі мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе 

және алғашқы нұсқама уақытша қызметкерлерге, iссапарға келгендерге, ӛндiрiстiк оқуға 

немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi. 

      Сондай-ақ кiрiспе нұсқаманы ӛндірістік алаңдарға барған кезде келушілерге және 

ұйымның қауіпті ӛндірістік объектісі аумағында жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлік 

ұйымның қызметкерлеріне жүргiзедi. 

      38. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқаманы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 

жӛнiндегi қызмет немесе осы мiндеттер ұйымның бұйрығымен жүктелген адам жүргiзедi. 

      Кiрiспе нұсқаманы жүргізу туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

Кіріспе нұсқаманы тіркеу журналына нұсқама беруші мен нұсқама алушының қолдарын 

міндетті түрде қойғыза отырып, жазылады. 

      39. Кiрiспе нұсқаманы қауiпсiздiк нормаларының талаптарын, стандарттарды, еңбек 

қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жӛнiндегi қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ 

ӛндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, 

еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметі әзiрлеген және жұмыс берушi бекiткен 

бағдарлама бойынша жүргiзедi. 

      40. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманы қызметкерлердің ӛндiрiстiк қызметі 

басталғанға дейiн жауапты қызметкерлер жүргiзедi. 

      41. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманы қауiпсiздiк нормаларының талаптарын, еңбек 

қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жӛнiндегi қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ 

ӛндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, 

ұйымның ӛндiрiстiк және құрылымдық бӛлiмшелерiнiң басшылары әзiрлеген және бекiткен 

бағдарламалар бойынша жүргiзедi. 

      42. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика жүзiнде 

кӛрсете отырып, әрбiр қызметкерге жеке жүргiзiледi. 

      43. Қызметкерлер жұмысқа тағылымдамадан ӛткеннен кейiн, теориялық бiлiмi мен 

жұмыстың қауiпсiз дағдыларын меңгергендігі тексерiлгеннен кейiн жiберiледi. 

      44. Қайталама нұсқамадан қызметкерлер бiлiктiлiгi, бiлiмi, ӛтілі, орындайтын жұмысының 

сипатына қарамастан жартыжылдықта кемiнде бiр рет ӛтедi. 

      45. Қайталама нұсқама бiртиптi жабдыққа қызмет кӛрсететiн қызметкерлерге жеке немесе 

топта және жалпы жұмыс орны шегiнде жүргiзiледi. 

      46. Жоспардан тыс нұсқама: 

      1) қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе ӛңделген 

қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгiзiлген кезде; 

      2) технологиялық процесс ӛзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы 

шикiзат, материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған 

немесе жаңартылған кезде; 

      3) қызметкерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе ӛртке, улануға әкеп соққан 

немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде; 

      4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi. 

      47. Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе кәсібі бiр қызметкерлер тобына 

жүргiзiледi. 

      Нұсқаманың кӛлемi мен мазмұны оны жүргiзу қажеттiгiн тудырған себептер мен 




жағдайларға байланысты әрбiр нақты жағдайда айқындалады. 

      48. Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес 

бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден 

тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде авариялар, стихиялық апаттар мен 

катастрофалардың зардаптарын жою кезінде жүргiзiледi. 

      49. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды 

жауапты қызметкерлер (ұста, цех бастығы) жүргiзедi. 

      50. Жұмыс орнындағы нұсқамалар, кіріспе нұсқаманы қоспағанда, ауызша сұрау немесе 

оқытудың техникалық құралдарының кӛмегiмен білімдерін тексерумен, сондай-ақ жұмыстың 

қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдыларын тексерумен аяқталады. 

      Бiлiмдерін нұсқаманы жүргiзген жауапты қызметкер тексередi. 

      51. Қанағаттанғысыз бiлiм кӛрсеткен қызметкерлер ӛздiк жұмысқа жiберiлмейдi және 

нұсқаманы қайта ӛтеді. 

      52. Нұсқаманы жүргiзген қызметкер жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан 

тыс нұсқаманы жүргiзу және жұмыс iстеуге рұқсат беру туралы осы Қағидаларға 4-

қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

бойынша нұсқама беруді тiркеу журналына (бұдан әрі – Нұсқама беруді тіркеу журналы) 

нұсқама беруші мен нұсқама алушының қолдарын мiндеттi түрде қойғыза отырып, жазады. 

      Жоспардан тыс нұсқаманы тiркеу кезiнде оның жүргiзiлу себебi кӛрсетiледi. 

      Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқаманы тiркеу журналдарын 

нӛмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын 

қойғызып бередi. 

      53. Рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргiзетiн қызметкерлерге жүргiзiлетiн мақсатты 

нұсқама рұқсат беру нарядында немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа 

құжаттамада белгiленедi. 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 

 және еңбектi қорғау мәселелерi  

 бойынша оқыту, оларға нұсқама   

 беру және бiлiмдерiн тексеру    

 қағидалары мен мерзімдеріне    

 1-қосымша                

Нысан                   

_____________________________________________________________________ 

                      (ұйымның, кәсiпорынның атауы) 



   Қызметкерлердің кәсіптеріне сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және 

   еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерін тексеру жөнiндегi емтихан 

               комиссиясы отырысының хаттамасы 

              20___ жылғы «____» ____________ 

Мына құрамдағы комиссия: 

Тӛраға ______________________________________________________________ 

             лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

Комиссия мүшелерi ___________________________________________________ 

                  лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы «____»______________ №____ бұйрықтың негiзiнде 



емтихан қабылдап, мынаны анықтады:___________________________________ 

                           бiлiмiн тексеру түрi (мерзімді, қайталама) 

Тегi, аты, әкесiнiң 

аты (ол болған 

кезде) 

Ұйым 


атауы 

Лауазымы 

Бiлiмiн тексеру туралы 

белгi 


(ӛттi, ӛтпедi) 

Ескертпе 





 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Комиссия тӛрағасы _______________________________________ ___________ 

                 тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   қолы 

Комиссия мүшелерi _______________________________________ ___________ 

                 тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   қолы 

                  _______________________________________ ___________ 

                 тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   қолы 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 

 және еңбектi қорғау мәселелерi  

 бойынша оқыту, оларға нұсқама   

 беру және бiлiмдерiн тексеру    

 қағидалары мен мерзімдеріне    

 2-қосымша                

Нысан                   

      Мұқабасы 

   Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша білімдерді, 

   қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі 

                               КУӘЛIК 

                           Келесі парақтары 

Азамат:______________________________________________________________ 

Лауазымы: ___________________________________________________________ 

Жұмыс орны:__________________________________________________________ 

__________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берiлдi. 

Негiздеме: 20__ жылғы___________ №____ хаттама 

Емтихан комиссиясының тӛрағасы ______________________________ _______ 

                       тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы 

Комиссия мүшесi _____________________________________________ _______ 

                       тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы 

м.о. 


Емтихандарды қайта тапсырғаны туралы мәлiметтер 

Лауазымы: ___________________________________________________________ 

Жұмыс орны: _________________________________________________________ 

___________________________бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді. 




Негiздеме: 20__ жылғы_____________ №____ хаттама 

Емтихан комиссиясының тӛрағасы ______________________________ _______ 

                       тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы 

Комиссия мүшесi _____________________________________________ _______ 

                       тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы 

м.о. 


Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 

 және еңбектi қорғау мәселелерi  

 бойынша оқыту, оларға нұсқама   

 беру және бiлiмдерiн тексеру    

 қағидалары мен мерзімдеріне    

 3-қосымша                

Нысан                   

Оқу орталығының атауы 

Наименование учебного центра 

                        С Е Р Т И Ф И К А Т 

        «_______________________________________________________» 

                тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

«_________________________» 

курсы бойынша оқу бағдарламасын                   успешно закончил(а) 

ӛткендiгін куәландырады                   программу обучения по курсу 

                                          «_________________________» 

Комиссия тӛрағасы                             Оқу орталығының басшысы 

Председатель комиссии                    Руководитель учебного центра 

__________ __________                           __________ __________ 

(тегі, аты, әкесінің аты                      тегі, аты, әкесінің аты 

(ол болған кезде) қолы                         (ол болған кезде) қолы 

фамилия, имя, отчество                         фамилия, имя, отчество 

(при его наличии) подпись                   (при его наличии) подпись 

қала 

город _______________ 



20___ жыл _______________                         Тіркеу №___________ 

_______________ 20___ года                      Рег. № ______________ 

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 

 және еңбектi қорғау мәселелерi  

 бойынша оқыту, оларға нұсқама   

 беру және бiлiмдерiн тексеру    

 қағидалары мен мерзімдеріне    

 4-қосымша                

Нысан                   

 Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

бойынша нұсқама беруді тiркеу журналы 

      Мұқабасы 

      _______________________________________________ ұйым, кәсiпорын 



Басталуы: 20____жылғы ____________ 

Аяқталуы: 20____жылғы ____________ 

      Келесi беттер 

Күнi 


Нұсқама 

берiлетiн 

адамның 

тегі, аты, 

әкесінің 

аты (ол 


болған 

кезде) 


Туған 

жылы 


Нұсқама 

берiлетiн 

адамның 

кәсібі, 


лауазымы 

Нұсқама 


түрi 

(алғашқы, 

жұмыс 

орнындағы, 



қайталама, 

жоспардан 

тыс) 

Жоспардан 



тыс 

нұсқаманы 

жүргiзу 

себебi 


Нұсқама 

берушiнiң 

тегі, аты-

жӛні, 


лауазымы 

қолы 


Нұсқама 

берушiнің 

Нұсқама 

алушының 









 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi 

 және еңбектi қорғау мәселелерi  

 бойынша оқыту, оларға нұсқама   

 беру және бiлiмдерiн тексеру    

 қағидалары мен мерзімдеріне    

 5-қосымша                

Нысан                   

 Кіріспе нұсқаманы тіркеу 

ЖУРНАЛЫ 

_____________________________________________________________________ 

                      (ұйым, кәсiпорын, оқу орны) 

      Мұқабасы 

Басталуы: 20____жылғы ____________ 

Аяқталуы: 20____жылғы ____________ 

Мазмұны: 

Күнi 


Нұсқама 

берiлетiнадамның 

тегі, аты, әкесінің 

аты (ол болған 

кезде) 

Туған 


жылы 

Нұсқама 


берiлетiн 

адамның кәсібі, 

лауазымы 

Жұмыс 


орны 

Нұсқама 


берiлетiн 

адамның 


қолы  

Нұсқаманы жүргізді 

қолы 

Тегі, аты, 



әкесінің 

аты(ол 


болған 

кезде) 






 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 171,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау