Ќызметкерлер мен ењбек аќы бойынша есеп айырысудыњ есебі мен аудиті



жүктеу 1,08 Mb.
бет3/4
Дата24.12.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5673
1   2   3   4

Жеке еңбек шартықызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісіміне көзделген өзге де ақшалай төлемдері уақытында және толық көлемінде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтыртады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.

Жеке карточканы кадрлар бөлімінің қызметкері қызметкердің өзінен сұрап отырып, паспорт (жеке куәлігі), әскери билет, еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (куәліктер) және т.б. тиісті құжаттар негізінде 1 дана етіп жазады. Кәсіп және мамандық кодтары жұмысшылардың кәсіпкерінің қызметкерлердің қызмет орындарының және тиісті тарифтік разрядтардың (ОКП РТР) білімі бойынша алған мамандықтардың (ОКСО) классификаторлары арқылы анықталады. Қызметкер туралы деректердің (білімі тұрғылықты жердің ауысуы т.б.) бұдан былайғы өзгерістерді жеке карточкада жүйелі түрде көрініс тауып отырады. Жалпы мәліметтер деген бөлімін толтырғаннан кейін жұмысқа қабылдаушы адам карточкаға қол қойып күнін жазады.

Жұмысқа қабылдануы басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан босатылу туралы бұйрықтың негізінде кітапшасына енгізілетін әрбір жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып карточканың тиісті жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті. Ғылыми қызметкерлерге ғылыми қызметкердің есеп карточкасы (№ Е-4 үлгі) жазылады. Қызметкерді бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне ауыстырғанда «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы» бұйрық (№ Е-5 үлгі) жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс орындағы құрылымдық бөлімше бастығы бұрыштама соғады да кәсіпорынның басшысы қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілер соғады. Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша жауапкершілігінде тұрған тапсырылмаған мүліктік-сатериалдық және бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

КЗОТ- қа, күші бар заң актілері мен ережелеріне ұжымдық шарттар мен демалыстар кестелеріне сәйкес қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалысты құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№ Е-6 үлгі) қолданылады. Ол екі дана етіп толтырылады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалса, екінші бухгалтерияға жіберіледі. Құрылымдық бөлімше бастығы мен кәсіпорын басшысы осы бұйрықтарға қол қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі қызметкердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс үшін тиесілі жалақы бойынша есеп айырысады.

Қызметкерді жұмыстан шығарғанда «Еңбек шартының тоқтату туралы бұйрық» қолданылады(№ Е-8 үлгі). Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерлерге 2 дана етіп толтырылады. Бірінші данасы кадрлар бөлімінде қалады, екінші бухгалтерияға беріледі. Құрылымдық бөлімінде бастығы мен кәсіпорынның басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде бухгалтерия қызметкерлермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүрудің бақылау жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек төлем бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін «жұмыс уақыт есебінің табелінде (№ Е-14 үлгі) жұмыс істеп жүргендердің барлық категориясының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Мұны өкілетті алған адам 1 дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күшінің толық істелмегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырған құжаттар (жұмысқа жарамсызды парағы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді және т.б.) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.

Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексереді де , тек содан соң есетік өңдеуге жібереді.

Әрбір жұмысшыға 1 ай ішінде бірнеше құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі аты, әкесінің аты, табельдік номері, цех, учаске құжаттың толтырылған күні мен номері сағаттық норма әрбір құжатбойынша есептелген жалақы сомасы төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлеу тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есеп жүргізу ісі компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостары) сондай-ақ есеп айырысу – төлем тізімдемелері де әдетте 1 ғана жұмыс күнінде жасалады.

Жұмыс уақыты есебінің табельдері (№ Е-13, № Е-13а үлгі) деректері автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компьютермен техника құрамдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері цех, қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты, кәсібі, табельдік номері, т.б. Мұндай табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс беретіндей мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Деректерді қолмен өңдегенде жұмыс уақытының есебі және жалақы бойынша есеп айырысу табель (№ Е-12 үлгі) қолданылады, ол (№ Е-13 үлгі) және (№ Е-13а үлгі) табельдермен ұқсас.

Жұмысқа алу үшін кәсіпорынға жолданған жолдама «Жұмысқа жолдама туралы хабарлама» қағазбен (№ Е-63 үлгі) құжатталады.

Жұмысқа орналасу үшін өздері таңдап алған кәсіпорындардағы орталыққа (бюроға) өтініш айтқан азаматтарға (олардың келісімдерімен) беріледі. Өтініш айтқан кезде жұмыс істеп жүрген азаматтарға (қосымша жұмысқа жіберілгендерден, сондай-ақ кәсіпорынның таратылуына қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыстан босатылған қызметкерлерден) өзгелеріне хабарлама қағаз берілмейді.

Бригаданың өндірім туралы рапорттағы (№ Е-7 үлгі) өндірілетін өнімнің белгілі бір түрінде жазады, оның 1 данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған, өңделген детальдар рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнімнен алынған еңбек төлемін жұмыс істелген уақыт пен жұмысшылардың разрядтарына сәйкес бригада мүшелеріне бөледі.

Бригаданың өндірімі туралы рапортта (№ Е-17а үлгі) аяқталмаған өндірісітің операциялары бойынша артылған өнімдері тұрақты болмаған жағдайда қолданады. Рапортты бригаданың жеке өндірімін күн сайын есепке алып отыру үшін пайдаланады. Өндірім айдың басындағы және соңындағы операциялары бойынша артылған өнім қалдықтарын алып тастау арқылы бақыланады.

Сериялық өндірісте өнім және еңбек төлем есебін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкестендіріп, маршруттық парақта жүргізген жөн. Егер өндірімді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты детальдардың топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бірінен-біріне өтетін топ-топ детальдарға ілесіп отырады. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлеміне дұрыс есеп жүргізіп бақылау жасап отыруды қамтамасыз етеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректері бойынша рапорт жазылады.

Маршруттық парақты (№ Е-23 үлгі) өндірістегі детальдар қозғалысын жедел есептеп отырудың өндірім мен еңбек төлемі есебінің бірыңғай құжатты ретінде пайдаланады. Ол өндіріс процесінде детальдар тобына ілесіп отырады. Маршруттық парақты (№ Е-23а үлгі) жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін бір сменадағы өндірім рапортымен (№ Е-22 үлгі) сәйкестендіріп жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың бірыңғай құжаттары ретінде қолданады. Жеке және ұсақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек төлемі есебін кесімді жұмысқа жасалған нарядта (№ Е-41 үлгіде – жеке № е-41 үлгіде бригадалық есеп) жүргізеді. Орындалатын тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтарды сменаға немесе одан да ұзағырақ (1 айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің (цехтың) технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламалары негіз болады.

Өндірісте байқалған жарамсыз өнімді «жарамсыз өнім» туралы актімен (№ Е-46 үлгі) немесе бір аптаға ашылатын жарамсыз қнімнің есебінің тізімдемесін жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе онда мұндай жұмысқа әдеттегідей наряд жазылады да, оған «Жарамсыз өнімнің жөнделуі» деген таңба басылады. Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын (№ Е-48 үлгі) немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақты өндірім туралы негізгі нарядтық немесе рапорттық номеріне сілтеме жасай отырып қосымша төлемінің әрбір түріне жеке жұмысшыға немесе бригадаға жазады. Кәсіпорындағы төлену себептері бойынша қосымша төлемдердің номенклатурасы белгіленуге тиіс.

Қосымша төлемдер туралы мәліметтерді бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып қажетті шаралар қабылдау үшін цех басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті. Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген адамдардың тізімі негізінде жүргізеді. Мастер мен цех бастығының белгісі бар тізімді мерзімнен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.

Кідірістер уақытының есебін кідірістер есебінің парақтары (№ Е-16 үлгі) негізінде жүзеге асырады, оларда кідіріс уақытын, себептерге және кінәлі адамдарды төлем проценті мен жұмысшы туралы мәліметтерді (тегін атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік номерін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды. Қабылданып тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері еңбек төлемін есетеу жөніндегі есеп айырысу – төлеу тізімдемесін жасауға негіз болады.

Еңбек төлемі бойынша есеп айырысуды әртүрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттар жүргізеді. Есеп айырысу төлеу тізімдемесінде оны саны мен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады: есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлеу тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларына (бөлек парақтарда) жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде.

Есеп айырысу төлеу тізімдемесі – жиынтық құжат онда есептеген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілген басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Онда еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасалады. Тізімдемеде қызметкерлердің тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номері мен қызмет органдары, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне құжаттардан кесімді мерзімнен тыс және т.б. төлемдер бойынша есептелген сомалар енгізіледі. «Ұсталынады және есепке алынады» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалар; кескеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар еңбек төлемінің есебіне кіретін аванстар және басқа да ұсталымдар есепке алынғандар мен берілімдер жазылады. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеде әрбір жұмысшыға берілуге тиісті соманы есептеп тізімдемені баланстайды.

Қызметкерлер мен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 «Қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивті шот.

Еңбек ақыны есептегенде 681 шот кредиттелінетін мына шоттар:

- 126 шот «Аяқталмаған өндіріс» күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына

- 821 шот «Жалпы және әкімшілік шығыстар» жалпы жаруашылық және әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне (басшылықтағы адамдардан өзгелеріне) есептелген еңбек төлемінің сомаларына

- 811 шот «Тауарларды (жұмыстарды, қызметті) сату жөніндегі шығыстар» өнім өткізумен жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

- 902 шот «Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына

- 922 шот «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу» қосалқы өндірістің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына

- 932 шот «Қызметкерлердің еңбек ақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына дебиттеледі.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына және бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына сәйкес басшылықтағы адамдармен есеп айырысу ды есепке алу үшін 682 «Лауазымды тұлғаларға берешек» шоты енгізілген, бұл аталған шотта мына төмендегі қызметттегі адамдармен (төрағалар мен басқарма мүшелері басқарушы кеңестерінің және тексеру комиссияларының мүшелері, кәсіпорыннның директоры және т.б. ) есеп айырысу есебі есептеледі.

Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821 шоты дебеттеледі де 682 шоты кредиттеледі.

681 шоттың кредитінен шоттардың дебетіне көшірілген талдау есебін талап ететін сомалар тиісті баптарға, тапсырыстарға және басқа да есеп объектілеріне жазылуға тиіс. Бұл мақсаттар үшін «жалақыны бөлу» деп аталатын әзірлік кестені пайдаланады да. Оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсіреді.

Қызметкерлер мен демалыстардың төлемі бойынша есеп айырысуды есепке алу үшін шоттардың бас жоспарына 685 қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген қарыздар шоты енгізілген (демалыс күндері үшін резервтелген төлемдер).

Демалыстардың төлемдеріне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл

сайын берілетін сый ақыға (әлеуметтік және медициналық сақтандыруға) резерв жасау демалыстардың төлеміне және өндіріс шығындары ретінде өндірістегі жұмысшылар мен инженерлік – техникалық қыхзметкерлердің көп жылғы сіңірген еңбектері сый ақыларға және басқа шығындардың шоттарына дұрыс та біркелкі бөлік беріп отыруды қамтамасыз етеді. Демалыстардың төлеміне деп бөлінетін процент қызметкерлердің демалыстарының орташа ұзақтығына байланысты.

Демалыстардың төлеміне және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін берілетін сыйақыларға резерв жасағанда 685 «Қызметкерлердің демалыстары бойынша берешектерді есептеу» шоты кредиттелініп мына шоттар:


  • 126 шот «Аяқталмаған құрылыс» шаруашылық әдіспен жүзеге асырлатын құрылыста еңбек ететін қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына

  • 811 шот «тауарларды (жұмыстарды қызметтерді) сатуға байланысты жұмсалатын шығындар»

  • 821 шот «Жалпы және әкімшілік шығындар» өнім өткізумен шұғылданатын қызметкерлердің және жалпы шаруашылық қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген сомаға

  • 902 шот «Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы»

  • 922 шот «Қызметкерлердің еңбек ақысы»

  • Сондай-ақ жарамсыз өнімдерді жөндеумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек төлемінен есептелген резерв сомаларына дебеттеледі.

Демалыс уақыттары үшін және көп жылғы сіңірген еңбегі үшін еңбек төлемін есептегенде 685 шот дебеттеліп мына шоттар:

681 шот «Қызметкерлермен еңбек төлемі бойынша есеп айырысу» және 682 шот «басшылықтағы адамдарға төленетін берешек» (басшылықтағы жекелеген адамдар бойынша) демалыс уақыты үшін есептелген еңбек төлемі сомаларына кредиттеледі.

Қазіргі айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерге «Дербес шот» (№ Е-54 және № Е-54а үлгілер) толтырады. Дербес шот өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтерді көрсету үшін қолданылады.

(№ Е-54 үлгі) өндірімдер мен орындалған жұмыстардың жұмыс істелген уақыттың есебі жөніндегі бастапқы құжаттардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған. Құжаттардың негізінде есептелімдер мен ұсталымдар туралы жазбалар (№ Е-54 үлгіге) 2 жолға жазылады. Қажет болған жағдайларда әрбір бағанда қорытынды жол істеуге болады. Дербес шотының деректері негізінде есеп айырысу – төлеу тізімдемесі (№ Е-49 үлгі) жасалады.

Қызметкерлермен еңбек төлем бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығында әрбір уәсіпорын ай сайын бірнеше есеп айырысу төлеу тізімдемелері (цехтар, бөлімдер) және кәсіпорын көрсететін қызметтер бойынша жасалады оларды жинақтау қажет.


    1. Жұмыскерлерге есептеген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар

2001жылғы 12 маусымда (2005 ж. 1-қаңтардағы толықтырулар мен өзгерістерді қоса) Қ Р “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Салық Кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғадан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Заңды тұлғалар (ҚР Ұлттық Банктен басқа) және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Табыс салығын төлеушілер өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық төлеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ табыс салығын төлеушілерге резидент емес – заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер жатады.

Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау “Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) 2005ж. 12-маусымдағы №209-11 (2006ж. 1-қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың табыстарынан төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығын есептеу бойынша 2006 жылға арналған кесте


Салық салынатын табыстардың мөлшері

Салық ставкасы

15 еселенген жылдың есептік көрсеткішке дейін (185400 тг-ге дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 5% (9270 тг-ге дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (185400тг-ден 494400 тг. дейн

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 8%(9270+185400 тг-ден асатын сомадан 8%)

40 еселенген 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (494400 тг-ден 2472000тг дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 13% (33990тг+494400 тг-ден асатын сомадан




200 еселенгеннен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін (2742000тг-ден 7416000 тг дейін

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (291078+2427200 тг-ден асатын сомадан 15%

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000 және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы+ одан асқан сомадан 20%(1032678 тг+ 741600 тг-ден асатын сомадан 20%)


Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж .№3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.

Жұмыскердің негізгі емес жұмысынан тапқан табыс соммасынан айлық есептік көрсеткіш шегерілмейтіндігін және де салық барлық тапқан сомасынан есептелетіндігін ескеру қажет.

Жұмыскердің жылдық жиынтық табысының құрамына: еңбек ақы табысы және кәсіпкерлік қызметтен тапқан жеке тұлғаның мүліктік табысы кіреді. Бірақ та жиынтық табысқа Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетімен белгіленген тәуліктік нормамен шектелетін жұмыскердің іс сапарына төленетін төлем сомасы қосылмайды.

Жыл бойы жеке тұлға табысына салынатын табыс салығы бір қалыпты есептелу үшін арнайы коэффициент белгіленген. Бұл коэффициент 12 санының (жылдағы жалпы ай саны) ағымдағы айдың реттік номеріне қатынасынан анықталады: қаңтар айына – 12 (12/1); ақпанға – 6(12/2); наурызға -4 (12/3) т.с.с.

Егер де жұмыскер календарлық жылдың аяғына дейін қызметтен босатылса, нақты тапқан табысына (еңбек ақысына) салынатын табыс салығы қайта есептеледі, артық (немесе кем) алынған салық сомасы қайтарылады (немесе қосымша ұсталады).

Салық төлеуші есепті жылға жиынтық жылдық табыс және шегеріс жасау декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс етілген күннен бастап 10 күн өткен соң түпкілікті есеп айырысып табыс салығын төлейді.

Әлеуметтік салық- салық салу объектісі еңбек ақы төлеу қоры болып табылады. Салықты төлеушілер: заңды тұлғалар (шетелдіктер қатысқын заңды тұлғаларды шетелдің заңды тұлғалардың өкілет өкілдіктері мен филиалдарын қоса) Заңды тұлғалар ҚР-ның салық заңдарымен белгіленген тәртіп пен Астана, Алматы қалаларының тиісті бюджеттеріне немесе облыстардың бюджеттеріне өз филиалдары, өкілдіктері мен өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелер үлкен әлеуметтік салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Әлеуметтік салықты заңды тұлғалар ҚР-сы азаматтарының сондай –ақ ҚР-сында тұраұты тұратын шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек ақы төлеу қорының ставкасы бойынша төлейді. Әлеуметтік салықты қаржыландыру көздеріне тиісті салықтарды ұстауға дейін есептеледі.

Қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2006 жылға арналған кестесі


Қызметкердің салық салынатын табысы

ставкасы

15 еселенген ЖЕК* дейін (185400тг. дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 20% (37080тг)

15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген ЖЕК* дейін (185400тг.-ден 494400 тг. дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (37080тг.+185400тг.-ден асатын сомадан 15%)

40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг.-нен 2472000тг. дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 12% (83430тг.+494400тг.-ден асатын сомадан 12%)

200 еселенген ЖЕК-тен 600 еселенген ЖЕК* дейін (2472000тг.-ден 7416000тг. дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (320742тг. + 247200тг.-ден асатын сомадан 9%)

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000тг. және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (765702тг. + 7416000тг.-ден асатын сомадан 7%)


Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж. №3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.

Кесте № 4



Әкімшілік басқару, инженер-техник персоналының шетелдік мамандары үшін әлеуметтік салықты есептеп шығару жөніндегі 2006 жылға арналған кестесі

Қызметкердің салық салынатын табысы

ставкасы

40 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг. дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 11% (54384 тг)

40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген ЖЕК* дейін (494400тг.-ден 247200 тг. дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9% (54384тг.+494400тг.-ден асатын сомадан 9%)

200 еселенген ЖЕК-тен 600 еселенген ЖЕК* дейін (2472000тг.ден 7416000тг. дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7% (272414тг.+247200тг.-ден асатын сомадан 7%)

600 еселенгеннен ЖЕК*-тен және одан жоғары (7416000тг. және одан жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 5% (618494 тг. + 7416000 тг.-ден асатын сомадан 5%)


Ескерту: “2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы ” Қазақстан Республикасының 02.12.2005ж. №3-111 Заңымен 2006 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 1030 тг. мөлшерінде белгіленген. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК*)– 12360 тг.

Әлеуметтік салық төлеу жалақының төлеуіне қарамастан, бірақ келесі айдың 15 кешіктірілмей айдың 2-ші жартысы үшін жалақы төлеуге белгіленген мерзімде ай сайын жүргізіледі. Әлеуметтік салық бойынша декларация тоқсаннан кейінгі айдың 15 күннен кешіктірмей тапсырылады. Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөніндегі есепті кезең күнтізбелік ай болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың ережесі ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ҚР-ның заңына сәйкес және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленген және төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың тәртібі белгілейді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарында жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнет ақы жарналарын төлеуші ретінде тіркеуге жатады.

Заңды тұлғалар қызметкерлердің оларға еңбек ақы түрінде төлеуге жататын кірістерін ҚР-да зейнет ақымен қамсыздандыру туралы ҚР-ң заңында белгіленген мөлшерде ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға және оларды табыстарды төлеумен бір мезгілде жинақтаушы зейнет ақы қорына аударуға міндетті. Төлеушілер жинақтаушы зейнет ақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай ставкалар бойынша ұстап қалады. Заңды тұлғалар әр қызметкерлердің зейнет ақы жарналарын есептеу үлгісін қабылданатын кіріспен 10% мөлшерінде. Сондай-ақ заңды тұлға құрамастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өздері үшін зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістен 10% мөлшерінде бірақ заң актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшердің 10% кем емес. Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару зейнет ақы төлеу жөніндегі мемлекетік орталықтың ҚР-сы Ұлттық банкінің бас Алматы филиалында ашылған № 413609816, МФО 190501109, тағайындау қоры 010 банктік шоты арқылы жүргізіледі. Жеке тұлғалардың міндетті зейнет ақы жарналарының сомасы орталықтың шотына түскен күннен бастап, 3 банктік күннің ішінде солардың міндетті зейнетақы жарналарын пайдасына аударылатын жеке тұлғалардың тізімімен қоса форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады.

Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу құраладрының бірі. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан жеке тұлғалардан ғанан табыс салығы ұсталады. Салық жұмыс орны бойынша бекітілген прогрессивтік төлем мөлшері бойынша ұсталады.

Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар сот шешімдеріне, нотариалдық органдардың жазбаларына сондай-ақ дауыс түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдар қабылданған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де оның ішінде сыйлықтардан, зейнет ақылардан жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша берілетінжәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқау құжаттары арнайы тізімге тіркелуі тиіс.

Тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдерге – сауда ұйымдарынан несиеге тауар алуларына байланысты қызметкерлерге берілетін тапсырма – міндеттемелер негізінде еңбек төлемінен алынатын шегерімдер айдың 2 жартысы үшін еңбек төлемі төленгеннен кейін 3 күннен әрі асырмай айына 1 рет жасалады. Жеке өзін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарының шегерімдері өзін және мүліктерін ерікті түрде сақтандыру туралы шарттар бойынша банк мекемелеріндегі сақтандыру жарналарын аудару жөніндегі жазбаша тапсырмасы бойынша жасалады.

Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ жарналарын ұстап қалу айға есептелген жалақының барлық сомасынан 1% мөлшерінде жүргізіледі.

Қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне көшіріледі. Айдың бірінші жартысы үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін төлеу тізімдемесі бойынша беріледі. Төлеу тізімдемесінің бастапқы бетінде қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес кассадан ақша беруге рұқсат ететін басшы мен бас бухгалтердің қолы болуы керек. Төлеу тізімдемесі мен берілмеген жалақы тізімінің деректерін тексергеннен кейін шығыс ету кассалық ордеріне жазылады. Ол сонда көрсетілген соманы шығынға жатқызып есептеп шығару үшін кассаға беріледі.

Жеке тұғалардан табыс салығының ұсталынуы 681 және 682 шоттардың дебеті 639 «басқа салықтар, міндетті бюджет төлемдері мен салымдары» шотының кредит бойынша көрініс табады. Еңбек ақы түріндегі табыстарға жалақының, сыйақының қосымша ақының, үлес ақының және жолдану (мердігерлік, өзара шарт келісімі) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез-келген түрлері жатады.




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау