Ќызметкерлер мен ењбек аќы бойынша есеп айырысудыњ есебі мен аудиті


Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті



жүктеу 1,08 Mb.
бет4/4
Дата24.12.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5673
1   2   3   4

3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті

3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары



Аудиторлық тексеру істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтауға ғана болмайды. Дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық басты міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.

Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы туралы болжам жасай алмайды. Осы проблеманы шешу уақытында жүргізілетін аудиторлық тексерудің маңызы зор. Аудиторлық тексерулер кезінде тексерушілер ақшалай қаражаттардың жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша шығындары болып орындалған жұмыс көлемдерінің бір субъектден екіншісіне қарай қозғалыс жолдарын аса тыңғылықты тексереді, тараптар арасындағы өзара есептесу жағдайларын анықтайды, қалыптасып қалған дебиторлық және несиелік қарыздардың сомаларының ақиқаттығын тексереді. Бүгінгі күні шаруашылық жүргізудің кеңінен тараған ұйымдық құқықтық нысаны, өз құрамында көптеген еншілес фирмаларға ие болған акционерлік компаниялар өздерінің қаржылық шаруашылық қызметтеріне тексеріс жүргізу сол кәсіпорындардың жұмысында орын алатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау үшін, бас компаниялардың жетекшілері аудиторлық фирмаларға сұраныс жасап, олардың қызметтеріне жүгінеді. Сондай-ақ акционерлік компаниялардың ұызметіне зерттеу және талдау жүргізу, қаражаттық есептердің ақиқатығын растау, олардың қызметттеріндегі кемшіліктер мен осал жерлерін анықтау үшін, сонымен қатар кейбір жағдайларда компания жетекшілері бұрынды соңды білмеген сол субъектінің жеке қызметкерлерінің бір-бірімен сыбайласа отырып, саналы түрде қызмет орнын өз пайдасы үшін пайдалану және сол себепті әдейі кемшіліктерге жол берулерін анықтау мақсатымен компанияның басты ұйымның өзінде тексеріс жүргізу қажеттігі орын алған жағдайларда да аудиторлық фирмалардың қажетіне жүгінеді. «Акцоинерлік қоғамдар туралы» жаңа заңда акционерлік қоғамның қаржылық жылының нәтижелеріне міндетті түрде аудиторлық тексеру жүргізу және акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есебіндегі мәліметтердің дұрыстығын аудиторлық тұрғыдан растау ісі қарастырылған. Аудиторлық тексеріс материалдарды кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу нәтижелері және оның болашағы туралы аудиторлар тарапынан берілетін ұсыныстар кәсіпорынның бизнес жоспарын немесе жалпы коммерциялық жобаларды жасау кезінде нәтижелі түрде пайдаланылуы мүмкін. Бизнес жоспарлар коммерциялық жобаларды дайындау кезінде де, сонымен қатар кәсіпорынның ағымдағы процесі кезінде де үлкен маңызға ие болады. Аудитор өз жұмысын жүргізер кезде аудиторлық қортындыдағы ережелер қалыптасуына қажетті, аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санына ие болуы керек. Аудиторлық қортындылар қаржылық есептерге деген сенімді арттырады да сенімділік дәрежесін жоғары деңгейге көтереді.

Шаруашылық субъектісінің еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу аудиторлық тексеру бағдарламасы

Аудит процедурасы

Аудит көздері

  1. Қолданыстағы заңдылықтардың сақталуын және еңбекпен еңбек ақы төлеудің есебін жүргізу тәртібін тексеру

2. Алғашқы құжаттардың шындығын олардың еңбек ақы төлеу және есептеу бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру

  1. Кесімді үстемелер, тарифтік ставкалар және төлемдер бойынша еңбек ақы есептеу дұрыстығы



  1. Субъектілердегі қолданылатын жүйелер бойынша кесімді және мерзімді жұмысшыларға сыйақы есептеу негізділігін және дұрыстығын тексеру

5. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдем ақылар мен түрлі қосымша төлемдерді есептеудің дұрыстығын тексеру
6. Жалақыдан өнделетін ұсталымдардың дұрыстығын тексеру

7. Депоненттелген еңбек ақыны тексеру

8. Еңбек ақы бойынша шоттар корреспонденциясының жасалу дұрыстығын тексеру

9. Еңбек ақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есептің сәйкестігін тексеру

10. Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшы қызметкерлермен еңбек ақы бойыншаа есеп айырысу есебінің көрсетілген байқалған ауытқуларды жою бойынша ұсынымдарды өңдеу


Қазақстан Республикасының «Еңбек ақы» заңы және басқа да күші бар нормативті құқылық актілер

Жұмыс уақытының есебінің табелі, бүкіл күндік және ішкі тоқтап қалулардың есепті парақтары еңбек пен атқарылған қызметтер есебінің парағы кесімді жұмыстарға нарядтарғ, жүк автокөліктерінің жолдық парағы және басқа да төлемдердің және ұсталымдар ведомосты және т.б.

Жұмыс уақыты есебінің табелі, жеке шоттар есептеу төлем ведомості жүк автокөліктері пайдалану есебінің жинақтау ведомості кесімді жұмыстардың нарядтары, жұмыс және шығын есебінің журналы және т.б.
Жетекші бұйрығы келісім шарттар контрактілер құрылтайшылардың меншік иелері директорлар кеңесінің сый ақы жүйесі туралы

және т.б.

Жұмыс уақытының табелі, жұмыстың тоқтап қалуы туралы парақ, өндірістегі ақаулар туралы акті, ұжымдық келісім шарттар, еңбек ақы туралы ережелер

Атқарушы парақтар нормативтік құжаттар


Депоненеттелген еңбек ақы ведомосы
Журнал ордер №10 Бас кітап және т.б.
Алғашқы құжаттар есептеу-төлеу ведомосі, журнал-ордер №10 Бас кітап, баланс

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит аудит стандарттарын қолдануды, білумен қатар аудитор өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек, себебі ол стандарттарды білмейінше аудитор кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептерінің құқықтық актілеріне қандай дәрежеде сәйкес келетінін анықтай алмайды. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға, құбылымтарға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді себептерін анықтайды жүзеге асырылған операциялардың себептері мен салдарын табады.

Еңбек төлемі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысудың негізгі есебі болып еңбек төлемі бойынша бухгалтерлік есеп айырысу жүргізу дұрыстығын және одан шегерімдер еңбек төлемін есептеудегі нормативтік құқықтық актілерді қадағалауды тексеру болып табылады.

Бақылау процесінде қолданылатын ақпарат көздері болып мына шоттар бойынша аналитикалық және синтетикалық деректер болып табылдады.

681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» 561 «Бөлінбеген табыс» еңбек төлемін есептеуде және өндірудегі есеп бойынша бастапқы құжаттар (өткен уақыт есеп табелі, нарядтар және т.б.) уақытша жарамсыз туралы қағаздар, демалыс ақшаларға есеп айырсу және бұл операцияларды бағыттайтын басқа да нормативтік құжаттар. Еңбекті төлеу бойынша жұмыскерлермен қызметкерлермен есеп айырысуды тексеруді бастау үшін бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы 681 шот бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерімен қатыстылығын көрсетумен басталады. Бұл үшін есептік төлеу ведомостағы қортынды салалармен кәсіпорын балансындағы және Бас кітаптағы бірінші санындағы 681 шот бойынша сальдоны салыстыру қажет. Басқа да кері жағдайлар шыққанда олардың себептерін анықтау қажет. Қолданылған бағаларды белгілеу нормасының дұрыстығы келісім-шарттағы жұмыс көрсеткіштердің салалары мен санының орындалуы келісім шарттардың немесе тарифтік ставкалардың қолданудың дұрыстығы тексеріліп еңбек жалақының мерзімді түрі есептеледі.

Барлық реквизиттердің толтыру дұрыстығын жұмысты орындаудың жауапкершілік есебі қызметкерлердің жалақысының қолма-қол қоюын және еңбек есебінің алғашқы құжаттарын тексерген кезде түзетумен құжаттарды тағы басқа түзетулер қолданыла ма?



Тексерілетін кәсіпорын

Аудит кезеңі

Адам (сағат сандары)

Аудит тобының басшысы

Атқарушы

Аудиторлық тәуекелділікті жоспарлау

Тексерілген сұрақтар мен процедуралар тізімі:

1. Істелген жұмыс табелі және жұмысшылардың кешіктірілген еңбек ақының штаттық кестесі. Кешіктірілетін еңбек ақының дұрыс есептелуі

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

2. Еңбек шарттарының нормативті ауытқуына байланысты қосымша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру (демалыс және мейрам күндері, түнгі уақыттағы істегені үшін, мерзімінен тыс уақыттағы істегені үшін

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

3. Кесімді еңбек ақы алушылардың еңбек ақысына нарядтардың нақты және дұрыс толтырылуы. Кесімді баға және тарифтік ставканың дұрыс қолдануды тексеру.

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

4. Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру (табыс сомасы, зейнет ақы қорына, орындаушы қағаз бойынша тауарларды несиеге сатылғанда және т.б.)

Прцедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

5. Өнімнің (жұмыс қызмет) өзіндік құнына бөлек төлемдердің апарудың дұрыстығын тексеру

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

6. Жұмысшының қосымша төлемдерін жиынтық табысқа қосудың дұрыстығын тексеру (іс сапар шығындарының нормадан тыс артығы, материалдық көмек және т.б.)

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

7. 681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін және 681 шот бойынша жазулардың Бас кітаптағы және бухгалтерлік есептеме формаларындағы жазулардың сәйкестігін дұрыстығын тексеру

Процедура: құжаттарды тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

8. Депоненттелген есеп айырысулар бойынша есебінің және депоненттелген сомалардың құжатталуының дұрыстығын тексеру

Процедура: құжатты тексеру, сұрыптау, жаппай тәртіп бойынша

Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиттің құжаттары мен аудит жүргізу көздері. Аудит жұмыскерлерді қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтаудағы Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заң талаптарын тексеруге ғана теріліп қалмауы керек. Жұмыскерлерді тұрақты уақытша және тізімді жұмысқа қабылдау кезінде жетекшінің бұйрықтарын рәсімдеу дұрыстығын тексеру қажет. Жұмыс шарттарына көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар кәсіпорын жетекішісінің қосымша және әрекет етуші заңдылығымен бекітілген, жұмыскерлерге ұсынылған әлеуметтік кепілдеріне:

- Жұмыскерлердің бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырған кезде;

- Әртүрлі жағдайларда жұмыстан босату кезінде

- Демалыстар берген кезде

- Еңбек ақысын сақтамай жұмыскерлерді мәжбүрлі демалысқа шығару кезінде (мұндай жағдайларда еңбек туралы заңдылық қалай сақталады)

- Келісім шарт бойынша жұмыскерлерді жұмысқа рәсімдеген кезде. Мұндай жағдайда келісім-шарттың барлық ережелерін детальді тексеру керек, олар еңбектік және азаматтық заңдылықтың әрекет етуші ережелері қарама-қайшы келмей ме?

- Жұмыскерлердің жұмысқа келісімммен толық емес жұмыс күні (толық емес жұмыс аптасы) бойынша қабылдау кезінде

- Кәсіпорын жетекшілері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін бұйрықтардың типтік формалары.

Соңғы кездері көптеген кәсіпорындар қатарлы келісім шарттар анықталған жұмыстармен анықталғаншарттарды орындауға еңбек келісімдері сияқты жұмыскерлермен еңбек қатынастары рәсімдеу формасын қолданады. Мұндай жұмыскерлер кәсіпорынның штаты жұмыскерлері болып саналмайды және олардың еңбек қатынастарыҚазақстан Республикасының еңбек туралы заңымен реттелмейді. Бұл туралы әрбір аудитор жақсы білуі керек. Осы сұрақтарды тексере отырып аудитор тексеру кезінде осындай еңбек келісімдерін қортындыларының заңдылығы мен мәжділігін талдау керек, нақты орындалған жұмыс көлеміне және еңбек қоры мен саны бойынша есеп көрсеткіштерінде көрсетілуін тексеру. Ақпарат көздері: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар ментәртіптер, азаматтық құқықтық штаттағы келісім шарттар (қайтарымды және қайтарымсыз келісім шарттар, қатарлы келісім шарт басқа еңбек келісім шарттарының формалары) еңбек ақының төлеуді есептеумен еңбек уақытын пайдалану есебінің табельдері (№ Т-49 немесе Т-51 , №Т-53 ) жұмыскерлердің жеке карточкалары (№ Т-2 форма) және басқа да құжаттар. Мінекей осы заңдылықтарды аудитор қатаң тәртіпке алып тенксеру жүргізсе, еңбек ақы шығындарының өнімнің өзіндік құнына тікелей жататын болғандықтан бұл заңдылықтарды қатаң тәртіпке алу қажет.

Жасалып жатқа шаруашылық операцияларды және есеп қисаптың есеп саясатының қағидаларына сәйкес болуына жасалатын бастапқы ішкі бақылау « бас бухгалтерге жүктеледі.

Алғашқы құжаттар мен ведомостер тексерілгеннен кейін аудитор тексеру жүргізу қызметінің келісе кезеңдерін іске асыруға болады:

- еңбек ақы есептелу дұрыстығын іріктеме тексеру;

- Жұмыс шартының өзгеруіне байланысты қосымша еңбек ақы төлеу тәртібін тексеру;

- Жұмыстың тоқтап тұруына байланысты еңбек ақы есептеу дұрыстығы мен құжаттау тәртібінің сақталуын қадағалау;

- Жұмыстағы ақауды анықтау және құжаттау тәртібінің сақталуын сәйкесәнше есептелген еңбек ақымен дұрыстығын бақылау;

- Түнгі жұмыс үшін төленетін еңбек ақы тәртібінің сақталуын тексеру;

- Уақыттан тыс қосымша істелінген жұмыс үшін еңбек ақы көлемінің дұрыс есептелуін қадағалау;

- Мейрам және демалыс күндері істелінген жұмысқа еңбек ақының тура есептелуін бақылау; Заңмен белгіленген жұмыс істемеген (кезекті еңбек демалысы және оған есептелген төлем) уақыттың дұрыс есептелуін және сол уақытқа төленетін

төлемінің туралығын тексеру;


  • Уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін төленетін қосымша ақы немесе жәрдем ақы есептеу және төлеу тәртібінің сақталуын, керекті құжаттардың тура толтырылуын тексеру;

  • Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталым мен аударылатын аударым сомаларының заңмен негізделіп, дұрыс есептеліп, ұсталынатынына тексеру жүргізу;

  • тексерудің соңғы кезінің де :

  • еңбек ақы қорына апарылған шығындардың дұрыс негізделуін;

  • Өнімнің (немесе жұмыс қызметінің ) өзіндік құнының еңбек ақы төлемдерінің дұрыс қосылуы;

  • Еңбек ақы бойынша бухгалтерлік жазцдың немесе корреспонденцияның дәл құрылуын ;

  • Синтетикалық және аналитикалық есепке алу тәртібінің, жинақтаушы есеп немесе еңбек ақы қоры бойынша бухгалтериялық есеп беру нысандарының толтыру дұрыстығын, дәлдігін 681 шот бойынша аналитикалық есепке алу жазулары мен 68 бас шоттың атқарушы құжаттардың негізіндегі есептеулер және депоненттелген еңбек ақы сомаларының сәйкестігін №8 және №10 журнал ордердегі, бас кітап және бухгалтерлік баланстағы нәтижелік көрсеткіштердің жазуын тексеру

3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті

Дұрыс есептеудің салықтарды толығымен және уақытында төлеудің мәселелерін тексеріс жүргізе отырып осы саладағы ережелерді бұзу фактілері анықтай отырып аудиторлар салық төлеушілерден салық заңдарының талаптарын және салық салу мәселесі жөніндегі өз күшіндегі нұсқалардың талаптарын бұзу салдарларын уақытында түзетуге көмектеседі сол арқыл кәсіпорындар салық органдары тарапынан болатын қатаң қаражатын жазадан құтқарып қалады.

Көп жағдайда салық салу саласына қатысты ереже бұзушылықтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлерінің және басқа да қызметкерлерінің салық заңдарының өз күшіндегі ережелерін білмеуінен немесе сол ережеледрді дұрыс түсінбеуінен болады. Алайда, заңды білмеу сол заңды бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті жиі-жиі аудиторларға сұраныс жасау және оның тарапынан салық салу мәселелері дәрістерін алу кәсіпорынға тек қана пайда әкеледі.

Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың алғашқы құжаттар тексергенде дайындалған жұмыс есебі үшін тиісті жерлерде жауапты адамның қолдары бар болуы, толтыру барысында құжаттарда түзетулер, өшіріп қайта жазулардың бар жоқтығын анықтау керек. Сонымен қатар алғашқы құжаттарды төлеу ведомостарын тексеру барысында анықтайды.

Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиттің тағы бір міндетті жалақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады. Орындау беттері бойынша тек қана қолдағы бар беттер немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталады. Жұмыскерлердің қндірген зияны үшін кәсіпорынның төрағасының шешімі бойынша да ұстайды. Аудитор тексеру қорытындысында анықтауға тиісті:

1. Белгіленген мерзімде алынбаған жалақы сомалары дер кезінде

депонентте жатқызылатындығы;

2. Депоненттегі сома төленгенннен және талап етілмеген депоненттік борыш табыс құрамының аударылғандағын;

3. Жұмысты қосып атқару бойынша дұрыс төленгендігі;

4. Еүшіндегі заң актілерінде қаралған жұмыс істемеген уақыттарына төлем, жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдем ақылардың дұрыс есептелгендігі;

5. Шығындардың еңбек ақы төлеу бойынша қорына дұрыс жатқызылмағандығы;

6. Кейбір төлемдердің өнімнің (жұмыс қызметі) өзіндік құнға жатқызылғандығы;

7. Аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізудің жиынтық мәліметтерінің және қаржылық қорынытынды есеп формаларын толтырудың дұрыстығы;

8. Еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының жұрыс жазылғандығы.

Аудитор еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексере отырып әлеуметтік сақтаныдру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысуды тексеруге міндетті. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету бойынша есеп айырысудың негізгі міндеті төлем сомаларының дұрыс есептелгеніне тиісті сомадағы жарналарды дер кезінде аударылғандығын және бұл операциялардың есепте дұрыс көрсетіліп қорытынды есептеу дұрыс жасалғанын анықтау.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты аудитор төмендегілерді тексеру керек.



  1. Сақтандыру полисі жарналарын есептеу үшін еңбек ақы төлеу қорын дұрыс анықтау

  2. Сақтандыру жарналарының тарифінің дұрыс қолданғанын

  3. Жарналардың дер кезінде және толық аударылуын

  4. Әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жәрдем ақылардың зейнетақылардың және тағы басқаларыдң негізділігін және дұрыстығын

  5. Жарналарды есептеу және оларды аудару операцияларының бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі

  6. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша аналитикалық және синтетикалық жазулардың № 10 журнал-ордер және Бас кітаптағы сәйкестігін

Сақтандыру жарналарының түрлері бойынша қорытынды есеп формаларының дер кезінде дәлелді және дұрыс жасалғандығын және оларды сәйкес қорларға дер кезінде тапсыру.

Сонымен қатар аудитор жұмыскерлердің кезекті демалыстары бойынша есептелген борыштар 685 және 686 шоттар бойынша қалдықтарын және шығындар қозғалысын тексеру қажет. Бұл шоттар өндіріс немесе айналым шығындарды және төлемдерді теңдей біркелкі етіп өндіру мсақсатында бектілген тәртіптерді резерв жасалған сомалар қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтаушы анықталған.

Бұл шоттарда мынадай сомалар көрсетілуі мүмкін:


  1. Жұмыскерлердің алдағы демалыс ақысын төлеу (әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету) білімді қоса

  2. Жыл сайынғы сіңірген еңбек жылдарына еңбек ақы төлеу

  3. Өнеркәсіп саласындағы маусымдық дайындық жұмыстары бойынша өндірістік шығындар

  4. Құралдарда және жалдағы заттарды жөндеу

Айқын ақпарат берілген мәліметтердегі үйлессіздікті тексеру, анықтау үшін аудит өте қажет. Сол арқылы ол қабылданатын шешеімдердің сапасын арттырады, нарықтық операциялардың тиімділігін күшейтеді және активтер мен жаза пайданы дұрыс бөлуге көмегін тигізеді. Нәтижесінде аудиторлық тексеру сенімді кепілдік функциясын атқарушы құрал ретінде қаралады.

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексергенде аудит іскерлік қызметтің бір түрі ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс істеу ережесіне қатысты фактілер немесе, сондай-ақ ережелер мен жұмыстар туралы ақпараттар және тексерумен шұғылданады, оны өкілетті тұлға жүзеге асырады, әрі белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыстың ереженің немесе ақпараттың сапалық жағы туралы тұжырым береді. Осы ереженің төңірегінде аудиторлық қызметтің мынадай мәселелерін айтуға болады.



  1. Күшіндегі заң актілерінің еңбектің және жалақы төлеудің есебін жүргізудің тәртіптерінің сақталуын тексереді.

  2. Бастапқы құжаттардың (түп нұсқасын) олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеру

  3. Істегеніне қарай кесімді және мерзімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбек ақы есептеудің дұрыстығын тексеру

  4. Кәсіпорынның қолданыстағы сый ақы есептеу жүйесі бойынша кесімді және мерзіміне қарай сый ақы есептеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

  5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша көмек ақы және әртүрлі қосымша ақы төлеудің дұрыстығын тексеру

  6. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру

  7. Депоненттелген жалақыларды тексеру

  8. Еңбек ақы төлеу бойынша аналитикалық және синтетикалық есептердің сәйкестігін тексеру

  9. Еңбек ақы төлеу бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын тексеру

  10. Шаруашылық субъектісінің жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебін жүргізгенде анықталған ауытқушыларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау керек.

681 шот бойынша аналитикалық есеп шаруашылық субъектісінің әрбір жұмыскерлері бойынша жүргізіледі.

Практикада осы шот бойынша аналитикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Мұны осы шот бойынша қалдықтарды есептеу төлеу ведомосындағы қалдық сомаларының салыстыру жолымен анықтауға болады. 681 шот бойынша мәліметтердің аналитикалық есепке сәйкессіздік болған жағдайлары кездессе аудитор оның себептерін анықтап, анықталған ауытқылықтарды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беругек міндетті. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиттеу кезінде ішкі бақылаудың жағдайларын және бухгалтерлік есеп жүйелерінде және ішкі бақылаудың нәтижесінде қортынды жасауға болады. Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есеп деңгейлерінің төмендегі барлық еңбек ақы операциялары бойынша құажттары және есеп көрсеткіштері мен Бас кітаптағы жұмысшылармен еңбек ақы айырысу бойынша есеп айырысу шоты бойынша мәліметтердің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда аудитор бастапқы құжаттардың нақтылығын, олардың дұрыс толтырылғандығын жалақы есептеу және төлеу немесе басқа да төлеудің түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеуі қажет. Аудитор бұл іс-әрекеттерді жүргізгенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапкершіліктегі лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын барлық реквизиттердің дұрыс толтырылғандығын құжаттарды келтірілген түзетулердің және тазартулардың жоқтығын анықтайды.

Еңбек ақы бойынша жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуды тексергенде аудитор төмендегілерді анықтауға міндетті:


  1. Осы кәсіпорындағы еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйелері қолданылады.

  2. Жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу және ұжымдық еңбек шарттары туралы ішкі ережелердің бар екендігі

  3. Жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскерлердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы

  4. Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу есептерін кім жүргізгені туралы

  5. Осы учаскенің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алып пайдаланады, ол кімге бағынады.

Сонымен қатар жұмыстың сапасын кім тексергенін.

Бастапқы құжаттарды зерттеп тексерген кезде аудитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарын оларға «жалған» тұлғалардың есепке еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Бұрын төленген бастапқы құжаттары бірнеше есептеу төлеу ведомостарында қайталанбаған жағдайлардың жоқтығын тексеру қажет. Әсіресе, кәсіпорынның құрамының бір тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға сондай-ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада орындалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға назар аудару керек. Онда жұмыскерлердің анықтама мәліметтер есептелген және ұсталған ұсталымдары туралы барлық мәліметтері жианқталып көрсетіледі.

Аудитордың маңызды іс-әрекеттерінің бірі еңбек ақының дұрыс есептелуі ішінара тексеру болып табылады. Атап айтсақ, кесімді тарифтік қойылымы және жалақы мөлшері бойынша төлеудің дұрыстығын мерзіміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде кәсіпорындағы жұмыскерлерінің штаттық кестелерде қаралған.

Жалақы мөлшерінің штаттық тәртіптердің сақталуы еңбек келісімі бойынша еңбек ақы төлеудің негізділігін тарифтік қойылымдардың дұрыс қолданғанын тексеру қажет. Кесімді еңбек ақы төлеу нәтижесінде қолданылған нормалардың және жұмыс санының және сапасының орындалу көрсеткіштердің, еңбек ақы есептеу мен жұмыс көлемінің қаншалықты нақтылығын өндірілген өнімнің санына еңбек ақының кәсіпорынның қоймаларына өткізілген оның санына сәйкестігін, кәсіпорында қолданылып жүрген сый ақы жүйесі бойынша кесімді және мерзімді жұмыскерлерге есептелген сый ақылардың дұрыстығын және негізділігін тексеру.

Аудитор сый ақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаттың бар екендігіне көз жеткізу керек.

Жұмыскерлердің қалыпты жағдайларда ауытқуына байланысты түнгі уақыттағы жұмысшылар үшін мерзімінен тыс жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсінен емесе, сондай-ақ тұрып қалуын төлеу үшін ауыр және зиянды жұмыс істеген үшін демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін және басқа да есептелген қосымша ақылардың дұрыстығына аудитор назар аударуы керек. Егер еңбек ақы бойынша бастапқы құжаттарды тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берсе, аудитор құжаттарды тереңдетіп тексеру туралы шешім қабылдауға міндетті. Өйткені, еңбек ақының дұрыс есептелуі өнімнің өзіндік және қаржылық нәтижелердің дұрыстығына әсер етеді. Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде бұрын құжаттарда қаралмаған қосымша технологиялық операциялар жағдайларында осы мақсат үшін жұмысқа наряд жазылуға міндетті екендігіне көңіл аудару қажет.

Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс істеген уақыттарға қосымша есептелген еңбек ақының дұрыстығын тексеру керек. Жұмыс кестесінен тыс уақыттағы жұмысқа алдыңғы екі сағатына 1,5 есе төленуі керек. Аудитор жұмысшыға қатысы жоқ тоқтап тұруды шығарылған өнімдердің ақауын олардың төлеушілердің құжаттарын дұрыс толтырылуына ерекше назар аударуға міндетті.

Тексерудің ақпараттық көзі болып 681 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» 561, 562 «Бөлінбеген табыс» шоттарының аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштері, еңбек ақы есептеу және төлеу кезіндегі алғашқы құжаттар, еңбекке жарамсыздық, кезекті демалыс ақысы, осы операцияларды жүйелеуші құжаттар табылады.

Аудитор тексеру кезінде міндетті түрде:


  1. Жеке іс қағазын жауып, ондағы жазылған еңбек жалақысын, қосымша төлемге рұқсат, жұмысқа алу туралы тіркеудің растығын, басшының бұйрығымен, отырыс хаттамасымен расталған еңбек ақы төлемінің дұрыстығын; жеке іс қағазында көрсетілген еңбек ақыжан ұсталатын және есептелген жалақыны турасындағы ақпараттармен бухгалтер пайдалануына;

  2. Бухгалтерлік баланс пен Бас кітаптағы жазулар 681 шоттың аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің сәйкестігін анықтау;

  3. Алғашқы құжаттардың анықтылығын зерттеу. Олардың дұрыс толтырылғандығын, жауапты адамдардың қолдарының қойылуын барлық құжаттардың реквизиттерінің дұрыс толтырылуын және құжаттарда өшірулер мен түзетулердің жоқтығын анықтау

  4. Еңбек ақы есептеу ведомосының кейбір мысалдарын іріктеу:

    • Есептеулер мен ұсталынулардың құжатталуын анықтау;

    • Барлық есептеулерді сынап, шығарылымдарды анықтап таза төлемдерді табу.

  5. Әлеуметтік зейнет ақы қорына ұсталатын салықтың дұрыстығын тексеру.

  6. Еңбек ақыны уақытылы төлеуді және мерзімді берілуін тексеру.

  7. Еңбек ақы төлеу ведомосіндегі жазбалардың дұрыстығын тексеру.

  8. Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдарды тексеру.

  • Кәсіпоырн жұмысшыларының еңбек ақысынан ұсталған ұсталымдардың бюджетпен салық бойынша есеп айырысулардың, жалақы төлеу ведомосінің аналитикалық шот көрсеткіштерімен салыстыру;

  • Жұмысшылардың салық заңдылықтарының орындалуы;

  • Жекелеген жалданушы жұмысшылардан ұсталымдарды зерттеу;

  • Бюджетке салықтар аударылуының реттілігін зерттеу.

3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау

Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын, еңбек өнімділігінің деңгейін пайдалануды талдау еңбек ақыны төлеумен тығыз байланыста екенін қарастыру керек. Осы кезде еңбек ақы қаражаттарының еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлеуінің өсу қарқынынан озып отыруы керек, сол кезде ғана пайдалануға болады. Бірақ мұндай жағдайларда қайта өндірудің қарқынын өсіру үшін мүмкіндіктер туады.

Осыған орай әрбір кәсіпоырнда еңбек ақыға қаражаттарды пайдаланудың талдауы кең мағына береді. Процесс кезінде оны еңбек ақы қорын пайдалануды жүйелік бақылау арқылы жүзеге асыруға болады, Еңбек өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі есебінен қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерді шығару керек.

Статистика органдарының нұсқаулықтары бойынша еңбек ақы қоры өзіне кәсіпорынның ағымдағы шығындарына жататын, еңбекке төлеу қорын ғана енгізбейді, сонымен қатар әлеуметтік қорға қаражаттарының және таза пайда есебінен, кәсіпорын қарамағында қалатын төлемдерді де енгізеді. Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалану туралы мәліметтер кестеде көрсетілген:

Тұтынуға бағытталған қаражаттарды пайдалануды талдау


Төлем түрлері

Сомасы млн.тг

Жоспар

Нақты

Ауытқу

1.Еңбекті төлеу қоры

1.1. Келісімді бағалау бойынша

1.2.Түнгі уақыттағы жұмыс, артық сағаттар, мейрам күндері үшін қосымша төлемдер


18613410

417910
8381470




17348461

380000
8084230




1264949

37910
297240



2. Таза пайда есебінен төлемдер
2.1. Зейнеткерлерге өз уақытылы төлемдер

2.2.Құнды қағаздар бойынша дивиденттер төлеу




-
23033776

-


20033776


-

-300000














Тұтынуға бағытталған қаражаттардың барлығы

18844186

193522237

-5081051

Жалпы саладағы үлесі, %

-

-

-

Еңбекті төлеу қоры

88

89.9

-1.9

Таза пайдадан төлем

12

11.1

0.9

Тұтынуға пайдаланылған қаражаттар құрамындағы ең көп үлес салмақты өнімнің құнына кіретін еңбекті төлеу қоры алады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбек ақы қорын пайдалануды талдауға көшерде, бірінші кезекте, оның көлемінің абсолютті және қатысты ауытқуын жоспарлыдан есептеп алу қажет. Абсолютті ауытқу(ФЗП абс) еңбекті төлеуге нақты қолданылған қаражаттарды (ФЗП ф) кәсіпорын, өндірістік бөлімше және жұмысшылар категориясы бойынша жалпы алғандағы еңбек ақының жоспарлы қорымен( ФЗП пл) салыстыру арқылы анықталады: ФЗП абс= ФЗПф-ФЗП пл=18613410-17348461=1264949 млн.тг. Бірақ мынаны есте сақтаған жөн, өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу деңгейінің есебінсіз бұл көрсеткіш анықталатындықтан, еңбек ақы қорын пайдалануды абсолютті ауытқу өзінен өзі сипаттамайды. Қатысты аутқу өнімді өндіру бойынша жоспардың орындалу коэффициентінде тұрақталған , жоспарлы қорымен еңбек ақының нақты есептелген сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Бұл шартты бағалау, жұмысшыларға сый ақы және өндірістік нәтижелері үшін қызметкерлерге және демалыс сомалары, өзгермелі еңбек ақы үлесіне сәйкесі бойынша жұмысшылардың еңбек ақысы.

Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау кезінде, кәсіпорынның жұмысшыларының орташа жалақысы туралы, сонымен қатар оның деңгейін анықтайтын факторлар туралы деректерді зерттеу кең мағына береді. Сондықтан келесі талдау категориясы мен мамандығы бойынша, сонымен қатар кәсіпоырн бойынша жалақы алғанда бір жұмысшының орташа еңбек ақысына өзгерту себептерін зерттеуге бағытталған болуы керек. Бұл кезде орташа жылдық еңбек ақы бір жылда бір жұмысшының істеген күндер санына, жұмыс сменасының ұзақтығына және орташа сағаттық еңбек ақысына байланысты екенін ескерген жөн: ГЗП=Д*П*ЧЗП. Осы факторлардың жұмысшылар категориясы бойынша орташа жылдық еңбек ақы деңгейінің өзгеруіне әсерін есептеу абсолютті айырмашылықтар тәсілімен жүзеге асырылған.



Еңбек ақы төлеу деңгейін талдау


Жұмысшылар категориясы

1жұмысшының істеген күндері саны

Жұмыс сменасының орташа ұзақтығы, сағ.

Орташа сағаттық еңбек ақы, мың тг.

Жоспар

нақты

Жоспар

нақты

Жоспар

нақты

Жұмысшы-мәмілешілер

Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша)



220

220


210

210


7,95

7,95


7,8

7,8


58,6

49,53


64,10

51,97


Ж/е т.с.с.






















Жұмысшылар категориясы

Орташа жылдық еңбек ақы, мың тг.

Жұмысшының жоспарлы орташа жылдық еңбек ақысынан ауытқу, мың тг




Жоспар

Нақты

Барлығы

Соның ішінде өзгеру есебінен













Істеген күндер саны

Смена ұзақтығы

Орташа сағаттық еңбек ақы

Жұмысшы-мәмілешілер

Мезгілдік-жұмысшылар (уақытша)


102500
86625



105000
85121



72500
-1504



-4659
-3938



-1846
-1560



+90015
+3994



Кестеден көріп отырғанымыздай орташа жылдық еңбек ақының өсуі негізінен орташа сағаттық еңбек ақының өсуіне байланысты, ол өз негізінде жұмыскерлер біліктілігі деңгейңне және олардың деңгейінің (интенсивтілігіне) қарқындылығына, өндіру нормаларын қарастыру және бағалауға, жұмыс разрядтарының және тарифтік ставкаларының өзгеруіне әртүрлі қосымша төлемдер мен сый ақыларға байланысты. Талдау процесінде өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі бойынша шаралар жоспарын орындауды, өндіріс нормаларын өз уақытылы қарастыру және бағалауды, тарифтер бойынша төлемнің дұрыстығын, жұмыс стажы үшін қосымша төлемдерді аудару дұрыстығын, артық сағаттарды, кәсіпорын кінәсі бойынша тұрып қалулар уақытын және тағы басқаларды зерттеу қажет, орташа еңбек ақының өсу қарқыны мен еңбек өнімділігінің арасындағы сәйкестілігі де анықтау керек. Алдында айтқанымыздай кеңейтілген қайта өндіріс үшін, пайдалану және табыстық үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оның төлемінің өсу қарқынынан асып түсуі қажет, егер мұндай принцип орындалмаса, онда еңбек ақы қорының шығындалуы, өнімнің өзіндік құнының өсуі және сәйкесінше пайда сомасының төмендеуіә болады.

Жұмысшылардың орташа еңбек ақысының нақты немесе басқа уавқыт кесіндісінде өзгеруі (жыл, ай,күн, сағат) базистік кезең (СЗо) орташа еңбек ақысына, есеп беру кезеңінің (СЗ1) орташа еңбек ақысына қатынасы арқылы анықталатын, оның индексі (I сз) арқылы сипаталады. Аналогты түрде еңбек өнімділігінің индексі( Iгв) есептелінеді:

Iзс= СЗф/СЗпл= 106,4 млн тг/102,5 млн тг= 1,038

I гв= ГВ ф/ ГВ пл= 499 млн тг/480 млн тг= 1,04

Келтірілген мәліметтер талданып отырған кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекті төлеудің өсуінің қарқынынан асып тұрғанын көрсетеді. Озу коэффициенті (Коп) тең :

Коп=Iгв /I сз=1,04/1,038=1,00192678227

Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен оның төлемі арасындағы қатынастардың өзгеруімен байланысты еңбек ақы қорының шығындары (+7) немесе үнемдеу (-7) сомасын анықтау үшін келесі формуланы пайдалануға болады:

Э= ФЗП фI сз-Iсв/ Iсз= 214651,038-1,04/1,038=-41,4 млн тг

Біздің мысалымызда, еңбек ақы төлеудің өсу қарқынымен салыстыру бойынша еңбек өнімділігінің өсу қарқынына барынша жоғары болуы 41,4 тг сомаға еңбек ақы қорын үнемдеуге әкелді. Орташа еңбек ақының өсу индексін талдау кезінде инфляция шарттарды тұтыну тауарларына және талданатын кезеңдегі қызмет (I ц) бағасының қсу индексін ескерген жөн.

I зп= СЗ 1/ СЗ о *Iц

Мысалы есеп беру жылында жұмысшылардың орташа жылдық еңбек ақысы-106,6 млн тг., өткен жылғы – 76 млн тг . құрайды. Осы кезеңде ақпарат индексі 1,5 құрайды:

Iзп= 106,4/76*1,5 = 0,9333

Осылайша кәсіпорын жұмысшыларының нақты еңбек ақысы өскен жоқ, керісінше талданатын кезеңде 0,7 процентке төмендеді.

Қорытынды

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл - әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану болып табылады. Міне, осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені, қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Кейбір субъектілер өндірген өнімге норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленімге тиіс салықтарыдң мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың біздің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі, оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.

Жалпы еңбек және оған еңбек ақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбек ақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры.

Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдна төлемі 60,5%, суық су 48,9%6 ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі 3 бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70 % 2848 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған, - 3505 теңгені құрайды (46,4$) . Осыдан жалақының төменгі нақты орташа мөлшері 2001 жылға 3484 теңге өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың 1 адамға шаққандағы күн көрістің төменгі мөлшерінен 39,9 %төмен.

Көріп отырғанымыздай бұған қарамастан еңбек ақының төменгі мөлшері, жұмысшылардың ұдайы өсуін дамыту үшін жұмысшыларды барлық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ете шақыру. Өндірістік өрістерде мынандай жағдайлар болуда, еңбек төлемі жұмысшылардың кәсіби мамандықтарына қарамастан, еңбек сыйымдылығы, қиыншылығы, еңбектің сапалық және нәтижелік дәрежесінде қамтамасыз етілмеген. Өз кезеңінде, бұл еңбектің сапасына және санына байланысты тұрақты еңбек ақы беріп тұратын көптеген мамандардың қысқаруына әкеліп соғады. Материалдық шығындар құнының көлемді өсуіне еңбек күшінің бағасы ауыспай (өзгермей) қалады, нәтижесінде өндірістегі шығындар құрамында жалақының үлес салмағы жүйелі түрде төмендейді, нақты еңбек ақы деңгейінде мықты сақталады.

Осыдан іс тәжірибе еңбек ақы пәнінің жаңа түсінігін іске асыру мақсатында, еңбек төлемін басқаруда болған жетіспеушіліктерді жоюда және жұмысшылардың жағдайын жақсартуда және экономиканы нығайтуда оң қолдану мүмкіндіктері ұсынылады:



  • халықаралық негізде талқылауды және еңбек ақы бойынша экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибесі есебі мен, осы сұрақтағы барлық деңгейдегі басқарушы органның ролі мен бірқалыпты орнын белгілеуді анықтау.

  • Еңбек ақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау, онда есеп айырысудың қолдану тәртібі және тұтыну қорының анықталуы, күн көрістің төменгі мөлшері, тарифтік ставка көрсетілуі қажет.

  • Өнеркәсіпте және экономиканың басқадай саласында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша Үкімет деңгейде арнайы программаларды өңдеу және орындау.

Қорыта келе “Саду” баспаханасының еңбек ақы есебін дұрыс жүргізу кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол кәсіпорынның қызметін алға жүргізу үшін мынандай ұсыныстарды ұсыну керек.

  • шығарылатын өнімдер істелінетін жұмысқа көрсететін қызметке кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау

  • Еңбек өнімділігігің өсімін бақылау

  • Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан қоғамдық тұтыну қорына және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау

Сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыру одан әрі жетілдіру үшін мынандай жағдайлар болуы керек:

- Еңбектің өнімділігі мен орындалатын жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақы тиімді түрлерін кеңінен қолдану

- Еңбек пен өндірісті бақылаудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдау

- еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесінен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктерімен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қадағалау

- Еңбек пен еңбек ақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету

Дипломдық жұмысты қортындылай келіп біздің міндетіміз



  • Еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, шаруашылық субъектінің экономикасын күшейту, осы арқылы халықтың әл ауқатын арттыру. Сөйтіп, осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып,есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылады.




Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж 14 маусым «Салық және бюджетке төлейтін міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы

2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі» туралы Заңы 24.06.2002ж

3. Постановление Национальной комиссии РК по бухгалтерскому ычету от13.11.1996 №3

4. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации: Сборник документов. – алматы, раритет, 2000

5. ҚР-ның Қаржы Министрлігінің 18.09.2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік жоспары.

6. Аудиторлық іс-қызмет туралы:ҚР-ның 1998 жылғы 20 қарашадағы заңы (15.02.2003 жылғы жағдайы бойынша толықтырулары және өзгерістерімен. А; 2003ж

7. Қазақстан Аудитінің халықаралық стандарттары. Алматы: Раритет, 2004. – 786 б,

8. Абленов Д.О. «Аудит», Алматы, экономика, 2005

9. Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» (халықаралық стандарт) ,Алматы, 2006 ж

10. Әжібаева З.Н. Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы» , «Экономика» баспасы, Алматы 1999 ж

11. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета» , Издательство «ЮНИТИ» ,Москва «Аудит» 1999 г

12. Баканов М.И. Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа» , учебник 4 издание, «Финансы и статистика» , 2001

13. Баймуханова «Бухгалтерлік есеп» алматы, 2005

14. Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп» алматы, 2002

15. Данилевский Ю.А. «Общий аудит в воспросах и ответах» Москва 1995г

16. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2001.

17. Дюсенбаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия» , Алматы 1998 г

18. Ержанов М.С., Ержанова А.М. « Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов» (с 1 января 2003 года, Алматы 2003 г

19. Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп» Алматы, 2001

20. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005

21. Радостовец В.К. , Радостовец В.В. , Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятий» , Изд. «Центраудит- Казахстан» , Алматы 2002 г

22. Тулегенов Е.Т., Барлиев Н.Б., Стороженко Л.А., Матвеев И.А. «Бухгалтерские информационные системы» , Алматы, «Экономика» 1999

23. Томас П. Карлин, Альберт Р. Макмин, «Анализ финансовых отчетов», (на основе GAAP)

24. «Бюллетень бухгалтера» №28, 31, 40 2005г

25. «Экономика и жизнь» №12, 14, 15 2003

26. «Заочная школа аудитора» №29 2004 г



27. «Егемен Қазақстан» қаңтар, ақпан,сәуір 2006 ж





жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау