Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/55
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2206
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55

25 
7.1.2 
Сумен 
жабдықтау, 
канализация, 
жылумен 
жабдықтаудың 
коммуникацияларының жер астындағы трассалары, сонымен қатар барлық қызметтегі газ 
құбырлары, мазут құбырлары, кабельдер жер бетінде көрсеткіштермен белгіленуі керек. 
7.1.3 Қазандық территориясында ашық ток көздері болған жағдайда ҚР ҚНжЕ 2.01-
19-2004    сәйкес  жер  астындағы  металлдық  коммуникациялар  және  ғимараттардың 
электрохимиялық қорғауы қамтамасыз етуi керек. 
7.1.4 Барлық су бұрғыш желiлер және құрылымдар жер үсті су жіберулер кезінде 
қарастырылу  және  дайын  болуы  керек.  Ғимараттарда  кабельдер  мен  құбырлардың 
өтуіндегі  тесіктерді  тығыздап,  ал  тартып  алатын  механизмдерді  жұмыс  дайындығына 
әкелу қажет. 
7.1.5  Бақылау  скважиналардағы  (пьезометрлерде)  су  деңгейін  бақылауға 
байланысты  қазандықтағы  грунтты  судың  тәртібін  бақылау  жүргізіледі:  қызмет 
көрсетудің  бірінші  жылы  –  айына  бір  рет,  келесі  жылдары  –  грунтты  судың  деңгейінің 
өзгеруіне  байланысты  кварталда  бір  рет.  Бақылау  скважиналары  су  құбырының, 
канализацияның  және  жылумен  қамтамасыз  ету  желілерінің  ең  жоғары  тығыздықты 
аймағында орналасуы қажет. Бақылаулар нәтижесі арнай журналға енгізіледі. 
7.1.6  Қазандық  территориясында  грунттың  бұзылуы  мен  қабыну,  құлама 
құбылыстары  байқалған  жағдайда  пайда  болу  себептерін  шешіп,  оларды  жою  және 
қайтадан пайда болмауына шарттар жасау керек. 
 
7.2 Өндірістік ғимараттар мен панажайлар  
 
7.2.1  Қазандықтардың  өндірістік  ғимараттары  мен  панажайлары  ұзақ  уақытқа 
қолдануын қамтамасыз ететін күйде болуы керек және тазалық-техникалық нормалар мен 
еңбек қауіпсіздігіне жауап беруі тиіс. 
7.2.2  Қызмет  көрсетуге  шығар  алдында  қазандықтың  ғимараттары  мен 
панажайларында әрекеттегі нормаларға сай ттолық көлемде өндірістік тазалық объектілері 
(жуынатын  бөлме,  киім  шешетін  бөлме,  медициналық  бөлім,  желдету  және 
шаңсыздандыратын қондырғылар, т.б.) жасалп бітуі тиіс. 
7.2.3 Ғимараттар мен панажайлардың құрылымы және инженерлік қондырғыларын 
бақылау дефекттер мен ақауларды табу үшін техникалық тексеріс жылына 2 рет (көктемде 
және күзде) және апаттардан кейін кезектен тыс тексеріс жүргізіледі. 
Тексеріс  кезінде  дефекттер  мен  ақаулар  себебін  анықтайды,  өтпелі  және  күрделі 
жөндеу барысында жасалып отырған шаралардың сапалы және толығымен орындалғанын 
тексереді. Тексеріс нәтижелері журналда акт немесе басқа жазулармен толтырылады. 
7.2.4  Тексеріс  кезінде  деформация  және  ғимараттар  мен  панажайлардың 
құрылымына  әсер  ететін  басқа  дефекттер,  құрылымның  беріктігіне және  қабілеттілігінің 
төмендеуіне  немесе  қондырғының  қалыпты  жұмысына  әсер  етсе,  онда  қазандықтың 
қауіпсіз  қызмет  көрсетілуі  жайлы  жедел  шаралар  қарастырылып,  одан  кейін  болатын 
деформациялар туралы хабарламалар жасалуы керек. 
7.2.5  Жобалық  мәлiметтердiң  негiзiнде  әрбiр  бөлiмше  үшiн  шектi  жүктеменi 
анықталуы және көрнектi орындарға тиiстi кестелерi орнатуы керек. 
Құрылыс  құрылымдарында  саңылаулар  мен  ойықтар  жасауға  тыйым  салынады, 
жасалатын  жұмыста  растайтын  тексеріс  есебі  жасалмай  тұрып  жүктер  мен 
қондырғыларды орнынан қозғалтуға болмайды. 
7.2.6  Құрылыс  құрылымы,  қондырғы  фундаменттері  мен  панажайлар  зиянды 
заттардың (май, бу, қышқыл және т.б.) түсуіне жол бермеу керек. 
7.2.7  Ғимараттар  мен  панажайлардың  металлдық  құрылымдары  коррозиядан 
сақталуы тиіс және олардың қорғалуының жүйелік бақылауы орнатылуы керек. 


26 
7.2.8  Қазандық  қондырғылары  мен  бөлмелердің  бояуы  өндірістік  эстетика 
талаптарына  сай  болуы  керек.  Сақтау  беттері  жоқ  құбырөткізгіштер  оқшауламасы  МСТ 
14202  сәйкес  боялуы  керек.  Сақтау  беті  болған  жағдайда  бетіне  ҚР  ТЖМ  мүшелерінің 
нормативті құжаттарына сәйкес маркерлік сақиналар мен жазулар болуы керек. 
7.2.9 
Қазандықты 
қызмет 
көрсетудің 
бірінші 
жылдары 
қазандықтың 
панажайларының,  құрылысының  және  қондырғыларының  күйіне  айына  бір  рет  назар 
аудару керек, ал екінші жылы – екі рет, келесі жылдары – бес жылға бір рет. Фундаментте 
жарықтар  мен  басқа  дефекттер  пайда  болған  кезде  құрылыстың  кезектен  тыс  тексерісін 
жүргізу  керек,  олардың  пайда  болу  себебі  анықтау  керек  және  жою  тәсілдерін  тез  арада 
орындау қажет. 
Жоғары  кеуекті  1  санаттағы  саздан  салынған  панажайлар  мен  ғимараттар 
фундаментінің  бүлінулеріне  қызмет  көрсету  келесі  жылдары  бүлінулердің  толығымен 
жойылуынша 3 айға бір рет жасап отыру керек. 
7.2.10 Негізгі панажайлар мен ғимараттар үшін жарықтарына реперлер қыстыруға 
болады. 
7.2.11  Суық  немесе  сейсмикалық  аудандарда  орналасқан  панажайлар  мен 
ғимараттардың фундаменттерін бақылау жергілікті нормативті құжаттармен жүргізіледі.  
7.2.12  Панажайлар  мен  ғимараттар  шатыры  көктемде  және  күзед  қоқыстан  және 
күл қалдықтарынан тазартылуы керек, нөсер жаңбырлы суларды ағызу жүйелері периодты 
тазартылуы керек. 
7.2.13  Қазандықтардың  түтінді  құбырлары  мен  газжүрісі  жылына  бір  рет  сыртқы 
тексерістен, бес жылда бір рет ішкі тексерістен өтуі тиіс. 
7.2.14 Қазандықтың панажайлары мен ғимараттарының найзағайдан сақтау жүйесі 
ҚР СН 2.04-29-2005 сәйкес «Панажайлар мен ғимараттардың найзағайдан сақтау ережесі» 
орындалады. 
Сұйық және газ тәрізді отынның құбырөткізгіштері жерастында болуы қажет. 
7.2.15  Найзағайдан  сақтау  қондырғысы  жобалық  және  жөндеу  кәсіпорнның 
өкілдерінің қатысуымен техникалық комиссия алғаннан кейін қызмет көрсетуге енгізіледі. 
7.2.16  Найзағайдан  сақтау  қондырғысына  қызмет  көрсеткенде  жоспарлық 
тексерістен  өту  керек,  ал  жауапты  элементтері  (найзағай  қабылдағыш,  тоқ  өткізгіш, 
байланыстар, жер асты енгізілетін) – периодты бақылауда болу керек. 
Найзағайдан  сақтағыш  қондырғылармен  бірге  тексеруден  кейін  ескерілген 
жөндеудің негізінде найзағайлы периодтың басталуына дейін жүргізіледі. 
7.2.17  Қазандықтың  панажайларының  және  ғимараттарының  күрделі  және  өтпелі 
жөндеулерін  коммуналды  жылытқыш  қазандықтарға  қызмет  көрсететін  кәсіпорынның 
басқарушысымен бекітілген жылдық күнтізбелік жоспармен жасалады. 
7.2.18  Қазандықтың  өндірістік  панажайлары  мен  ғимараттарының  дұрыс 
пайдалануы  мен  дұрыс  күйіне  және  өтпелі  мен  күрделі  жөндеулердің  дәл  уақыттында 
орындалуына  коммуналды  жылытқыш  қазандықтарға  қызмет  көрсететін  кәсіпорынның 
басқарушысы жауапты болады. 
 
8 Отын шаруашылығы, қатты, сұйық және газ тәрізді отын, шығынды 
материалдар 
 
8.1 Қазандықтарға келіп түскен барлық отынның сапасы МСТқа және техникалық 
шарттарға сәйкес болуы тиіс. 
Отынды жеткізу келісім шарттарында көрсетіледі: 
қатты отын үшін - марка, жану жылуы, күлдік тобы, күлдік және ылғал көрсеткіші, 
ұшқындар  құрамы,  көлем  тобы,  отында  басқа  заттардың  болмаын,  торф  үшін  – 
минималды ылғал көрсеткіші


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау