15
6.2.12 Егер жоғарыда тұрған тікелей персоналдың бұйрығы бағынышты тікелей
персоналға теріс жеткізілетін жағдайда, ол бұйрық берген адамға міндетті түрде дереу
жеткізуі керек.
Бұйрық дәлелденген кезде, кезекші оны орындауы тиіс.
Бұйрықтардың орындалуы адам өміріне қауіп төндіреді, жабдықтардың сақталуына
немесе қазан бөлімінің өзіндік мұқтаждықтарының электр қуат көзінің шығынына
әкелетін болса, немесе жылудың ерекше жауапты тұтынушылардың өшірілуіне себеп
болса, онда жоғары тұрған тікелей қызметкерлер құрамының бұйрықтарын орындауға
тыйым салынады. Бұйрықты орындамағаны туралы жоғары тұрған қызметкерлер
құрамына эеткізілуі керек.
6.2.13 Кезекшілікте жоқ, тікелей қызметкерлер құрамының адамдары жабдықтарды
қамтамассыз ету бойынша жұмыстарды орындауға тек кезекші қызметкерлер құрамынан
сәйкесінше басқарушы адамның рұқсатымен ғана шығарылуы мүмкін.
6.2.14 Сменаны қабылдаған кезде кезекші міндетті:
- сәйкесінше нұсқаулармен анықталатын көлемде, оның тікелей басқаруында
немесе қол астында болатын, қазан бөлмесінің жабдықтарының жұмыс режімімен,
сызбаларымен және күй-жағдайымен танысуы керек;
- смена тапсырушыдан бұзушылықтар мен апаттардың алдын алу үшін ерекше
мұқият бақылау керек жабдық туралы және резервте және жөңдеуде тұрған жабдықтар
туралы
мәліметтер алуы керек;
- оның артында бекітілген нарядтар және бұйрықтар бойынша қандай жұмыстар
орындалатынын анықтау керек;
- аспаптарды, материалдарды, бөлмелерден құлыптарды, тікелей құжаттарды және
жұмыс орнының құжаттарын тексеріп,
қабылдауы керек;
- оның алдыңғы кезекшелігінен кейін өткен уақыт ішіндегі барлық жазбалар мен
бұйрықтармен танысуы керек;
- бағынышты қызметкерлер құрамынан рапорт қабылдау және смена бойынша
тікелеу басшылығына кезекшілікке кіріскені және сменаны қабылдаған кезде байқалған
кемшіліктер
туралы мәлімдеу тиіс;
- сменаны қабылдау-тапсыру туралы өз қолын қойып және сменаны
тапсырушының қолын алып, ведомостер журналында жазуы керек.
6.2.15 Тікелей қызметкерлер құрамы жергілікті нұсқауларға сәйкес жүйелілі
технологиялық, өрт, ескерту және апаттық сигнал беру әрекетін, байланыс құралдарын
сынауы керек, сонымен қатар, жұмыс орнындағы сағаттың дұрыс көрсетуін тексеру
қажетті.
6.2.16 Бекітілген графиктер бойынша тікелеі қызметкерлер құрамы жұмыс
жабдықтан резервті жабдықтарға ауысуын жүзеге асыру, жабдықтарды сынаға және
олардың профилактикалық байқауларын өткізуі керек.
6.2.17 Басқарушы кезекші және әкімшілік-техникалық қызметкерлер құрамы өз
міндеттерін орындамайтын, оған бағынышты тікелей қызметкерлер құрамын
кезекшіліктен босату құқылы.
6.2.18 Тікелей қызметкерлер құрамы смена уақытында жоғары тұрған тікелей
қызметкерлер құрамының рұқсаты бойынша жөңдеу жұмыстарына және қазан
бөлмесіндегі сынауларға осы уақытта кезекшіліктен босатылып, қысқа мерзімді
қатыстырылуы мүмкін. Осы кезде ҚТЕ талаптары сақталуы тиіс.
6.3 Апаттар және оларды жою тәртібі
6.3.1 Коммуналдық жылыту қазан бөлмелерін пайдаланатын, әрбір кәсіпорында
диспетчерлік (апаттық-диспетчерлік) қызмет (АДҚ) тікелей қызметкерлер құрамының
тәулік бойы кезекшілікпен ұйымдастырылуы керек.
16
6.3.2 АДҚ міндеттері болып келеді:
- тұтынушыларды жылумен қамтамассыз етуінің үздіксіздігін негіздейтін, қазан
бөлімдерін және жылу желістерінің жұмыс режімін енгізу;
- айырып-қосу, жіберу, аялдамалардың өндірісі;
- жөңдеу жұмыстарын орвындауға дайындау;
- апаттың салдарын шекпеген, жабдықтардың зақымдалуын немесе персоналдың
залалдануын болдырмау, бұзылушылықтың дамуын алдын алу;
- тұтынушылардың жылумен жабдықталуын және жылу энергияның қалыпты
параметрлерін дереу қалыптастыру;
- өшіп қалған жаюдықтардың күй-жағдайын анықтау және мүмкіндігінше оны
жұмысқа қосу.
6.3.3 Әрбір диспетчерлік пунктте және персоналдың тәуліктік кезекшілігімен қазан
бөлімінде апаттардың алдын алу және жою бойынша жергілікті нұсқаулар, жылу
желістерінде және қазан бөлімінде апаттарды жою жоспарлары, сонымен қатар энергия
жүйесімен және тұтынушылармен апаттарды жою бойынша өзара әрекеттесу туралы
ережелер болуы керек.
Қалалардың және басқа тұрғын жерлердің жылу желістерінде апаттарды жою
жоспарлары жергілікті әкімшілік органдарымен келісілуі керек.
6.3.4 Әкімшілік және тікелей қатынаста АДҚ кәсіпорын басшыларына бағынады.
АДҚ басшылықты нағыз Ережелерге, сонымен қатар әрекет етуші нұсқаулармен,
шарттармен және кәсіпорын басшыларының ережелеріне сәйкес аға диспетчер жүзеге
асырады.
6.3.5 АДҚ арнайы бөлімшеде – қалқанмен, аспаптетікпен, телемеханика және
байланыс құралдарымен жабдықталған, диспетчерлік пункттінде орналасуы керек.
6.3.6 Аға диспетчер күндізгі уақытта диспетчерлік пунктте болуы керек, ал апаттық
жағдайларда ол тәуліктің кез-келген мезгілінде жұмыс орнына шақырылуы мүмкін.
6.3.7 Диспетчер қарамағында диспетчерлік пунктте келесі техникалық құжаттар
(кәсіпорын басшысымен бекітілген, тізім бойынша) болуы керек:
- жылу желістерінің тікелей сызбалары;
- коммуникациялардың толық бейнеленуімен және бақылау-өлшеу аспаптарының
орналасу орнымен қазан бөлмелердің жылу сызбалары;
- әрбір қыздырғыш үшін жылутасымалдаудың рұқсат етілген параметрлер (қысым,
температура) кестелеріболатын,
қазандар мен жылытқыштардың, желістік, қоректендіргіш
және қоректендіру сораптарының өнімділігі, химсутазалау, деаэраторлар және бак-
аккумуляторлардың көлемі болатын, түсінік хаттары;
- әрбір қазан бөлмесі бойынша жылыту және жазғы кезеңдерге жылу желістерінің
жұмыс режімінің графиктері (пьезометриялық, температуралық, жылутасымалдау
шығындары, бу өткізгіштеріндегі қысымдар);
- қазан бөлмелерін және жылу желістерін ағымды және күрделі жөңдеулер
жоспарлары;
- ПТЕ және ҚТЕ қоса, әрекет етуші пайдалану нұсқаулар және басшылық етуші
материалдардың
толық кешені;
- кәсіпорынның басшылық етуші қызметкерлер құрамының мекен жайлары және
телефон нөмірлері, сонымен қатар қалалық апаттық және кезекші қызметтердің
телефондар нөмірлері.
6.3.8 АДҚ қызметкерлер құрамы келесі тікелей құжаттамларды жүргізуі керек:
- тікелей журнал;
- бұйрықтар журналы;
- қазан бөлмелердің және жылу желістерінің жабдықтарын жұмысқа немесе
резервтен енгізу және шығаруға мәлімдеу журналы;