Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар


СМГ-дың  жеке  баллондық  қондырғысы



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет3/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 
 

СМГ-дың  жеке  баллондық  қондырғысы:  тұтынушыларды  газбен 
қамтамасыз  ету  көзі  ретінде  қызмет  жасайтын,  СМГ-ға  арналған  бір  жұмыс 
баллонды  және  бір  қосалқы  баллонды,  құбырларды,  газ  қысымын  реттегішті 
қамтитын технологиялық құрылғы;   
Сыртқы газ құбыры: өшірілетін құрылғыға дейін енгізбелі газ құбыры 
алдындағы  немесе  жер  асты  орындалған  ғимаратқа  кірмедегі  футлярға  дейін 
ғимараттардан тыс жүргізілген жер астындағы, жердегі және жер үстіндегі газ 
құбыры; 
Газ  жарылғыштығының  төменгі  шеті  –  сұйытылған  мұнай  газының 
ауада 1,5 % тең болуы 
Отпен жұмыстар: ашық отты қолдануға байланысты жұмыстар; 
Одоризациялау:  газдың  шығуын  анықтау  үшін  газға  тік  иісі  бар  затты 
(одорант) қосу;  
Газдың қауіпті концентрациясы: газдың жарылуының төменгі шегінің 
50%-на және одан артыққа тең ауадағы концентрация (газдың көлемдік үлесі); 
Газбен қамтамасыз ету жүйелерін қорғау аймағы: қауіпсіз пайдалану 
жағдайларын  қамтамасыз  ету  және  олардың  бүлінуін  болдыртпау  мақсатында 
газбен  қамтамасыз  ету  жүйелері  объектілерінің  айналасында  орнатылатын 
пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аумақ;      
Тұтынушы:  Тұрмыстық,  коммуналды-  тұрмыстық  немесе  өнеркәсіптік 
тұтынушы; 
Сұйытылған  мұнай  газы;  СМГ:  құраушыларының  сапалық  және 
сандық  мөлшері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  техникалық 
регламенттері  мен  мемлекеттік  стандарттарына  жауап  беретін,  тасымалдау 
және  сақтау  мақсатында  сұйық    күйге  өзгертілген  жеңіл  көмірсутектердің 
(пропан-бутандық фракцияның, пропанның, бутанның) қоспасы; 
Газбен  қамтамасыз  ету  жүйесі:  Тауарлық  немесе  сұйық  мұнай  газды 
өндіруге,  тасымалдауға  (тасуға),  сақтауға,  өткізу  мен  тұтынуға  арналған 
технологиялық өзара байланысы бар объектілер кешені; 
Қайта  құру:  газбен  жабдықтау  жүйелерінің  қолданыстағы  объектілерін 
қайта  құру,  оның  ішінде  олардың  техникалық  деңгейін  немесе  пайдалану 
жағдайларын  жоғарылату  мақсатында  негізгі  техникалық  сипаттамаларын 
өзгерте  отырып  қайта  құру  жөніндегі  жұмыстар  кешені  және  ұйымдастыру-
техникалық іс-шаралар; 
Жөндеу:  бұйымдардың  (газ  құбырларының  және  құрылыстардың) 
жарамдығын немесе жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіру және бұйымдардың 
немесе олардың құрамдас бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша 
операциялар кешені; 
СМГ-дың  резервуарлық  қондырғысы:  СМГ  резервуарларын,  сұйық 
және бу фазаларының газ құбырларын, буландырғышты, реттеуші және бекітпе 
арматураны,  бақылау-өлшеу  құралдарын  қамтитын,  тұтынушыларды  газбен 
қамтамасыз ету ретінде қызмет жасайтын технологиялық құрылғы;   


 
 

Техникалық  пайдалану:  газбен  жабдықтау  жүйелерінің  объектілерін 
пайдалануға  қосу  және  оларды  техникалық  қызмет  көрсету,  жөндеу, 
техникалық  диагностикалау  және  жұмыстардың  басқа  да  түрлері  арқылы 
пайдалану  процесінде  жарамды  және  жұмысқа  қабілетті  жағдайда  ұстау 
бойынша жұмыстар кешені;    
Техникалық  диагностикалау:  пайдалану  процесінде  немесе  қызмет 
көрсету  мерзімінің  өтуінен  газ  құбырларының  және  газбен  қамтамасыз  ету 
жүйелерінің  басқа  да  объектілерінің  техникалық  жағдайын  анықтау  үшін 
жұмыстар кешені және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар; 
Техникалық  қызмет  көрсету:  мақсаты  бойынша  пайдалану  кезінде, 
сақтау  және  тасымалдау  кезіндегі  күту  режимінде  бұйымдардың  (техникалық 
құрылғылардың)  жұмысқа  қабілетігін  немесе  жарамдығын  ұстау  бойынша 
операция немесе операциялар кешені; 
Пайдаланушы  ұйым:  газ  жабдықтау  жүйелері  объектілерін,  СМГ 
объектілерін, СМГ-дың резервуарлық және топтық баллондық қондырғыларын, 
ғимараттардың  газ  жабдығын  техникалық  пайдалануды  жүзеге  асыратын 
мамандандырылған  ұйым  (ГЖҰ,  ұйым:  газ  бөлу  жүйесі  объектісінің  меншік 
иесі, жалға алушы);   
SDR:  құбырдың  сыртқы  номиналды  диаметрінің  қабырғасының 
номиналды қалыңдығына қалыпты өлшемдік қатынасы;  
АДҚ: авариялық-диспетчерлік қызмет. 
 
4  Жалпы ережелер 
 
4.1  Қазақстан  Республикасының  қалаларындағы,  кенттері  мен  ауылды 
елді  мекендеріндегі  газ  құбырларын,  газ  жабдығын,  көппәтерлі  тұрғын 
үйлердегі  автоматтандыру,  қорғау  және  сигнализация  жүйелерін  пайдалану 
белгіленген  тәртіпте  аккредиттеуден  өткен  газ  желілік  ұйымдарға  рұқсат 
етіледі.    
4.2 Газ  желілік  ұйымдар,  газ  толтыратын  пункттердің,  автоназ  құю 
станцияларының иелері   мыналарды:   
1)  тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз етуді; 
2)  олардың  балансындағы,  сондай-ақ  шарттар  бойынша  қызмет 
көрсететін газбен қамтамасыз ету жүйелерін қауіпсіз пайдалануды; 
3)  әзірленген  газбен  қамтамасыз  ету  кестесіне  сәйкес,  олардың 
ведомстволық  бағыныстығына  қарамастан,  тұрғын  үйлерді  газдандыруға 
техникалық жағдайларын беруді; 
4)  тұтынушылардың барлық санаттарының газды шығындау есебін және 
тиімді пайдалануын бақылауды; 
5)  өндірістік  процестердің  тиімділігін,  сенімділігін  және  қауіпсіздігін 
арттыруға бағытталған жаңа техниканы ендіруді; 


 
 

6)  аварияларды  және  жазатайым  оқиғаларды,  авариялық  жағдайларды 
олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлеу мақсатында уақытылы тексеру, 
есепке алу және талдауды; 
7)  тұрмыста  газды  пайдалану  кезінде  халыққа  нұсқау  беруді  және 
қауіпсіздік ережесін насихаттауды қамтамасыз етуге міндетті. 
4.3 Газбен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану мыналарды қамтиды: 
1)  техникалық қызмет көрсетуді; 
2)  жоспарлы жөндеу жұмыстарын (ағымдағы және күрделі жөндеуді); 
3)  авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын; 
4)  мезгілді жұмыс істейтін жабдықты қосуды және өшіруді; 
5)  қолданылмайтын газ құбырларын және газ жабдығын өшіруді; 
6)  абоненттердің 
өтініштері 
бойынша 
газ 
жабдығын 
жөндеу 
жұмыстарын орындауды. 
4.4 
Бұзушылықтардың  сипатына  байланысты  басшылар,  мамандар, 
жұмысшылар  мен  азаматтар  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңнамасына  сәйкес  тәртіптік,  әкімшілік  және  қылмыстық  жауапкершілікке 
тартылуы мүмкін.  
4.5 
Газ  жабдықтау  жүйесіне  апаттық  қызмет  көрсету  тәулік  бойы  газ 
желі ұйымының  АДҚ жүзеге асырылады. 
4.6 
Екі  қабаттан  артық  қабатты  көппәтерлі  тұрғын  ғимараттардың  үй-
жайларында  (пәтерлерінде)  жеке  газ-баллондық  қондырғыларды  қолдануға 
тыйым саынады.  
 
5 Газ құбырларына, сыртқы және үй ішіндегі газ жабдығына 
қойылатын талаптар 
 
5.1 Техникалық пайдалануды ұйымдастыру 
 
5.1.1  Жүйелер  объектілерін  техникалық  пайдалану  кезінде  мынадай 
жұмыстар атқарылады: 
- техникалық қызмет көрсету; 
- жөндеулер (ағымдағы және күрделі); 
- жер асты газ құбырларын реконструкциялау; 
- мезгілді жұмыс істейтін газ пайдаланғыш жабдықты қосу және өшіру; 
-  қолданылмайтын  газ  құбырларын  және  газ  пайдаланғыш  жабдықты 
өшіру және қайта монтаждау; 
- техникалық диагностикалау. 
5.1.2 Пайдаланушы ұйымның белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік 
құжаттарда  көзделген  көлемде  техникалық  пайдалану  бойынша  жұмыстарды 
орындау үшін жеткілікті жабдығы, аспаптық техникасы, автокөліктік құралдар 
мен тетіктері, технологиялық жарақ, саймандары мен материалдары болуы тиіс. 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау