Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет2/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 
 

 
 
 ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗБЕН 
ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ 
ҚАҒИДАЛАРЫ 
 
 
Қолдануға енгізілген күні –2012.01.05 
 
1 Қолданылу саласы 
 
1.1  Тұрғын  үйлерді  сұйытылған  газбен  жабдықтау  жүйесін  техникалық 
пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Ереже) ведомстволық тиесілігіне қарамастан 
барлық  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  үшін,  сондай-ақ  кооперативтер,  жалдағы 
кәсіпорындар  және  сұйық  газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерін,  Қазақстан 
Республикасы  аумағындағы  тұрғын  үйлердің  газды  қолданатын  объектілерін 
пайдаланатын шаруашылық қызметтің басқа да субъектілері үшін міндетті. 
1.2  Осы  Ереже  тұтынушыларды  сұйытылған  мұнай  газдарымен 
қамтамасыз етуге және осы газдарды отын ретінде пайдалануға арналған газбен 
қамтамасыз  ету  жүйелерінің  объектілерін  техникалық  пайдалану  бойынша 
жұмыстар өндірісін реттейді.  
Ереже  міндетті  ережелер  мен  тұрғын  үйлерді  сұйық  газбен  қамтамасыз 
ету  жүйелерін,  газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерінде  және  газды 
тұтынушылардағы  қолданылатын  аппаратураны,  сондай-ақ  ғимараттарды, 
құрылыстарды, коммуникацияларды пайдалану кезінде қойылатын талаптарды 
қамтиды.    
Сұйық  газбен  қамтамасыз  ету  жүйелерін  пайдалану  кезінде  сондай-ақ 
тиісті  жабдықты  пайдалану  бойынша  нұсқаулықтардың  талаптарын 
басшылыққа алу қажет. 
1.3 Осы Ереже тұрғын ғимараттардың газ жабдығына техникалық қызмет 
көрсету және оны жөндеуге және мыналарды: 
- тұрғын үйлерді қамтамасыз ету үшін жүргізілген сыртқы (жер асты, жер 
үсті, жердегі) газ құбырларын; 
-  тұрғын  ғимараттардың  газ  пайдаланушы  жүйелерін  және  газбен 
қолданылатын құрылғыларын; 

сұйытылған  мұнай  газының  резервуарлық  және  баллондық 
қондырғыларын техникалық пайдалануға талаптарды қамтиды. 
Ереже мыналарға: 
- металлургиялық өндірістердің газ жабдығына;  
-  химиялық,  мұнай  химиялық  және  мұнай  өндіру  және  шикізат  ретінде 
газды қолданатын басқа да өндірістердің газ жабдығына; 
- автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларына; 


 
 

-  жылжымалы  газ  пайдаланушы  қондырғыларға,  автомобиль,  темір  жол 
көлігінің, ұшатын аппараттардың, өзен және теңіз  кемелерінің газ жабдығына; 
- әскери мақсаттағы арнайы газ жабдығына; 
-  тәжірибелік  газ  құбырларына  және  газ  жабдығының  тәжірибелік 
үлгілеріне;  
-  газ-ауа  қоспаларының  жарылыс  энергиясын  пайдаланатын  немесе 
қорғаныш газдарын алуға арналған қондырғыларға; 
- ішкі алаңдағы газ құбырларына және жылу электр станцияларының ішкі 
алаңдағы газ құбырларына қолданылмайды. 
 
2 Нормативтік сілтемелер 
 
Осы нормативтік-техникалық құжатта мынадай нормативтерге сілтемелер 
келтірілген: 
Қазақстан  Республикасының  2012  жылғы  09  қаңтардағы  №532-ІV  «Газ 
және газбен қамтамасыз ету туралы» Заңы. 
ҚР  СТ  1663-2007  «Көмірсутекті  сұйытылған  отын  газдары  Техникалық 
шарттар»  
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін 
мемлекеттік  бақылау  жөніндегі  комитетінің  2010  жылғы  2  шілдедегі  №  17 
бұйрығымен  келісілген  «Газбен  қамтамасыз  ету  объектілеріндегі  өнеркәсіп 
қауіпсіздігіне сараптама жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»; 
Техникалық  Қазақстан  Республикасы  Төтенше  жағдайлар  министрінің 
2008 жылғы  18 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген «Сұйық көмірсутек 
газдарын пайдалану кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігіне талаптар»; 
МСН 4.03-01-2003 «Газ бөлу жүйелері». 
 
ЕСКЕРТУ:  Осы  Ережені  қолдану  кезінде  сілтемелі  стандарттар  мен 
жіктемелердің  қолданысын  ағымдағы  жылдағы  жағдайы  бойынша  жыл  сайын 
басылып  шығатын  «Стандарттау  бойынша  нормативтік  құжаттардың 
көрсеткіші»  ақпараттық  көрсеткіші  және  ағымдағы  жылы  шыққан  ай  сайын 
басылып шығатын тиісті ақпараттық көрсеткіштер бойынша тексерген орынды. 
Егер сілтемелі құжат кіргізілсе (өзгертілсе), онда осы Ережені қолдану кезінде 
кіргізілген (өзгертілген) құжатты басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелі құжат 
ауыстырусыз  енгізілсе,  онда  оған  сілтеме  берілген  ереже  осы  сілтемені 
қозғамайтын бөлігінде қолданылады.   
 
3 Терминдер, қысқартулар мен анықтамалар 
 
Осы  Ережеде  сәйкес  анықтамалары  мен  қысқартулары  бар  мынадай 
терминдер қолданылады: 
Апаттық  қызмет  көрсету:  Жеке  немесе  заңды  тұлғалардың  өтініштері 
негізінде адамдардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіпті жою үшін газ 


 
 

желілік  ұйым  авариялық-диспетчерлік  қызметі  (пайдалану  ұйымының 
авариялық газ қызметі) орындайтын авариялар мен оқыс оқиғаларды оқшаулау 
және (немесе) жою бойынша жұмыстар кешені;      
Апаттық-қалпына  келтіру  жұмыстары:  апаттарды  жойғаннан  кейін 
газбен қамтамасыз ету жүйелері объектілерінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына 
келтіру бойынша жұмыстар кешені;  
Тұрмыстық газ пайдаланатын қондырғылар: Тұтынушылардың газды 
жеке,  отбасылық,  үй,  шаруашылық  және  кәсіпкерлік  қызметпен  байланысты 
емес өзге де қажеттіліктер үшін отын ретінде пайдаланатын жабдық (аспаптар, 
аппараттар,  жылу  генераторлары  және  пәтерлерді  жылумен  қамтамасыз  ету 
үшін қазандар және т.б.);   
Енгізбелі  газ  құбыры:  Сыртта  орналастырылған  ғимаратқа  кірмеде 
өшірілетін  құрылғыдан  ішкі  газ  құбырына  дейін  ғимарат  қабырғасы  арқылы 
футлярда жүргізілген газ құбырын қоса алғандағы газ құбырының учаскесі; 
Ішкі газ құбыры: енгізбелі газ құбырынан газ пайдаланғыш жабдықтың 
қондырғысы орнына дейін ғимараттың ішінде жүргізілген газ құбыры;  
Ғимараттың  газ  жабдығы:  енгізбелі  газ  құбыры,  ішкі  газ  құбыры, 
ғимараттың  ішінде  немесе  сыртында  орналастырылған  газ  пайдаланғыш 
жабдық, баллондық қондырғы (СМГ-ды отын ретінде пайдалану кезінде); 
СМГ-дың  топтық  баллондық  қондырғысы:  тұтынушылардың  газбен 
қамтамасыз ету көзі ретінде қызмет атқаратын, СМГ үшін екі және одан артық 
артық  баллонды,  құбырларды,  бекітпе  арматураны,  газ  қысымын  реттегішті, 
сақтандыру-ығыстыру  клапанын,  манометрді  қамтитын  технологиялық 
құрылғы;    
Газ  пайдаланғыш  жабдық  (қондырғы):  отын  ретінде  газды 
пайдаланатын жабдық;  
Газды  қауіпті  жұмыстар:  газдалған  ортада  орындалатын  немесе  олар 
кезінде газдың шығуы мүмкін жұмыстар; 
Кірме  газ  құбыры:  таратушы  газ  құбырына  қосылу  орнынан  енгізбелі 
газ  құбыры  немесе  жер  асты  орындалған  ғимаратқа  кірмедегі  футляр 
алдындағы өшірілетін құрылғыға дейінгі газ жабдықтау жүйесінің газ құбыры  
Газ  желі  ұйымы  (ГЖҰ):  аккредиттеу  туралы  куәлігі  бар  және  газ 
толтыру  станциясын,  топтық  резервуар  қондырғыларды,  газ  пайдаланушы 
жүйелерін және сұйытылған мұнай газын тұтынушыларының газ жабдықтарын 
пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;  
Бұйым  (техникалық  құрылғы):  құжаттамасы  конструкторлық 
құжаттаманың  бірыңғай  жүйесінің  (КҚБЖ),  техникалық  құжаттаманың 
бірыңғай  жүйесінің  (ТҚБЖ)  және  жобалық  құжаттаманың  бірыңғай  жүйесінің 
(ЖҚБЖ)  мемлекеттік  стандарттарының  ілеспе  құжаттамасын  ресімдеудің 
топтамасын  және  ережесін  белгілейтін  талаптарына  сәйкес  болуы  тиіс 
өнеркәсіптік  өнімнің  бірлігі.  Құрылыс  нормаларының  талаптары  мен  ережесі 
бұйым конструкциясына және ілеспе құжаттамаға қолданылмайды.      


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау