«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ықылас - риякерлікке қарсы у



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет56/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Шынайы адам

Ықылас - риякерлікке қарсы у 
Бұдан бұрын риякерлікке қысқаша түсіндірме жасадық. Бұл жерде тақырыпқа 
тереңірек тоқталғымыз келеді. Риякерлік ӛзі мен сӛзі бір болмау, сенгеніндей әрекет 
жасамай, екіжүзділік жасау, ғибадат пен қайыр үшін жасалған жақсы нәрселерді 
кӛрсету және мақтану үшін жасау деген сӛз. Риякерлік жасалған барлық жақсылықтар 
мен ғибадаттардың адамның бетіне ұрылып қайтарылуына себеп болатын, Аллаһқа 
серік қосу мағынасына келетін және адамды жазалардың ең үлкеніне апаратын ӛте 
қауіпті әрекет болып табылады.
Барлық адамдарда дерлік басқа адамдардың жүрегінен орын алу сезімі, 
атаққұмарлық, қоғамда ӛзіне назар аудару, бір орынға ие болуға деген бейімділік азды-
кӛпті кезедеседі.
Риякерлік кӛптеген жаман ахлақтың қайнар-кӛзі және адамдардың ең әлсіз жері 
болып табылады. Риякерліктің негізі - адамдар арасында олардың кӛңілдерінен орын 
алу және осылайша құрмет күту және ӛздеріне адамдардың жақсы кӛзқараспен қарауын 
қамтамасыз ету. Риякер адамдар Аллаһ назарында сүйкімсіз және айыпталған адамдар 
болып табылады. Мұндай адамдар туралы Аллаһ «Олай намаз оқығандардың халі 
қандай жаман, олар намаздарынан беймәлім (оқыған намаздарының қадірін білмейді, 
намазға қажетті түрде мән бермейді). Ғибадаттарын кӛрсету үшін жасайды». (Маун, 
107\4-6) 
Риякерлік - мүмін адамның жасайтын әрекеті емес. Аллаһ риякерлікті 
мұнафықтардың, екіжүзділердің ісі деп сипаттап, былай деген: «Екіжүзділер Аллаһты 
алдауға тырысады. Алайда, Ол олардың алдауларын ӛздеріне қарай бұрады. Намазға 
тұрған кезде қиналып, ерініп әрең тұрады, адамдарға кӛрсету үшін жасайды, Аллаһты 
аз еске алады» (Ниса, 4\142). 
Мұсылмандар ешқашан, ешқандай істерінде риякерлік жасамауы керек. Ӛйткені, 
бір тастың үстіндегі топырақты жаңбыр қалай жуып ӛтсе риякерлік те барлық қайырлы 
істерді және жасалған ғибадаттарды шайып кетеді. Мұның себебі жасалған ғибадаттар 
мен қайырларды Аллаһтың ризалығын алу ниетімен емес, адамдарға кӛрсету ниетімен 
жасалуында. Хақ Тағала аятта мұндай іс-әрекеттерді мынадай мысалмен түсіндіреді: 
«Ей, иман келтіргендер! Кӛмектескен адамдарыңа міндетсіну және ренжіту арқылы ол 
садақаларыңды босқа шығармаңдар. Аллаһқа да, ақыретке де сенбесе де тек адамдарға 
кӛрсету үшін мал-мүлкін жұмсаған адамның жағдайына түспеңдер! Оның жағдайы 
үстінде аздаған топырағы бар тас секілді, нӛсер жаңбыр жауғанда оның топырағын 
жуып кетеді. Олар істеген ешқандай ісінен сауап пен сый ала алмайды». (Бақара, 2\264) 
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) риякерлікті ниетіне қарай кіші 
шіркке ұқсатып, былай деген: «Аллаһ бұйырды: «Мен серік қатушылардың шіркінен ең 
105
Араф, 7\29; Юнус, 10\22; Локман, 31\32; Ниса, 4\46; З
ү
мер, 39\2; М
ү
мин, 40\14 
106
Несаи, Жихад, 24 


51 
тазасымын. Кім жасаған ісі мен ғибадатында басқаны маған серік қосса (риякерлік 
етсе) ол адамды маған серік қатқан ісімен немесе қосқан серігімен бірге қалдырамын 
(істерінің сауабынан мақұрым етемін)»
107

Риякерлікке қарсы у ықылас болып табылады. Мүмін ықыласты болған кезде 
риякерліктен ӛзін аулақ ұстаған болады. Аллаһ достарынан Әбул Лейс Әс Самарқанди 
хазретлері айтады: «Аллаһ ризалығынан басқа мақсаттар үшін ғибадат жасағандардың 
жағдайы әмиянына тас толтырып, базарға шыққан адам сияқты. Адамдар алыстан оның 
әмиянының толы екенін кӛріп «Не деген бай адам!» деп ойлайды. Ӛзі туралы осылай 
айтылғаннан басқа оған ешқандай пайда келмейді. Базардан бір нәрсе алғысы келсе 
әмиянындағы тасқа ешкім ештеңе бермейді». 
Ықылассыз іс-амал істеген адамның табысы оның арқалаған пайдасыз жүгі, 
адамдардың алдындағы әсерсіз және бос риякерлігі, ал арғы жақта болса шегетін азабы 
болып табылады.
Тақырыпқа қатысты мынадай оқиға туралы айтылады:
«Бір бәдәуи мешітте асығып намаз оқиды, мұны кӛрген халифа ХазіретОмар 
оған былай деп ескертуге мәжбүр болады: 
-
Ей, Аллаһтың құлы! Бұл қандай намаз? Тауықтың жем жегеніндей болды 
ғой. Сен мына намазыңды қайтадан оқығаның жӛн!
Әлгі адам қайтадан оқиды. Бірақ, қалай оқиды? Асықпай, барлық тәртібіне 
бағынып оқиды. 
Мұны кӛрген халифа намаздан кейін сұрайды:
-
Сен айтшы енді, қай намазың дұрысырақ болды? 
-
Алғашқы намазым дұрысырақ еді. 
-
Неге? 
-
Ӛйткені, оны тек Аллаһ ризалығы үшін оқыған едім, мына екіншісін сенің 
бақылауыңда, сенің ризалығың үшін оқыдым, сол үшін,- дейді».
Адам істеген іс-әрекетінде тек Аллаһ ризалығын кӛздеуі керек, айналасында 
біреулердің кӛргенін, ұнатқанын ойына да алмауы керек, парызын, уәжібін, сүннетін 
толық орындауы керек. 
Сонымен қатар, парыздарда риякерлік болмайды деген үкім нақты. Қайда болса 
да намаздарыңды оқыңдар, риякерліктен қорқу туралы ойламаңдар. Адамдар әбден 
адасқан мына заманда барлық жерде дерлік ғибадаттар жасалуы керек, кӛргендердің 
ар-ождан есебін тартуларына себепші болу керек. Осылайша, мүмін Раббысының 
ризалығын ойлайды, олар да ождандарының дауысын естиді
108
.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау