48
Бәдиуззаман хазретлерінің Межмуатул Ахзабтағы бӛлімдерді әрдайым оқып
жүруі нұрлы Ислам жолының жолаушылары үшін бұл жинақтың маңыздылығын
кӛрсетеді.
Әл Кутубуд Дария - («Жанған кӛңілдер» деген мағынада, Құран Мүбиндегі
«тазарру (іші жанып, жалбарыну)» сӛзін еске түсіреді) оқылмай, ұмытыла бастаған
Межмуатул Ахзабты бір рет тағы әсіресе жаңа ұрпаққа сүйдіру және олардың осы
еңбектен пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында дайындалған еңбек. Шамамен алты
жүздей беттен тұратын бұл құнды еңбекте Аллаһ досының кӛптеген дұғалары
кездеседі. Сонымен қатар, еңбектің соңында Хожаефенди тарапынан жазылған адамды
баурап аларлықтай бір салауат орын алған.
Аллаһты еске ал, Ол да сені еске алады!
Аллаһты әрдайым еске алып, есте ұстаудың ізгілігі әр мұсылманның білетін
нәрсесі болып табылады. Ол кӛп зікір ету, жақындық мағынасына келеді. Адамдардың
Аллаһқа ең жақыны болған пайғамбарымыз ӛмірінің барлық дерлік сәтінде Аллаһты
есінде ұстаған. Ол тамақтанудың алдында және соңында, демалғанда, оянғанда,
әжетханаға кіргенде және шыққанда, үйіне, мешітке кіргенде, шыққанда тағы басқа
жерлерде және уақыттарда Хақ Тағаланы әрдайым жадында ұстаған, құл-Аллаһ
байланысы жолында мұсылмандарға сабақ болған.
Бір мұсылманның ӛмірінде (намаз уақыттарынан басқа) Раббысына бӛлетін бір
уақыты болуы керек және ол уақытта Ұлы Аллаһты түрлі есімдері мен сипаттарымен
еске алуы керек екеніне шын жүрегімізбен сенеміз.
Иә, сендер әлемдердің Раббысын Оған жарасатындай түрде еске аласыңдар. Ол
ӛзінің қасиеттілігіне жарасатындай түрде сендерді еске алып, қадірлейді.
Сендер тәсбихтер арқылы, дұғалар арқылы, жевшендер арқылы Оны еске
аласыңдар. Ол да сендерге жақсылықтар жаудырады. Ол «Мені еске алыңдар, сендерді
еске алайын» (Бақара, 2\152) дейді.
Сендер еркін кездеріңде Оны ауыздарыңнан тастамайсыңдар және
кӛңілдеріңнен шығармайсыңдар. Ол сендерді мазалаған оқиғалар кезінде сендерге
рақымдылық самалдарын жібереді.
Сендер дүниелік істеріңнің арасында Оны ұмытпайсыңдар және мән бересіңдер.
Ол да сендерді бұ дүниеде де, ақыретте де кӛріп бақылайды. Қиындықтарыңды жояды.
Сендер Оны зікір етесіңдер. Ол да сендердің талап-күштеріңді бағалап,
жақындығын сездіреді.
Сендер мұсылмандықтың басқа бұйрықтары мен тыйымдарына сай түрде ӛмір
сүріп, осындай құлшылықпен Аллаһқа бет бұрасыңдар. Ол да сендерді бұ дүние мен
ақыретте бақытты етеді. Ойыңызға келмейтін нығметтерге бӛлейді.
Осылайша, сендер Аллаһтың сендердегі мұратын, басқаша айтқанда жаратылу
мақсатыңызды жүзеге асырады, кемел адам болу жолында ӛте маңызды қадамдар
басасыңдар. Ол да сендерді арғы жақта пайғамбарлармен, сыддықтармен, шәйіттермен,
салихтармен бірге етеді. Дидарын сендерге кӛрсетеді.
Иә, қазірге дейін Хақ құзырында жоғары мәртебеге жеткендер оған Аллаһ
Тағаланы еске алу және Оның жолында ӛмір сүру арқылы қол жеткізген. Адамзат
кӛгінің жарық жұлдыздары болған Абдулкадир Гейлани, Шахы Нақышбенди, Ибнул
Араби, Ғазали, Руфаи, Ахмет Бәдәуи, Хасан Шазели, Имам Раббани сияқты қаншама
ұлылар Аллаһты еске алу арқылы жоғары мәртебелерге жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: