ХазіретХаббаб Бин Ереттің шеккен азабы
Исламның алғашқы жылдарында мұсылман болғандар жалпы жоқ-жітік, пақыр,
ешкімсіз, кедей адамдар болды. Мекке мүшріктері бұл мұсылмандарға адам ойына
келмейтін азаптар кӛрсетті. Жасалған зұлымдықтар адам шыдамастай жағдайға жеткен
кезде мұсылмандар расулуллаһқа барып, осы қиындықтан құтылулары үшін дұға етуін
сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) оларға сабыр етуді ұсынып,
бұрынғы дәуірлерде де сенгендердің зұлымдыққа ұшырғанын айтады.
Мекке мүшріктерінің осындай зұлымдықтарына ұшырағандардың қатарында
ХазіретХаббаб Бин Ерет те болған. Ол Тәмим тайпасынан шыққан болатын. Алғаш
мұсылман болғандардың қатарында. Риуаят бойынша Исламға кіргендердің он
алтыншысы.
ХазіретХаббаб мүшріктерден Үммү Енмар деген бір әйелдің құлы болатын. Бұл
мүшрік әйел ХазіретХаббабтың мұсылман болғанын естігенде жынданып кете
жаздайды. Оның құлы қалайша оның рұқсатынсыз мұсылмандықты қабылдайды. Дереу
құлына дінінен шығуды бұйырады, ол қабылдамаған соң оны азаптай бастайды.
Темірді отқа қыздырып, қып-қызыл болып қызарған кезде оны Хаббабтың арқасына,
басына басатын. ХазіретХаббаб оған сабыр етіп шыдайтын. Алайда, мұндай азаптар
тоқтау білмеді.
ХазіретХаббабтың ӛзінің жағдайы туралы Пайғамбарымызға шағымданады,
Пайғамбарымыз: «Аллаһым! Хаббабқа кӛмектес!» деп дұға етеді. Кӛп ӛтпестен
ХазіретХаббабқа зұлымдық жасаған бұл әйел басы ауруына шалдығады. Қатты ауырып
қиналады. Емделу үшін неше түрлі шара қолданады, оған басына қызған темір басу
ұсынылып, мұны жасамаса бұл дерттен арылмайтыны айтылады. Аллаһтың
даналығына қараңыз, бұл жолды темір басудың кезегі ХазіретХаббабқа келеді.
ХазіретХаббаб қызған темірді алып, Үммү Енмардың бұйрығымен оның басына
басады
82
.
Осындай жауыздық азаптар жалғасын тапқан күндердің бірінде бірнеше сахаба
пайғамбарымызға барып кӛрген азаптарына шағымданады, «Біз үшін Аллаһтан кӛмек
сұрайсың ба?» дейді. Ол кезде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) шапанын
басына жастық етіп қойып, Қағбаның кӛлеңкесінде демалып жатқан болатын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) оларға былай дейді:
«Сендерден бұрынғы үмметтердің ішінде сондай адамдар болған, қазылған
шұңқырға жарты беліне дейін кӛміліп, сосын басына ара қойылып, екіге бӛлінетін.
Немесе темір тырмалармен еті сүйегінен ажыратылатын. Бірақ, оларды сонда да дінінен
шығара алмайтын. Аллаһқа сеніңдер, Ол міндетті түрде бұл дінді толықтырады. Тіпті,
жалғыз атты адам тек Аллаһтан ғана қорқып, (және қасқырдың шабуылынан
қауіптеніп), басқа ешқандай қорқынышсыз Санадан Хадрамутқа дейін аман-есен
барады. Сендер бұл мәселеде асығасыңдар (сабырсызданасыңдар, дереу бола қалсын
дейсіңдер)»
83
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |