Қызылорда облыстық ішкі істер Департаменті медицина қызметі емханасының жұмысы туралы



жүктеу 47,5 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі47,5 Kb.
#19052

Қызылорда облыстық ішкі істер Департаменті медицина қызметі емханасының жұмысы туралы

С.Ә.Ибраев

Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінің медицина қызметі
Мақалада, Қызылорда облыстық ішкі істер Департаменті медицина қызметі емханасының 2011 жылғы жұмыс қорытындысы келтірілген.

Бекітілген контингент арасында жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеру, диспансерлік есепке алу, алғашқы мүгедектікке шығу, алғашқы аурушаңдық көрсеткіштері динамикада көрсетілген. Сонымен қатар, жыл бойы санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілген.


О работе поликлиники медицинской службы Департамента внутренних дел Кзылординской области

С.А.Ибраев



Медицинская служба ДВД Кзылординской области
В статье приведены итоги работа за 2011 год поликлиники медицинской службы Департамента внутренних дел Кзылординской области.

Показана динамика показателей профилактического медицинского осмотра, диспансеризации, выхода на первичную инвалидность, первичной заболеваемости среди прикрепленного контингента. Также проведена санитарно-просветительская работа.


The work of medical service clinics of the Department of the Internal Affairs Kyzylorda region
S.A.Ibraev
The paper presents the results of the work for the 2011 clinic of the Medical Service of the Department of Internal Affairs of the Kyzylorda region.
Shows the dynamics of a preventive medical examination, medical examination, enter the primary disability, the primary disease in the attached troops. Also carried out public education.
Қызылорда облыстық ішкі істер Департаменті медицина қызметінің емханасы 2010 жылы емдеу-профилактикалық ұйымдарға бекітілген аккредитация стандарттарына 91% сәйкестігін дәлелдеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 14.10.2010 жылғы №554 бұйрығымен 4 жылдық мерзімге аккредиттелді (№Z000278 аккредиттеу туралы куәлік).

Облыс бойынша емханаға медициналық қызметке бекітілген контингент -ішкі істер органдарының, төтенше жағдайлар министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесінің және қаржы полициясының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және осы салаларда қызмет атқарған зейнеткерлер.

Профилактикалық медициналық тексеру - түрлі созылмалы аурулардың алдын алу, дер кезінде оларды анықтап сауықтыру барысындағы емдеу мекемесінің басты жұмыстарының бірі. Жыл бойы облыстық ішкі істер Департаментінің емханасы бойынша профилактикалық медициналық тексеруден облыстық ішкі істер Департаментінің, ішкі әскердің, төтенше жағдайлар министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесінің және қаржы полициясының барлық қызметкерлері медициналық тексеруден өткізіледі. Тексеру барысында барлық тексерілген контингенттерден анықталған созылмалы аурулармен ауыратындар тереңдетіліп тексеріліп, қажет болған жағдайда диспансерлік есепке алынып, сауықтырылады.

2011 жылда диспансерлік есепке ішкі істер органдарының жеке құрамынан түрлі созылмалы аурулар анықталған адамдар алынса, оның ішінде 30% профилактикалық тексеру барысында анықталғандар.

Тексеру барысында емхана бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің 2009 жылғы №74 бұйрығына сәйкес ақпан-қараша айларында дәрігерлердің жұмысын бағалау мақсатында әр дәрігерден 20 картадан тексерілді. Оның қорытындысы бойынша облыстық ішкі істер Департаментінің жеке құрамына көрсетілетін медициналық көмек сапасының деңгейі орташадан жоғары деп бағаланды.

Жеке құраманың Қызылорда қаласы гарнизоны бойынша аурушаңдық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, жыл бойы жеке құрам арасында 1616 аурушаңдық жағдайы тіркелген, оның 1177 алғашқы рет анықталған аурулар. Жалпы аурушаңдық көрсеткіші жеке құрам бойынша 729,9 болып, өсімі 3,6% құрады. Ал алғашқы аурушаңдық көрсеткіші 530,6 болып, өсімі 4,4% құрады (2010 жылы жалпы аурушаңдық көрсеткіші - 757,14, ал алғашқы аурушаңдық көрсеткіші - 555,08 құраған болатын).

Қызылорда гарнизоны бойынша еңбекке жарамсыздық көрсеткіштері жыл бойы жеке құрам арасында 1115 жағдай болса, жалпы еңбекке жарамсыздық күні 11038 құраған, әр жағдайдың орташа ұзақтығы 9,89 күн. Еңбекке жарамсыздықтың санын 100 қызметкерге шаққанда 50,36 (2010 жыл - 52,6) құрады (өсімі -4,2%). Еңбекке жарамсыздық күндерін 100 қызметкерге шаққанда 498,5 (2010 жыл - 532,25) құрады (өсімі - 5,4%). Еңбекке жарамсыздық пайызы 1,37% (2010 жыл - 1,45%) - өсімі 5,1%.

Облыста ведомстволық госпиталь болмағандықтан, жыл бойы біздің науқастар Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті емдеу ұйымдарында стационарлық ем қабылдайды, олардың 54% госпитализация бюросы арқылы жоспарлы түрде жолданғандар.

Қызылорда облысы ішкі істер Департаментінің ішкі істер органдарының арнайы атағы бар жеке құрам бойынша 5 қызметкер, оның ішінде 3 қызметкер жол-көлік апатынан алынған жарақаттардан, екеуі жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болды.

2011 жылда тікелей емханаға бекітілген арнайы атағы бар қызметкерлер арасында алғашқы мүгедектікке шыққандар тіркелген жоқ.

Рентгенофлюорографиялық тексеру - туберкулез және басқа созылмалы өкпе ауруларын анықтауда қажет болғандықтан, жыл бойы барлық арнайы атағы бар қызметкерлер рентгенологиялық тексеруден, ал 97% флюорографиялық тексеруден өткен.

2011 жылда облыстық ішкі істер Департаменті медициналық мекемелерінің қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті арнайы мекемелері мамандарының қатысуымен маңызды тақырыптарға 4 бірлескен семинар-сабақтар өткізілді: Атап айтар болсақ:

1. «Аса қауіпті аурулардың алдын алу, ауру анықталғанда жургізілетін шаралар» - облыстық обаға қарсы күресу станциясының және обылыстық санитарлық-эпидемиолгялық қадағалау басқармасы аса кауіпті аурулар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен.

2. «Туберкулез ауруының алдын алу мәселелері және ДОТС бағдарламасының қазіргі кездегі ерекшеліктері» - оыблыстық туберкулез диспансері қызметкерлерінің қатысуымен.

3. «Жедел ішек ауруларының алдын алу, анықтау және емдеу, ауру анықталғанда жүргізілетін шаралар» - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерінің қатысуымен.



4. «ЖИТС/АИТВ (СПИД/ВИЧ) ауруының алдын алу» - ЖҚТБ – ның алдын алу және күресу облыстық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен.

Сонымен, жыл бойы жеке құраманың арасында түрлі маңызды тақырыптарға лекциялар оқылды, оның ішінде 15% салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірге бірнеше санитарлық-ағарту акцияларына жүргізілді.
жүктеу 47,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау