ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
__________ Ермұхан Б.Б
«___» _________ 2016 ж
«Мұнай және газ мамандықтар» бөлімшесінің ұйымдастыруымен 05.12-15.12.16ж аралығында «Білім және кәсіби маман – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары» атты апталық аясында өткізілетін Ишанова Қарлығаштың физика пәнінен
АШЫҚ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты
Тобы: ТХ-16о
Күні: 09.12.16ж. сағ:10.00
Аудитория: 24
Ашық сабақ жоспары «Қоғамдық және жалпы білімдік пәндер» пәндік циклдық комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.
Хаттама №____ «___»______2016ж
ПЦК төрайымы: ___________ Абуова Р
Колледж әдіскері: __________ Аймбетова Э
Сабақ жоспары
Сабақ өтілетін күн: 09.12.2016 ж
Оқу тобы: ТХ-16о
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: өткізгіштерді тізбектей және параллель қосудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, электр тогының жұмысы мен қуатына есептер шығару
ә)тәрбиелік: өз бетімен ізденіске, жауапкершілікке, ұлтжандылыққа биік парасатты азамат болуға тәрбиелеу
б) дамытушылық: практикалық дағды, іскерлікті қалыптастыру. Физиканы өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Оқыту әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті әдістер, түсіндіру, баяндау, лекция элементтері, миға шабуыл
Жаңа технология. Биоақпараттандыру және сенергетика (БиС) технологиясы
Сабақтың көрнектілігі:слайд, флипчарт, электрондық оқулық, виртуальді зертхана, физикалық құрал-жабдықтар, таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс: математика, электротехника, теміржолдың жылжымалы құрамы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару
ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру
Тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток кұші, ЭҚК. Тізбек бөлігі үшін және тұйық тізбек үшін Ом заңы.
ІІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылауы.
ІІІ.1. «Формулалар биі» сергіту сәті
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру
Қаралатын сұрақтар:
1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
2. Электр тогының жұмысы мен қуаты
Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді (лекция, электрондық оқулық, виртуальді зертхана) қолдану арқылы түсіндіруі.
V. Жаңа тақырыпты бекіту, пысықтау.
VІ. «Ән – көңілдің ажары» сергіту сәті
VІІ. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы
VІІІ. Үйге тапсырма беру
ІХ. Сабақтың аяқталуын хабарлау
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру де, жаңа сабақ тақырыбын пысықтау да 5 балдық жүйемен бағаланады.
Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру
І-сайыс: «Мозаика»
Тапсырмалары.
1. Реостат кедергісінің тізбектегі ток күші 3,2 А. Реостаттың клеммаларының арасындағы кернеу 6,4 В. Ресотаттың ток жүріп тұрған бөлігінің кедергісі қандай?
2. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
3. Электр қыздырғышының кернеуі 220 В желіге жалғанған. Қызған қыздырғыштың спиарлінің кедергісі 55 Ом. Спиральдағы ток күшінің мәні.
4. Ток көзінің ЭҚК-і 5 В, ішкі кедергісі 0,2 Ом болғанда өткізгіштің сыртқы кедергісі 0,8 Ом-ға тең. Тізбектегі ток күшін анықтаңдар.
5. Кедергісі 3 Ом болатын 2 А-ге арналған реостаттың кернеуін анықтаңдар.
ІІ-сайыс: «Кім жылдам?» тест тапсырмалары
ІІ 1. «Формулалар биі» сергіту сәті
Жаңа сабақ тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты
Қаралатын сұрақтар:
1. Өткізгітерді тізбектей және параллель қосу.
2. Электр тогының жұмысы мен қуаты
|
Тізбектей қосу
|
Параллель қосу
|
Схемасы
|
|
|
Ток күші
|
I = I1= I2
|
I = I1 + I2
|
Кернеу
|
U = U1 + U2
|
U = U1 = U2
|
Кедергі
|
R =R1 + R2
|
1/R = 1/R1 +1/R2
|
Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді. Бұл жұмысты ток жұмысы деп атаймыз.
А = U I ∆t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша не кернеуді ток күші арқылы, не ток күшін кернеу арқылы өрнектесек, ток жұмысы үшін өзара эквивалентті үш формула аламыз:
А = U I ∆t = I²R ∆t = U² / R ∆t = Q
Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заңды ағылшын ғалымы Д.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Х.Ленц тәжірибе жүзінде тағайындаған.
Джоуль-Ленц заңы былай тұжырымдалады: тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q = I²R ∆t
Токтың қуаты ∆t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:
Р = A / ∆t = IU
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып бірнеше эквивалентті қуаттың формулаларын аламыз:
Р = IU = I²R = U² / R
Приборлардың көпшілігінде олардың тұтынатын қуаты көрсетулі болады.
Жаңа тақырыпты бекіту.
ІІІ-сайыс: «Менің электрлі үйім»
құралдар
|
қуаты
Вт
|
кернеу
В
|
ток күші
А
|
уақыт
с
|
жұмыс
кВт*сағ
|
жұмыс бағасы
теңге
|
1.Электр шамы
2. Кір жуғыш машина
3.Шаңсорғыш
|
60
1800
1200
|
220
220
220
|
|
2
2
2
|
|
|
Электр энергиясын үнемдейік!!!
Тариф =13 теңге/ кВт*сағ
ІV-сайыс. «Тізбектер»
Қорытындылау.
Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып жеңіске жеткен топ пен белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.
Үйге тапсырма беру.
Физика 10 кл – авторы: Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев
а) Бүгінгі лекциядан түсінік дайындау.
б) Қосымша әдебиеттерді осы тақырып бойынша мәліметтер жинау
Сабақтың аяқталуын хабарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |