Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылғы 10 айындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
КІРІСПЕ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және агенттігі Төрағасының №12 бұйрығына сәйкес, Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (бұдан әрі-бөлім) 2017 жылдың 10 айлық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне,өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №500 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №500 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
«Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 10 ай кезеңінде қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің саны – 4. Оның ішінде:
1. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы №2 қаулысы, Алматы облыстық Әділет департаментінде 2017 жылдың 20 қаңтарында № 4075 тіркелді.
2. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» -02.02.2017 №18 » Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 02 ақпандағы №18 қаулысы, Алматы облыстық Әділет департаментінде 2017 жылдың 15 ақпанында № 4095 тіркелді.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» - 2.02.2017 №17 қаулысы, Алматы облыстық Әділет департаментінде 2017 жылдың 15 ақпанында № 4093 тіркелді.
4. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 02.02.2017 №16 қаулысы, Алматы облыстық Әділет департаментінде 2017 жылдың 15 ақпанында № 4094 тіркелді.
Осы уақытқа дейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерге заң қадағалаушы органдар тарапынан наразылықтар, ұсыныстар болған жоқ.
орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге шағым түскен жоқ.
2017 жылдың 10-айында бөлім бойынша 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді Олар:
1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу.
2. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу.
4. Мүгедектерге кресло-арбалар беру.
5. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
6. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.
7. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.
8. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
9. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру.
10. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
11. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау.
12. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау.
13. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
16. Ақталған адамдарға куәлік беру.
2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2017 жылдың 01 қарашасына штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 11 бірлікті құрайды. Осыған сәйкес 2016 жылдың 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік талаптарына өзгеріс енгізіліп, бекітілді.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына сәйкес: 9- қазақ, 3 – ұйғыр ұлтының өкілдері жұмыс істейді. Оның ішінде 4 – ер адам, 7 әйел адамдар.
Кадрлардың ауысуы бойынша.
Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2017 жылдың 01 қарашасына мемлекеттік қызметкерлерінің ауысуы болмады.
2017 жылдың 10- айында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Бөлім басшысының орынбасары С. Жакуповаға 2017 жылдың 01 шілдеде №5 бұйрық тәртіптік жаза беріліп, 2017 жылдың 06 қазанда № 9 бұйрықпен алынды, бас маманы А.Рахмангалиевке 2017 жылдың 19 маусымынды №3 бұйрық негізінде сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беріліп 2017 жылдың 26 қыркүйекте №7 бұйрықпен алынды, және бас маман Л.Джаматаеваға 2017 жылдың 19 маусымынды №4 бұйрық негізінде сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беріліп 2017 жылдың 27 қыркүйектің №8 бұйрықпен алынды.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталғын жоқ.
Панфилов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы А. Жақыбай
Орындаған:С.Жакупова
8(72831)5-50-68
Достарыңызбен бөлісу: |