Жарайсыңлар балалар
Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер?
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен болрсыңдар.
-Анаң үйде болмаса қандай болады.
-Көңілсіз,ренжиміз ,суық болады.
-Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
- Жыл мегілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?
-Қандай мереке келе жатыр деп ойлайсыңдар.?
Әрине, ол аналар мерекесі. 8 наурыз жақындап қалды. Бұл күні барлық бала аналарын,әжелерін,апайларын,тәтелерін құттықтайды.Сондықтан балалар,бүгін бізде аналарымызға сыйлық жасаймыз. Сендер аналарыңа тосын сый жасағыларың келеме? Қалай ойлайсыңдар,аналарыңа қандай не сыйлауға болады. Аналарыңа қандай сыйлық ұнайды.? Гүл сыйлауға болады.Бірақ гүлді қайдан аламыз. Топтағы гүл жетпейді. Сатып алатын ақшамыз жоқ. Өз қолымызбен сыйлық жасайық.
Балалар аналарың сендерге тосын сый жасап, бізге бүгін өздері келіпті.
Аналарымызға не дейміз. Қайырлы таң деп айтайық. Ендеше балалар, біз былай жасайық, бүгін аналарымызға біздің қолымыздан барлығы келетінін және ақылды,білімді екенімізді дәлелдейік. Ал енді айта қойыңдаршы аналарыңның қасында өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар?
-Күшті,жылы,көңілді.
Біз сыйлықты сатып алмаймыз.Өз қолмыбен жасаймыз. Келістік пе балалар.
Қараңдаршы балалар,мынау не? диск, онымен не істейміз? Мультфилм көреміз. Қазір балалар,балапан каналынан мультфильмді көріп жүрміз. Бұл дискілерді қазір ешкім пайдалана қоймайды. Бұл барлығмыздың үйімізде бар. Солай ғой, енді бұны біз тастамай анамызға сыйлықты осы дискіден жасаймыз.Дискінің пішіні қандай?
Мұқият қарап алыңдар. Мынау кәдімгі жұмсақ ысқыш майлық. Бұлда барлығмыздың үйімізде бар. Енді осы дайын қиылған домалақ,жұмсақ ысқышты қолымызға аламыз да,қылшамен дискіге желім жағып жапсырамыз.. Және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, кішкене жүрекше қиып аламыз ,оны дискінің ортасына әдемілеп желімдер,оны да жапсырамыз. Оған қоса анамыздың суретін желім жағып жапсырамыз. Одан соң түрлі моншақтармен безендіреміз.
Енді ойларыңа түсіріңдер, қайшымен қалай жұмыс жасаймыз?
Балалар есімізге түсіріп алсақ, жұмысты бастайық.Алдыменен дискіге қиылған дөңгелек ысқышты желімдеп жапсырып аламыз. Бетінен әдемілеп орамалмен бастырып сүртеміз. Содан соң, қайшыны ұқыпты ұстап, жүрекшені қиып алып оны дискінің ортасына желім жағып,жапсырамыз.Одан соң анамыздың суретін желім жағып жапсырып,түрлі әшекей моншақтармен безендіреміз
Қане, балалар шаршаған боларсыңдар ,орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған..
|