Білгенге ғаламтор ғаламат-ақ!
Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.
Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.
Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп «әлемилендіріп» жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн. [3]
Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті «ауылы аралас, қойы қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.
Ғылыми сараптауларда ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.
Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды. Сол себепті сиқырлы да сырлы көк экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүйкеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған жас буынның санасына да мықтап сіңіру сіз бен бізге бұлжымайтын міндет, ағабуындық борыш болуға тиіс.
Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қияли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақымақ, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.
Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қияли әлемге неғұрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет.
Қазір әуелі ішінара іс басында отырған ұлтымыз уәкілдері мен атқа мінер азаматтарымыздың өзі компьютер мен ғаламтордан ойдағыдай игіліктеніп жүргені жоқ. Олардың кей бірінің сауаты мықтағанда компьютерді ашып-жабумен ғана шектелсе, ал кей біреуі бұл техникадан сауатты болғанымен қызмет үстіндегі тұтас бос уақытын қарта ойнаудан я болмаса ғаламторда белгісіз біреумен қысыр кеңес құрып, қажетсіз күлкімен өзін алдап күн өткізуден ары аса алмауда. Егер күнделікті өмірде әрқандай адам компьютер мен ғаламторды өз игілікті ісі үшін ғылыми түрде оңды пайдалана білсе онда ол ғаламдық дамуға бастайтын ғажайып құрал ролін атқардады да, ал керісінше болғанда адамдарды өзіне еліктіріп баурайтын ойыншық құралдың ролін ғана атқаратын болады. [4]
Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін, денсаулығынан айырылып айықпас дертке душар болатын болады. Ал дұрыс мақсатта пайдалана білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал. [5]
Өнер, білім бар жұрттан,
Тастан сарай салғызған.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы әлемдік хат алмасуға да болды.
Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін болмай барады. Хат алмасу да ғаламтор арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты. Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.
Қоғамдық, экономикалық дамуды алға бастырып, өндіргіш күштерді өркендеуге жебейтін, адамдарды біліктілікке бастайтын білім экономикасы дәуірінің ең маңызды қозғаушы күші. Сондықтан біз компьютер мен ғаламторды заман талабына сай «Зарарынан қашық болуға, Пайдасына ортақ болуға» пайдаланып, ондағы бар болған күллі ғажайып мүмкіндіктерді өркениетті өмірден өз еншімізді молырақ алып қалу үшін қызмет еттіруге шебер болуымыз қажет.
Жаһандану дәуірі ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.
1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Ғаламторды пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
Бүкіл әлем бойынша ғаламтор қызметін пайдаланушыларды саны жыл санап артып келеді.
3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Ғаламтор арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».
@mail.ru сайтының бізге берер мүмкіндігі өте көп.
@mail.ru сайтының мынадай мүмкіндігін атап өткім келеді. Бұл облако бұрышының тиімділігі сіздің жеке компьтеріңіздегі не флешкаңыздағы барлық материалдарды осы облако бұрышына сақтап қоюыңызға болады, яғни сіздің флешңыздың сыйымдылығындағы немесе телефоныңыздың флешка сыйымдылығы толып қалған болса, ондағы барлық материалдарды осы облако бұрышына жүктеп қойыңыз. Содан соң ол сіздің өзіңіздің электрондық почтаңыздың ңшңнде сақталып тұрады, қажет болған жағдайда ол құжатты немесе файлды ашып, өзгертіп, сақтауға мүмкіндігіңіз бар. Алдымен өзіміздің электрондық почтамызға енеміз. Төмендегі жұмыс аймағы ашылады, мына суретке қараймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |