2) Базарлық қатынастардың субъектілерінің ортасын белгілеу. Мұнда әңгіме қатаң түрде, тежелген категориядағы адамдарды, толығымен белгіленген ұйымдарды және мекемелерді ештеңемен ақтауға болмайтын заңның қорғауынан алып шығу қажеттігі.
Ерекеше көңіл бөлуді керек ететін мәселе, кәсіпкерлікке және коммерциялық әрекеттерге, мемлекеттік аппараттарға, құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің және депутаттардың қатынасуы туралы.
3) Юстициямен шаруашылық және коммерция жүргізудегі кесірлі құралды алып тастап оған тыйым салу. Нарықтық өмірден, барлығына белгілі болған, қылмыстық нысандар мен әрекет түрлері ғана шығарылмай, құқыққа сайлары да шығарылатын сияқты көрінеді. Мысалы, мәдениетті дүниенің бәріне белгілі, монополияға қарсы заңдар, жарнамамен, товарлардың белгісімен, фирмалардың атымен теріс пайдаланғандарға қарсы әрекет жасайды.
Базарлық істерді және құқық туралы дауларды шешудің тәртіп жолын белгілеу.
Егер шаруашылық қатынастардың қатынасушыларына адал шешім қажет болса, онда ол мақсатқа жетудің жолы, дауды процессуальдық тәртіп қарау қажет. Кей жағдайларда дауласушы жақтар дауды шешуге мемлекеттік органдарды елемей, өз сотына – третейлік сотқа жүгінеді. Бірақ олар мемлекеттік қорғаудың кейбір түрлерінен айрылады.
Заңды жауапкершілікті белгілеу. Адалдық бұзылған жағдайларды орнына келтіріп, зияндылықтың орнын толтыруды талап етеді. Базарлық адалдық, материалдық жауапкершілікті талап етеді.
Құқық пен саясаттың арақатынасын қарай отырып, атап айтатынымыз, олардың өзі қоғамдық феномен ретінде мемлекеттің пайда болуымен байланысты көрінді. Мемлекет тарихи жағынан қоғамға бірінші саяси ықпал жасаған дәстүрлік құрал .
Дәстүрлік (Аристотльдің рухымен) саясат мемлекеттің қоғаммен басқарылуы ретінде түсіндіріледі. Саясатқа мынандай көзқарас тараған, яғни саясат әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеуші ретінде түсіндіріледі және олардың мүдделері кейде бір –біріне сай келеді, кейде идеологиялық не экономикалық себептерге байланысты сай келмейді.
Көптеген заң ғылымдарының өкілдері мынандай пікірде, яғни саясат - әртүрлі әлеуметтік топтардың билігі үшін күресі.
Саясаттың негізгі объектісі ретінде көрінетін проблемаларға, қоғамдық күштердің тепе-теңдігінің бұзылуы және олардың шешілуі мемлекеттік –құқықтық аяға өзгеріс кіргізетін тек реформалар арқылы болуында.
Құқық пен саясаттың арақатынасы адам баласы тарихында әртүрлі қалыптасты. Көне мәдениеттілік дәуірінде Көне Шығыста (Египет, Шумер, Вавилон) деспоттық мемлекеттер пайда болды, онда жоғарғы басқарушының еркі заңның мазмұнын белгілеген және жоғарғы адалдықтың көрсеткіші болған.
Басқарушының саясаты мынандай маңызды институттарға сүйенді: армия, дін, шенеуніктер, қауым, отбасы, олар құқық нормаларының мазмұнына белгілі ықпалын тигізді.
Ертедегі Көне Греция және Рим мемлекеттерінде әртүрлі басқару нысандары дамыды (демократия не аристократия, монархия, тирания). Сол ертедегі мемлекеттерде саясаттың түсінігі пайда болып, қоғамдық (зайырлы) институт ретінде, жалпы істердің полистердің, қала – мемлекеттердің мүдделерін көрсетті. Мемлекеттік биліктің алдындағы заңдардың біріншілігін ғылыми мойындау (Платон айтқан идея), адалдықтың саясаттың басты негізділігі (Аристотель), үлкен көңіл аударатын жағдайға айналды.
Орта ғасырда саяси институттар жоғарғы феодалдар мен шіркеудің қолдарына шоғырланды. Үлкен рөльді ондағы патша сарайы, әртүрлі оның «партиялары» атқарды. Олар монархтың ықпалына, күш жұмсау не неше түрлі ұйымдасу, феодалдар топтарының арасындағы келісімдер арқылы қол жеткізген және билік үшін күресіп жүрген сарай қызметкерлерін пайдаланған. Орта ғасырдағы мемлекеттердің негізгі сипатына жекелеген герцогтардың, княздіктердің биліктерінің бөлшектенгендігі жатады – сеньориальдық монархия. Соның нәтижесінде партикуляризм (бөлінушілік) феодалдық құқықта болды.
Европадағы орталықтанған монархияның (абсолютизмнің), өте үлкен теократикалық монархиясына азия мен Солтүстік Африкада құрылған жағдайларында, құқық және заң осы мемлекеттердің саясатына бағына бастады, яғни олардың бюрократиялық және әскери машинасына, себебі олар басқарушы топтардың мүдделерін қорғайды – дворяндар мен дін адамдарының.
Императорлық билік құқыққа ғана сүйенбей, адалдық мөлшері ретінде, көбірек озбырлыққа сүйенген және өзінің заңдарында бағынбағандарға қатаң жаза қолданған, сот көбінесе өсекке сеніп қинау арқылы қылмыстық жауапкершілікке құдайға қарсылық үшін, бал ашып алдағаны үшін және басқа дінге қарсы қылмыстар үшін жазаға тартқан.
Саясат пен құқықтың арақатынасындағы түпкілікті өзгеріс Европадағы және Солтүстік Америкадағы буржуазиялық революциялар кезінде болды, ол кезде заң шығару билігі халықтың өкілетті органдары – парламенттерге көшті.
Парламент заң шығару рөліне кірісе бастады, парламентпен қабылданған заңдар, біртіндеп соттық және атқарушы биліктерге міндетті бола бастады. Дегенмен үлкен капиталдың ықпалы заңдарға және оны орындауға, бюрократизм және басқадай «өзгермейтін» мемлекеттіктің терістігі сақталса да, теңдік принципі мен сотта қорғаушылық заңмен тұрғындардың мүддесін қорғауға мүмкіндік берді. Бұл тенденциялар, биліктің реакциялық саясатымен бұзылып тұрса да буржуазиялық дүниеде, дегенмен де беки түсті.
Құқықтың саясатқа қарағандағы артықшылық прогреске жетуі, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. Ол прогресс ұлттардың фашизмге қарсы күресте бірігуімен қамтамасыз етілгендігімен және жалпыға бірдей адам құқығы декларациясындағы бекітілген адамның еркіндігі мен лайықтығы, БҰҰ- ның мүшелері мен мемлекеттердің саясаты соған арналған негізгі заңдарды орындатуға бағытталды.
Қазақстан Республикасының және басқа ТМД мемлекеттерінің, адамның құқығы туралы Декларацияның принциптерін мойындауы, қарусыздандыруға көшу, басқа да жалпы бейбітшілікті бекіту, сенімділік, барлық жаңа мемлекеттерге қазіргі құқықтың жалпылама мойындалған демократиялық негіздерін, өздерінің конституцияларына кіргізуге жол ашты және мемлекетті құруды, ондағы құқықтың халықаралық нормалары және адам құқығы басты бағыт және саясатты іске асыруға мемлекеттің , саяси партиялардың , қоғамдық ұйымдардың, қоғамның құралы ретінде болуы тиіс болды.
Қазіргі дәуірде саясат пен мемлекеттің бір-бірімен байланыстылығы және әрекеттестігі маңызды мәселелер, себебі заңдылық құқық, тек сонда адал және адамгершілікте болады, егер олар барлық азаматтарға міндетті түрде тең болса.
Сонымен, құқықтық мемлекеттің саясаты, тіпті ҚР осы күнгі жағдайына таяу болса да, конституцияның және басқа заңдардың, сонымен қатар, халықаралық – құқықтың нормаларынан және мемлекеттердің басқа мемлекеттермен келісім – шарттарының талабынан ерікті бола алмайды. Мемлекет өзінің саяси шешімдерін міндетті түрде сақтауға тиісті.
Саясат пен құқықтың арақатынасы заңдардағы кіргізілген көрініп тұрған анық арақатынастар.
2 Құқық нормаларын қолдану актілермен логикалық құрылымы.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан – жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Көрсетілген құқық пен мемлекет қоғамның эканомикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарын реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процес. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуды:
қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауды;
қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын – ала нормативтік актілерді дайындау;
қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Құқықтық нормалар қоғамның эканомикалық - әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқықтық кек қоғамның әлеуметтік – эканомикалық даму процесін басқару мен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарын да реттеп, басқарып отырады.
Осы процесте халықтың ұйымдардың қоғамның даму қажеттілігін тілектерін жақсы дұрыс түсінуін объективтік құқық дейдіАл сол объективтік процесті нормативтікактілер арқылы басқаруды – субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арсында тығыз байланыс, бір – біріне тәуелділік, іс - әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан мемлекет бұл процестің бір жақты дамуына жол бермеуіне тиісті.
Субъективтік құқықтың белгі – нышандары:
Субъектілердің құқықтарының заңды түрде болуы;
Ол құқықтарды іске асыруға, пайдалануға мүмкіншіліктің болуы;
Субъектілердің бостандығы, құқықтарының дұрыс дамуы мемлекеттің бақылауында, қорғауында болуы.
Қазақстан мемлекетінің құқығының объективтік және субъективтік қалыптасу жолдары осындай. Бұл жолмен әлемдегі барлық мемлекеттер де өтті. Құқықтың даму негіздері де, нысаны да ұқсас деуге болады.Тек аздап ерекшеліктері бар. Мысалы, біздің Қазақстан мемлекетіміздің құқығының даму процесінде діни нормалардың тәжірибесін және процеденттік нормаларды өте аз пайдаланады.Дамыған елдердің демократияны дамыту тәжірибелерін өте кең пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының құқық нысанының түрлері:
құқықтық әдет – ғұрып, салт – дәстүр;
құқықтық прецедент;
Нормативтік шарттар;
Нормативтік құқықтық актілер.
Қазақстан мемлекетінің нормативтік актілерінің түрлері, жүйелері Констетуцияда толығымен көрсетілген. Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзыретіне, өкілеттілігіне сәйкес нормативтік актілер шығарады. Олар Констетуцияға нұқсан келтірмеуге міндетті. Констетуцияның талаптарының дұрыс орындалуын Президенттің аппараты мен Констетуциялық Кеңес бақылап отырады.
Республика Констетуциясында көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар және жай жарлықтар шығарады. Республика Президентінің жарлықтары Констетуция мен Республика заңдараның негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен:
1. Республика Президентінің актісін шығаруды талап ететін Президенттің Констетуциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.
2. Констетуцияда және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері шешіледі:
3. Парламенттің заңды міндетіне кірмейтін, сондай – ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәсенлелерді құқықтық жүйелендіру жүзеге асырылады.
4. Республиканың эканомикалық және саяси - әлеуметтік дамуы жөніндегі стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Констетуциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің номативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, сондай – ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.
Парламент пен Палаталар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзгеде актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай акетілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.
Үкімет актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілер алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премер – Министр қол қояды. Ремьер – Министр өз құзыреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер – Министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президентімен Үкіметтің өзі , ал Премьер – Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті немесе Премьер – Министр жоя алады.
Жоғарғы сот актілері – Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы Соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының қаулылары мен өзгеде актілері. Сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.
Министрлік – ведомстволар өз құзыреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері – Кеңестер, Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер – тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Констетуцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Парламенттік Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет құрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент констетуциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.
Мемлекеттің басқа органдарының (президенттің, өкіметтің, премьер – министрдің, сот органдарының, жергілікті басқару органдарының тағы басқа) нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту құзыреттері Президенттік Республикадан көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993 жылы Констетуция бойынша Парламенттік Республика, 1995 жылы екінші Констетуцияға сәйкес – Президенттік Республика болды.
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына блгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де, қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағыну қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
Заң нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеу, жолға салу және қорғау үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі – ақ жеткілікті. Мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін сондай әрекетке қабілеті бар адамдарға ерік, еркіндік, мүмкіндік берсе, олардың заң әрекеттерін қорғаса, соның өзі жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс - әрекеттерден қорғау керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіріледі. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормалары көтермелеу мақсатында көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал қызмет еткендерге құрметті атақтар беріледі. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
2.1 Құқық нормаларын қолдану актілері:
Құзіретті органдардың қызметі құқық нормаларын қолдану актілерін шығарумен бекіріп, ресми маңызын және билік сипатын береді.
Құқық нормаларын қолдану актілері – бұл ресми құқықтық құжат, онда құзыретті органның жекелеген, мемлекеттік – биліктік ұйғарымы болады, ол нақты заңды істі шешу нәтижесінде шығарылады.
Құқық нормаларын қолдану актілері қандай, негізгі белгілермен сипатталады.
Біріншіден, құқық нормаларын қолдану актілері билік сипавтта болады және мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Оның ішіндегі нақты ұйғарымдардың көпшілікке бірдей міндеттілік маңызы бар, кімге қатысы болса соған және қажетті жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың уақытша пайдалануға лаған заттары соттың шешімімен иесіне қайтарылуы орындауға жататын міндеттілік. Ол актіні, құқық нормасын азамат бұзса, жауапқа тартылады, сотталады.
Екіншіден, қолдану актісі – жекелеген құқықтық акт. Ол қатаң түрде, белгілі адамдарға жатады. Құқық қолдану актісі, тек сол оқиғаға ғанаарналады және оған ұқсаған оқиғаға қатынасы жоқ. Сонымен, ол құқық нормалары бар жалпы сипаттағы нормативтік – құқықтық актілерден өзгешеленеді. Құқық нормалары, көптеген бір түрдегі оқиғаларды реттейді және өз аясындағы барлық адамдарға қатынасы бар. Олар бірнеше рет қолдануға есептелген. Жекелеген құқықтық актілерде құқық нормалары жоқ. Олар тік, жалпы ұйғарымдарды жеке адамдарға, ұйымдарға бейімдейді, бір реттік қана мәні бар. Соған байланысты құқық нормаларын қолдану актілері, құқық деректеріне жатпайды. Заңдар жинағына олар кіргізілмейді.
Үшіншіден, құқық қолдану актілері заңды болуы міндетті, қатаң түрде заңға сай шығарылады, белгілі құқық нормаларына сүйенеді. Мысалы, соттың үкімі (адамды жазалау туралы), қылмыстық құқық негізінде шығарылады. Егер қолдану актісі заңға қайшы болса, ол міндетті түрде жойылады.
Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану актілері заңда көрсетілген нысанда шығарылады және анықталған аты болады. Заң алдын –ала, жекелеген актілерді дайындаудың және шығарудың қатаң тәртібін белгілейді. Мысалға, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура органдары) қабылдайтын актілерінің міндетті түрде мынандай (элементтері) бөліктері болуы қажет:
1. Кіріспе бөлімі, онда актінің, оны шығарған органның аты, шыққан уақыты, мекен – жайы;
2. Түсіндірме бөлімі, онда істің деректі мән – жайы көрсетіледі;
3. Дәлелдеу бөлімі, қабылданған шешімге негіздеме беру;
4. Қорытынды бөлім, онда шешімнің мазмұны баяндалады;
Әрбір құқық қолдану актілерінің қатаң түрде белгіленген аттары болады:
1. Үкім;
2. Бұйрық;
3. Қаулы;
4. Өкім;
Құқық нормаларын қолдану актілерін бөлу, әр түрлі негіздерге байланысты жүргізіледі. Құқық нормаларын қолданатын субъектілерге байланысты болады. Жекелеген құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:
Мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының актілері;
Мемлекеттік биліктің атқарушы – иелік етуші органдарының актілері;
Мемлекеттік құқық қорғау органдарының актілері (сот, прокуратура, арбитраж және тағы сол сиқтылар)
Мемлекеттік бақылау органдарының актілері (салық инспекциясы, кедендік органдар және тағы сол сияқтылар).
Қоғамдық қатынастардың мазмұнына, және оларға қолданылатын құқық нормаларына байланысты, құқық қолдану актілері былай бөлінеді:
Реттеуші актілер, адамдардың құқықтық тәртіптеріне сай, нақты түрдегі заңды құқықтарды, міндеттерді белгілейді (мысалы, жоғары оқу орнының ректорының сол оқу орнына кіргізу туралы бұйрығы, әлеуметтік қамсыздандыру органдарының мекемелерінің зейнетақысы тағайындауы және тағы басқа).
Қорғаушы актілер, жеке адамдардың құқық бұзуына байланысты шығарылады (соттың үкімі, тергеушінің сезікті адамды кінәлі ретінде жауапқа тарту туралы қаулысы, прокурордың наразылығы).
Сонымен, құқық нормаларын қолдану актілері, құқық нормаларының ұйғарымдарын іске асырудағы маңызды құрал болып табылады.
Нормативтік – құқықтық актілердің уақыттағы,
Кеңістіктегі және адамдар арасындағы әрекеттер.
Нормативтік – құқықтық актілердің әрекеттілік шегін белгілеу, құқық нормаларын дұрыс іске асыруға қажет. Себебі, қандай нормативті актілер болмасын, белгілі уақытта белгілі кеңістікте, белгілі адамдардың тәртібін реттеуге шығарылады. Жоғарыда айтылғандай, бұл мәселенің үлкен маңызы барлығы құқық қорғау органдарының құзыретті органдарының қызметіне байланысты.
Уақыттағы әрекет. Нормативтік – құқықтық актілер өз әрекетін күшіне кірген мезгілден бастайды. Көптеген елдерде, нормативтік актілердің күшіне кіруіне арналған тәртіптері бар.
1. Актінің өз күшіне кіруі, құқықтық – шығанрмашылық органның қабылдаған уақыттан басталады.
2. Акт өзінің күшіне жарияланғаннан кейін, белгілі уақыт өткеннен кейін кіреді. Мысалы, біздің мемлекетте заңды актілер өз кеңістігімізде, оларды баспада жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін ғана күшіне кіреді.
3. Нормативтік – құқықтық актінің өз күшіне кіруі, сол қабылданған актінің өзінде қоса көрсетіледі, не болмаса оны күшіне келтіру туралы арнайы акт жарияланады.
Нормативтік – құқықтық актілердің күшіне кіруінің маңыздылығын сонда, сол кезден бастап олардың ұйғарымдары орындалуы қажет. Жаңа нормативтік – құқықтық актілер өзінің әрекетін тек, өзінің күшіне кіргеннен кейінгі қатынастарға таратады. Оның кері күші жоқ. Бұл принциптің ерекшелігі, нормативті актілердің ұйғарымдары, оны басып шыққанға дейінгі пайда болған қатынастарға таралмайды деген ұйғарым қабылдаған.
Құқық нормаларын таңдағанда және талдағанда, бір оқиға бірнеше нормаларымен реттелетінін және олардың дәл келмейтіндігін, тіпті мазмұндары бойынша бір – біріне қарама – қайшы екендігін анықтаймыз. Мұндай жағдайда, құқық нормаларының толық емес екендігін көреміз. Құқық нормаларының арасындағы жетімсіздікті (коллизияны) қалай шешуге болады? Бұл мән – жайға құзыретті орган қандай нормаларды қолданады?
Құқық қорғау органдарының қызметтерінде ондай жетімсіздікті шешуге арналған мынадай тәртіптер бар:
1. Егер феодалдық заңдар нормаларымен, республикалық заңдар нормаларының арасында қарама – қайшылық болса, федеративтік заңдар нормасын пайдалану қажет;
2. Егер қарама – қайшылықтар әр түрлі органдар нормалар арасында болса жоғарғы органдардың нормалары пайдаланылады;
3. Қарама – қайшылық, бір орган қабылдаған нормалардың арасында болса, кейінгі қабылданған нормалар пайдаланылады;
4. Қарама – қайшылық жалпы және арнайы нормалардың арасында болса, арнайысы пайдаланылады;
Құзыретті органдардың мақсатына, осы кезеңдегі пайдаланылатын нормаларға түсінік (талдау) беру жатады, және құқықтағы жетімсіздіктерді болғызбау үшін құқықтағы ұқсастықты пайдалануы қажет. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс - әрекеттерден қорғау керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіріледі. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормалары көтермелеу мақсатында көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал қызмет еткендерге құрметті атақтар беріледі. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастардыф бейнелейді. Гипотезаның көмегімен мінез – құлықтың
қиялдағы вариянты нақтылы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады
2.2 Құқықтық норманың логикалық құрылымы;
Әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Оның құрылысы белгілі құрамды бөлшектерден тұрады:
Гипотеза (болжам);
Диспозиция (мінез – құлық ережесі);
Санкция (жаза, шара);
Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атайды.
Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән – жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық норманы тірілтеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Егер осындай іс - әрекет жасаса, заңды бұзушы тиісті жауапқа тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән – жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, онда оны жай гипотеза деп атайды. Мысалы, егер бала туғанда ата – анасы Қазақстан Республиканың азаматтары болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән – жай қажет болса, онда ондай гипотезаны күрделі гипотеза деп атайды.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән – жайдың біреуіне байланысты болса, онда ондай гипотезаны балама гипотеза деп атайды.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі. Диспозиция – құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан ғана тұрмайды. Гипотеза және санкциямен бір байланыста болғанда ғана диспозицияның өзінің реттеушісі қызметін атқара алады. Диспозиция – міез – құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады:
а) жай диспозиция, егер мінез – құлықтың мазмұны ашылмаса;
ә) бейнеленген диспозиция, егер мінез – құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса;
б) сілтеме диспозициясы – егер құықтық норма диспозициясы анықталған басқа құықтық нормаға сілтесе.
Құқықтық норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс - әрекеттерді, мінез – құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері:
а) абсалютті – анық;
ә) баламалы;
б) салыстырмалы;
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:
абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:
салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
Құқықтың нормалар мен заң бабының арақатынасы:
Заң (басқа да нормативтік – құқықтық актілер) нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда, бірнеше, ондаған баптары болуы мүмкін. Ал заңнаың бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді, бапта екі норма болуы мүмкін, онда, әрине, баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Констетуциясының 34 – бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасының Констетуциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар – намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
III.Құқық нормаларын талқылаудың түсінігі;
Талқылау – құқық нормаларына түсінік беру.
Құқық нормаларын талқылау – мемлекеттің құзыретті органдарының қызмет және қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мәнісіндегі
құқық нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау процесінде норма әрекеттерінің жағдайы, құқықтық қатынастың мүшелерінің заңды құқықтары және міндеттері белгіленеді, сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.
Талқылау құқық нормаларының іске асырылуын толық және жан – жақты жүргізу, атқару органдарының қызметінде, сот және прокуратура органдарында, азаматтарының және ұйымдарының өздерінің, заңды құқықтары мен міндеттерін орындау кезінде қамтамасыз етілуі қажет болады. Соған байланысты, талқылау құқық нормаларының барлық әрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге және қолдануға ықпал жасайды, әр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты және біркелкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Құқық нормаларын талқылаудың екі бағыты бар: анықтау (өз түсінігі) және түсіндіру (басқаға түсіндіру).
Құқық нормаларының мәнін анықтау, оның талабын дұрыс түсінуге қажетті алғы шарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде яғни, түсіну процесінде оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда, құқық нормаларының мәнін шын мәнісінде қосымша түсіндіру қажет болады. Барлық құқық нормалары анықталады, ал сөйлеу жөніндегі дәлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процес кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті және жетімді тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады.
Талқылаудың тиімділігі, талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне байланысты болады. Құқықтық сана деңгейі жоғары адам, түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз болады, жеке адамның құқығы мен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады.
Талқылауда ерекше ролді арнайы заңгерлік дайындығы бар, заң ғылымдарының жетістіктерін терең меңгерген жоғары заңдылық мәдениеті бар адамдарға беріледі. Заңгерлердің кәсіби дайындықтарының деңгейінен көп жағдайда құқықты түсіндіру жұмысының сапасы көрінеді, тұрғындар шын мәнісінде құқық нормаларының мәнін, олардың ұйғарымдарының дәл іске асырылуының қажет екендігін түсінеді.
Талқылаудың негізгі тәсілдері – құқық нормаларының мазмұнын анықтауға арналған.
1. Грамматикалық талқылау – құқық нормаларының мәнін грамматикалық тәсілде қолданып, оның мәнін (түпнұсқасын) талдап түсіну. Мұндай талқылаудағы қажеттілік, қандай сөздерде, сөйлемдерде құқық нормаларының гипотезасы (болжал), диспозициясы және санкциясы құрылғандығын білуіміз керек. Ол үшін, жекелеген сөздердің маңызы белгіленеді, олардың грамматикалық нысаны түсіндіріледі, бір – бірінің арсындағы байланыстар белгіленеді. Содан кейін, норманы құрайтын сөйлемнің грамматикалық және мәнді құрамы түсіндіріледі. Құқық нормасын грамматикалық талқылауда, жекелеген атаулардың маңызын білуге арнайы тоқтау қажет. Дегенмен, заңда кейбіреулеріне ерекше мән беріледі (мысалы, лауазымды адам, кінәсіз жәбірленуші, дәлелдемелер және тағы басқа). Ондай атауларды түсіндіру, көп жағдайда, заңдардың өзінде және басқа нормативтік – құқықтық актілерде түсіндіріледі. Құқық нормаларын қолдану кезде, әр түрлі маңыздағы көп пайданылатын атулардың тікелей құқықтық – шығармашылық органының өзімен белгіленген шын мәнін білуі қажет. Онсыз заңды істерді теріс шешуге әкеліп соғуы мүмкін. Нормативтік – құқықтық актілерде аранайы атаулар кең пайдаланылады, олар әр түрлі техника, ғылым, өнер салаларынан болады. Оларды дұрыс түсіну үшін, сөздіктерге және мамандардың көмегіне сүйену қажет.
2. Жүйелі талқылау дегеніміз құқық нормаларының мазмұнын басқа нормалармен салыстыру арқылы түсіндіру және оның солармен байланысын анықтау. Әрбір құқық нормалары, құқық жүйесінің бір бөлігі және басқа нормалармен бірігіп әрекет етеді.
Сондықтан, белгілі құқық нормаларының мазмұнын түсіну үшін, оның басқа нормалармен логикалық байланысын түсіну қажет. Ең алдымен, мазмұны жағынан талқылайтын нормалармен байланысты талдау белгіленеді. Ойға алатын нәрсе, қандай нормативтік – құқықтық актіде (заңда, қаулыда, жарлықта және тағы басқа), ол қандай орын алады. Егер, ол норма қосымша заң актілерінде болса, оның заңға не болмаса басқа, үлкен заңдылық күші бар актіге сай екендігіне көз жеткізу қажет. Әр түрлі құқық салаларының нормаларымен салыстырылуы мүмкін.
Құқық нормаларын қолданылатын органдар үшін, жүйелі талқылаудың үлкен маңызы бар. Ол заңды істерді дұрыс бөлуге қажетті жағдай жасайды. Мысалы, арнайы әскери машинаны жүргізу тәртібін бұзғандықтан, қылмыстық жауапқа тартатын норманы қолдану үшін, қандай тәртіп бұзылғанын белгілеу қажет. Ол үшін, басқа нормативтік актілерге қараймыз, себебі оның тәртібі сонда көрсетілген. Жалпы алғанда, жүйелік талқылау қарым – қатынаспен бір – біріне тәуелді, құқық нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастармен қамтамасыз етілген.
3. Тарихи – саяси талдау – құқық нормаларының мақсатын міндетін, сол өздері қабылдаған кезеңдегі, тарихи жағдайларды зерттеу арқылы түсіндіру. Тарихи – саяси түсінуде қажетті нәрсе, оның тереңге кететін әлеуметтік бағытын және құқық нормаларын мақсатын зерттеу керек, оның нақты қабылданған жағдайын білу қажет. Мұндай жағдай, нормалардың әлеуметтік – саяси мәнін ашып көрсетуге мүмкіндік береді, оның негізін адамгершілік мазмұнын көрсетеді.
Тарихи – саяси талдау, құқық нормаларын дәл және дұрыс іске асыруға көмектеседі, қолдану кезіндегі заңдылықтың бұзылуына тежеу болады.
Құқық нормаларын түсінуде барлық көрсетілген тәсілдерді пайдалану қажет. Оларды біріктіріп қолдану, талқылайтын құқық нормаларының мәнін дәл және дұрыс түсінуге жағдай жасайды.
4. Құқық нормаларын талқылаудың нәтижелері. Құқық нормаларына шек қотын және таратушы талқылаулар.
Құқық нормаларының мазмұнын түсіну, олардың толық және дәл іске асырылуына әкелуі міндетті. Талқылаудың нәтижесінде құқық нормалары толық түрдегі анықтықта және мәні белгілі болуы қажет.
Мағынаның айқындығы – норманың мазмұнын терең түсіну, талқылаудың нәтижесіндегі әр түрлі сенімсіздіктің жоқтығы.
Мағынаның белгілігі – жасалған қорытындылардың негізінде, бір, не бірнеше шешім шығаруға жол бермейтін, құқық нормаларының мазмұндарының нақтылығы.
Талқылаудың нәтижелері, мәтіндегі нормалардың көрінісімен (заңның сөзі) және оның шын мәнісіндегі мазмұндарының (заңның рухы) арасындағы қатынастарға байланысты түрлерге бөлінеді.
Көбінесе, шын мәніндегі құқық нормаларының мәнін сөз арқылы түсінуге болады, норманың анық түрдегі мәтініне сай болуы қажет. Ондай талқылауды сөзбе – сөз талқылау – деп атайды. Сөзбе – сөз талқылауда, құқық нормалары толығымен оның мәтінінің мазмұнына сай келеді (заңның сөзі мен рухы бір – бірімен дәл келеді).
Егер түсіну нәтижесінде, шын мәнісіндегі мазмұны оның мәтіндегі көрінісінен кемдеу болса, талқылауды шек қоюшы (шектеуші), деп атайды. Мұндай заңның рухы және заңның сөзі. Шектеуші тлқылауды, норманың мәтіндері оның мазмұнымен толық сәйкестендіріледі.
Егер, түсіну нәтижесінде нормалардың шын мазмұны оның мәтінінде кеңдеу болса, онда оны таратушы талқылау деп атайды. Мұнда заңның рухы, заңның сөзіне кең. Бұған мысал ретінде Констетуцияның бабын айтуға болады, онда соттар тәуелсіз, тек заңға бағынады – делінген, Констетуцияның бұл бабындағы шын мәніндегі заң атауының мазмұны, оның сөздік көрінісіне қарағанда кең.
Сонымен, шектеу және тарату талқылаулары шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын толық сәкестендіреді және нормативтік – құқықтық баптың мәтінінде дәл жазылады.
Құқық нормаларын ресми және ресми емес, нормативті және казуальді талқылау. Заңға қосымша актілер.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілігі толық еместігін байқаймыз. Ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруге қиындық туғызады, мысалға кейбір кездегі кездесетін іс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайда жататындар құқық нормаларын талқылау – түсіндіру және оларды дәл іске асыруды қамтамасыз ету, іс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.
Құқық нормаларын түсіндіру – шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын ашуға бағытталған нұсқаулар не ұсыныстар.
Құқық нормаларын түсіндіретін субъектілерге байланысты, талқылау түсіндіру екіге бөлінеді:
1. Ресми;
2. Ресми емес;
Ресми талқылау – құқық нормаларының тек құзыретті органдарымен түсіндіріледі. Ол норманы қабылдаған органдардың барлығының міндеті болып табылады. Ресми талқылау арнайы актілерде жарияланады, яғни құзыретті органдардың шығаратын баспасында болады (қаулы нұсқау және тағы басқа).
Ресми талқылаулар өздерінің көлемдеріне байланысты нормативті және казуальді (жекелеген) болып екіге бөлінеді.
Нормативтік талқылау – белгілі нормаларды не құқық нормаларын қолданатын жеке адаммен органдардың міндетті түрдегі ресми түсініктемелері. Ондай түсіндіру, талқыланатын құқық нормаларымен барлық жағдайларға таратылады. Соған сәйкес, оның талабын өмірде дұрыс, біржақты жүргізілу қамтамасыз етіледі. Ресми талқылауды, соны шығарған органның өзі беруі мүмкін. Ондай талқылау аудентивтік мысалға, Президенттің өзі шығарған жарлыққа өзінің түсінік беруі. Сонымен қатар, нормаларды ресми талқылау, соны шығарған органдардың өзімен жүргізілуі мүмкін. Ондай жағдайда, оларға көрсетілген нормаларды түсіндіруге арнайы өкілеттілік беріледі. Мысалы, заң шығарушы орган, соған сай атқарушы билік органдарына, өзі шығарған заңдарды түсіндіру жөнінде тапсырма бере алады. Арнайы өкілеттіктерінің негізінде министрліктер және ведомствалардың үкімет шығарған нормативтік – құқықтық нормаларды түсіндіруге құқықтары бар. Мысалы, Қаржы министірі өзі шығарған мемлекеттік бюджетті түсіндірсе, Еңбек министірі еңбек қорын пайдалану туралы түсінік береді.
Казуальді талқылау – нақты заңды істі қарау кезіндегі құқық нормаларының мазмұнына түсінік беру. Ондай талқылаудың казуальді деп айтылуы, ол тек сол нақты оқиға (казуасқа) байланысты. Казуальді талқылаудың қажеттігі тек сол уақытта керек, егер төменгі құқық қолданушы органдардың шешімі нақты заңды іс бойынша дұрыс болмаса, заңға қайшы болса. Сонымен бірге, олар сол норманы қолданатын басқа органдарға үлгі болады.
Нормативті және казуальді түсіндірулер, өзінің мазмұндары бойынша соттық және әкімшілік талқылауға бөлінеді.
Соттық талқылау – құқық нормаларының мәнін соттардың түсіндіруі. Құқық нормаларын сот қызметінде дұрыс түсіну – оны біркелкі пайдалануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Жоғарғы Сот органдарының, төменгі сот органдарына, сот процесінде туатын азаматтық және қылмыстық заңды пайдалану туралы түсініктерінің үлкен маңызы бар. Жоғарғы Сот органдарының билігі барлық соттарға міндетті және түсіндірілген құқық нормаларын қолданатын органдармен, лауазымда адамдарға да тікелей қатысы бар.
Әкімшілік талқылау – құқық нормаларының мәнін атқарушы және өкім шығарушы органдармен түсіндірілуі. Ондай талқылау басқару, еңбек, әлеуметтік қауіпсіздендіру және басқа мәселелерге арналады.
Өзіне берілген құзыреттеріне байланысты, жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздері шығарған құқық нормаларына түсінік беруге құқықтары бар, ондағы құқық нормаларының әрекеті, тек сол аудан, қала аумағымен шектелген.
Ресми талқылауларды актілер нысанында, соған сай құзыретті органдар шығарады. Ресми талқылаудың заңды күші, соны шығарған органдардың өкілеттігіне байланысты. Ол актілерде, түсіндірулермен қатар, дербес нормалар не жекелеген ұйғарымдар болуы мүмкін. Осыларға байланысты нормативтік актілерді дәлсіздік және түсініксіздіктер жойылады, сол актілерді іс жүзінде пайдалану жетілдіре түседі.
3.1 Құқықтық нормаларды талқылаудың ресми актілері:
Құқықтық нормаларды талқылаудың Ресми актілері (талғап – талғап түсіндіру) – құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру, екіншіден, олардың ұйғарымын нақтылау және дәлелдеу. Талдау және талғау актілерінің ерекшелігі, олар талқыланатын заң нормалары кіретін нормативтік – құқықтық актілермен бірігіп әрекет етеді.
Талдау талғаудың нәтижесін біріктіретін құрал – нысан. Міне, осындай актілер толық көлемде құқық нормаларын ресми түсіндірудің функцисын орындайды, себебі, олар құзыретті органдардың құқықтық – шығармашылығы қызметіне қатынасы жоқ.
Ресми емес талқылау – құқық нормаларының мәнін түсіндіру, міндетті сиптта болмайды. Ол әрбір азаматтардан, не қоғамдық ұйғарымдардан шығады. Ондай талқылаулар, құқық нормаларын қолданатын органдарға, не лауазым иелеріне міндетті емес. Дегенмен, ресми емес талқылаулар, оларға өте үлкен көмекті, құқық нормаларын іс жүзінде қолданғанда көрсетеді. Құқық нормаларын дәл және дұрыс іске асыру үшін,үлкен мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің белгілі заңдардың қоғамдық өмірдегі негізі, олардың іс жүзіндегі бағыты жөніндегі айтқандарының үлкен маңызы бар. Оларды түсіндіру, заңның мәнін жан – жақты, терең меңгеруге ықпал жасайды, азаматтардың құқықтық танымның деңгейін көрсетеді заң талаптарының дұрыс іске асырылуын қамтамасыз етіледі.
Құқық нормаларын ресми емес талқылаудың бір түрі – доктриналдық (ғылыми) талқылау. Ол арнайы ғылыми – зерттеу мекемелермен, кәсіпкер ғалымдармен, заңдарға берілетін түсініктемелерде, ғылыми жұмыстарда, мақалаларда, лекцияларда беріледі.
Доктриналдық түсіндіру, құқық нормаларының мазмұнын және оларды қолдану тәжірибесін түсіндіру, олар білімге және құқықтық реттеудің заңдылығына терең білгендікке, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы құқықтың роліне, нақты заңдылық мәселелерді шешуге негізделеді. Ғылыми ұсыныстар, арнайы органдардың құқықтық шығармашылығын жетілдіруге және құқықты қолдану қызметіне, оларды объективті қоғамдық дамудың заңдылығына сәйкес келтіруге көмектеседі.
3.2 Құқықтық нормалардағы заңды айғақтар.
Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесіңде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құкығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).
Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде кұқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Занды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру; т.с.с). Әрекеттер өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мумкін. Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары, әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген болса ғана айғақтарға жатады.
Жалпы алғанда әрекеттер дегеніміз адамдардың ерік ықтиярларын білдіретін жүріс-тұрыстық, іс-қылықтық актілері. Адамдар өздерінің күнделікті болмысында қаншалықты мөлшер өлшеусіз, сансыз жүріс-тұрыс (әрекет) актілерін атқарады. Солай бола тұрса да заң сол актілердің белгілі бөлігімен ғана заңдық зардаптардың болғанын байланыстыра қарастырады. Сонда, тек қана осы жүріс-тұрыс (әрекеттері) актілері ғана заң мағынасындағы әрекеттер болады яғни құқықтық әрекеттер болады.
Мұндай әрекеттер занды яғни кұқықтық ұйғарымдарға сай келетіндері, оны бұзбайтындары және заңсыз болуы мүмкін. Олар құқықтык талаптарға сай келмейді, оларды бұзады.
Заңды әрекеттер өз кезегінде заңдық акт және заңды қылық деп бөлінеді.
Заңдық актілер нақты кұкықтык нәтижелерге қол жеткізу мақсатында атқарылған әрекеттер (азаматтық-құқықтык келісім немесе еңбек шартына отыру, некелесу жөне т.б).
Заңды қылық — өздерінің алдына кұкықтық мақсат қоймаған, дегенмен объективті себептерден болатын, субъектісінің ерік ықтияры мен ниетінен тысқары болып келетін құкықтық салдардын негізінде туындайтын занды іс-әрекеттер. Мысалы, әдеби шығарманы немесе өнер табудағы шығарма, туынды шығармашылық актісі болып табылады. Бірақ осының нәтижесінде жазушының, ақынның, ғалымның авторлық құқығы пайда болады.
Заңды актілер де және занды қылықтар да формальды болуы мүмкін (олардағы құкықтық салдардың туыңдысына сол әрекеттер жеткілікті болатын болса).
Сонымен қатар нәтижелі болуы мүмкін (егер де құқықтық салдарда туындайтындар сол әрекеттердің өзі емес, тек олардың нәтижелері болатын болса). Мысалы, ақшаны қарызға беру фактісінің өзі қарыз алушының алған қарызын қайтаруды талап ету құқығын туындатады. Сот шешімінің заңдық салдары оны дайындау мен жазып шығудағы әрекеттерден туындамайды. Керісінше сол шешімнің құкықтық акт ретіндегі күшінен туындайды. Сондай-ақ авторлық құқық әдеби, живописьтік және т.б. ой еңбегі шығармаларының жарық көргеннен кейін ғана барып пайда болады, алдыңғы және соңғы жағдайда да іс-әрекеттің нәтижесінде туындап отыр.
Заңдық салдар заңсыз іс-әрекеттердің де салдарынан заңдық салдарды туындатады: тергеу органдарының қылмысты ашуы, оны табу, білу туралы міндеттерін туындатады; жәбірленушінің және басқалардың да өтініш, арызды кұқық корғау органдарына беру құқығы және т.б. туындайды.
Заңсыз іс-әрекеттер құқық бұзушылық (қылмыс жөне теріс қылық, яғни тәртіпсіздік) және объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер деп жіктелінеді. Осы екеуінің арасындағы айырмашылыкқа келер болсақ: құқық бұзушылық басқа да түрлі құқыктық қатынастармен бірге заң алдыңда жауапты болу қатынастарында (қылмыстык, әкімшілік және т.б.), ал объективті түрдегі кұқыққа карсы іс-әрекеттер заң алдындағы жауаптылықты туындатпайды. Мысалы, ойын баласы (жасөспірім) ойнап жүріп көршілерінің кора-қопсысын от қойып өртеп алғаны үшін қылмыстык жауаптылыкқа тартылуы мүмкін емес. Ондайда, қылмыстық құкықтық қатынастар туындамайды. Бірақ оның әрекеті азаматтык-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады зиян шеккеннен келтірілген зардаптарының өтелуін талап ету құқығы туындайды.
Құқықтық оқиғалар яғни белгілі бір салдардың туындауын болғызатын оқиғалар. Бұлардың көпшілігі табиғатта кездесетін, адамның саналы тіршілігіндегі жүріс тұрыстарымен (әрекеттерімен) байланысты болмайтын құбылыстар: жер сілкінісі, су тасқыны және басқада табиғат апаттары, мерзімінің өтіп кетуі, заң белгілеген жасқа келу, адамның қартайып барып өмірден озуы және тағы сондай сондайлар. Мұндай оқиғаларды абсолюттік оқиғалар деп атайды.
Алайда, құқықтық оқиғалар салыстырмалы да болуы мүмкін, яғни құкықтық қатьшастардың катысушылары болмайтын адамдардың теріс қылықтары мен әрекеттері туындатқан оқиғалар. Мысалы, адамның қаза табуы немесе оның мүлкін жойып жіберу тек табиғат апатының салдарынан ғана болуы мүмкін емес, сонымен бірге адамнын мінезі жүріс-тұрыс актісінің салдары да болуы мүмкін ғой (өлтіру, ертеу). Егер де заңдық жауапкершілік қатынастарын нақты қылмыстық әрекеттер туындатса, яғни кінәлілердің ерік-ықтиярлы әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) туындаған болса, онда кауіпсіздендіру шарты жағдайының туындауы жаңағы әрекеттердің тікелей салдары емес, тек олардың нәтижесінің ғана (өлуінің, мүліктің жойылуының) салдары болады, яғни дәл нақты оқиғалардың салдары оларды туындатқан себептеріне қарамастан-ақ пайда болады.
Занды фактілердің араларында ерекше орында тұратыны кұқықтық жай-күй, ахуал яғни созылмалы жағдай, субъектінің қоғамдағы алатын орнын, басқалармен анық қатынастарын білдіретін және т.т. (азаматтылық, некелік, ауру-сырқаулылығы, еңбек стажы) — құқықтық ахуал, жай-күй заңды және заңсыз әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін (некеде тұруы немесе іздеуде болуы). Сондай-ақ оқиғаларда да (туыстық қатынастар) болуы мүмкін.
Құқықтық катынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуына жиі реттерде бір ғана заңдық емес, ондайдың бірнешеулері жиынтығымен қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Оның үстіне олар әр алуан сыныптамалық топтамаларға жатуы да мүмкін. Осындай жиынтықты заңдық құрам деп атайды. Мысалы, кәрілігі бойынша зейнетақы алуға құқылы болу үшін: белгілі зейнеткерлік жасына толуы кажет (оқиға), еңбегінің белгіленген стажы болуы (құкықтық ахуалы, жай-күйі) және құқық өкілеттігі бар мемлекеттік органның шешімі (зандық акт) болулары қажет. Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретіңде тіркеу үшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі колдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясьшың шешімі кажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмамдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.
Құқықтық қатынастар пайда болады, өзгереді не болмаса белгілі өмір
жағдайларына байланысты жойылады. Мысалы, шын мәнінде әскерге шақырылу айғағы, әскерге шақырылушының әскери қызметтегі құқықтық қатынастарға түсуге негіз болады, одан босату керісінше, құқықтық қатынастарды тоқтатады. Кәмелеттік жасқа келу құқықтық қатынастарды туғызады, яғни азаматтар мемлекеттің жоғарғы өкімет органдарын сайлауға қатынасады. Баланың тууына байланысты, ерлі- зайыптылардың оны өсіріп тәрбиелеу міндеттері туады.
Заңды айғақтар құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі не болмаса жойылуы жөніндегі айқын өмір жағдайлары. Заңды айғақтар, құқық нормаларының болжамымен құрылады. Заңды айғақтар, басқа сөзбен айтсақ, құқық нормалрында алдын ала көрсетілген негізіне байланысты, субьектілердің арасындағы қатынастар арқылы пайда болады.
Заңды айғақтардың, қоғамдық қатынастарды реттеуге іс жүзінде үлкен маңызы бар. Заңды айғақтардың барлығы не болмаса жоқтығына байланысты, белгілі субьектінің құқығы мен міндеті белгіленеді. Соған байланысты, заңгердің жұмысындағы жан-жақты тексеру және заңды фактілерді дұрыс анықтаудың үлкен маңызы бар. Ол қандай құқықтық қатынас бар екенін белгілейді, оның мүшелерінің қандай құқықтары мен міндеттері барлығын
анықтайды. Мысалы, қылмыс жасау қылмыс жасаған адаммен жауапты лауазымды адамның (тергеуші, сот) арасындағы қылмыстық құқықтық қатынастарды туғызған заңды айғақтарды дәлелдейді. Тергеуші, сот, белгілі адаммен қылмыс жасалғанын, дәл айғақтарға сүйеніп анықтауы қажет, ол қылмыстық-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады.
Заңды айғақтар, олардың жекелеген субьектілернінің еріктеріне байланысты екі топқа бөлінеді: оқиға және қимыл (әрекет).
Оқиға- адамның еркінен тәуелсіз өтетін заңды фактілер (деректер туу не адамның өлімі, кәмелеттік жасқа толу, сұрапыл құбылыс).
Қимыл (әрекет)-болуы адамдардың еркінің сапасына байланысты заңды фактілер. Заңдылық жағынан көзқарас бойынша, барлық адамдардың қимылдары құқыққа сай және құқыққа сай еместік (құқық бұзушы) болып екіге бөлінеді.
Құқыққа сай әрекеттерге-құқық нормаларымен алдын ала белгіленген адамдардың заңды құқықтары мен заңды міндеттерінің пайда болуы жөніндегі өзіне тартатын, заңды айғақтар.Өз жағынан құқыққа сай әректтер заңды актілерге және заңды қылықтарға бөлінеді.
Заңды актілер-белгілі құқықтық қатынастарғакіру мақсатында, адамдармен арнайы жасалатын құқыққа сай әрекеттер. Мысалы, сатып алу сату шарты, тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы. Әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының зейнетақы тағайындау туралы шешімін айтуға болады. Бірінші жағдайда, мүліктік құқықтық қатынастар пайда болса, екіншіде қылмыстық құқықтық, үшішісінде зейнетақылық қатынастар пайда болады.
Заңды қылықтар құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне не болмаса жойылуына арнайы бағытталмаған, дегенмен өзінің артынан сондай ізін қалдырған құқықтық әрекеттер. Мысалы, азамат газетке бір көкейтесті мәселе жөнінде хат жазады. Газетке мақала шыққаннан кейін, хат иесінде авторлық құқық пайда болады, бірақ ол алдына ондай мақсат қоймаған болатын.
Құқықтық емес әрекеттер (құқық бұзушылар) құқықтық нормалардың талабына қарсы келетін заңды айғақтар. Құқықтық емес әрекеттер, еліміздегі белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Барлық құқық бұзушылық қылмыс және қылық болып екеіге бөлінеді. Қылмысқа қылмыстық құқық бұзушылық жатады. Қылықтар тәртәптілік, әкімшілік және азаматтық құқыққа бөлінеді
Құқықтық мәртөбе (статус) белгілі адамдардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы (азаматтар, азаматтығы жоқтар, шет ел азаматтары, ұйымдар, лауазымды адамдар, заңды тұлғалар).
Заңды тұлға өз алдына мүлік болады, құқықтық қабілеттілік берілген, өз атына мүліктік құқығы бар және міндеттер атқарады, сотта, арбитражда және үштік сотта жауапкер, арызданушы бола алады, банкте есеп ашады, өзінің мөрі болады.
Мүліктік және азаматтық құқықтық қатынастардың субьекетісі бола алады.
Заңды айғақтар және оларды жіктеу. Өндіріс процесінде және күнделікті өмірде адам көптеген әртүрлі анық айғақтармен қоршалған, олар әртүрлі бағамен маңыздылыққа ие. Олардың кейбіреулері құқық тұрғысынан бағаланса, басқалары - әлеуметтік нормалар тұрғысынан болады.
Заңды айғақтар оқып білудегі ғылыми бағалылықтың іс жүзіндегі мәні сонда, олар құқықтық өмірмен байланыстырады, оған “күш” береді, содан кейін, құқық өзінің алдындағы негізгі мақсатын орындауға кіріседі. Құқықтық қатынастардың болуы үшін, әдеттегідей тек құқықтық қатынастарды туғызбайды. Құқықтық нормалармен құқықтық қатынастардың екеуіне ортақ-заңмен белгіленген заңды айғақтар жатыр. Заңды айғақтарда оны қолдану, не іске асырудың жағдайлары көрсетілген және құқық нормаларының болжамымен қамтылады.
Заңды айғақтар тұрақты бекіп қалмайды. Уақыт өткен сайын олардың мемлекеттік бағасы өзгеріп отырады. Мысалы, біраз уақыт бұрын мекемелерді басқарушылардың шаруашылық туралы бастамалары мемлекетпен мойындалған, бірақ, кейбір кездерде қылмыстық жауапқа да тартуға болатын.
Бір кездерде, құқықтық қатынастар бір ғана, заңды айғаққа байланысты болса, басқа кездерде, олардың жиынтығына байланысты болады. Ондай жиынтық, не заңды айғақтар жүйесі, заңды құрам деп аталады. Қоғамдық қатынастардың қиындығы, заңды айғақтардың арасындағы қарым-қатынастар, тұтас заңды құрамның құқықтық қатынастарының пайда болуына негіз ретінде қажеттігін белгілейді. Бірен-саран айғақтар белгілі адамға субьективтік құқықпен заңды міндеттер туғызбайды., тек ондай мүмкіншіліктің болуына алғышарттар , олар тағыда бірнеше заңды фактілер болса ғана, шындыққа айналады. Олар өздерінің жиынтығы мен белгілі құқықтық қатынастардың пайда болуына қажетті негіз бола алады. Мысалы, жоғарғы оқу орнының студенті болу үшін, бірнеше заңды айғақтар болуы қажет: орта мектепті бітіргендігі туралы құжат тапсыру, ректордың бұйрығымен конкурсқа байланысты оқуға тіркелу.
Заңды құрамда, барлық заңды айғақтар бір-бірімен қисынға сәйкестілікте және қарым-қатынаста болады. Тек, сондай байланыстылық түрде ғана, құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруінің негізі болады. Олардың бірінің жоқ болуы, барлық заңды құрамды бұзады және сондықтан оның артынан жүруге міндетті құқықтық қатынастар, соңғының көрінуіне, яғни заңда көрсетілген заңды айғақтарға дейін болады. Заңды айғақтар құқықтық қатынастар болғандықтан, заң шығарушылар, істердің айғақтарға сай толық тексерілуін және олардың бұлтартпайтын дәлелдерге сүйенуін талапетеді. Субьектілерге игілік жасау және міндеттер жүктеу, әр уақытта істің материалдарымен негізделуі қажет. Көптеген заңды айғақтар, ресми құжаттармен расталады: куәліктермен, паспортпен (төлқұжатпен), еңбек кітапшасымен, дипломмен т.б. Егер, сол не басқа құжаттардың дұрыстығы күмәнді болса, онымен белгілі мемлекет органдары тексеріс жүргізуге құқығы бар.
Заңды айғақтарды толық зерттеуге және оларды белгілеген шешуге іс жүзінде, көмек беру үшін, оларды ғылыми түрде жіктеу қажет, оның негізіне ерікті айғақ жатады. Сол белгілерге сай екі түрге бөлінеді: әрекет және оқиға.
Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді. Сол негіздерге байланысты мемлекет құқық , әкімшілік құқық , азаматтық құқық, отбасы-құқығы, қылмыстық құқық және басқа да салалық құқықтық қатынастарға бөлінеді.
Заңды айғақтар, әрекет ретінде, адамның еркімен байланысты болады. Жекелеген құқық салалары қандай қоғамдық қатнастарды реттеуіне байланысты, өздеріне тән заңды айғақтарды көрсетеді. Әрине, қоғам тек қоғамға пайдалыәрекеттерді реттеуге құштар, сондықтан олар негізгі азаматтардың, ұйымдардың тек құқыққа сай тәртіптерін реттейді. Қоғамға зиян келтіретін әрекеттердіқоғамға, қауіпті деп жариялап тыйым салынады.
Заңды айғақтар туғызатын оқиғалар, адамның еркімен байланысты емес, олармен жоспарланбайды. Олар табиғаттың құбылысы ретінде болады, табиғи күштің нәтижесі ретінде көрінеді: жай түсу, жер сілкінісі, судың тасуы және т.б. Оқиғалардың бәрі бірдей, заңды айғақтарға жатпайды, тек қоғамдық қатынастарға ықпалын тигізетін құқықтан алдын ала көрсетілгендері ғана жатады. Кейбір кездерде әрекет және оқиға өздерінің нәтижелеріне байланысты бір-біріне дәл келеді және бірдей болып көрінуі мүмкін. Қандай кезде болмасын оқиға ма, не адамдардың әрекеті ме, білу мақсатында талдау жүгізілуі қажет. Мысалы, кенеттен қойма өртеніп кетеді, өрт адамның әрекетімен (от қою), табиғи күштің әсері (жай түсуі) болуы мүмкін, сонда ғана оқиға болып есептеледі.
Оқиға мен әрекет сияқты қатарлас, үшінші топтағы заңды айғақтар бөлініп шығады (хал-жәй). Олардың ерекшелігі сонда, олар адамның еркіне тәуелді және тәуелсізі де болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың бір-бірімен келісімі бойынша некеге тұрмай-ақ, шын мәнісіндегі, некелік қатынаста болуы, сот арқылы әке болуды мойындаудың негізі бола алады.
Заңды айғақтардың бірінші түрі әрекет өз жағынан, құқыққа сай және құқыққа сай еместік болып екіге бөлінеді. Құқыққа сай әрекет заңды айғақтардың негізі көп бөлігіне жатады және құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне, не болмауына ықпал етеді. Олар құқық нормаларына негізделген әрекеттер болады. Ондай әрекеттерді адамдардың заңды нәтиже туғызу үшін мақсатпен, не болмаса мақсатсыз жасалуына байланысты. Құқыққа сай әрекеттерекіге бөлінеді: заңды актілер және қылықтар.
Заңды актілер құқық нормаларында көрсетілген мақсатқа жету үшін жасалған, адамдардың заңды әрекеттері. Заңды актілер арнайы мақсатпен, заңды нәтиже шығару үшін, қоғамдық игілікті бөлу үшін, не болмаса заңды міндеттер жүктеу үшін жасалады. Мысалы, мекеме директорының еңбектегі табыстары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлық беру туралы бұйрығын айтуға болады.
Заңды қылықтарды жасаған кезде, ешкімде белгілі құқықтық нәтиже шығаруды көздемейді, олардың мақсаты өзінің еңбегімен, қабілетімен іс жүзіндегі нәтижеге ие болу.
Құқықтық қатынастардың теориясын зерттеуді бітіру үшін, оның пайда болуына жағдайлар жасайтын айғақтарды еске түсіруіміз қажет. Ол үшін бұрынғы, талданған ережелерді біріктіріп, қимылдардың пайда болуына және іске асырылуы тұрғысынан қарап, қайта талдағанымыз жөн, сонда ғана, құқықтық қатынастардың мазмұнын оның әлеуметтік құқықтық бағытын дәл және тереңірек білуге мүмкіндік болады.
Құқықтық қатынастардың алғы шарттарына құқық нормалары, заңды айғақтар және құқыққа иелік (правосубьектность) жатады. Тек қана, үш алғы шарттар болғанда ғана құқықтық қатынастар пайда болады және қызмет жасайды.
Құқықтық қатынастардың пайда болуын және қозғалу динамикасын содан алған мысалдармен қарауымызға болады. Мысалы, белгілі адам ауылды жерден үй сатып алуды шешті. Ол адам өзінің шешімін құқықтық реттеу аясынан тыс іске асыра ала ма, яғни сатушыдан азаматтық құқық нормаларынсыз сатып алуға мүмкіндігі бар ма, сондай келісімдер заңды ма, не заңсыз ба деген сұрақтарға жауап. Сатып алынатын үйдің иесі болу үшін үш шартты орындауы қажет:
сатып алушы және сатушылардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі болуы қажет ;
белгілі адамның үйді сатып алуы құқық нормаларына сай болуы қажет;
сатып алушы сатып алу-сату келісімі бойынша сатушыға ақша төлеп, келісім өз мәнінде дайындалуы қажет. Тек, жоғарыдағы талаптар орындалса ғана, құқықтық қатынастар пайда болып, өзінің мақсатын орындайды сатып алушы үйді өз меншігіне алады, ал сатушы үй үшін өзіне тиесілі ақшасын алады.
Қорытынды.
Сонымен, шектеу және тарату талқылаулары шын мәніндегі құқық нормаларының мазмұнын толық сәкестендіреді және нормативтік – құқықтық баптың мәтінінде дәл жазылады.
Құқық нормаларын ресми және ресми емес, нормативті және казуальді талқылау. Заңға қосымша актілер.
Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілігі толық еместігін байқаймыз. Ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі, көп жағдайда құқық нормаларын түсіндіруге қиындық туғызады, мысалға кейбір кездегі кездесетін іс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан, қажетті жағдайда жататындар құқық нормаларын талқылау – түсіндіру және оларды дәл іске асыруды қамтамасыз ету, іс жүзіндегі, әсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.
Сонымен, талқылау құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Құқықтық нормалардың елементтері бірігіп, оның құрылымын қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан – жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Көрсетілген құқық пен мемлекет қоғамның эканомикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарын реттеп, басқару үшін өмірге келді. Бұл объективтік процес. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамиды. Қазақстан Республикасының құқығы да осы үш бағытта дамуды:
қоғамда өмірге келіп, қалыптасқан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар қабылданып, қызмет жасауды;
қоғамның объективтік даму процесінің болашағын болжап, оларды басқару үшін алдын – ала нормативтік актілерді дайындау;
қоғамның өткен дәуірін ғылыми тұрғыдан зерттеп заңды тәжірибелік қорытындылар жасап, құқықтық нормалардың сапасын жақсарту.
Құқықтық нормалар қоғамның эканомикалық - әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқықтық кек қоғамның әлеуметтік – эканомикалық даму процесін басқару мен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым – қатынастарын да реттеп, басқарып отырады.
Осы прцесте халықтың, ұйымдардың қоғамның даму қажеттілігін, тілектерін жақсы дұрыс түсінуін – объективтік құқық дейді. Ал сол объективтік процесті нормативтікактілер арқылы басқаруды – субъективтік құқық дейді.
Бұл екі процестің арсында тығыз байланыс, бір – біріне тәуелділік, іс - әрекетінде бірлестік болады. Бұларсыз объективтік және субъективтік процесс дұрыс, жақсы дамымайды. Сондықтан мемлекет бұл процестің бір жақты дамуына жол бермеуіне тиісті. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына блгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де, қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағыну қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
Заң нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеу, жолға салу және қорғау үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі – ақ жеткілікті деп айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 28 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 30 тамыз
3. Қазақ ССР-нің "Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясы". 25 қазан, 1990 ж.
4.Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Қазахстан - Алматы: "Жеті Жарғы", 1996.
5.Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5; 2008№8.
7.Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
8.Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
9.Ашитов З.О. Права суверенного Казахстана. Алматы; 1995.
10.Ағдарбеков Т. Мемлекет жєне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
11. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет біліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
12.Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2001
13.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2005.
14. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996
15.Есімқұлов С.Т. Мемлекет және құқық теориясы. Шымкент 2006.
16.Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
17.Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
18.Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
19.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
20.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
21.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
22.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
23.Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996 , 1998.
24.Сапаралиев Ғ Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы 1998.
25. Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э., Жанузакова Л., Сакиева Р. Проблемы унитаризма в Республике Казахстан. Алматы: 2000.
26. Шайкенова С. Реализаңия принципа незаңисимости судей в условиях переходного периода //Право и государство. - 2001.
27. Шайкенов Н.А. Правовое обеспечение интересов личности. Свердловск 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |