Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

10

Сонымен  бірге,  қазіргі  уақытта  жұмыс  күшінің  елеулі  легі  Қазақстанға  сырттан 

мыналардың есебінен келуде:

Қазақстан  мемлекеттік  егемендік  алғанға  дейін  елден  тыс  жерлерде  тұрған  және 



тарихи  отанына  тұрақты  мекендеуге  қайта  оралған  этникалық  қазақтар  тобындағы 

оралмандардың (репатрианттардың) келу квотасын анағұрлым белсенді пайдалануы

4





Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған 

немесе бұрын азаматтығы болған бұрынғы Кеңестер Одағы республикаларынан шыққан 

түрлі этникалық топтар өкілдерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұруға рұқсат 

және азаматтық алуы;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квотаның біртіндеп көбеюі;



мәртебелері  реттелмеген,  ең  алдымен,  көршілес  мемлекеттерден  келетін  еңбек 

мигранттары ағынының өсуі.  

Тұтастай  алғанда,  атап  көрсетейік,  елден  әртүрлі  этникалық  топтардың  жаппай  ке-

туімен  сипатталған  өткен  ғасырдың  90-жылдарымен  салыстырғанда,  2004  жылдан  бас-

тап  Қазақстанда  көші-қонның  оң  сальдосы  байқалады.  Егер  1999  жылы  елден  басқа  ел-

дерге тұрақты тұруға кеткендердің саны 164947 адам болса, 2006 жылы ол 33690 адамға 

дейін азайған. Өз кезегінде елге тұрақты мекендеуге келушілердің саны 41320-ден 66371 

адамға дейін артқан. Сонымен қатар, 2006 жылы иммигранттар санының жартысынан ас-

тамы Өзбекстанның бұрынғы азаматтары болса, шамамен төрттен бірі – бұрынғы ресейлік-

тер. Сондай-ақ, бұрынғы Кеңестер Одағынан емес, ең алдымен Қытай мен Монғолиядан 

келіп жатқан оралмандардың (репатрианттардың) қатары да өсіп келеді. Елге келіп жатқан 

көші-қон  легінің  негізгі  үлесін  қазақтардың  этникалық  топтары  (2006  жылы  шамамаен 

73%) құрайды, көршілес Орталық Азия республикаларынан Қазақстанға тұрақты мекендеу-

ге көшіп келуші қырғыздардың, этникалық кәрістер мен басқа да этникалық топ өкілдері 

санының көбеюі байқалады.

2.2-кесте.

2001-2006 жж. көші-қон сальдосы

Жылдар


Келгендер, мың ад.

Кеткендер, мың ад.

 Көші-қон сальдосы, мың ад.

2001


34,4

104,3


-69,9

2002


58,2

120,2


-62,0

2003


65,6

73,9


-8,3

2004


68,3

65,5


+2,8

2005


74,3

52,2


+22,1

2006


67,4

33,9


+33,5

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының 

тұжырымдамасы. Астана, 2007.

Сонымен бірге, төменде көрсетілетіндей, 2004 жылдан бері үкімет Қазақстан Республи-

касы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 

жыл сайынғы квотаны біртіндеп көбейтуде. Бастапқыда, квота, негізінен, Қазақстанда жұмыс 

істейтін  шетелдік  компаниялар  қатысында,  оларға  шетелдік  басшыларды,  мамандар  мен 

жоғары біліктілікті талап ететін қызметтер мен жұмыстарды орындайтын жұмысшыларды 

тартуға рұқсат ету мен шектеу мақсатымен қолданылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары 

отандық жұмыс берушілер де, атап айтқанда, құрылыста, ауыл шаруашылығында  шетел-

дік жұмыс күшін белсене тартуда. Осыны ескергенде, 2006 жылдан бері, үкіметтің шетел-

дік жұмыс күшін тартуға белгілеген квотасының құрамына білікті жұмысшылар мен ауыл 

шаруашылығы қызметкерлерін тарту квотасы енгізілді.

Қазақстанда  соңғы  жылдары  мәртебелері  реттелмейтін  еңбек  көші-қонының  көлемі 

айтарлықтай көбейіп келе жатқаны көпшілікке белгілі. Алайда, бұрынғы Кеңестер Одағының 

4 Оралмандарға арналған жыл сайынғы квота 2005-2008 жылдары 15000 отбасы  деңгейінде белгіленді.



11

бірқатар елдерімен виза режимінің болмауын, экономиканың сауда, құрылыс, мейманхана 

бизнесі, көлік сияқты кейбір салаларындағы, бейресми жұмыспен қамту деңгейінің жоғары 

болуын  қосқанда,  бірқатар  себептерге  байланысты  оның  Қазақстандағы  нақты  ауқымын 

бағалау  қиындап  отыр.  2006  жылы  еңбекші-мигранттарды  заңдастыру  барысында  тиісті 

құжаттарды толтырмай, республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы 164,5 мың 

шетелдік  азаматтар  анықталған

5

.  Шұғыл  деректер  бойынша  2007  жылдың  соңына  қарай 



келген және көші-қон полициясы басқармасында тіркелмеген шетелдік азаматтардың саны 

47 пайызға көбейген

6

. Сыртқы еңбек көші-қонының негізгі ағындары Қазақстанда визасыз 



режим қолданылатын көршілес Орта Азия мемлекеттерінен, сондай-ақ Қытайдан келетіні 

байқалады. 



2.2. Қазақстанның еңбекші-мигранттардың құқықтарына 

қатысты халықаралық конвенцияларға, аймақтық және екі 

жақты келісімдерге қатысуы

Қазақстан  Республикасы  Барлық  еңбекші-мигранттардың  және  олардың  отбасы 

мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы 1990 жылғы Халықаралық Конвенцияны, ХЕҰ 1949 

жылғы № 97 Еңбекші-мигранттар туралы конвенциясын (қайта қаралған) және ХЕҰ № 143 

Еңбекші-мигранттар  туралы  конвенциясын  (қосымша  ережелер)  бекіткен  жоқ.  Сонда  да, 

Қазақстан 1993 жылдан бері ХЕҰ мүшесі, және де ел Халықаралық еңбек ұйымының барлық 

8 іргелі және 4 басымдықты конвенцияларын қоса алғанда, осы ұйымның 16 конвенциясын 

бекітті. Жоғарыда аталған ХЕҰ конвенцияларымен қатар, Қазақстан еңбекші-мигранттар-

дың құқықтарын қорғау тұрғысынан маңызды мәнге ие адам құқықтарына қатысты бірқатар 

халықаралық конвенцияларды бекітті. Жекелей алғанда, әңгіме Экономикалық, әлеуметтік 

және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 

Халықаралық пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы 

конвенция мен оған Факультативтік хаттама, Бала құқықтары туралы конвенция мен оған 

екі факультативтік хаттама туралы болып отыр

7

.

  Аймақтық деңгейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан 



әрі - ТМД) шеңберіндегі, еңбек көші-қонына қатысты бірқатар көптараптық келісімдерге 

қатысушы  болып  табылады.  Олардың  арасында,  Еңбек  көші-қоны  саласындағы 

ынтымақтастық  және  еңбекші-мигранттарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  1994  жылғы 

Келісім, Орта (жалпы) білім, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік (арнаулы) білім туралы 

құжаттарды өзара тану және құжаттардың баламалығы туралы 2004 жылғы Келісім жеке 

атап өтуге тұрарлық. Сондай-ақ, Қазақстан Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, 

Моңғолиямен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен еңбек көші-қоны мәселелері туралы екі жақты 

және  үш  жақты  келісімдерге  қол  қойды.  Көршілес  Қырғыз  Республикасымен  осындай 

бірқатар келісімдерге қол қойылды

8



5  Деректер  2007-2015  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  көші-қон  саясаты  

тұжырымдамасында келтірілген

6  Деректер  “Кто  грабит  горожан:  гастарбайтеры  или  внутренние  мигранты?”  («Қалалықтарды 

кім тонайды: гастарбайтерлер ме, әлде ішкі мигранттар ма?») мақаласында келтірілген, 2008 жылғы 8 

қаңтардағы  “Вечерний Алматы” газеті, www.vecher.kz. 

7 Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты Факультативтік хаттама және Балалар сау-

дасына, балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультативтік хаттама

8  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының 

Үкіметі арасындағы жұмыс күштерінің еркін жүріп тұруы үшін құқықтық,  экономикалық және ұйымдық 

жағдайлар  жасау  жөніндегі  1997  жылғы  Келісім,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қырғыз 

Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Шекараға  іргелес  облыстарда  ауыл  шаруашылығы  жұмыстарымен 

айналысатын  еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және оларды  әлеуметтік қорғау туралы 2002 жылғы 

Келісім,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қырғыз  Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Қырғыз 

Республикасының  аумағында  уақытша  жұмыс  істейтін  Қазақстан  Республикасы  азаматтары,  еңбекші-

мигранттардың еңбек қызметі және оларды қорғау туралы, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 

жұмыс істейтін Қырғыз Республикасы  азаматтары, еңбекші-мигранттардың  еңбек қызметі және оларды 

қорғау туралы 2006 жылғы  Келісім.


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау