20
өтілін қатысушы мемлекеттердің өзара тануына қатысты арнайы ережелерді қамтиды.
Дипломдарға қатысты, оларды растау рәсімін өткізу қажетінсіз тану көзделеді. Білім тура-
лы құжаттарды растау рәсімін өткізу қажеттігінсіз өзара тану жөніндегі ережелер, сондай-
ақ, Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қызғызстанмен және Өзбекстанмен жасалған еңбек көші-
қоны мәселелері туралы екі жақты және үш жақты келісімдерде де қамтылған.
Бұрында рұқсат беру ережесі жұмыс берушіге білімі туралы құжаттардың нотариалды
расталған көшірмелерін ғана тапсыруды қарастырды. Тіпті, бұрынғы КСРО елдері үшін, бұл
талап үміткердің Қазақстанға білімі туралы құжатын қазақ тіліне аударып, кейіннен аудар-
маны нотариалды растау үшін жұмысқа орналастыру агенттігіне немесе ықтимал жұмыс
берушіге салып жіберуі тиістігін білдірді. Бұл, Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдіктерге
Қазақстанда алғашқы жұмысқа орналасуына едәуір кедергі келтірді. Жаңартылған Ережеде
білімі туралы құжаттың орыс тілінде ресімделген көшірмесін ғана ұсыну талап етілетінін
атап көрсетеміз, бұның көптеген мигранттарды білімі туралы құжаттарды аудару және но-
тариалды растау үшін Қазақстандағы жұмыс берушіге алдын ала салып жіберу қажеттігі
проблемасынан құтқарады. Сонымен қатар, шетелдік, әсіресе, бұрынғы Кеңестер Одағынан
тыс жерде берілген дипломдардың сәйкестігін анықтау мәселесі әлі де бар. Бұл жерде ше-
телдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында
тану және нострификациялау (баламалылығын белгілеу) рәсімі қолданыла алады
41
. Алай-
да, бұл бұрынғы Кеңестер Одағынан тыс жерлерде берілген білім туралы құжаттар бойын-
ша мамандықтың ұлттық нормативтік құжаттарға
42
сәйкес белгіленуге тиісті лауазымдар,
кәсіптер мен мамандықтарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтаумен
байланысты мәселелерді шешпейді. Бұл жағдайда еңбек қызметі аясында алынған, әсіресе,
біліктілігі төмен қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін растау - шешілуі одан да қиын
мәселе.
41 Тиісті ережелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы
№ 542 бұйрығымен бекітілген.
42 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіл-
ген Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасы,
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Қазақстан
Республикасының 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Мемлекеттік сыныптауышы.
21
IV. МИГРАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
4.1. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары
Қазақстан нәсіліне, түсіне, ұлтына, жынысы немесе діни белгілері бойынша кемсітушілік-
ті жою, еңбекке және жұмысқа қатысты мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі туралы
ережелер қамтылған бірқатар халықарылық конвенцияларды бекітті. Бұл Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіге, ХЕҰ-ның № 111 Еңбек
және жұмыс саласындағы кемсітушіліктер туралы конвенциясына, ХЕҰ-ның № 100
құндылығы бірдей еңбек үшін әйелдер мен еркектерге теңдей сыйақы беру туралы конвен-
циясына, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға
да қатысты. ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясында
43
тиісті ережелер еңбекші-мигранттар
қатысында дамытылды және Халықаралық еңбек ұйымына мүше-мемлекеттерден еңбекпен
және жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктер мен өтініш беру теңдігіне жәрдемдесу
және оны қамтамасыз ету саясатын әзірлеу және жүзеге асыру талап етіледі. Сондай-ақ,
барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау ту-
ралы Халықаралық Конвенцияға
44
, еңбек жағдайлары мен сыйақыға қатысты, жал бойын-
ша жұмыс мемлекетінің азаматтарына қарағанда, еңбекші-мигранттардың да қолайлылығы
одан кем емес қатынасты пайдалануға тиістілігі туралы ережелер енгізілді (жұмыс уақыты,
сондай-ақ, жұмыспен қамту шарттары).
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қызметкерлердің құқықтары мен
мүмкіндіктерінің теңдігін, кемсітушілікке тыйым салуды, еңбегі үшін ең төменгі жалақыдан
кем болмайтын әділетті сыйақы алу құқығын қамтамасыз етуді еңбек заңнамасының
қағидасы ретінде айқындайды. Еңбек кодексі, сондай-ақ, еңбек саласындағы кемсітушілік-
ке тыйым салу жөнінде жеке бап
45
бар. Қазақстан заңнамасында еңбек қатынастарын реттеу
шеңберінде «қызметкер» термині қолданылатынын атап көрсету керек, бұл ел азаматтары-
мен қатар шетелдіктерді де қамтиды. Сондықтан, жергілікті қызметкерлер мен еңбекші-
мигранттардың еңбек жағдайлары мен еңбегі үшін сыйақы мәселелері заңнаманың бір
ережелерімен және нормаларымен реттеледі. Заң жүзінде ел азаматтарының, Қазақстанда
тұрақты тұратын тұлғалар мен еңбекші-мигранттардың құқықтық жағдайларындағы негіз-
гі айырмашылықтар азаматтарды жұмыспен қамтудың шарттары мен мерзімдеріне байла-
нысты. Қазақстанда тұрақты тұруға құқық алған адамдардың еңбек және жұмыспен қамту
саласында іс жүзінде ел азаматтарымен бірдей құқықтарға ие болады
46
. Азаматтармен
салыстырғанда, Еңбек кодексінде еңбекші-мигранттарға қолдану қатысында қарастырылған
өзекті алып тастау - олармен жұмыс беруші арнаулы рұқсат алғаннан кейін және тартыла-
тын шетелдік жұмыс күшінің тізбесіне енгізілгеннен кейін ғана жеке еңбек шартын жасау
мүмкіндігі. Бұдан басқа, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік
қызметтердің қызметтерін қоса, жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік кепілдік-
тер еңбекші-мигранттарға қолданылмайды. Олар тек Қазақстан Республикасының азамат-
тары мен Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған адамдарға ғана көзделген
47
.
Тек уақытша еңбек көші-қонын тануға ғана негізделген еңбекші-мигранттардың ұлттық
нарыққа қатынауының белгіленген тәртібі жергілікті қызметкерлермен салыстырғанда
43 II бөлім. Мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі.
44 25-бап.
45 7-бап.
46 Заңнамада қазақстандық азаматтығының болуы қажеттігі тікелей көрсетілген белгілі бір
лауазымдарға орналасу мүмкіндігі ғана алынып тасталады.
47 Еңбек кодексінің 12 тарауын және Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5 және 15 бапта-
рын қараңыз.