Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан. Шәйді өсіру және демдеу рәсімін ең алғаш ойлап тапқандар – қытайлықтар. Шәй Қытайда б.з.д ІІІ ғасырда пайда болды. Қытай мен Қазақстанның байланысы Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда. - Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.
Достарыңызбен бөлісу: |