А.Е. Даниярова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті, т.ғ.к.
e-mail: aina171173@mail.ru
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Әкімшілік-территориялық бөліну – дегеніміз мемлекеттің территориялық ұйымдастырылуы болып табылады. Оның аясында мемлекеттік үкімет пен басқарманың органдары құрылып, қызмет етеді.
Үлкен кеңес энциклопедиясында әкімшілік-территориялық бөлінуге келесі анықтаманы береді: «Әкімшілік-территориялық бөліну – мемлекетті бөліктерге бөлу; оның мақсаты – бүкіл мемлекеттік тетіктердің тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі, көбінесе мемлекеттік үкіметтің жергілікті органдарын басқару жүйесінде тиімді болып табылады [1, б. 232].
Қарағанды облысы БОАҚ-тің қаулысымен 1932 жылдың 20 наурызында құрылды. Орталығы болып Петропавл қаласы белгіленді. Облыстың кұрамына 23 аудан енді: Айыртау, Ақмола, Арықбалық, Атбасар, Бейнеқор, Булаев, Есіл, Жаңарқа, Қызылту, Көкшетау, Қорғалжын, Ленин, Мамлют, Нұра, Преснов, Рузаев, Сарысу, Сталин, Телъман, Төңкерей, Щучинск, Еңбекшілдер және Еркіншілдік аудандары [2, б. 11].
1932 жылы Нұра ауданы Қарағанды облысының құрамына кірді. Аудан орталығы Казгородок селосы болды. Осы жылдың 1 сәуірінде Қазак Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының Орталық Комитетінін қаулысына сәйкес Нұра ауданының құрамы 16 ауылкеңеспен бекітілді: Балыкты, Богучар, Бұрма, Жұмыскер, Захар, Қара ой, Киевск, Қызыл-ағаш. Қорғалжын, Қызыл-декхан, Көкмөлдір, Савелевск, Скоблевск, Сұлтан, Плаховск, Черниговск.
1933 жылы аштық зардабынан облыс көлемінде біршама өзгерістер болды. Соның бір мысалы Қарқаралы ауданының тұрғындарының саны біршама азайды, соған байланысты жаңа аудандастыру жобасы бекітілді. Әр ауылдық кеңестерге нөмірленген өз аттары берілді, олар Бидайык, Көктөбе, Сартов, Бадыран, Ораз, Кент, Милыбұлақ, Кеңестас, Калинин, Бесоба, Қызыларай деп аталды. Хорошевскийден 2 ауыл совет құрылды (Хорошевский жөне Темірші) [3, б. 280].
1934 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Комитетінің қаулысына сәйкес Жаңарка ауданы Қарқаралы округынын кұрамына енді. 1935-1936 жылдар аудан құрамында Атасу, Бірлік, Ескене, Жарық, Қарауыл төбе, Қызылшоқы, Қарағаш, Түгіскен, Сталин атындағы, барлығы 9 ауылдық кеңестер болды [2, б. 20].
1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округінің құрамына енді, ал 1936 жылы 29 шілдеде ол округтің жойылуына байланысты аудан қайтадан Қарағанды облысының құрамына берілді. Бұрын таратылған 24 серіктестік таратылып қайта ұйымдастырылып, колхоздар құрылды.
Қазіргі кезде Қараганды облысында 9 ауылдық аудандар бар.
1. Ақтоғай - оған таратылған Тоқырауын ауданының аймағы қосылды. Аудан орталығы - Ақтоғай ауылы.
2. Абай - бұрынғы Мичурин. Аудан орталығы - Абай қаласы.
3. Бұқаржырау бұрынғы Ульянов, оған таратылған Тельман ауданының аймағы қосылды. Орталығы - Ботақара кенті.
4. Қарқаралы - оған таратылған Қазыбек би ауданының аймағы қосылды. Орталығы - Қарқаралы қаласы.
5. Нұра - оған таратылған Теңіз ауданының аймағы қосылды. Орталығы — Киевка кенті.
6. Осакаровка - оған таратылған Молодежный ауданының аймағы қосылды. Орталығы - Осакаровка кенті.
7. Жаңарка - ауданы. Орталығы - Атасу кенті.
8. Ұлытау - оған таратылған Жезді ауданының аймағы қосылды. Орталығы - Ұлытау ауылы.
9. Шет ауданына таратылған Ақадыр ауданының аймағы қосылды/. Орталығы - Ақсу-Аюлы [7].
Абай ауданы – Қарағанды облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1973 ж. құрылған. Алғашқыда Мичурин ауданы болып аталды. 1997 жылдан Абай ауданы. Халқының саны - 54,7 мың (2008 ж.). Жерінің аумағы 6,4 мың км². Ауданда 10 аулдық әкімшілік округ, 1 кала, 4 кент бар. Орталығы - Абай каласы. Ауданның Сарыарканың орта тұсыңда, қуан дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Шығысы ұсақ төбелі (орташа биіктігі 600-800 м). Пайдалы қазбалардан: тас көмір, барит, әктас т. б. құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Орташа температурасы каңтарда - 15-16°, шілдеде +20 - 21°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 250-350 мм. Нұра, Шерубай-Нұра өзендері мен олардың салалары - Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасыққөл, Сопақсор, Сарыбұлак, Шубаркөл, Шұбар, Шерубай-Нұра, Ынтымак т.б. көлдер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қарақоныр, батысы ашыққоныр, сортаң топырақты болып келеді [ 8, б. 72].
Ақтоғай ауданы - Қарағанды облысының оңтүстік-шығысыңдағы әкімшілік ауданы. 1931 ж. құрылған. (1963 ж. дейін Қоңырат ауданы). Аумағы 52,0 мың км². Халқының саны 17,7 мың адам (2008 ж.). Ақтоғай ауданында 15 округ, 2 кент бар. Аудан орталығы - Ақтоғай ауылы.
Аудан Сарыарканың оңтүстік-шығысында, шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан. Солтүстігін аласа таулар тізбегі алып жатыр. Олардың арасында Балқаш пен Қарасор алаптарының суайрығы болып саналатын Қызыларай (1565 м), Қызылтас (1238 м) және тағы басқа таулар мен олардың сілемдері орналасқан. Ауданның орталық өңірі - Балқаш к-не қарай еңістеп аласара беретін ұсак шоқылы, қырқалы жазық. Түстік өнірінде белесті Солтүстік Балқашманы жазығы жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда орташа температурасы солтүстігінде - 16°С, оңтүстігінде - 14°С, шілдеде солтүстігінде 16°С, оңтүстігінде 24°С [9, б. 10].
БұқарЖырау ауданы – Қарағанды облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. Әкімшілік орталығы - Ботақара кенті. 1997 ж. Ульянов (1938 ж. құрылған) және Тельман аудандары (1928 ж. құрылған) біріктіріліп, ұйымдастырылды. Атауы осы аудан жерінде туып-өскен атақты Бұкар жыраудын құрметіне қойылған. (1938 жылдан - Ворошилов, 1961 жылдан Ульянов ауданы аталды). Халқының саны - 59,8 мың (2008 ж.). Жерінің жалпы ауданы -14,4 мың км². Ауданда 3 кенттік, 26 ауылдық әкімшілік округ бар. Климаты тым коңтиненттік, қысы суық, жазы біршама ыстық әрі құрғақ. Ауаның көп жылдық орташа температурасы қаңтарда -15-17, шілдеде +19-21 С. Жауын-шашыннын орташа жылдық мөлшемі 300-350 мм.
Қарқаралы ауданы – облыстың солт.-шығ. бөлігінде орналасқан. 1930 ж. құрылған. 1997 ж. Казыбек би (бұрынғы Егіндібұлак ауданы) ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 35,5 мың км². Халқының саны - 40,1 мың (2008 ж.). Аудандағы 79 елді мекен 1 кала, 1 кент, 23 ауылдык округке біріктірілген. Орталығы – Қарқаралы к. Аудан аумағы Сарыарканың шығысында, дала белдемінде орналасқан. Ауданның орт. Бөлігін Ханқашты, Түнқатар, Қарқаралы (Жиренсақал), Кент таулары алып жатыр, солт. ұсақ шоқылы, қырқалы жазық. Олардың арасында Қу, Айыртау, Дос таулары орналасқан. Климаты айқын коңтиненттік, қысы ұзак, суық, боранды, қары аз, қаңтардын орташа температурасы -14- 15°С.
Нұра ауданы – облыстың батыс бөлігінде орналасқан. 1928 ж. құрылган. 1923-28 ж. Акмола уезінің Нұра болысы болып құрылған. Халқының саны - 29,1 мың (2008 ж.). Жерінің жалпы ауданы - 35,0 мың км². Орталығы - Киевка қала типтес кенті. Аудаңда 25 селолық әкімшілік, 2 кент бар. Аудан жері ұсак шоқылы (сарыарқа), батысына қарай жазық келген. Климаты тым коңтинеттік. Қаңтар айының орташа температурасы - 16-17°С, шілденікі +20-21°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм.
Осакаров ауданы – облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Іргесі 1940 ж. Қаланған. Халқының саны – 35,4 мың (2008 ж.). Жерінің жалпы ауданы – 126,1 мың км. Ауданның жер беделі ұсақ шоқылы (Сарыарқа) келеді. Аудан жерімен Есіл, Шідерті, Өлеңті өзендері ағып өтеді. 20 ғасырдың 20-жылдарында Батпақты ауылдық округіне қарасты. Сарыөзен елді мекенінде «Цвет жизни» ауыл шаруашылық коммунасы құрылған. Жер қойнауында құрылыс материалдарының қоры барланған. Ауа райы тым коңтиненттік. Қантардың орташа температурасы – 16-17°С, шілдеде 20-21°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм.
Жаңаарқа ауданы – облыстағы әкімшілік бөлік. 1929 ж. ұйымдастырылған. Жері 50,9 мың км². Халқының саны 28,2 мың (2008). Аудандағы 49 елді мекен 2 кент, 12 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы - Атасу кенті. Аудан Сарыарқаның Бетпакдалаға ұласқан тұсында шөлейт және шөл белдемдерде орналасқан. Жер бедері, негізінен, аласа таулы, күмбез, конус пішінді төбелі, жоңды, қыркалы ұсак шоқылы жазық. Солтүстіктен-шығыстан оңт.-батыска, одан оңтүстікке қарай еңіс келеді. Шоқылар бір-бірінен ойыстармен, өзен аңғарларымен бөлінген. Ауданның солт.-шығыс және оңт.-батыс бөліктері жазық дала. Жаңаарқа ауданның жері кен байлықтарына бай: темір, марганец, молибден, вольфрам, мыс, қорғасын, мырыш, барит, күміс, құрылыс материалдары т. б. кездеседі. Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (10-12 см), жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа температурасы каңтарда оңт-нде -13°С, солт-нде 17°С, шілдеде оңт-нде 26°С, солт-нде 20°С. Жауып-шашынның жылдық орташа мөлшемі 200-300 мм.
Ұлытау ауданы - Қарағанды облысының оңт.-батысындағы әкімшілік аудан. 1939 ж. құрылған (1963 ж. таратылып, 1972 ж. қайта ашылды). 1997 ж. Жезді ауданы жері қосылды. Аудан солтүстік-шығысыңда Қарағанды облысы Нұра, оңтүстік шығысында Жаңаарка ауданымен, солтүстік-батысында Қостанай, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен, оңтүстік батысыңда Актөбе облысымен шектеседі. Жерінің жалпы ауданы 12,3 млн га. Халқының саны 13,2 мың (200ү). Ауданда 12 ауылдық, 3 кенттік аймақ бар. Орталығы - Ұлытау ауылы. Аудан негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады.
«Ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы біздің мемлекетіміздің патриоттық бағытын аңғарады және елімізді өркендету барысында қазақстандықтарды алға қойған жоспарларды іске асыруға жұмылдырады [10].
Шет ауданы - облыстың оңтүстік аймағындағы әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылды. 1973 ж. аудан құрамынан Ақадыр жеке аудан болып шығып, 1997 ж. Шет ауданы құрамыңа қайта қосылды. Жерінің жалпы ауданы 65,7 мың км². Халқының саны - 45,8 мың (2008), оның ішінде қазақтар - 42,0 мың. Аудандағы 68 елді мекен 8 кент, 17 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Аксу-Аюлы ауылы, Аюлы тауының етегінде, Нұра өзенінің бастауында орналасқан. Оңтүстігінде Балкаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері, оңтүстік-шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенің бастауы жатыр. Жері ұсақ Шоқылы, аласа таулы, жазық келеді. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы куаң. Қаңтардың орташа температурасы -17°С, шілдеде +19-20° С. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 220-260 мм шамасында. Аудан аумағындағы Бұғылы мен Тағылы, Нұра, Сарысу өзендерінің бойы тас ғасырынан бергі дәуірлер айғақтарына толы.
Әдебиеттер тізімі
1. Административно-территориальное устройство // Большая Советская Энциклопедия. (В 30 т.). / Гл. ред.: A.M. Прохоров. Изд. 3-е. Т. 1. М.: Советская Энциклопедия, 1970. - С. 232.
2. Караганда. Справочник по истории административно-территориального устройства Карагандинской области (29 июля 1936 г. - 1 января 2006 г.) / Отв. редактор У.А. Амантаев. - Караганда: Отдел архивов и документации Карагандинской области.2006 .- С. 11.
3. Восточная Сары-Арка. Каркаралинский регион в прошлом и настоящем. - Алматы. - 2004. - С. 275.
4. Справочник по административно-территориальному делению Казахстана 1920-1936. - Алма-Ата, 1959. - С.10.
5 Сапаргалиев М.С. Возникновение Казахской Советской государственности (1917-1920 гг.). - Алма-Ата, 1948. - С. - 119-122.
6. Закон Республики Казахстан от 8 декабря 1993 г. «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» // Ведомости Верховного Совета Республики казахстан. – 1993. - № 23-24.
7. Административно-территориальное деление Карагандинской области // Официальный сайт КГУ "ОЮБ имени Ж. Бектурова" www.uniorlib.kz
8. Административно-территориальное деление Республики Казахстан (1 января1997 г. - 1 января 2000 г.): Краткий справочник. – Вып. 2 (Архив Президента РК). – Алматы-Астана, 2000. – С. – 72.
9. Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия. – Алматы:Атамұра, 2008. – 528 с.
10. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда. – 2014. – 18 января.
Достарыңызбен бөлісу: |