Шаған ауылдық кітапханасына 330,0 мың теңгеге компьютер жиынтығы;т.б. кеңсе заттары алынды.
118
|
Кітапхана қорындағы кітаптарды цифрлы жүйеге көшіру санын арттыру
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
"САМжТДБ" ММ
|
2011-2015
|
Аудандық кітапхана қазіргі заман талабына сай кітап қорындағы жоғары сұраныстағы құнды кітаптар және өлкетану әдебиеттерін электронды форматқа көшіру арқылы жұмыс жүргізуде. 2014 жылы сандық жүйеге 200 дана кітап көшірілді.
|
119
|
Сандық пішінге (цифровой формат) көшірілген экспонаттар санын арттыру
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
"САМжТДБ" ММ
|
2011-2015
|
Аудандық тарихи-өлкетану музейі қорында сақтаулы тұрған аса құнды экспонаттарды электронды форматқа көшіру мақсатында 308 экспонат аталған бағдарламаға енгізіліп, сандық форматқа көшірілді.
|
121
|
С. Сейфуллин ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб құрылысы
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
САҚБ
ММ
|
2014-2015
|
Облыстық бюджет есебінен жоба құны 172,5 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын «Орион ЛТД» ЖШС-гі жүргізілуде
|
Міндет: Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру
|
124
|
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырландырушылық функцияларын кеңейту
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
"САМжТДБ" ММ
|
2011-2015
|
Жергілікті атқарушы органдарда 2014 жылықұжат айналымы 100 пайызды құрап отыр.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» аудан әкімінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №368 санды қаулысы бекітіліп, аталмыш іс-шараға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Тереңөзек кентінде екі жерде «Қазақ тілі-ел бірлігінің тілі», Тіл тағдыры – өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі тақырыбында, Шаған ауылында «Тіл адам ойының айнасы» тақырыбында және Қалжан ахун ауылында «Қазақ тілі-ел бірлігінің тілі» тақырыбында ілініп тұр.
2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша «Қазтест» жүйесін қолдану» қаралған. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында 2014 жылы 24 сәуірінде Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы 130 мемлекеттік қызметші және бюджеттік қызметшілер сынама тест тапсырды. Осыған сәйкес 24 мемлекеттік қызметшілерді «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете деңгейлік оқыту» курсына оқытуға 2014 жылға аудандық бюджеттен 1489,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазан айында оқу курстарынан өтіп, сертификаттар алды.
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2014 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 771 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда толықтай игерілді.
Аудан бойынша бір «Тіршілік тынысы» газеті бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Тіл саясатын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстар және тіл жанашырларының мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға байланысты мақалалары жарияланып отырады.
Аудан бойынша тілдерді дамытуға байланысты бөлінген 771,0 мың теңге қаржыға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы биылғы жылы 10 аудандық шара болып өтті. Оның ішінде бір аудандық тілдер фестивалі, екі аудандық олимпияда, үш аудандық мүшәйра үш аудандық байқау және Жас Отан жастар қанатымен бірлесіп бір байқау өткізілді. Олар: «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ...», «О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы», «Тіл- барлық білімнің кілті», «Тіл болашағы - балабақшадан» атты аудандық байқауы, «Ең бірінші бақытым – тілім менің» атты жас қандар мүшәйрасы, «Тілдарын – 2014» атты аудандық байқауы, «Астанам – айбынды ордам» атты жас суретшілер байқауы, «Тілі бірдің – тілегі бір» аудандық фестивалі, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты аудандық байқауы және «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні » шығарма жазу байқауы болып өтті. Аудандық байқаулардың жеңімпаздары, облыстық шараларға қатысып түрлі дәрежелі дипломдар мен және алғыс хаттармен марапатталды. Орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» атты республикалық байқауда Қызылорда облысының намысын қорғаған, ауданымыздың 8 сынып оқушысы Лаврова Мария арнайы «Алғыс хатпен» және 35 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
|
125
|
Ауданда ағылшын тілін үйренуге және тілдердің көп түрлілігін сақтауға қолайлы жағдай жасау
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
"САМжТДБ" ММ
|
2011-2015
|
2014 жылдың 14 желтоқсанында Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылында «Абзал и К» компаниясының қолдауымен «Speak ENGLISH KAZAKHSTAN» ағылшын тілін оқыту орталығымен бірлесіп «Тілдердің үш тұғырлығы – мәңгілік ел жастарының болашағы» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарда қазіргі заманда халықаралық қатынастарда тілдердің маңыздылығы, оның ішінде ағылшын тілінің маңыздылығы талқыланды.
|
126
|
Қазтест жүйесі бойынша өтуден дайындық
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
"САМжТДБ" ММ
|
2011-2015
|
«Қазтест» бағдарламасы шеңберінде 1,5 млн. теңге қаржы бөлініп, 24 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту курсынан өткізілсе, 130 мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері сынама тест тапсырды.
|
Дене шынықтыру және спорт
|
Мақсат: Бұқаралық спорт және дене шынықтыру қозғалысын дамыту
|
Міндет: Бұқаралық спорт пен денешынықтыру қозғалысын дамыту
|
Шаралар:
|
127
|
Бұқаралық спорт пен шұғылданушылар санын арттыру (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын спорт нұсқаушылары)
|
«ҚОТДШжСБ»
|
«САДШж
СБ»
|
2011-2015
|
Аудан бойынша балаларды дене шынықтыру және спортқа тарту жолында 108 спорттық нысандар жұмыс жасауда.
Жалпы аудан бойынша 9208 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 23,03 пайызды құрап отыр.
|
128
|
Жас ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінен жарыстар өткізу
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
«САДШжСБ» ММ
|
2011-2015
|
Аудан бойынша 2014 жылы 90 аудандық жарыс өткізілді.
Оқушылар арасында 50 жарыс
Ересектер арасында 35 жарыс
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында 5 жарыс
|
129
|
Аудандық (қалалық) деңгейде спорттық іс-шаралар өткізу
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
САДШжСБ» ММ
|
2011-2015
|
2014 жылдың 12 айында 170 спорттық жарыс өткізіліп, оған 17802 спортшы тартылды. Оның ішінде аудандық деңгейде 90 жарыс, 40 облыстық деңгейдегі жарыс, 27 республикалық деңгейдегі, 4 халықаралық жарыс.
2014 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.
|
131
|
Аманкелі ауылындағы спорт зал құрылысы
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
САДШжСБ» ММ
|
2014
|
Қаржы қаралмаған.
|
Ішкі саясат
|
Мақсат: Ұлттар татулығын және отандық ақпараттық жазықтықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету
|
Міндет: Азаматтық қоғам және мемлекеттік институттардың өзара қарым-қатынасын арттыру
|
Шаралар:
|
132
|
Қазақстан халықтары ассамблеясының күндерін ауданда атап өту
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
«САІСБ» ММ
|
2011-2015
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастамасын Сырдария ауданында ұйымдастыруға арналған іс шаралардың жоспары бекітілді.
2014 жылдың 06 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан – бар ұлтқа туысқан» атты Ассамблея жылының ашылу салтанаты аудандық мәдениет үйінде аудан басшылығы және өзге ұлт өкілдері, кент тұрғындарының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өтті.
Аталған шара облыстық «Қоғам ТВ» телеарнасымен түсіріліп, көрсетілді.
Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Ассамблея-этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің ұйытқысы» атты кең көлемді кітап көрмесі, ауылдық кітапханаларда «Қазақстан-достық пен татулықтың киелі бесігі», «Ел бірлігі-ел теңдігі» тұрақты атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, барлық білім беру мекемелерінде, кәсіптік-техникалық колледжде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы жөнінде бірегей сабақтар мен семинарлар өткізіліп, аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы халықтың келісім және достық жылы» тақырыбында экскурссия жүргізілді.
Орталық алаңда «Ұлт-ұлысқа, ортақ үй – Қазақстан! Қазақстан – бар ұлтқа туысқан! Ұлтар достығы мен бірлігі жасасын! Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз!» атты ұранмен ұйымдастырылған «Жастар қуаты – елге!» атты флеш-моб жоғары сынып оқушылары арасында өткізіліп, қазақ, орыс және шешен билерінен попури ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудан бойынша басты көшелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған 4 билборд орналастырылды.
Сырдария ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастамасына арналған іс-шаралар барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, аудан және ауыл халқына кеңінен насихатталды.
Қазақстан халқы Ассамблея жылы аясында Тереңөзек кентінде 2015 жылдың наурыз айында «Достық үйі» деген атаумен ғимарат ашылды. Қазіргі уақытта ғимаратта аудандағы 11 үкіметтік емес ұйымдар, Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының Сырдария ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті, Сырдария аудандық кітапханалар жүйесінің филиалы және музей жанынан ашылған «Ұлттық мұра ұрпаққа» атты жоба негізінде қолөнершілер мен суретшілердің шеберханасы жұмыс жасауда.
|
133
|
Тұрғындар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру
|
Аудан әкімдігіне ақпарат
|
«САІСБ» ММ
|
2011-2015
|
Ауданы бойынша діни ахуал қазіргі таңда тұрақты. Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылы 24 мамырында «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңесті құру туралы» №196 қаулысымен кеңес құрылып,бекітілген.
Сырдария ауданында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» филиалы ретінде 13-мұсылман мешіті тіркелген. Қазіргі таңда аудан көлемінде Тереңөзек кентінде, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылында жаңадан мешіттер салынуда. Бұл бағытта да тиісті органдармен жұмыстар жасалуда.
Облыс әкімінің 2013 жылдың 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №306-Ө өкіміне сәйкес Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен тоқсанына 2 рет комиссия отырысы өткізіледі.
Діни бірлестіктер жұма сайын жұма намаздарын жүргізуде. Ауданымызда діни сауатты, жоғарғы білімді бас имам, 1 медресе оқып бітірген наиб имам, 1 медресе оқыған имам, қалған елді мекендерде 12 имам облыстық мешіттерде қайта даярлау оқуын бітіріп, біліктіліктерін артқан. Барлығы ҚР Дін істер басқармасының бұйрығымен алып жұмыс жасап отыр.
Үстіміздегі жылы аудан тұрғындарының 5-і діни оқу орындарында оқып жатыр.
2014 жылы әлеуметтік тапсырысы аясында «Терроризмге қарсы әрекеттің және экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» жобасына 1,8 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда тиісті шаралар жасалып, адан көлемінде насихаттау шаралары жүргізілуде.
2014 жылдың ақпан айында Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған ақпараттық-насихаттық топтың құрамы жоғары кәсіби мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері, психолог маманы және ауданның бас имамы қамтылған. Аудандық АНТ аудан тұрғындарымен 28 ақпараттық-насихаттық жұмыстар жасалды.
Діни бірлестіктер мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен аудан көлемінде дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында 2 байқау, 7 оқу-семинары, 7 дөңгелек стол, 1 конференция, 1 форум өткізілді. Аудандық «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастырумен барлық іс-шараларда методикалық-әдістемелік құралдар қатысушыларға таратылып, үн-парақшалар үйлестірілді.
Аудандық білім бөлімінің, мектеп директорлары, қоғамдық кеңес мүшелерінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жоғары сынып оқушыларының ата-аналарын жинап, діни сауатты мамандарға деген сұраныстың жоғары екендігін, жоғары діни оқуға баруға тілек білдірген жастарға жергілікті әкімдік тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, діни оқу орындарында оқитын үміткерлер саны көбейту бағытында жұмыстар жүргізілді.
Жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі дінді насихаттау мен діни сауаттылығын арттыру бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған 1042 кітап, 120 аудио, бейне дискілер таратылды.
Аудан жастарының көп шоғырланатын орындарында экстремизмге және терроризмге қарсы сипаттағы 2 (екі) билборд орнатылды.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде есепті мерзімде діни бағыттағы 20 мақала жарық көрді.
|
Жастар саясаты
|
Мақсат: Мемлекеттiк жастар саясатының тиiмдiлiгiн жоғарылату
|
Міндет: Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету
|
Шаралар:
|
134
|
Өңірлік Дельфийлік ойындарды өткізу және олардың жеңімпаздарын Ұлттық ойындарға қатысуын қамтамасыз ету
|
Аудан әкімдігіне мәлімет
|
«САІСБ» ММ
|
2011-2015
|
Өңірлік жастар Дельфий ойындары байқауында Балауса би тобы жүлделі 1 орын
Луца Константин -3 орынды жеңіп алды
|
136
|
Өңірлерде жастар саясатын іске асыру
|
Аудан әкімдігіне мәлімет
|
«САІСБ» ММ
|
2011-2015
|
Жалпы ауданымызда 40 мың адам болса, оның 11 128-і жастар, яғни жалпы халық санының 27,8 пайызын 14-29 жас аралығын қамтитын жастар құрайды.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммунальдық мекемесі құрылып қазіргі таңда 2 (екі) маман жастармен жұмыс жасап жатыр.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауылдық округтерде штаттық бірлік мәселесі қайта қолға алынып, нәтижесінде Тереңөзек кенті, С.Сейфуллин, Бесарық, Шіркейлі, Н.Ілиясов, А.Тоқмағанбетов, ауылдық округтеріне жастармен жұмыс жасайтын маманға штат ашылып жастар жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда Тереңөзек кентінде -1, ауылдық округтер бойынша-5 маман жастармен жұмыс жасап келеді.
Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 8,4 пайыздан 5,9 пайызға төмендеп отыр.
Маусымдық жұмыстар бойынша:
«Жасыл ел» республикалық бағдарламасының орындалуы бойынша «Жасыл ел» республикалық бағдарламасын Сырдария ауданы көлемінде жүргізілуіне байланысты 2013 жылдың маусым-шілде айларында 20 жас маусымдық жұмысқа тартылып, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына араласты. 2014 жылы маусым-шілде айларында 25 жас, шілде-тамыз айларында 50 жас «Жасыл ел» штабының қатарында жұмыс жасады. Сарбаздарға 20-30 мың теңге көлемінде еңбекақы тағайындалып отыр. 2015 жылы 150 жасты «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарына қосу жоспарланып отыр.
Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін қысқарту және маусымдық жұмысқа тарту мақсатында құрылыс жасағына 12 жас қатысты. Атап айтқанда, Шаған ауылдық округінде салынып жатқан 900 орындық мектеп ғимаратына 4 жас және 800 орындық Шіркейлі ауылдық округіндегі мектеп ғимараты құрылысына 8 жұмыс жасауда.
Ауданда қазіргі таңда жастар арасында діни ахуал бірқалыпты. Аудан бойынша діни экстремизмнің алдына алу мақсатында «Тероризмге қарсы әрекеттің және экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Иман-2013» қоғамдық қоры жұмыс жасап келеді. «Иман-2013» қоғамдық қоры жастармен діннің өзектілігі, өзге ағымның, терроризмнің қатерлілігі жөнінде семинар-кеңестер ұйымдастыру көзделіп отыр. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде имандылық, дін тәрбиесі, суицидтің алдын алу тақырыптарында мақалалар жарияланып тұрады.
|
137
|
Жастар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
|
Аудан әкімдігіне мәлімет
|
«САІСБ» ММ
|
2011-2015
|
Жастар өмірінде, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында ерекше психологиялық жолмен шешуді қажет ететін жәйттер аз емес. Кейбір жастардың оқу, еңбек етуі, іс-әрекеттері барынша нәтижелі, әлеуметтік тұрғыдан құптарлықтай болғанмен, осыған шамадан тыс күш, қажыр-қайрат жұмсалу салдарынан олардың психологиялық қажуы, титықтауы, сарқылуы, өмірде кездесетін кедергілері, жалпы тіршілік әрекетінің шырқы бұзылуы орын алады. Одан кейін адамның барлық күш-жігері осы сәйкессіздікті жоюға ғана арналады.Осы орайда, «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімі қолдауымен, «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29-30 мамырында Қызылорда қаласының әлеуметтік психолог маманы Г.Әбдібаттаева, Сырдария аудандық «Жастарды қолдау орталығы» МКМ меңгерушісі Е.Жақып Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық ауылдық округтерінде болып, ауыл жастарына арналған психологиялық-құқықтық кеңестер беріп, маргиналды және жұмыссыз жастарды қоғамдық бейімдеу шараларын ұйымдастырып, базалық тізбесін жасақтау мақсатында семинар – тренинг өткізді.
|
Қоғамдық қауіпсіздікті, құқық қорғауды және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды ескерту
|
Мақсат: Қоғамдық тәртіпті нығайту, қажетті қауіпсіздік, азаматтардың өмірін, денсаулық деңгейін сақтаужәне азаматтық қорғанысты және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алудың дайындығының деңгейін дамыту
|
Міндет: Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қылмыспен, наркобизнеспен күрестің тиімділігін арттыру
|
Шаралар:
|
138
|
Ішкі істер органдарының материалдық – техникалық базасын нығайту
|
ҚОІІШ
ММ ақпарат
|
"САІІБ" ММ
(келісім бойынша)
|
2011-2015
|
2014 жылы АІІБ-нің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 32,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
|
139
|
Нашақорлықпен және наша саудасымен күрес шарасын жүргізу
|
ҚОІІШ
ММ ақпарат
|
"САІІБ" ММ
(келісім бойынша)
|
2011-2015
|
Жоспарға сәйкес «Допинг», «Көкнар» жедел–профилактика іс – шаралардың нәтижесінде анықталған 45,5 кг есірткі қылмыстары мен тіркелген марихуанна және есірткі заттары.
|
3 бағыт. Инфрақұрылым
|
Достарыңызбен бөлісу: |