31
Балалар мен жасөспірімдердің дене белсенділігіне әсер ететін факторлар
Отбасының және достарының
қолдауы және оң әлеуметтік нормалар
барлық
жастағы
балалар
мен
жасөспірімдердің дене белсенділігіне
қатысуын ынталандырады (Sallis et al,
2006). Қоршаған орта дене белсенділігі
үшін ынта беруімен қатар кедергі
болуы да мүмкін. Мысалы, спортпен
айналысу үшін қауіпсіз орындардың
қол жетімділігінің аздығы, жаттығу
үшін құрал-жабдықтың болмауы, спортпен айналысу құнының жоғарылығы
(Motl et al, 2007; Gomez et al, 2004).
Мектеп ортасы балалар мен жасөспірімдерді дене белсенділігімен
айналысуға тартуға әсер ете алады. Мектептерде дене шынықтырудың
(McKenzie et al, 2004; Sallis et al, 1997) және денсаулық саласындағы білімнің
деңгейін арттыру үшін оңтайлы орта құрылатын болса, қызметкерлер дене
белсенділігі үшін үлгі болса, дене белсенділігінің пайдасы туралы ақпараттың
тиімділігі артатын болса, отбасылар мен қоғамдастықтардың спортпен
айналысуға ынтасы молайып, балалар мен жасөспірімдерде белсенді болуға
және салуатты өмір салтын ұстануға мүмкіндігі де артады (Luepker et al, 1996;
Nader et al, 1999; Pate et al, 2005).
33
(American Cancer Society et al, 1999) :
• Қажеттіліктерді бағалау және
ресурстарды тіркеу;
• Бағдарламаны жоспарлау;
• Ақпараттық-насихаттау қызметі;
• Қаржы мен ресурстарды жоспарлау;
• Саяси және тәжірибелік шараларды дамыту, салауатты
тамақтану және
дене белсенділігін насихаттауға бағытталған түрлерін қоса;
• Емдік-сауықтыру бағдарламалары және әдістемелік материалдар
бойынша ұсыныстарды қарастыру және әзірлеуге
көмек көрсету;
• Мектеп басшылығына, ұстаздар кеңесіне және қоғамдастыққа
денсаулық пен қауіпсіздік саласындағы саясаттың маңыздылығы туралы
ақпаратты беру;
• Облыс, аудан шеңберінде, сондай-ақ,
мектептер және жергілікті
қоғамдық топтардың арасында мектеп сауықтыру бағдарламаларының
қызметін үйлестіру;
• Мектеп медицинасы саясаты мен бағдарламаларының сапасын талдау,
есепке алу және бағалау;
Сондай-ақ, әр аудан үшін мектеп медицинасы мәселелері бойынша
үйлестірушіні тағайындау ұсынылады, ол бүкіл ауданның оқушыларының
денсаулығына байланысты саяси және тәжірибелік іс-шараларды, оның
ішінде, салауатты тамақтану мен дене белсенділігіне байланысты түрлерін
қоса, басқаруы және үйлестіру бойынша жұмысты іске асыруы тиіс.
Үйлестіруші ауданның денсаулық сақтау жүйесінің белсенді мүшесі ретінде
болуы тиіс, ол мектептің денсаулық сақтау Кеңесінің шешімдері мен әрекеті
туралы
мектеп
деңгейінде
денсаулық
сақтау
үйлестірушілеріне,
командаларға, қызметкерлерге, оқушыларға, ата-аналарға хабарлауы қажет
(Fetro et al, 1998; American Cancer Society et al, 1999; Winnail et al, 1996;
Resnicow et al, 1996). Аудан деңгейіндегі мектеп медицинасын үйлестіруші
атқаруы тиіс:
• Мектеп денсаулық сақтау жүйесі саласында саясат пен тәжірибені
бірізді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін мектеп
деңгейіндегі денсаулық сақтау үйлестірушілерімен тығыз ынтымақтастықта
орындау;
• Мектеп медицинасы жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды
үйлестіру;
• Мектеп медицинасы және қауіпсіздігі саласында саясат пен қызметті
қолдау үшін ресурстармен қамтамасыз етуге
кепілдік беру;
• Жергілікті деңгейде денсаулыққа байланысты бағдарламалар мен
қызмет көрсету, қоғамдастық ресурстар арасындағы байланысты орнатуға