Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тапсырма



жүктеу 0,52 Mb.
бет6/8
Дата28.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25324
1   2   3   4   5   6   7   8

Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тапсырма

(Тексеруді тағайындау туралы акт)

      20 __ жылғы "___" ________№ __

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _____ бабына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізу тапсырылған мемлекеттік аудит тобының басшысын көрсете отырып, ішкі мемлекеттік аудит органы (дары) қызметкері (лері) нің Т.А.Ә. және лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, орналасқан жері,

      ЖСН, БСН, басшысының Т.А.Ә. көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________

      ________________________________ мәселелері бойынша аудиторлық іс-шара (аудиторлық іс-шараның (тексерудің) нысанасы) (тексеру) жүргізу тапсырылады.

      Мемлекеттік аудиттің түрі ______________________________________*

      Тексеру түрі ____________________________________________________

      Аудиторлық іс-шарамен (тексерумен) қамтылатын кезең ______________

      Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізу мерзімі: _____ бастап ____ қоса алғанда

      Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға:

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)

      Ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның басшысы/Орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі

      ____________________________*

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Аудиторлық іс-шара (тексеру) мерзімі: _______жылғы "____"_________ бастап жылғы "____"_________ қоса ұзартылды*.

      *Үстеме тексеру жүргізу барысында көрсетілмейді.

      Ескертпе: аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тапсырма (бұдан әрі – тапсырма) жасау.

      Тапсырма мынадай деректерді қамтиды:

      1) нөмірі мен берілген күні;

      2) аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізудің құқықтық негізі;

      3) аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізу тапсырылатын ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкері(лері)нің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы, аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тартылатын мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар қызметкерлерінің және (немесе) сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      4) мемлекеттік аудит объектісінің (оның филиалдарымен және өкілдіктерімен қоса) ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) аудиттің түрі және тексеру түрі (аудит бағдарламасына сәйкес келеді);

      6) тексеру түрі (үстеме, бірлескен, қатар тексеру кезінде толтырылады);

      7) мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізудің жоспарлы мерзімдері (аудит бағдарламасына сәйкес келеді);

      8) аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең (аудит бағдарламасына сәйкес келеді);

      9) аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты лауазымды адамның тегі және аты-жөні;

      10) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының/ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының/облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тегі мен аты-жөні не олардың міндетін атқаратын адамның деректері, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит органының мөрі;

      11) аудиторлық іс-шараның (тексерудің) белгіленген мерзімі бастапқыда белгіленгеннен асып кеткен жағдайда күні көрсетіле отырып, аудиторлық іс-шара (тексеру) мерзімін ұзарту туралы мәлімет.


 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

      ________________

      (күні, айы, жылы)

      Мемлекеттік аудит

      объектісінің басшысы

      _______________

      (тегі, аты-жөні)



Мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына сәйкес аудит объектісінің басшысы:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орнымен қамтамасыз етуге;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметкерлерін _____________ мерзімге дейін аудитті жүргізуге қажетті

      (күні көрсетілсін)

      барлық сұратылған ақпаратпен:

      ____________________________________________________________________

      (басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған қажетті құжаттар мен ақпарат

      тізбесі көрсетілсін)

      _____________ қамтамасыз етуге;

      3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің ақпараттық және есеп жүйесіне, оның ішінде ЭҚАБЖ-ға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі жасамауға;

      5) жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесімен танысуы үшін белгіленген тәртіппен ұсынылған күннен бастап үш күн мерзімде аудиторлық есепке қол қоюға (үстеме тексеру жүргізілген жағдайда бір күн мерзім көрсетіледі) міндетті. Нәтижемен келіспеген жағдайда аудиторлық есепке қарсылығы бар екенін ескертіп қол қояды. Қарсылықты аудиторлық есепке қоса береді немесе аудиторлық есепке қол қойылған соң күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

      2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде аудитті жүргізуге рұқсат бермеу, қызметі туралы қажетті құжаттар, материалдар, ақпараттар және басқа мәліметтер беруден бас тарту, жалған ақпарат беру, мемлекеттік аудитті жасауда басқа да кедергілер келтіру ретінде көрініс тапқан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының лауазымды адамдарының өз құзыреттеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасалса, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБК) 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ӘҚБК 462-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері ________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)

      Ескертпе: уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері талаптың бірінші данасын аудиторлық есеп бланкісіне ресімдейді.


 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
8-қосымша

Аудиторлық есеп

      _________________ 20___жылғы ____ _______ №___

      (жасалған орны)

      1. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің атауы: ____________________________

      2. Ішкі мемлекеттік аудит түрі: _________________________________________

      3. Тексеру түрі: ______________________________________________________

      4. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге тапсырма: __________________________

      5. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді: ____________________________________

      6. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы: _________________________

      7. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: ____________________________

      8. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: __________бастап ________ дейін

      9. Ішкі аудит объектісінің лауазымды адамдары: __________________________

      10. Алдыңғы ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер: _______

      11. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер: ____

      12. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер: _______________________

      13. Ішкі мемлекеттік аудит барысында қолданылған шаралар: _______________

      Қосымша: ______ парақта: (Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып тікелей ішкі мемлекеттік аудит объектісінде жинақталған және басқа да нақты көздерден алынған құжаттар көрсетілсін)

      Ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның қызметкері:

      ______________________ _____________________________

      (лауазымы) (қолы, Т.А.Ә.)

      Мемлекеттік органдардың мамандары, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың қызметкерлері, сарапшылар (тартылған жағдайда) ______________________ _____________________________

      (лауазымы) (қолы, Т.А.Ә.)

      Таныстым

      ____________________________________ _____________________________

      (Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысы) (қолы, Т.А.Ә. танысқан күні)

      Аудиторлық есеп екі (үш) данада жасалды (қажеттісінің асты сызылсын).

      Ескертпе:

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған жері (қаланың, басқа елді мекеннің атауы (ауыл, кент және т.б.), аудиторлық есеп жасалған күн көрсетіледі.

      Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі:

      1. Ішкі мемлекеттік аудит объектісі (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банктік және салық деректемелері, БСН (ЖСН)) көрсетіледі.

      2. Ішкі мемлекеттік аудит түрі (сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті).

      3. Тексеру түрі (үстеме, бірлескен, қатар).

      4. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге арналған тапсырма (ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге арналған тапсырманың күні мен нөмірі, тегі, аты-жөні, тапсырмаға қол қойған адамның лауазымы).

      5. Ішкі мемлекеттік аудитті (ішкі мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудит органы қызметкерінің (қызметкерлерінің), мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар маманының (мамандарының), мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар қызметкерлері мен сарапшылардың тегі, аты-жөні, лауазымы) жүргізді.

      6. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы (аудит жоспарына сәйкес келетін ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы).

      7. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең (мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі).

      8. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі (осы мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні).

      9. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары (ішкі мемлекеттік аудит оларға айтылып жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты-жөні).

      10. Бақылау және қадағалау органдарының алдыңғы мемлекеттік аудиті мен тексерулерінің нәтижелері туралы мәліметтер (тек ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес келетін бұрын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары қамтыған мәселелер бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар).

      11. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер.

      Аудиторлық есептің осы бөлімінде мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Аудит бағдарламасының әрбір сұрағына жауаптар тіркеледі, олар толық, нақты, объективті және ықшам жазылады.

      Аудиторлық есепте тексерілетін мәселелер бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектісі қызметінің нәтижелері жалпылама түрде тіркеледі, аудиторлық есепке қосымшаларда егжей-тегжейлі ақпарат жазылады.

      Аудиторлық есепте жүргізілген үстеме тексерудің, бақылау өлшемдерінің (қарап тексерулердің) нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ бұзушылық фактілері, оның ішінде жүргізілген үстеме тексерулердің нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектісі болып табылмайтын басқа ұйымдар бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын пайдалануы кезінде жасалған бұзушылық фактілері жазылады.

      Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, әрбір факті кезек тәртібімен нөмірленеді және ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылықтардың сипаттамасы мен түрі сипатталған жеке тармақпен тіркеледі (1-тармақ, 2-тармақ және т.с.с.) және тиісті бұзушылықтардың дәлелдемесі болатын құжаттар көрсетіледі.

      Егер талдамалық сипаттағы мәселерді қоспағанда, аудит бағдарламасының мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және "Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ." деген жазба жасалады. Аудиторлық есепке деректемелері көрсетіле отырып, тексерілген құжаттардың тізбесі қоса беріледі.

      Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің түріне, мақсатына және нысанасына байланысты ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер аудиторлық есепке қосымшалар ретінде ресімделетін мынадай кестелерді толтырады:

      1) 1-кесте. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің орындауы жөніндегі ақпарат;

      2) 2-кесте. Орындалған (қабылданған) құрылыс жұмыстарының көлемі және құрылыс объектілерінің уақтылы пайдалануға тапсырылуы туралы ақпарат;

      3) 3-кесте. ____ жылғы құрылыс объектілері мен реконструкциялау құнының қымбаттауы туралы мәліметтер (қымбаттау болған жағдайда);

      4) 4-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер.

      Ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер аудиторлық есепке басқа да кестелерді жасауы мүмкін, олар қосымша болып табылады. Аудиторлық есепте көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасау міндетті.

      12. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі жасау.

      Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттама жасаған жағдайда, оның нөмірі мен күні көрсетіледі (хаттама аудит объектісінің лауазымды адамдары ішкі мемлекеттік аудит объектісіне жіберуден бас тартқан, ішкі мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті құжаттарды бермеген немесе дұрыс емес, объективті емес және (немесе) толық емес ақпарат, материалдар және басқа да мәліметтер берген кезде жасалады).

      13. Ішкі мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

      Ішкі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар).

      14. Қосымшалар:

      1) ішкі мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап;

      2) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі;

      3) құжаттардың, анықтамалардың, кестелердің, бұзушылық фактілерінің көрінісін айқындайтын фотосуреттердің түпнұсқалары немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмелері;

      4) функционалдық және лауазымдық міндеттері негізінде жіберілген бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);

      5) бақылау өлшемдері және қарап тексеру актілері (олар жасалған жағдайда);

      6) зерттеулердің (сынақтардың және т.б.), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері немесе ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      7) мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болғанда);

      9) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (ішкі мемлекеттік аудит барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда):

      төлем тапсырмалары (төлеуге берілетін шоттар, түбіртектер, чектер және (немесе) басқалары);

      ведомостер, ордерлер, нарядтар;

      ақы төлеу фактісін растайтын (түсіндіретін) ішкі мемлекеттік аудит объектісінің жазбаша түсіндірмесі (шығыс нөмірі мен күні көрсетілген ресми бланкіде);

      10) деректемелерін көрсете отырып, тексерілген құжаттардың тізбесі.

      15. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің (мемлекеттік орган мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар қызметкерлерінің, ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылардың) қолдары.

      Аудиторлық есептің барлық беттеріне ішкі мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкерлері және ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамы қол қояды.

      Ішкі мемлекеттік аудит объектісінде бір топ бірлескен тексеру жүргізген кезде аудиторлық есеп үш данада ресімделеді, бірінші данасы ішкі мемлекеттік аудит органына, екінші данасы бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік органға, үшінші данасы ішкі мемлекеттік аудит объектісіне беріледі.


 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
9-қосымша

      Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп

____________________________________________________________


(аудит объектісінің атауы)

      Біз … аудит жүргіздік.

      Қаржылық есептілік үшін мемлекеттік орган (мекеме) басшысының жауапкершілігі

      Мемлекеттік органның (мекеменің) басшысы ... жауапты болады.

      Аудитордың жауапкершілігі

      Біздің жауапкершілігіміз … тұрады.

      Ескертпесі бар пікірлерді білдіруге негіздеме

      Ескертпесі бар пікірлер

      Біздің пікірімізше, ескертпесі бар пікірлер білдіру үшін негіздеме болатын параграфта сипатталған аспектінің әсерін қоспағанда, қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде 20ХХ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ХХХ мемлекеттік органының (мекемесінің) қаржылық жағдайын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес 20ХХ жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын дұрыс ұсынады (немесе оған әділ және дұрыс көзқарасын көрсетеді).

      _____________________________ ___________ "__" _____________ жыл

      (мемлекеттік аудитордың Т.А.Ә.) (қолы)


 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
10-қосымша

Мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту бойынша акті

      ________ қаласы 20____ жылғы "___" _________

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) ____ бабына сәйкес ____ жылға арналған

      ____________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит органының атауы)

      мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша _________________________ ____________________________________________________________________

      (тексерілетін органның, мекеменің, ұйымның атауы)

      __________________________________________ аудиторлық іс-шара жүргізеді.

      (аудиторлық іс-шараның атауы)

      Тексерілетін объектінің лауазымды адамы ________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні)

      оған (оларға) аудиторлық іс-шара жүргізуге арналған тапсырма (тексеру тағайындау туралы акті) берілгеніне қарамастан,

      ____________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерінің лауазымы, тегі және аты-жөні)

      тексерілетін объектіге _____________________________ кіргізуден бас тартты.

      (тексерілетін органның, мекеменің, ұйымның атауы)

      Бұл мемлекеттік аудит туралы заңның 36-бабының 1-тармағын және 37-бабының 2-тармағын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адамның жауаптылығына әкеп соғады.

      Осы акті екі данада жасалды, біреуі ______________________________

      (органның немесе ұйымның атауы)

      басшысы (лауазымды адамы) ___________________________ тапсырылды.

      (лауазымы, тегі және аты-жөні)

      Қолдары:

      Ішкі мемлекеттік аудит органы атынан _____________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні, қолы)

      Актінің бір данасын алдым _______________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні, қолы, қол қоюдан бас тартқан жағдайда – алудан бас тартты деп көрсетілсін)



 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
11-қосымша

Бақылау өлшемі (қарап тексеру) актісі

      _____________________ _____________________

      (жасалған жері) (жасалған күні) ____________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит органының атауы)

      аудиторлық іс-шара жүргізуге 20 __ жылғы _______________тапсырмасына сәйкес

      _________________________________________________________ объектісінде

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы)

      жүргізіліп жатқан_____________________________________мемлекеттік аудит

      (аудиторлық іс-шараның, тексерудің

      атауы)

      барысында ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері (қызметкерлері) (сарапшы, маман)

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудитордың және тартылған сарапшылардың, мамандардың лауазымы тегі, аты-жөні көрсетілсін)

      мына өкілдердің ______________________________________________________

      __________________________________________________________қатысуымен

      (аудит объектісі өкілдерінің, тапсырыс берушінің, мердігердің және т.с.с.

      тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      (бақылау өлшемі (қарап тексеру) объектісі мен нысанасы көрсетілсін)

      дұрыстығын растау мақсатында бақылау өлшемін (қарап тексеруді) жүргізіп, нәтижесінде мыналарды анықтады______________________________________.

      (бақылау өлшемі (қарап тексеру) нәтижесін көрсету)

      Актіге қосымша _________________________________________________

      (түсініктеме, қарап тексеруге байланысты фото

      және басқа материалдар)

      Ішкі мемлекеттік орган қызметкер(лер)і (тартылған сарапшы, маман): __________________________ __________________________

      (лауазымы) (қолы, тегі, аты-жөні)

      Мемлекеттік аудит объектісінің, тапсырыс

      берушінің, мердігердің және т.с.с. өкілдері:

      __________________________ __________________________

      (лауазымы) (қолы, тегі, аты-жөні)

      __________________________ __________________________

      (лауазымы) (қолы, тегі, аты-жөні)

      Жасалған акті даналарының саны: ____________________________

      (адресат көрсетілсін)



 

Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
12-қосымша

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау