Ішкі істер және азаматтық қорғау органдарында Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту бойынша ұсынымдары



жүктеу 262,27 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі262,27 Kb.
#15048






Ішкі істер және азаматтық қорғау органдарында Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту бойынша ұсынымдары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Ішкі істер және азаматтық қорғау органдарында Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту бойынша ұсынымдары (бұдан әрі - Ұсынымдар) «Волонтерлік қызмет туралы»


2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VI Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығымен бекітілген Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгі қағидаларына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 15 бұйрығымен бекітілген Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгі қағидаларына сәйкес және ішкі істер және азаматтық қорғау аумақтық органдарына методикалық көмек ретінде әзірленген (бұдан әрі – ІІО және АҚО).

2. Осы Ұсынымдардың мақсаттары:

1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың өмірін, денсаулығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, нашақорлыққа қарсы насихат және нашақорлықты бастапқы алдын алу шаралары;

2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.



  1. Волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту бойынша
    іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, волонтерлік қызметтің келесі түрлері ұсынылады:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысу;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысу, сонымен қатар психикалықэмоционалды қолдау және алғашқы медициналық көмек көрсету;

3) іздеудегі тұлғалардың, сонымен қатар із-түссіз кеткендердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларына, сондай-ақ қылмыстық істі тергеу үшін маңызы бар, заттай айғақтарды табуға қатысу;

4) пассивті фазадағы суда адамдарды іздеуге қатысу;

5) мектеп және колледж оқушылары мен олардың ата-аналары, жоғары оқу орындарының студенттері арасында нашақорлықты алдын алу және басқа да іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізілуіне қатысу;

6) есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекет жасау және нашақорлықпен күресу, адам саудасы саласында кездесетін күрделі мәселелер туралы ақпараттандыру және алдын алу мақсатында өткізілетін акцияларға, дөңгелек үстелдерге, жиналыстарға, сонымен қатар қылмыстық қастандық құрбандарына қатысты, оларға психологиялық, медициналық және басқа көмек көрсету арқылы оңалту іс-шараларына қатысу;

7) ішкі істер органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) ұйымдастырылған нашақорлық және адам саудасын алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

8) ішкі істер органдарының бейімді оқу орындарына, сондай-ақ қызметке түсу үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бейімделу жұмыстарын жүргізу;

9) ІІБ және АҚО қызметтерінің мәдени өміріне қатысу;

10) ІІБ және АҚО қызметі туралы хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.





  1. Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту бойынша іс-шаралар




  1. Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және ІІБ және АҚО волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту жоспарлауға, тартуға, қызмет саласын анықтауға, оқытуға, сүйемелдеу және бағалауға бағытталған іс-шаралар кешенін көздейді.

  2. Аумақтық ІІБ және АҚО волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тартуды жоспарлау кезінде:

  1. сол немесе өзге қызмет түрі үшін волонтерлердің қажетті санын анықтау;

  2. волонтерлерге оқыту және қажетті қолдау түрін анықтау.

  1. Аумақтық ІІБ және АҚО басшылары ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды тағайындау, волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді (қызметтерінің бағыты бойынша) тарту және волонтерлер үшін жалғастырушы буын болатын, сондай-ақ волонтерлік қызметке қатысты барлық сұрақтар бойынша жүгіне алатын мәліметтер тізілімін (одан әрі – жауапты қызметкер) жүргізу туралы бұйрықты шығаруға құқылы.

  2. Жауапты қызметкердің негізгі міндеті мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынумен қатар волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің жұмыстарына ықпал ету және бақылауды ұйымдастыруда.

  3. Жауапты қызметкердің міндеттеріне кіретіндер:

  1. волонтерлерді жинау үрдісін жоспарлау;

  2. жұмыс алдында волонтерлер ұйымдарымен және волонтерлермен сухбат (әнгіме) жүргізу;

  3. волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру;

  4. сандық қажеттілікті бағалау және волонтерлерді тарту мүмкіндігі;

  5. қауіпсіз және тиімді волонтерлік қызметі үшін жағдай жасау;

  6. белгіленген талаптар мен нормалармен сәйкес қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық жүргізу;

  7. волонтерлердің өз міндеттерін сапалы және қауіпсіз атқару машығына оқытуды ұйымдастыру.

  1. Жауапты қызметкер туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері, электрондық мекен-жайы) аумақтық ІІБ мен АҚО интернет-ресурсында орналастырылады.

10. Волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді төмендегілермен тарту ұсынылады:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) адамдар жаппай жиналатые орындарда көрнекі үгіт (стенд) арқылы;

3) ақпараттық парақшалар, брошюралар, буклеттер тарату арқылы;

4) сайттарда, блоктарда, әлеуметтік желілерде хабарландыруларды орналастыру арқылы;

5) ЖАО ақпараттық қызмет мүмкіндіктерін пайдалану;

6) қоғамдық көлік жолаушыларына хабар беру;

7) мектептерде, жоғары оқу орындарында және басқа да білім беру ұйымдарында тұсаукесерін өткізу.

11. Аумақтық ІІБ және АҚО өздірінің интернет-ресурстарында волонтерлік ұйымдар мен волонтерлер үшін осы Ұсыныстардың 1 қосымшасына сәйкес «Қалай волонтер болуға болады» тарауын құрады.

12. Волонтерлік ұйымдар мен (немесе) волонтерлерді тартқан жағдайда аумақтық ІІБ және АҚО төмендегіні орындау қажет:

1) дайындалған оқытудың күнтізбелік жоспарларымен сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті машыққа волонтерлерді оқытуды ұйымдастырумен бірге қауіпсіз және тиімді волонтерлік қызмет үшін жағдай жасау,

2) волонтерлік қызметті жүзеге асуру үрдісінде волонтерлердің жұмысына жауапты қызметкерді тағайындау;

3) волонтердің жұмысына нақты суреттеме беру және волонтерлер қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

4) белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық жүргізу.

13. Тізілім жүргізу бойынша Үлгі қағидаларына сәйкес волонтерлік қызмет туралы мағлұматтарды құрастыру үшін волонтерлік қызметтің (одан әрі-деректер тізілімі) есебін жүргізу тізілімін аумақтық ІІБ және АҚО жүргізеді.

14. Осы Ұсыныстың 2 қосымшасына сәйкес нысана бойынша волонтерлік қызметтің субъектілері, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар туралы мағлұматтарды аумақтық ІІБ мен АҚО интернет-ресурстарына орналастыру арқылы деректер тізілімі құрастырылады.

15. Деректер тізіліміне енгізу үшін жауапты тұлғалар тәлімгерлік бағытына байланысты волонтерлік қызметті жүзеге асыру күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде волонтерлік қызмет субъектілерімен бірлесіп электронды түрде мемлекеттік және орыс тілінде төмендегі мағлұматтарды құрастырады:

- осы Ұсыныстардың 3, 4, 5, 6 және 7 қосымшаларына сәйкес волонтерлер қызметінің субъектілері туралы;

- осы Ұсыныстардың 8 және 9 қосымшаларына сәйкес волонтерлік бағдарламалар (жобалар) мен волонтерлік акциялар туралы.

16. Электрондық поштамен волонтерлік қызмет субъектілері, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар туралы мәліметтер түскен жағдайда жауапты тұлға мәліметтер түскен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізеді және аумақтық ІІБ мен АҚО деректер тізіліміне берілген мәліметтерді енгізеді.

17. Волонтерлік қызметінің субъектілері туралы мағлұматтар өзгерген жағдайда және волонтерлік қызметтің тоқтатылуы барысында жауапты қызметкер бес жұмыс күні ішінде ақпараттар түскен күннен бастап, деректер тізіліміне өзгерістерді енгізеді.

18. Жауапты қызметкер волонтерлік ұйымдар мен (немесе) волонтерлерді жоспарланған және жүзеге асырылатын бағдарламалар (жобалар) мен акциялар, сондай-ақ олардың қатысушыларының қажетті саны, өткізілетін орны мен уақыты, өткізуге қойылатын талаптары туралы, оның тізілімді жүргізу жөніндегі Үлгі қағидаларға сәйкес, аумақтық ІІБ мен АҚО интернет-ресурстарына орналастыру арқылы хабар береді.

19. Іс-шараны келісу процесінде жауапты қызметкер:

1) волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерге жұмыстың мазмұны (мақсаты, жоспарланған нәтижелері, іс-шаралардың мерзімділігі) туралы толық ақпаратты ұсынады;

2) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білім деңгейін айқындайды (оқыту мақсатты, нақты және волонтерлерге орындауға берілген жұмыстың спецификасына дәл сәйкес болуы тиіс).

20. Волонтерлік ұйымдар мен (немесе) волонтерлердің қызмет саласын анықтаған соң, тәжірибелік жұмысты бастау үшін қажетті білім мен машық беретін оқыту элементтері бар жетілдірілген оқу бағдарламаларына сәйкес волонтерлер оқудан өтеді.

21. Іс-шараны өткізудің алдында жауапты қызметкер волонтерлерге нұсқама беріп, әрбір қатысушының міндеттері мен функцияларын, орны және жұмыс көлемін белгілейді, оның орындалуын бақылайды.

22 Волонтерлер жұмыстарының тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың жұмыстарын жетектейін жүйені ұйымдастыру керек.

23. Жыл сайын жылына 2 рет аумақтық ІІБ және АҚО волонтерлік бағдарламалар (жобалар) мен волонтерлік акцияларды жүзеге асыру мониторингін (одан әрі – Мониторинг) жүргізеді.

24. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған, сондай-ақ волонтерлік ұйымдардың ақпараттарының, бақылау деректері мен социологиялық зерттеу, волонтерлік қызмет субъектілерінің мағлұматтары негізінде волонтерлік бағдарламалар (жобалары) мен волонтерлік акцияларды жасау мониторингін жүзеге асыру Үлгі қағидаларына сәйкес аумақтық ІІБ және АҚО мониторинг жургізеді.

25. Мониторинг өзінде келесі кезеңдерді қосады:


  1. ақпаратты жинау:

волонтерлік қызметтің (атауы, күні, уақыты және өткізу орыны) субъектілері жүргізетін волонтерлік бағдарламалар (жоспарлар), акциялар туралы;

волонтерлік бағдарламалар (жобалар) мен волонтерлік акцияларды ұйымдастыратындар (орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін басқару органдары, басқа ұйымдар, волонтерлерді өз бетімен немесе волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын жәй тұлғалар) туралы;

бағдарламалар және волонтерлік акциялары жоспарланған мақсаттардың, тапсырмалар мен волонтерлік жүзеге асыратын әдістерінің күткен нәтижелеріне сәйкес келуі туралы;

волонтерлік акциялар (жобалар) мен волонтерлік акциялар жолданған мекен-жайлық топтың саны мен атауы туралы.

2) мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты өңдеу және талдау.

3) жүргізілген талдаудың негізінде есептік ақпаратты дайындау. Есептік ақпаратта төмендегілер болу қажет:

волонтерлік қызметтің ағымдағы жағдайын мазмұндау;

жағымды тәжірибені суреттеу;

күрделі мәселелерді суреттеу;

волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық ынтаны дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру;

волонтерлік қызметтің ролін жоғарлату бойынша шараларды өңдеу және жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар беру;

күрделі мәселелерді шешу ұсынылған жолдарын беру.

____________________________________

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына



1 Қосымша
Үлгі
Қалай волонтер болуға болады



Осы бетте Біз Сізбен байланысамыз және Жоба қалай жұмыс Сіздің өтінім

қалдырыңыз қатысуыңыз жоба аясында жасайтынын, және т.б. жүзеге көмек көрсету

Сізге немен айналысу қалай асатынын әңгімелеп пайда әкеледі



қызықты екенін білеміз береміз

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

2 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі
Кесте 1




Волонтерлік қызмет субъектілерінің атауы

(волонтерлер, волонтерлік топтар, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер және ұйымдастырушылар)



Орналасқан жері, байланыс телефондары, электронды пошта және web-сайт (болған жағдайда)

Волонтерлік қызмет субъектілерінің жеке басын куәландыратын төлқұжат нөмірі/әділет органдарында мемлекеттік тіркелу туралы құжат нөмірі және күні

(болған жағдайда)



Білімі (волонтердің

/волонтерлік топ/ұйым басшысының) және волонтерлік қызметтегі еңбек тәжірибесі



Қызмет туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

Волонтерлер



















Волонтерлік топтар



















Волонтерлік ұйымдар



















Волонтерлік қызметті үйлестірушілер және ұйымдастырушылар



















Кесте 2





Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның атауы



Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның ұйымдастырушысы



Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның мақсаты, негізгі міндеттері және жүзеге асыру әдістері



Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның мақсатты тобы



Күтілетін нәтижелер

Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияның өткізілу орны және уақыты



Волонтерлік бағдарламаның (жобаның)/

волонтерлік акцияны өткізу талаптары



1

2

3

4

5

6

7

8

Волонтерлік бағдарламалар (жобалар)



























Волонтерлік акциялар


























Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

3 Қосымша
Үлгі
Волонтер сауалнамасы


Өзіңіз туралы мәлімет

Фамилиясы




Аты-жөні




Тегі (болған жағдайда)




Туылған жылы




Тұратын жері

(елді-мекенін көрсету)






Жеке басын куәландыратын төлқұжат




Білімі




Волонтерлік қызметтегі өтілі




Байланыстың қай түрі Сізге ыңғайлы:

Телефон

Email







Волонтерлік қызметті іске асыру бойынша ақпарат:

Қазіргі таңда Сіздің қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу




2) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу




3) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу




4) хабарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу




5) пассивті фазадағы суда адамдарды іздеуге қатысу




6) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың және нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу




7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне қатысу




8) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады




Волонтер ретіндегі өз роліңізді қысқаша сипаттап беріңіз

1) Өз саласындағы кәсіби маман
2) Басшы/көшбасшы
3) Менеджер
4) Жаттықтырушы/оқытушы
5) Логистик

6) Хатшы





Сіздің қолжетімділігіңіз

Қандай қызметті (қандай іс-шараны) таңдайсыз?

1) қысқа мерзімді

2) ұзақ мерзімді

3) біржолғы


Қай уақытты Сізге волонтер қызметін атқарған ыңғайлы?

1) еңбек демалысы/демалыс уақытында

2) мейрам күндері

3) жазғы уақытта

4) басқа уақытта



Түсініктемелер

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

4 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік топтың сауалнамасы


Волонтерлік топ туралы мәлімет

Волонтерлік топ басшысының фамилиясы




Волонтерлік топ басшысының аты




Волонтерлік топ басшысы әкесінің аты (болған жағдайда)




Волонтерлік топ басшысының туылған жылы




Волонтерлік топ басшысының тұратын жері

(елді-мекенін көрсету)






Волонтерлік топ басшысының жеке басын куәландыратын төлқұжат




Волонтерлік топ басшысының білімі




Волонтерлік топ басшысының волонтерлік қызметтегі өтілі




Волонтерлік топ тізімі




1




2




3…




Байланыстың қай түрі Сізге ыңғайлы:

Телефон

Email







Волонтерлік қызметті іске асыру бойынша ақпарат:

Қазіргі таңда Сіздің қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін көрсетіңіз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу




2) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу




3) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу




4) хабарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу




5) пассивті фазадағы суда адамдарды іздеуге қатысу




6) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың және нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу




7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне қатысу




8) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады




Түсініктемелер:

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

5 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік ұйымның сауалнамасы


Ұйым басшысының байланыс ақпараты

Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



Телефондары




Email




Волонтерлік қызмет туралы ақпарат

Ұйым атауы




Ұйым міндеті




Заңдық тіркелу күні




Web-сайт (болған жағдайда)




Email




Телефон




Мекен-жайы




Ұйым туралы қысқаша мәлімет

  1. Волонтерлік қызметтегі бар тәжірибеңізді сипаттаңыз;

  2. Соңғы 5 жылда (атауы, өткізілген орны, тартылған волонтерлер саны, өткізу уақыты, қол жеткізілген нәтижелері) өткізілген ең табысты волонтерлік қызметті сипаттаңыз




Ұйымдағы волонтерлер саны




Түсініктемелер:


Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

6 Қосымша


Үлгі
Волонтерлерді үйлестірушінің сауалнамасы


Волонтерлерді үйлестіруші туралы ақпарат

Тегі




Аты




Әкесінің аты (болған жағдайда)




Туған жылы




Тұрғылықты жері (елді мекенді көрсету)




Білімі




Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі




Волонтерліктегі жұмыс тәжірибесі




Волонтерлерді үйлестіруші роліндегі жұмыс тәжірибесі




Волонтерлерді үйлестіруші ретінде өзіңіздің негізгі міндеттеріңізді қысқаша сипаттаңыз

1) жұмыстың қауіпті тәсілдеріне және жұмыстарды орындау амалдарын үйрету

2) жазатайым оқиғалардаң зардап шеккендерге бірінші көмек көрсету



Сіз байланысты не арқылы қалайсыз:

Телефон

Email







Үйлестіруші рөліндегі волонтерлік қызметті жүзеге асыру бойынша Сіздің ұсыңызтарыңыз:

Қазіргі уақытта Сіз қатысқан негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз:

1) әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу




2) төтенше апаттардан, экологиялық, техногенді және өзге де шиеленістерден зардап шеккен, әлеуметтік шиеленістер, бақытсыз жағдайлардан, құқық бұзушылық құрбандары, босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар, сондай-ақ сырттан көмек пен қолдауға мәжбүр азаматтардың өзге түрлері мен топтарына көмек көрсетуге қатысу




3) орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюға ықпал етуге қатысу




4) хабарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу




5) пассивті фазадағы суда адамдарды іздеуге қатысу




6) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың және нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу




7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне қатысу




8) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады




Түсініктемелер:





Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

7 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік қызметті ұйымдастырушының сауалнамасы


Ұйымдастырушы туралы мәлімет (жеке тұлғаларға)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




Телефон




Email




Жеке басын куәландыратын төлқұжат нөмірі




Мекенжай (елді-мекенін көрсету)




Ұйымдастырушы туралы мәлімет (заңдық тұлғаларға)

Ұйымның атауы




Ұйымның миссиясы




Заңды тіркеу мезгілі




Web-сайт (қолда барда)




Email




Телефон




Мекенжай




Ерте іске асырылған бағдарламалардың (жобалардың), акциялардың тәжірибесі туралы қысқаша сипаттау беріңіз (егер болса)

Түсініктемелер:

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына

8 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік бағдарлама (жоба)


Бағдарламаның (жобаның) атауы




Бағдарлама (жоба) ұйымдастырушы




Бағдарлама (жоба) мақсаты




Негізгі міндеттер




Бағдарламаны (жобаны) іске асыру бойынша әдістер




Күтудегі нәтижелер




Бағдарламаның (жобаның) мақсатты тобы




Бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны




Бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімі




(Анықтаңыз) саласындағы қосымша мамандарды тартуға қажеттілігі болса




Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге жұмысбастылық ұсынуы




Комментарии:

Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына қатысу және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді тарту бойынша Ұсынымдарына



9 Қосымша
Үлгі
Волонтерлік акция


Акцияның атауы




Акция ұйымдастырушы




Акция мақсаты




Негізгі міндеттер




Күтудегі нәтижелер




Акцияның мақсатты тобы




Волонтер-қатысушылар саны




Акцияның өткізу мезгілі мен уақыты




Акцияның өткізу орны




Акция ұйымдастырушы жағынан акцияны өткізуге қатысты талаптары (анықтаңыз)




Ұзақтық/ мерзімділік




Волонтерге, волонтерлік топқа, үйлестірушіге жұмысбастылық ұсынуы




жүктеу 262,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау