Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
Жұмыстың атауы
|
Жұмыстың мазмұны
|
Өлшем бірлігі
|
Уақыт нормасы, сағат
|
Істерді құрылымдық бөлімшеден мұрағатқа қабылдау
|
Істер ахуалымен танысу, істердің ресімделуін тексеру, тізілім бойынша (біртіндеп) қабылдау, осы жылдық тізілім бөлімі құжаттарының бақылау - анықтамалық картотекасын қабылдау, нақты қабылданған істер саны, болмаған істер нөмірлері жөніндегі мәліметтерді жазу, сақталу орындарына істерді орналастыру, істерді орналастыру жөніндегі топографиялық сілтемелерін белгілеу, құжаттардың келіп түсу және кету кітабына жазу енгізу
|
10 іс
|
3,60
|
Дезинфекция, дезинсекция, қалпына келтіру және бумалауға іріктеу, дайындау және жіберу
|
Құжаттарды болуын тексеру, құжаттардың физикалық ахуалын есепке алу картотекасы (журналы) жөніндегі актісі бойынша таңдау, мұрағат қоймасынан істерді беру кітабына тіркеу, белгілі нысанда тапсырыс ресімдеу, лабораторияға істерді жіберу
|
10 іс
|
4,70
|
Істерді беру (қабылдау)
|
Істерді беру: тапсырыспен танысу, топографиялық сілтемелері бойынша істердің орналасу орнын анықтау; істерді алып шығу; орнын басу карточкасына салу; іс сыртындағы шифрдың атауына және тізіліміне (істер номенклатурасына) сәйкес келуін анықтау, парақтардың нөмірленуі мен ахуалын тексеру, мұрағат қоймасынан істерді беру кітабына жазу енгізу.
Істерді қабылдау: істерді қарап шығу, парақтардың нөмірленуі мен ахуалын тексеру, беру кітабына істерді қайтару жөнінде жазу енгізу, орнын басу карточкасын алып тастау; істерді сақталу орындарына салу
|
Мұрағаттан берілген не мұрағатқа қабылданған 10 іс
|
1,55
|
Істерді картондау
|
Нөмірлер тәртібі бойынша істерді орналастыру, белгіні жазу, оны қорапқа жапсыру
|
10 іс
|
0,52
|
Сақталуға тиіс істер бумаларын қалыптастыру
|
Істерді нөмірлер тәртібі бойынша топтастыру, белгі жазып тағу, шпагатқа белгіні тағу, істерді буу
|
10 іс
|
0,54
|
Топографиялық сілтемелер құрастыру
|
Сілтеме карточкасы бағандарын белгілі нысан бойынша толтыру, карточкаларды белгілі сөрелердің орналасу тәртібі, қорлар нөмірлері бойынша топтастыру
|
10 карточка
|
2,80
|
Автоматтандырылған топографиялық сілтемелер жүргізу
|
Компьютерді қосу, дисплейге файл шығуын сұрау, сілтеме карточкасы бағандарын (бағандардағы деректерді нақтылау) толтыру, карточкаларды белгілі орналасу тәртібі бойынша топтастыру; қағазға басып шығару, компьютерді сөндіру
|
10 карточка
|
1,25
|
Істердің болуын және ахуалын тексеру
|
Сақталу орындарында және тізілім (істер номенклатурасы) бойынша, істің сыртында сипаттамасы бар істер номенклатурасы тізілімінің сипаттау бабы бойынша істердің нақты болуына салыстыру жасау, істердің физикалық ахуалы және техникалық ресімделуін тексеру, істің болуы тексерілгені жөніндегі парағын толтыру, мұнда істердің физикалық ахуалы, істердің болуын тексеру және қордағы істер ахуалы актісі көрсетілгені қоса құрастырылады
|
10 іс
|
0,80
|
Ұйым мұрағатының құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруы
|
Істерді дайындау және жеткізу, істерді тапсыруға қатысу, белгілі нысанда құжаттардың тапсырылуын ресімдеу, кіріс және шығыс құжаттары кітабына шығу жөнінде жазу енгізу
|
10 іс
|
1,00
|
Құжаттарды есепке алу
Жұмыстың атауы
|
Жұмыстың мазмұны
|
Өлшем бірлігі
|
Уақыт нормасы, сағат
|
Ұйым мұрағатының есепке алу құжаттарын құрастыру және жүргізу
|
Қор қалыптастыру тарихы бойынша қайнар көздерін зерттеу, қорлар тізімін құрастыру және жүргізу, қорлар мен жинақтардың сандық және қор бойынша есепке алу, қор парағын құрастыру, тиісті құжаттар негізінде қордың құрамы мен көлемі туралы мәліметтер айқындау және жазу, белгілі нысанда мұрағат қоры карточкасын құрастыру, карточканы мемлекеттік мұрағатқа тапсыру
|
1 мұрағат қоры
|
2,50
|
Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың ахуалы және көлемі туралы мұрағат төлқұжатын құрастыру
|
Мұрағат туралы мәліметтер жинау және сараптама жасау, есепке алу құжаттары негізінде белгілі нысанда төлқұжат жазу
|
1 төлқұжат
|
9,70
|
Техникалық ресімдеу
Жұмыс атауы
|
Жұмыс мәні
|
Өлшем бірлігі
|
Уақыт нормативі, сағат
|
Құжат мәтінін автоматтандырылған түрде редакциялау
|
Компьютерді қосу, дисплейге файл шығуын сұрау, өзгерістер енгізіп, мәтінді түзету, мәтінді қағазға шығару, компьютерді сөндіру
|
1 авторлық парақ
|
1,60
|
Құжаттарды (басқарушылық құжаттамаларды) істерге қолдан тігу
|
Атқарылған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес мұқабасына топтау (арасына салу), тігін машинасымен тігу, 4 хаттамаға тігу
|
1 іс
|
0,30
|
Еңбекті шағын механизациялауды қолдану арқылы істерді (басқарушылық құжаттамаларды) іске тігу
|
Атқарылған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес мұқабасын топтау (арасына салу), тігін машинасымен тігу
|
1 іс
|
0,08
|
Еңбекті шағын механизациялауды қолдану арқылы қағаз жүзіндегі құжаттарды жою
|
Жоюға бөлу актісіне енгізілген істерді жеткізу, тасып салу, құжаттарды ұсату машинасын іске қосу; қағаз бумаларын ыдысқа тасып салу
|
1000 парақ
|
1,05
|
Құжаттарды жоюға тапсыру
|
Жоюға бөлу актісіне енгізілген істерді сөрелерден алу; бумаларды қалыптастыру және бумалау; көлік алу өтінімін ресімдеу; белгілі тәртіпте істерді салу, істерді жоюға тапсыру
|
100 іс
|
6,00
|
Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің
ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының
3-қосымшасы
Ісқағаздарын жүргізу қызметімен айналысатын қызметкерлердің санын шамамен есептеу
Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің саны жыл бойы орындалатын жұмыстардың күрделілігі бойынша есептеледі
-
р/с №
|
Орындалатын жұмыстардың түрі
|
Өлшем бірлігі
|
Бір жылға жұмыс көлемі, адам–сағат
|
Өлшем бірлігіне уақыт нормативі, адам–сағат
|
Қажетті уақыт адам-сағат
|
1.
|
Ұыймның істер номенклатурасын әзірлеу
|
50 позициясы
|
200
|
24,0
|
96,0
|
2.
|
Азаматтардың өтініштерін тіркеу
|
1
құжат
|
10000
|
0,004
|
40,0
|
3.
|
Үнемі сақталатын істерді қалыптастыру, тақырыптарын құрастыру, істер ресімдеу (басқарушылық құжаттамалар)
|
1 іс
|
500
|
0,73
|
365
|
4.
|
Ұйымның жеке құрамы бойынша істерді қалыптастыру, тақырыптарын құру, істерді ресімдеу
|
1 іс
|
500
|
0,73
|
365
|
5.
|
Істерді құрылымдық бөлімшеден ұйымның мұрағатына тапсыру
|
10 іс
|
500
|
3,00
|
150
|
|
Құжатты бақылауға қою
|
1 ҚБҚ
|
1000
|
0,46
|
460
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
1476,0
|
Қ – жұмыс орны, демалу (дене шынықтыру үзілістерімен қоса) және дербес қажеттіліктеріне – 1623,6 ад/сағ. ұйымдастырушылық - техникалық қызмет жасау үшін қажет уақытын есепке алатын, К = 1,1 коэффициентін есептегенде уақыт нормативтері жиынтығы бойынша есептелген жұмыстардың қиындылығы.
Қ- бір жыл ішіндегі бір жұмыскердің жұмыс уақытының тиімді қоры, с (ортаңғысына 1984 сағат тең қабылданады).
Қ 1623,6
Ссп = -------- = -------------- = 0,8 адам.
Қ 1984,0
Ұйым мұрағаты қызметкерлерінің саны жыл бойы орындалатын жұмыстардың күрделілігі бойынша есептеледі
Р/с
№
|
Орындалатын жұмыстардың түрі
|
Өлшем
бірлігі
|
Жұмыстар көлемі бірлігіне жұмыстар көлемі,
адам– сағат
|
Уақыт нормативі,
адам-сағат
|
Қажетті уақыт, адам–сағат
|
1
|
Ұйымдар мен азаматтардың сұрауларын орындау
|
1 сұрау салу
|
150
|
2,4
|
150,0
|
2
|
Ақпараттық құжаттарды тақырыптық айқындау және дайындау
|
1 авторлық парақ
|
10
|
127
|
1270,0
|
3
|
Істерді құрылымдық бөлімшелерден мұрағатқа қабылдау
|
10 іс
|
500
|
3,60
|
180
|
4
|
Істерді беру (қабылдау)
|
Мұрағаттан берілген не мұрағатқа қабылданған 10 іс
|
500
|
1,55
|
77,5
|
5
|
Істердің болуы мен ахуалын тексеру
|
10 дел
|
500
|
0,80
|
40
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
1717,5
|
Қ – жұмыс орны, демалу (дене шынықтыру үзілістерімен қоса) және дербес қажеттіліктеріне – 1889, 3 ад/сағ ұйымдастырушылық - техникалық қызмет жасау үшін қажет уақытын есепке алатын, К = 1,1 коэффициентін есептегенде уақыт нормативтері жиынтығы бойынша есептелген жұмыстардың қиындылығы.
Қ- бір жыл ішіндегі бір жұмыскердің жұмыс уақытының тиімді қоры, с (ортаңғы 1984,0 сағ. тең қабылданады).
Т 1889,3
Ссп = ----- = ------------------ = 0,95 чел.
Ф 1984,0
Ісқағаз жүргізу қызметін көрсетумен айналысатын қызметкерлердің
ірілендірілген салааралық үлгілік уақыт нормаларының
4-қосымшасы
Қолданылған әдебиеттер
Жинақты құрастырғанда мына нормативтік материалдар қолданылған:
Уақыт нормативтерін әзірлеу негізіне еңбекті ұйымдастыруды зерделеу материалдары және алдыңғы қатарлы тәжірибелер, хронометражды байқаулар, жұмыс күнінің фотосуреттері, жедел есепке алу және есептеме деректері алынған.
Басқару органдарының құжаттамалық қамтамасыз ету және автоматтандырылған мұрағаттық технологиясы бойынша жұмыстарға уақыт нормалары (Мәскеу қаласы, 1993 жылғы).
Атқару өкіметінің федералдық органдарының басқарушылық құрылымдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына уақыт нормасы (Мәскеу қаласы, Экономика, 2002 жылғы).
Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға ірілендірілген салааралық уақыт нормативтері (Мәскеу қаласы, Экономика, 1994 жылғы).
Іс қағаздарын жүргізушілік қызмет көрсету бойынша жұмыстарға уақыт нормативтері (Мәскеу қаласы, Экономика, 1987 жылғы).
Басшылар, мамандар мен басқа қызметшілердің лауазымдық біліктілік анықтамалығы (Астана қаласы, 2002 жылғы).
Достарыңызбен бөлісу: |