Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Өзім туралы
Қазақ тілі пәні
|
Мектеп: "Камышенка орта мектебі"КММ
Мұғалімнің аты-жөні : Жумадилова Г.Н.
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
Күні:
|
Сынып: 2 "Б"
|
Сабақ тақырыбы
|
Өзіме киім үлгісін таңдаймын
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
|
2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
4.1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау. «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
|
Сабақ мақсаттары
|
Қимыл, ым ишара арқылы жауап бере алады; Сұрақты түсініп жауап бере алады; Сұраққа жауап беріп, өз ұсынысын айта алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Тақырып бойынша ұсыныс айта алады.
|
Сөздік қор
|
ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, мата
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілік, еңбек және шығармашылық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін- өзі тану пәнімен байланыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Киім түрлері туралы білді, өзіне ұнайтын киім түрлері туралы айта алды.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
2 минут
|
Ортадағы шеңберге жиналу.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
|
Слайд
|
Сабақтың ортасы
5 мин
10 мин
5 минут
10 минут
6 минут
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
-Балалар, бүгінгі сабақта біз У дыбысымен танысамыз. Сұрақтар қойып, жауап беруге үйренеміз.
Топтық жұмыс. Бірнеше жазылған сөздердің ішінен у дыбысы жазылған сөздерді оқиды.
У дыбысы бар сөздерді оқу
Қай сөздер у дыбысы дауысты, дауыссыз екендігін анықтау.
Тауық, ту, оқу, жайлау, санау, тану, дауыс
Мұғалімнің сөзі: Ережені түсіндіру. У – дауысты;
У – дауыссыз.
Ереже: Дауыстыдан соң келсе дауыссыз, дауыссыздан соң келсе дауысты.
Сөздік диктант: сусын, сәукеле, қуыршақ, сурет, оқулық, тау.
Тапсырма: у дауысты дыбыс бір сызықпен, дауыссыз дыбысты екі сызықпен сызу.
Бағалау: сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;
(Ө;Т;Қ) Тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылардың алдына бірнеше сөз тіркестері беріледі.
Сөз тіркестерін суреттегі киімдермен байланыстырады, оларды сипаттайды
Спорттық киім –
Суда жүзуге арналған киім –
Мерекелік кешке арналған киім –
Арнайы киім –
Жеңіл киім -
Оқулықпен жұмыс. 18- бет. 1-жаттығу. Жеке жұмыс. Дайын шаблон арқылы ойларын жеткізу.
«Мен саған ........ ұсынамын, себебі .............. . ......... »
Тапсырма: Суреттегі балаларға киім түрін таңдауға көмектесу.
Жұптық жұмыс. Суретпен жұмыс.
Тапсырма: Берілген киімдерді сипаттау.
Тірек сөздер: ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, матасы ....
Кестемен жұмыс. Жеке орындайды.
Киімді қалай таңдау керек?
|
Қандай киім түрлерін білесің?
|
Саған қандай киім ұнайды?
|
|
Айтылым. Топтық жұмыс.
Шеңбердегі әңгіме. Оқушының тілін, шығармашылығын дамытады.
Мақсаты: жүйелі әңгіме құру
Мұғалім бір әңгіменің басы мен аяғын айтады.
Әр оқушы бір сөйлеммен жалғастырады.
Әңгіменің басы: Бір күні анаммен киім дүкеніне келдім.
Әңгіменің аяғы: анама рахмет айттым.
Үйге тапсырма: 10-бет, 1-жаттығу, жазбаша. Жұмыс дәптері.
|
У дыбысы
Слайдпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Үлестірмелі материал
Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар
Үлестірмелі материал (суреттер)
Үлестірмелі материал (кесте )
Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың соңы
2 мин
|
(МК)
+ Мен ................ үйрендім.
-Маған .............. қиын.
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:
Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.
|
|
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |