Қысқа мерзімді жоспар «Бекітемін» Бекова Л. А. Пәні: Информатика Оқу ісінің меңгерушісі Мерзімі: 26. 11. 2015ж Пән мұғалімі:Құрманаева Г. Б



жүктеу 98,91 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі98,91 Kb.
#15176

Қысқа мерзімді жоспар «Бекітемін» _________Бекова Л.А.

Пәні:Информатика Оқу ісінің меңгерушісі

Мерзімі:26.11.2015ж

Пән мұғалімі:Құрманаева Г.Б.


Пән аты:

Информатика




Сыныбы



Сабақтың тақырыбы

Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушылар терезе және оның элементтері, файлдар, бумалар, жарлықтармен таныстыру.

Тәрбиелік: Терезе және элементтері, файл, бума, жарлықтармен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар файлдар, бумалар және жарлықтар туралы, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға, жүйенің негізгі нысандарымен жұмыс жасауды, бума мен файл қандай белгішемен белгіленуін білу, файл атауларындағы ортақ нәрсе не екенін білу, бума не үшін керек екенін білу, жарлықтың қызметін білу, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Сілтемелер

Оқулық, үлестірме қағаздар, бағалау парағы

Құрал-жабдықтар

интерактивті тақта, компьютер

Әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, бес саусақ




Сабақтың барысы:


Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2-минут

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу



2 минут үлестірілген суреттер бойынша 3 топқа бөлу /12 оқушы
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Информатикалық білімі
• Информатикалық терминді пайдалану

бойынша топқа бөлінеді.

Өздерінің атқаратын міндеттерін түсінеді.


Үй тапсырмасын тексеру

8-минут

Үш топқа өткен тақырыпты қайталауға тапсырмалар көрсетіледі. Постермен жұмыс орындайды.

Постермен жұмысты орындайды, қорғайды.

Білу – 3 минут




Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету.

Әр топқа ребус шешу беріледі.



а) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.



ТҮСІНУ - 3 минут



Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.

а) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.
ә) Суреттерді топтастыру.

ҚОЛДАНУ – 15 мин



Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау:
А деңгейі:
1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
3. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
5. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.
6. Қатесіз жарлықтарды жойыңдар.
В деңгейі:
1. Бірінің ішіне салынған бірнеше бума құрыңдар.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
3. Жұмыс үстелінде өздерінің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
6. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.

С деңгейі

1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.

2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.

3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар.

4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.

5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.

6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.

7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.

8. Жұмыс бумасын жойыңдар.

9. Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.





ТАЛДАУ – 4 мин



Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.



Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (95-бет)
1. Файл деген не?
2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
3. Бума деген не?
4. Файлға дейінгі жолдың файлдың толық атауынан айырмашылығы неде?
5. Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар.
6. Файлдың бумадан айырмашылығы неде?
7. Буманы қалай құрамыз?
8. Жарлық деген не?
9. Жарлықты жойдыңдар делік. Осы жойылған жарлықтағы көрсетілген нысанға қол жеткізуге бола ма?
10. Жарлықты қалай құрамыз?

11. Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?



Сергіту сәті

2 минут

«Көңілді күн» бейнесін ұсыну.

Оқушылар би қимылдарын орындайды.

ЖИНАҚТАУ-

4 минут



Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.
Тест кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

A

D

C

A

B

C

A

D

B




Жұптармен алмасып тексеру. (жауабы тақтада)

Тест. (95 - 97 беттер)



БАҒАЛАУ –

2 минут



«Бағалау» бөлімінде оқушылардың өз-өздерін бағалауларын тыңдау арқылы оқушыларды бағалаймын.

Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру / 1минут

Үйге 11 – тақырыпты оқу, бума, қапшық, жарлық сөздерге ребус жасап келу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады


Рефлексия /

1 минут




«Бес саусақ» әдісі:

1.Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

2.Не ұнамады?

3.Маған сабақ ұнады

4.Маған бүгінгі сабақта көмектесті

5.Бүгін көңіл-күйің



Толтырып жазады, жапсырады.



жүктеу 98,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау