Сөйлеуді дамыту
«Көктем келді.»
Көктемгі табиғат құбылыстары, адамдардың еңбектері, киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды антонимдермен толықтыру, заттарды ерекше және жалпы белгілері бойынша
топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
«Заттарды салыстыру.»
Ұзындығы, биіктігі, ені бойынша әртүрлі заттарды салыстыруды жетілдіру.
|
Сурет салу
«Көктем ағашы гүлдеді.»
Қылқаламмен және бояумен сурет салуды жетілдіру, көктемгі
ағаштың суретін салуды үйрету.
|
Экология негіздері
«Көктемгі гүлдер, ағаштар.»
Көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылау және анықтау,
ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен
жемістерді, бөлме өсімдіктерін,
өсімдіктердің бөліктері туралы түсініктерін кеңейту.
|