Іолжазба єЅєы№ында


Сурет 3 - Оқу-тәрбиелiк практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/3
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11325
түріБағдарламасы
1   2   3


Сурет 3 - Оқу-тәрбиелiк практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi

Жүргiзiлген сауалнама нәтижесiнде студенттердiң педагогикалық практикаға даярлық деңгейi әртүрлi екендiгi анықталды және мұны студенттердiң кешендi тапсырмалар орындауында ескеру керек екендiгi анықталды. Практикаға даярлық деңгейiне байланысты студенттер кешендi тапсырманы әртүрлi тәсiлдермен орындады. Студенттердiң бiр бөлiгi кешендi тапсырма орындау үшiн әрекеттер алгоритмiн және алгоритмiнiң әрбiр элементiн орындауға байланысты нұсқаулар алды. Тапсырмалар репродуктивтiк деңгейде орындалды. Олардың екiншi бөлiгi кешендi тапсырмаларды орындау кезiнде қосымша нұсқаусыз, тек әрекеттер алгоритмiн ғана пайдаланады. Тапсырмалар репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындалды. Ал ендi студенттердiң үшiншi бiр бөлiгi кешендi тапсырмаларды жасалынған алгоритмдi теорияға сүйенiп шығармашылық деңгейдi пайдалана отырып орындады. Зерттеу кешендi тапсырманы орындау тәсiлiнiң өзгерiмдiлiгi студенттердiң тапсырмаларды таңдауына және оларды шешу тәсiлiн өз бетiмен таңдап алуға мүмкiндiк бердi. Бұл оның кәсiби iс-әрекетiн, iс-әрекеттiң жекелеген тәсiлiн бағалай бiлу қажеттiгiн қалыптастыруға септiгiн тигiздi. Зерттелiп, әзiрленген әрекет алгоритмiнде iс-әрекет мақсаты, құралдары және нәтижелерiнiң бiрлiгiн, сондай-ақ педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы көрiнiс табады.

Эксперименттiк зерттеудiң негiзiн тәрбиелiк тақырып бойынша жасалынған кешендi тапсырмалар құрайды. ІІІ курста “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру” тақырыбы бойынша құрастырылған кешендi тапсырмаларда кәсіптік мектеп оқушыларының еңбекке, адамдарға, өзіне және өз мінез-құлқына қатынасын анықтайтын тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. IV курста «Қиын оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде жекелей жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша құрастырылған кешенді тапсырмада басты назар студенттердің өзіндік жұмыстарына аударылады.

Сонымен қатар кешенді тапсырмаларды құрастыруда біз ғылымилық, жүйелілік, реттілік, бірізділік, принциптері басшылыққа алдық.

Жоғарыда аталған кешенді тапсырманы практика жүзінде пайдалану үлгісін ұсынуды жөн көрдік:

Проблема: “Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру”.

Мақсат: демократиялық қазақ қоғамының мүшесi ретiндегi оқушылардың адамгершiлiк бейнесiн, олардың қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзiне және өзiнiң мiнез-құлқына қатынасын анықтайтын моралдық сапалардың ғылыми негiздерiн оқу процесiнде, сыныптан тыс және кәсiптiк мектептен тыс жұмыста, еңбек iс-әрекетi процесiнде мақсатқа бағыттап қалыптастыруды ұйымдастыру.

Мiндеттер:

1. Оқу жылының тоқсанына арналған тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбие мiндеттерiн нақтылау;

2. Тәрбиелiк мiндеттердiң орындалу жолдарын жас ерекшелiктерiн және тәрбиеленгендiктiң жеткен деңгейiн ескере отырып анықтау;

3. Берiлген мақсатқа жету жолындағы ұжым ретiнде оқу тобының iс-әрекетiн ұйымдастыру;

4. Оқушылардың адамгершiлiк, мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру бойынша ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп жасалатын жұмысты қарастыру.

Кешендi тапсырмалар орындаудың кезеңдерi.

Әрекеттер: I кезең - диагностикалық-болжамдық кезең. Тапсырма орындаудың мақсатын – “стратегиясын” анықтау.

1.Сынып жетекшiсiнiң жұмыс жоспарын зерделей отырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мiндеттерiн қою және шешу ретiн талдау, оқушылармен орындалатын тәрбиелiк iс-әрекеттiң мазмұнын, адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң әдiстемелiк нұсқауын мақсатқа бағыттап iрiктеп алу, ағымдық және қорытынды талдау, оқушылармен жүргiзiлген тәрбие жұмысын есепке алу, бұл iс-әрекеттiң нәтижелерiн бағалау, оқушылардың санасында, iс-әрекетiнде, мiнез-құлқында болған өзгерiстердi талдау.

2.Оқу тобы ұжымының адамгершiлiк тұрғыда дамуын, тәрбиелiлiк деңгейiн, моральдық-этикалық кемелденуiн, қоғамдық белсендiлiгiн, оқушылардың ынтымақтастығын зерттеу, оқу тобының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру.

3.Оқу тобымен жасалатын жұмыстардағы негiзгi тәрбиелiк мiндеттердi, оқушылармен алдағы болатын өзара қарым-қатынаста кездесетiн қиындықтарды анықтау. Тоқсан iшiнде өткiзiлетiн тәрбие жұмысының жоспарын құру.

4.Оқушылардың жас ерекшелiктерiн, ұжымның адамгершiлiк жағынан қалыптасу деңгейiн ескере отырып, тұлғаның жетекшi сапаларын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жоспарлау.



II -кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған стратегияны жүзеге асыру.

5. Оқушылардың адамгершiлiк тәжiрибесi жөнiнде алынған нәтижелердi талдау негiзiнде бастапқы жоспарларға түзету енгiзу.

6. Оқушылармен бiрлесiп алдағы iс-әрекеттiң мақсаты мен мiндеттерiн талқылау. Жоспарға шағын топтың таңдап алған тақырыбы бойынша сынып жиынын өткiзудiң бiр формасын енгiзу.

7.Қойылған мiндеттерге және берiлген ұжымның ерекшелiктерiне сәйкес әдiстердi, формалар мен құралдарды таңдап алу. Адамгершiлiкке тәрбиелеу формаларының бiрiн таңдап алып, өткiзу (әңгімелесулер, пікірталас, т.б.).

8.Оқушыларды педагогикалық мақсаты неғұрлым жоғары топтың шараларына қатыстыру, бiлiмнiң, ұғынудың, әрекет ету ынтасының және мiнез-құлықтың арасындағы үзiлiстi болдыртпайтын бағдарлаушылық-әрекеттiк тәрбие әдiсiн пайдалану. Жекелеген оқушылардың тапсырма орындауына көмектесу.

9.Ата-аналармен жасалатын жұмыстың бiрiн өткiзу: оқушыларға ұсынылған сауалнаманы қайталау немесе сұрақтарға жауап алу (Әңгiмелесулер, практикум, адамгершiлiк тәрбиесiнiң жекелеген мәселелерi бойынша кеңестер өткізу).



III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең.

Жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.

Берiлген кешендi тапсырманы пәнараралық бiлiмдерге сүйенiп орындауға болады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық пәндердiң келесi мәселелерi бойынша тағы да материалдарды пайдалануға ұсыныс жасалынады. Бұдан әрі жалпы тапсырма оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру проблемасымен бiрiккен жеке тапсырмаларға жiктелдi.

Алдымен оқу-тәрбие үрдісінiң моделiне және қисынына сәйкес кешендi тапсырмалардың құрылымы қарастырылды. Студенттердiң назары оның тұтастығын түсiнуге аударылды. Мұндағы тұтастық тапсырма мақсаттарының оларды жүзеге асыру жолдарымен, қажеттi әрекеттердiң тiзбектiлiгiмен, қорытындыны шығарумен өзара тығыз байланыстылығын бiлдiредi. Пәнаралық бiлiмдер негiзiнде шешiлетiн мәселелер ажыратылады, тапсырманы орындау үшiн қажеттi iскерлiктерге талдау жасалынады. Тапсырманы орындаудың мүмкiн тәсiлдерi, сондай-ақ iс-әрекеттi ұйымдастырудың мүмкiн формалары – фронталдық (жаппай), топтық, жекелiк және олардың варианттары жан-жақты қарастырылды. Одан кейiн оқушылардың жас ерекшелiктерi, кәсiптiк мектептiң педагогикалық ұжымдарының, оқу тобының нақты оқу-тәрбие мiндеттерi ескерiле отырып, тапсырмалар анықталды.

Студенттердiң кешендi тапсырмаларды орындау сапасын талдау кешендi тапсырмаларды тек репродуктивтiк деңгейде орындауға даярланған студенттердiң әрбiр қадамның, әрбiр келесi әрекеттiң толық сипатталып берiлуiне мұқтаж болатындығын көрсеттi. Тапсырманы шығармашылық деңгейде игерген және практикаға даярлығы жоғары студенттер практикалық iс-әрекетке тез және жеңiл кiрiсiп кеттi, нақты жағдайларды кешендi тапсырмалармен байланыстыра алды. Сонымен бiрге барлық студенттер кешендi тапсырманы орындаудың әртүрлi кезеңдерiнде қиындыққа кездесiп отырды. Олар I кезеңнiң диагностикалық тапсырмаларын ерекше қиындықсыз орындады, алайда практикаға өткен оқу тобындағы нақты тәрбиелiк жағдайды кешендi тапсырмамен байланыстыра алмады, ең бастысы тәрбиелiк мiндеттi тапсырманың түйiндi тұсы ретiндегi негiздейалмады. II кезеңде студенттердiң практикалық жұмысы адамгершiлiк-тәрбиелiк жағдайларды құруға байланысты тәсiлдi пайдаланумен ерекшелендi, студенттердiң кейбiрi белгiленген ережелер бойынша қадам жасаса, екiншi бiреулерi шығармашылықпен жұмыс iстедi.

Зерттеу практиканы ұйымдастырудың ұсынылған тәсiлi педагогикалық бiлiмдердiң артуына және тереңдеуiне ықпал еткендiгiн көрсеттi. Қалыптастырушы эксперимент нәтижесiнде бiлiмдер мен iскерлiктердiң деңгейi ғана артып қойған жоқ, сонымен бiрге олардың арақатынасы өзгердi, олардың арасындағы байланыс тығыздығы нығайып, беки түстi.



Нәтижесiнде бiз кешендi тапсырмаларды студенттердiң 33,3%-ы, репродуктивтiк тәсiлмен, 55,5%-ы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен, ал 11,1%-ы шығармашылық тәсiлмен орындағанын анықтадық. Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң едәуiр өскендiгi байқалды (4-сурет).

- практикаға дейін

- оқыту эксперименті кезеңінде

- практикадан кейін


Сурет 4 - Студенттердiң кешендiк тапсырмаларды орындау кезiндегi бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң қалыптасу динамикасы (%)
Сөйтiп, эксперименттiк жұмысты IV курста жалғастырудың қолайлы алғышарттары жасалынды.

Зерттеу барысында студенттердiң IV курстағы практиканың ерекшелiктерi анықталды. Басты назар студенттердiң өзiндiк жұмысына аударылды. “Қиын оқушылармен оқу-тәрбие процесiнде жекелей жұмыс жүргiзу” тақырыбы бойынша кешендi тапсырмалар қарастырылды. Жүйелiк сипаты бар бұл тапсырмаларды студентттер әртүрлi iс-әрекет арқылы орындай алады.

Кешендi тапсырмаларды орындау алдында жекелiк келiс бойынша осы тапсырмаларды орындауға қажеттi әрекеттердiң келесi тiзбегiн қамтитын жаттығулар жасалынған педагогикалық практикум өткiзiлдi:

I-шi кезең -диагностикалық -болжамдық кезең.


  • ұжымның және қиын оқушы тұлғасы мәртебесiнiң даму деңгейiн зерттеу;

  • оқушылардың педагогикалық тұрғыдан құлдырап кетуiнiң себебiн анықтау; жасөспiрiммен байланыс орнату; жасөспiрiмнiң педагогикалық босаңсыған оқушылардың қандай тобына жататындығын; ұжымдағы, отбасындағы, оқуға, еңбекке, адамдарға, өзiне қатынастарын, оның қызығушылықтарын, бейiмдiлiгiн, немен айналысатынын анықтау;

  • қиын оқушының психологиялық-педагогикалық мiнездемесiн құру;

  • “педагогикалық консилиум” өткiзу;

II-шi кезең -ұйымдастыру-практикалық кезең:

  • тәрбиелеу мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң нақты мақсатты көздейтiн бағдарламасын жасау;

  • оқуда көмек ұйымдастыру, жасөспiрiмдi iс-әрекетке тарту, оқушыға iс-әрекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiн түсiнуге көмектесу;

  • жеке бақылау мен көмек жүйесiн ұйымдастыру;

  • ата-аналармен қарым-қатынасты қалыпқа келтiру, жасөспiрiмдi өзiн-өзi тәрбиелеуге үйрету;

III-шi кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең:

- жасөспiрiмнiң мiнез-құлқының, үлгерiмiнiң, ұжымдағы мәртебесiнiң сапалық өзгерiстерiн анықтау.

Тапсырманы репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер (26,2%), әдеттегiдей ұжымды және оқушы тұлғасының мәртебесiн зерделеудi ұсынылған кесте бойынша өткiздi. Тапсырманы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен орындаған студенттер ұсынылған кестемен бiрге оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеудiң басқа сұлбалары мен тәсiлдерiне қосымша әдебиеттердi пайдаланды. Iске шығармашылықпен қарайтын студенттер (17,5%) зерттелiнiп отырған оқушының тұлғасы, оның ұжымға және ұжымның оған қатынасы айқын бiлiнетiн жағдайларды қарастырды, оқушының назары оған байланыс жасауға даяр тұрған балаларға аударылды. Сауалнамалардан алынған мәлiметтердi дәлелдеу және толықтыру үшiн олар тәуелсiз сипаттамалар және қатысты бақылау әдiстерiн пайдаланды.

Студенттердiң оқушылармен жүргiзген жекелiк жұмысы “қиын” оқушылардың жақсы сапаларын оятуға, күштерiн терiс көрiнiстердi жеңуге жұмылдыруға, оқушыларды оқу тобының ұжымдық iс-әрекетiне жауапкершiлiк, тәуелдiлiк жүйесiне қатыстыру арқылы өзiн-өзi тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыруға бағыттайды. Кешендi тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған студенттер оқушыларды ұжымiшiлiк қатынастарға енгiзiп, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауға үйрете бiлдi, сенiмдiлiк пен өзара сыйластық қатынастарын қалыптастырды. Студенттердiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу деңгейiнде өзгерiстiң болғаны анықталды. Бөлiмде келтiрiлген тапсырманы шығармашылықпен орындау, бiздiңше барлық студенттер ұмтылуы тиiс оңтайлы да орынды тәсiл болып табылады. Кешендi тапсырманы орындаудың бұл тәсiлi студенттерден кәсiби iскерлiктердi қалыптастыруды, сондай-ақ тұлғалық сапаларын жетiлдiрiп, орнықтыруды талап етедi.



Зерттеудiң соңғы кезеңiнiң негiзгi көрсеткiшi студенттер iс-әрекетiнiң нәтижелерi және олардың кәсiби педагогикалық даярлығындағы қосымша қалыптасқан бiлiмдер мен iскерлiктерi болып табылады (1- кесте).
Кесте 1 - Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң практика барысындағы даму көреткіштері (%)

Дейгейлер



Бiлiмдер

Iскерлiктер


Практикаға дейiн

III курстағы практикадан кейiн

IV курстағы практикадан кейiн

Практикаға дейiн

III курстағы практикадан кейiн

IV курстағы практикадан кейiн

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Э.т

Б.т

Жоғары

22,8

21,5

37,4

39,4

39,7

38,9

0

0

45,3

45,3

54,7

54,6

Орта

31,4

30,5

32,7

34,8

35,8

34,7

40,9

41,3

38,2

41,6

20,9

15,5

Төмен

45,8

48

29,7

25,6

24,5

26,4

59,1

58,7

40,9

28,2

-

13,1

жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау