«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет24/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88

Қиындық деңгейі әр түрлі тест тапсырмалары.
Өздік жұмыстар
Қатемен жұмыс
Көп деңгейлік бақылау жұмысы
Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау
Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат:
баланың қабілетін ашу,
шығармашылығының шыңдау іздендіру,
пәнге қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:
1.   Оқушылардың өздігінен білімін толықтыру, жетілдіру отырып, жаңа білім алуы
2.    Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы
3.    Берілген білімді пысықтау
4.    Оқушы білімін тексеру, бақылау
5.    Шығармашылық қабілетін арттыру
6.    Байланыстыра сөйлеуге жағдай жасау
7.    Сөздік қорын байыту
Ұлттық   рухта   тәрбиелеу,   яғни   оқушыларды   халқымыздың   салт-дәстүрі   және   әдет-ғұрпы   мен
таныстыру
Міне осындай міндеттерді жүзеге асырар болсақ, онда осы технология арқылы:
Оқушыға пәндік ғылыми негіздерін меңгертуге болады
Халқымыздың салт-санасын, әдет-ғұрпын, ұлттық асыл мұрасы, рухани азығы болар бай тілі, ұлттық
шешендік билермен баба даналығын үйретуге мүмкіндік туады.
Ертеден келе жатқан шешен де дана, баба тіліміздің бал бұлағымен сусындаттырып, сөздік қорларын
молайтып, тілі байлығын игеруге де болады
Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәденитін арттырып баланы еркін сөйлетуге, жазбаша ойын
жүйелі жеткізуге дағдыландырады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты оқушыларға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай
сатылы   түрде   орындалатын   жұмыстар   жүйесін   ұсына   отырып   оқушыны   ізденушілікке,
шығармашылыққа баулу. Менің осы технологияны өз тәжірибеме еңгізудегі басты мақсатым сынып
оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау.
Осы   арқылы   деңгейлік   және   дербес   оқыту   принциптерімен   қатар   барлық   оқушыға   қатысты,
ізгілендіру принциптерінде сақталады.
Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:
Оқушылық деңгейдегі тапсырмалар
а) жаттап алуға лайықты болуы керек
ә) жаңа тақырыпта меңгерілген білімінің өңін өзгертпей қайталап, пысқтауына мүмкіндік беруіне тиіс
б) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек
2. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар
Өтіп   кеткен   материалдырды   реттеуге   және   жүйелеуге   берілген   тапсырмалар.   Бұлар   өзгертілген
жағдайлардағы тапсырмаларды талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін
алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
Эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушылар   жаңа   тақырып   бойынша   меңгерген   алғашқы   қарапайым   білімдерін   жетілдіріп,
тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика-анализ-синтез салыстыру. Негізгісін анықтау, қорытындылау, ой жұмыстарын қажет етеді.
Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар
Оқушыға берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Қорытып айтқанда бұлар:
бірінші   деңгей   үшін   игерілген   материалды   пысықтаумен   қайталауға,   ережелер   мен   формулалар
жаттауға арналған.
Жоғарғы деңгейлер үшін- алған білімдерін өз бетімен тереңдетіп қортуға, жүйелеуге және тәжірибеде
қолдануға арналған тапсырмалар.
Өз тәжірибемде сынып оқушыларын 1-сыныптан бастап, бақылау жасай отырып, профессор Қараев
Жауынбайдың «Деңгейлік оқыту   технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен
дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
Бұл  технология  біріншіден дамыта   оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға    мүмкіндік береді.  Өйткені  ол


оқушының ойлауын елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына
көмектеседі.  Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына көмектеседі.
Бұның басты ерекшілігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың
меңгерген   білім   мен   іскерліктеріне   қойылатын   талаптардың   деңгейленуі,   яғни,   материалды
меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық.
Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама
бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету екені
бәрімізге   мәлім.   Бұл   технологиямен   жұмыс   істегеніме   көп   уақыт   бола   қойған     жоқ.   Сынып
оқушыларының   арасынан   кімнің   қай   пәнге   қабілетті   екенін   байқай   бастадым.   Менің   ойымша,
баланың жас ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалар неғұрлым қызықты етіп құралса, соғұрлым
олар   оны   үлкен   қызығушылықпен   орындайды.   Деңгейлік   оқыту   технологиясы   оқушының   да,
мұғалімнің   де   шығармашылық   қызметін   дамытуға   бағытталған.   Осыған   байланысты   әр   пәндер
бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым.
Деңгейлік   тапсырмалар   оқушының   өзін-өзі   сезінуіне   және   шығармашылықпен   айналасуына
жетелейді. Оқушылардың оқу материалын меңгерту үшін үш деңгейге бөлінеді:
1. Міндетті деңгей.            
2. Мүмкіндік деңгей.
3. Жоғарғы деңгей.
Мысалы:   12   жылдық   бағдарламамен   оқытатын   2-сыныптың   қазақ   тілі   пәніне     арналған
тапсырмаларды алатын болсақ:
Тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясы бойынша төрт деңгейде беріледі.
«Дыбыс және әріп» тақырыбы бойынша:
І деңгей.
1. Суреттегі заттардың атын жазып, әр сөздегі дыбыс және әріп санын анықта.
2. «Садақ» сөзінің ортаңғы дыбыстарын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
«Бала» сөзінің бірінші дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз шығарып жаз.
Қандай қорытынды жасауға болады?
ІІ деңгей.
3.Берілген сөздерді дыбыс санына қарай топтап сәйкес түспен боя:
Жапырақ, алма, жеміс, күз, жел, жаңбыр, өрік, топырақ, қабық, қарбыз.
4. Дауысты дыбыс әріптерін жаз:
Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз:
ІІІ деңгей. 
5. Керекті әріптерді қойып, дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыздарды көк түспен боя:
IV деңгей.
6.Төмендегі сөздерде у дауысты болса-қызыл, дауыссыз болса –көк түспен боя:
Уақыт, тауық, уық, сауысқан, жуан, белбеу, серуен, ауа, жусан, қауын.
Қорытынды жаса:
Деңгейлік оқыту технологиясының тиімділігі:
әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
оқушыныың жеке қабілеті айқындалады;
іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес оқушылардың ойлау қабілеті арта түседі;
әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
сынып оқушылары толық бағаланады;
бір ғана сабақта тапсырманың  бірнеше түрін орындайды;
жаңа буын оқулықтарындағы берілген тапсырмалар деңгейлік оқыту технологиясына сай берілген.
Жас  ұрпақты оқыту және  тәрбиелеу барысында  деңгейлік оқыту технологиясын   үнемі  қолданып
келемін.
Бірінші   деңгей   тапсырмалары   білімнің   минималдық   шегі,   ол   мемлекеттік   стандарт   талабына   сай
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болады. 
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі.
Үшінші деңгей тапсырмаларында оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар
жүргізеді.
Төртінші деңгей тапсырмалары – қабілетті, дарынды, ізденгіш талантты оқушыларға арналған саты.
Шығармашылық   деңгейдің   тапсырмасын   оқушы   бойында   қызығушылық   туу   үшін   оқушының   әр


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау