«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет77/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88

Бұл   әдістің   тиімділігі:   біріншіден     -   сынып   оқушылары   жаппай   жұмыс   жасайды,   екіншіден   –   бос
отырған   оқушы   болмайды,   үшіншіден   –   сыныпты   ұйымшылдыққа,   бір-біріне   қайырымдылыққа
тәрбиелейді,   төртіншіден   –   деңгейлік   тапсырмаларды   орындауға   үйренеді,   бесіншіден   –
М.Чиксентмихайдың ағынына түсуге көмектеседі.
         «Алдымен қажеттіні, сосын пайдалыны, сонан соң қызықтыны оқу керек» деп мына даналықта
жазылғандай   алдымен   оқушыға     -   ол   үшін   қажетті   стандартты   меңгертіп,   сосын   егер   меңгере   алса
қиындау – пайдалыны беріп, ал егер одан да талапты, дарынды   болса, онда ары қарай қызықтыны да
меңгертуге болады деп ойлаймын.
    Шынына келе, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау барысында балалардың жоғарыда аталған
ерекшеліктерін ескере келе тапсырмаларды жоспарлап, құру қиынға соқты. «Қалайша әрбір баланың
ерекшелігі ескерусіз қалмайды екен?» - деген үлкен сауалды өзіме қорқа-қорқа қойдым.
          «Әркім   өзі   талпынбақ,   басына   бітер   бағы   үшін»,-деп   Ақтамберді   жыраудың   даналығында
айтылғандай, әр бала өзіне ыңғайлы жұмыстар кезінде   талпынып, қуана-қуана   М.Чиксентмихайдың
«өзіндік мақсат» деп атайтын     төмен машықтар мен жоғарғы талап кезіндегі мазасыздықты және де
жоғары машық пен төменгі талап кезіндегі зерігуді болдырмай, ағынға түсуіне ықпал келтіруім керек
болды.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін негізге ала отырып төмендегідей тапсырмалар дайындадым
-Оқу   арқылы   қабылдайтын   оқушыларға   берілген   мәтін   бойынша   жұмыстар,   яғни   «жәрмеңке»,
«құрдастар» әдістері арқылы мәтінді оқып, меңгеруді;
-Жазу арқылы меңгеретін балаларға жұмыс парақтарында берілген ББҮ кестесін толтыру, эссе жазу,
деңгейлік тапсырмаларды орындауды;
-сөйлеу, тыңдау арқылы жақсырақ қабылдайтын оқушыларға «үш қадамды сұхбат», «ыстық орындық»
әдістерімен өз ойын еркін жеткізуді;
Және де оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға «Кеше.Бүгін.Ертең», «Алғашқы үш қадам»
тақырыбында постер қорғауды жоспарладым.
Осы тапсырмаларды орындау барысында бала бір жағынан мәтінді игеру деңгейін көрсетсе, бір жағынан
сыни тұрғыдан ойлауына тура келді. Балалар өз ойларын тек ойлап қана қоймай, қағаз бетіне жүйелеп
түсіріп отырды.
       Ауа туралы «Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбында постер қорғауда оқушылардың қиялдау, сыни ойлау
дағдылары көрінді. Әр топтың постері әр түрлі шықты. Бір топ нақты дәлелдеме мен жинақты мағлұмат
берсе, бірі арман-тілектерге, әдемі бейнелеуге көп мән берген. Бір топтың суреті көз тартарлық болса,
екіншісі қарапайым суретті жан-жақты баяндап берді. Бұдан топтағы оқушылардың жас ерекшеліктерін
анықтауға тағы бір мүмкіндік алдым. Ең бастысы барлық топ мәселеден шығу жолдарын қарастыра
алған.
 Сөйлеу, айту арқылы(вербальды) балалардың ерекшеліктеріне қарай  оқушыларға еркін өз ойын ашық
айтуға арналған ашық сұрақтар қою арқылы мазмұнды меңгеруіне ықпал тигізіп отырдым.
Басқа   үлгі,   айтарлықтай   кеңінен   таралған   және   қарапайым   -   бұл   «ВАК».   Ол   оқытудың   үш   стилін
белгілейді:   визуалды,   аудиалды   және   кинестетикалық.     Визуал-оқушылар   мағыналық   карта,
диаграммаларды,   дескриптивті   тілді   пайдаланады,   блок-сызбаларды,   түстерді   пайдаланады.   Аудиал-
оқушылар /есту арқылы қабылдайтын оқушылар/ басқаларға қарағанда көбінесе талқылауды, ауызша
түсіндірмелерді   есту   арқылы   қабылдауды,   күлкілі   оқиғалар   мен   әзіл-оспақты   пайдалануды   ұнатады.
Кинестетик-оқушылар үлгілер/объектілерді пайдаланып, сабақ уақытында қозғалыс-қимылдарды жасай
отырып, топ қатысушылары ретінде үнемі практикалық сабақтарды жақсы көреді. Әрбір адам аталған
санаттан тыс әрекет ете алатыны белгілі, бірақ бәрімізде белгілі бір артық көретін ерекшеліктеріміз бар.
Мұғалімнің шеберлігі оқушылардың әр типтерін тануда және олардың бабын қалай таба білуде. Сіз
оқушылардың ерекшеліктерін зерртеудің сұрақ-жауап парағын пайдаланып оқушылардың типін анықтай
аласыз, ол үшін оқушыларды параққа белгілеуді өтінесіз, мәселен, олар нені артық көреді?:
жекелеп/жұппен/топпен жұмыс істеуді;
тыныш, жайлы жерде жұмыс істеуді;
дәл нені істеу керек екенін көрсетуді;
әрекет ету мен нәтижелерде таңдау жасауды;
мұғалім ақпарат беретін сияқты тыңдауды;
визуалдық /көзбен шолу/ құралдарын, мазмұндық диаграмманы пайдалануды;
өзі үшін пайдалы нәрсені үйренуді (қалай?);
проблемаларды шешуді;
мекеме тәртібіне бағыну/мүлтіксіз орындауды;
оқыту/тәуекел етудің жаңа тәсілдерін байқап көруды;
шешім қабылдауды;
өзінің меншікті мақсаттарын қоюды;
өзін-өзін бағалауды /басқа оқушылардың бағасын.
    Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен Ұлы Мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып
алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым...Ал ол Мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді


тастар қаншама».Мен таза сондай күйде жүрген сияқтымын.Осы сындарлы оқыту теориясының негізгі
идеяларын іске асырамын-ау, қалайша іске асырсам екен деген сан қырлы сауалдарға жауап іздеу кезінде
тапқан кішкене асыл тасым су түбіндегі асыл тастармен салыстырғанда мардымсыз болып қалғандай.Әлі
ашылмаған талай сырлар бар екен.
         Осы модульді ерекше назарға алған кезімде байқағаным; мен үшін көптеген қиыншылықтар да,
тиімді, сәтті жерлерім де және де болашаққа ұсыныстарым да баршылық екендігі.Осы «Оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін төрт сабығымда қолданған кезде, қиыншылық пен
сәттіліктер қатар жүрді. Мен үшін әр түрлі жастағы оқушыларда байқалатын метасана деңгейі мен  жас
шамасына   бейімделген   сындарлы   диалогті   ынталандыру   стратегиясын   балалардың   мүмкіндігіне   сай
беру қиын болды.Менің тарапымнан оқушылардың зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және
шығармашылық   зияткерлік   қабілеттерін   дамытуға   ықпал   жасау,   оқушылардың   тарапынан   берілген
тапсырмаға   жасына   қарай   жауапкершілікпен   қарауы,   орындауға   тырысуы.  Оқушылардың   жас
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулінің тізбектелген сабақтарым аясында сәтті көрініп, оң
нәтиже   берген   жерлері:   біріншіден     -   сынып   оқушылары   жаппай   жұмыс   жасайды,   екіншіден   –   бос
отырған   оқушы   болмайды,   үшіншіден   –   сыныпты   ұйымшылдыққа,   бір-біріне   қайырымдылыққа
тәрбиелейді, төртіншіден – тапсырмалар оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалады,
жүйеленеді, бесіншіден – оқушыда мазасыздық, зерігу секілді ынғайыссыз кері әсерлерге ұшырамай, өз
шамасында жұмыс атқаруына жағдай жасалады, тапсырмалар сан түрлі сипатқа ие болады және т.б.сәтті
шықты.
Сабақ соңында іс-әрекеттен кейінгі сауалнама жүргіздім.
Р/с
Сауалдар
Жауап   берген
оқушы саны
Ешқашан
Кейде
1
Маған сабақ ұнады
2
Мен өзімді сенімді сезінемін
5
3
Кеңес алған пайдалы болды
5
4
Жаңа нәрсеге үйрендім
4
Сауалнама нәтижесінде бұл модуьді қолдана өткізілген барлық сабақ барлық оқушы әрдайым ұнағанын
байқап қуанышқа бөлендім.Осы сабақтар барысында оқушылар бойында өздеріне деген сенімділіктің
пайда болғанын көрдім.Оқушыларға кеңес беру арқылы алға қарай жетелеуге болатынын ұқтым. Сал де
болса оқушылардың тың, жаңа нәрселердің үйренгенін сездім. Оқушылардағы өзгерістерге толықтай
толталып өтейін:
Оқушылардың зейіні тұрақтала бастады.
Өзара әлеуметтік әрекеттестікте оқу арқылы бір- бірімен қарым -қатынас жасауға, тыңдауға, талдауға,
саралауға, баяндауға машықтанды
Сөз бен сөзді байланыстырып айтуға  дағдыланды.Сөздік қорлары кеңейді
Есте сақтау қабілеттері жақсара бастады.
Өзімдегі өзгерістер:
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.
Сабақ жоспарымның құрылымы өзгерді.
Сабақтан жақсы көңіл-күймен шығатын болдым;
Кәсіби  білімімді жетілдіріп, өсу жолындамын.
Алға ілгерілеу бар.
Сыни ойлауға жаттықтым.
      Сабақ барысында шектеу болған факторларда жоқ емес.Мектептегі тәжірибе кезеңінде уақыт аздау
болды.Ақпараттық   -   коммуникациялық   құралдар   жетіспеді.   Алдыңғы   курстағы   әріптестерім
информатика пәнінің мұғалімі  А және  физика  – информатика  пәнінің мұғалімі   Т пікірлесе отырып
көптеген жұмыстар жасадым.
         Болашақта оқушылардың танымдық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін біліп, сабақ
үдерісінде   ескере   отырып   оқушылардың   белсенділіктерін   арттыру.   Сонымен   қатар  «Сыни   тұрғыдан
ойлауға үйрету» модулін тиімді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге
асырғым келеді.
    Бағдарламадағы барлық әдіс-тәсілдер оқыту барысында оқушыларға көп көмегін тигізері анық, бірақ
уақыттың аздығынан біз бұл әдіс-тәсілдердің барлығын пайдалана алдық деп айта алмаймыз.
     Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік
пен   шеберлігімізді   ұштастырып,   жас   ұрпақты   әлемді   мойындататын   рухани   биікке   ұмтылдыру
бағытындағы жұмыстарға қатысқандығымызға тек қана қуанамыз.
Бағдарлама мен бастама барысында тұрған барлық білім жанашырларына алғысымыз мол.


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау