Инклюзивті білім беру модельдері



жүктеу 29,16 Kb.
бет1/2
Дата19.01.2022
өлшемі29,16 Kb.
#33538
  1   2
3 ответы


Инклюзивті білім беру модельдері.
Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ - ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда индивидуалды-жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы адам мен қоғамның (өзінің немесе басқаның) тіпті жағымсыз тәжірибесі де талданып, қабылданған жағдайда өмірлік іс-әрекет процестерін тұрақтандыратын шектеу бола алады. Бұл мәселе бойынша түрлі мемлекеттердің психологиялық-педагогикалық және нормативтік-құқықтық әдебиеттерінде әртүрлі терминдер қолданылады. «Интеграция» мен «Инклюзивті білім беру» терминдерін жиі алмастырып қолданады, өйткені мұғалімдердің көпшілігі оларды синонимдер деп түсінеді. Кейбір мұғалімдер интеграциялау бағдарламаларын инклюзивті деп қарастырады, ал басқалары инклюзивті бағыттағы жұмыстарын интеграциялау деп анықтайды. Бірақ, бұл терминдер арасындағы айырмашылық өте маңызды. Ең басты айырмашылық - интеграцияның «сыртқы» көздерінің болуында. Интеграциялау бағдарламаларының басты мақсаты - түрлі мүмкіндіктері бар балаларды қалыптасып қалған мектеп өмірі мен мектеп құрылымына енгізу. Яғни, интеграциялау бағдарламаларының мақсаты - дамыған оқу моделіне қосылуда «қалыптандыру» немесе көмек беру. Барлық балалардың жалпыға білім беру жүйесінің бөлігі деп қарастырылуы инклюзивті білім берудің интеграцияланудан айырмашылығы. Сонымен, ерекше білімді қажет ететінбалаларды арнайы бейімдеудің қажеті жоқ, өйткені олар бастапқы кезеңнен мектеп жүйесінің бөлігі болып табылады. Инклюзивті білім берудің мақсаттарының бірі - келешекте барлық мектептердің ерекше білімді қажет ететінбалаларды қабылдауға дайын болуы. Ал бұл жағдай мектептің құрылымы мен жұмысына ғана өзгерістер енгізбейді, сонымен бірге өз жұмыстарын нақты топқа жататын балаларды оқыту деп қарастыратын жалпы және арнайы білім беретін мекемелер мұғалімдерінің көзқарастарын да әсер етеді. Көптеген мектептер өз іс-әрекеттерінің басты бағыты ретінде бала мен оның қажеттіліктерін санайды, ал мұғалімдер балалардың қажеттіліктеріне сай болуы керек. Инклюзивті білім беруде адамдардың бойындағы түрлілік пен ерекшеліктер «қалыптылық» деп түсіндіріледі.

«Инклюзивті білім беру» терминін анықтауда маңызды халықаралық құжаттарда ұсынылған анықтамалар талданған: БҰҰ мүгедектердің тең мүмкіндіктеріне байланысты Стандартты ережелер, баланың құқытары туралы Конвенция, мүгедектерге қатысты іс-әрекеттердің әлемдік бағдарламасы және де отандық құжаттар. Инклюзивті білім беруді бірдей қабылдау үшін Саламанка декларациясында және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға байланысты іс-әрекеттер бағдарламасында берілген анықтамаға сүйенген дұрыс.

Инклюзивті оқыту - балалардың мекен-жайы бойынша оқу құқығы мен білім алуға негіз қалаушы құқықтарын қамту принципіне сүйенетін жалпыға білім беретін мекеме жағдайындағы білім беру қызметтерінің жүйесі. Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатымен жалпыға білім беру ұйымдары оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқыту түрлері мен әдістерін бейімдеп, қалыптасқан ресурстарды пайдаланып, қоғаммен байланыста ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беруде жеке білім беру қажеттіліктері мен түрлі оқыту тәсілдерін қолдану керек.

Инклюзивті оқыту немесе білім беру - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту мен білім беру біріктірілген немесе аралас (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай немесе толық емес (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

Интеграциялық білім беру - ерекше білімді қажет ететін баланы құрдастарының ұжымында оқыту: инклюзивті - inclusive - қосылған, біріктірілген, inclusion - қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету - педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясат.




Инклюзивті білім беру модельдері.

жүктеу 29,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау