Білікті ұстағыштар
Тамақ өнеркәсібінде астықты, күнжараны, жеміс-жидектерді, және т.б.
ұсақтауда білікті ұсақтағыштар кеңінен қолданылады. ¥сақталатын материал горизонталь біліктердің арасында қысу және үйкеу тәсілдерімен майдаланады. Біліктер саны әртүрлі болуы мүмкін (бір жұп немесе бірнеше жұп). Жұп біліктер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, материал екеуінің арасында ұсақталады. Біліктердің беті тегіс, бұдыр және тісті болуы мүмкін. Біліктер шойыннан жасалынады да, беті тозуға төзімді марганецті болатпен қапталады.
Пресстеу.
Қатты материалдарды сусыздандыру, брикеттеу, пластикалық материалдарды түйіршіктеу және пішіндеу үшін фармацевтикалық өндірісте пресстеуді қолданады.
Пресстеу дегеніміз материалды арнайы пресстерде оларды сыртқы қысым арқылы өңдеу. Артық қысым көмегімен әртүрлі материалдарды сусыздандырады, брикеттейді, пішіндейді және штамптайды.
Сусыздандыру, брикеттеу
Сусыздандыру арқылы материалдан сұйықты ығыстырып шығарады. Бұл кезде сұйықтың немесе қатты материалдың құндылығы артады. Сусыздандыруды материалға артық қысым түсіру арқылы жүргізеді. Артық қысым материалға екі әдістермен түсіріледі; пресс поршенінің қысымымен немесе центрифугада ортадан тебу күші әсерімен.
Брикет биіктігі бойынша престеу қысымының таралу теңдеуін қорыту үшін оның элементтар қабатына әсер ететін күштердің схемасын қарастырамыз:
Пресстеу қысымы өнімді тығыздау қысымы мен өнімнің пресс-форма бетінде үйкелу күшін жеңуге шығындалатын қысымның қосындысына тең. Бірінші жобалауда өнімнің пресс-форма бетінде үйкелу күшін жеңуге шығындалатын қысымын ескермейміз, сонымен өнімді біртекті деп қабылдаймыз. Сонда пресстеу процесі мына өрнекпен сипатталады
Түйіршіктеу және пішіндеу
Түйіршіктеу және пішіндеу процестерін жартылай немесе дайын бұйым алу үшін экструдерлерде жүргізеді. Бұл кезде бұйымға қысым, температура, ылғалдылық және ығысу кернеуі кешенді әсер етеді. Экструзия кезінде бірнеше процестер қабаттаса жүреді: шашырату, араластыру, гомогендеу, термиялық өңдеу (суыту), пішіндеу және фармацевтикалық материалдарды кептіру. Экструдер бірнеше мезгіл-мезгіл істейтін процестерді және жабдықтарды ауыстырады, ал экструзия процесі өңделетін материалдың қасиетін, құрылысын бағытты түрде өзгертеді, процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, өңделетін материалды үздіксіз беруге мүмкіндік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |