2.2 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану
“Информатика” курсының теориялық материалдары мен тапсырмалар жүйесін құруда FronPage веб-беттер құру ортасы қолданылды. Алдыңғы тарауларда курс мазмұнын құрылымдаудың теориялық негiздерi қарастырылған болатын. Ендi осы оқу материалдарын электронды оқулықты құруда қандай формада, құрылымда беру мәселелерiн қарастырайық. Оқу материалдары әрине бiрiншiден курс мазмұнынан тұрады. Электронды оқулық құрудың инструменталды құралдарын пайдалан отырып, бiз оқу курс мазмұнын оқулықтың сол жақ бөлiгiне орналастырдық және курс мазмұны қарапайым Блокнот редакторында дайындалады.
Жоғары тарауда атап өтiлгендей курстың теориялық мазмұны мен оның материалдары компьютерлiк оқыту құралының Оқулық бөлiмiнде орналасады.
Курс мазмұнын құрып болғаннан соң, оқу материалдарын компьютерлiк оқыту құралының терезсiнiң оң жақ негiзгi бөлiгiне орналастыру қажет. Ол бiрiншiден оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлап алған жөн. Теориялық материалдардың Бұл ортада даярлануы оқу материалдарының арасындағы логикалық байланысты күшейтiп, оқушыға интерактивтi жүйеде жұмыс жасауға мүмкіндiк бередi. Оқу материалдарының арасындағы байланыс гиперсiлтемелер жүйесi арқылы жұзеге асырылады. 11-суретте операциялық жүйенiң негiзгi объектiлерi тақырындағы оқу материалдары мен гиперсiлтемелер келтiрiлген. Гиперсiлтемелер жүйесi кез келген компьютерлiк оқыту жүйесінiң ажырамас бөлiiг ретiнде қарастырылуы тиiс. Ол компьютерлiк оқыту құралындағы интерактивтiлiктi қамтамасыз етедi. Ал интерактивтiлiктi бiлiм алуда үлкен маңызға ие екендiгi барлығымызға белгiлi.
11-сурет. Оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлау
Суреттен көрiп тұрғанымыздай бiрiншi және екiншi сiлтемелер пайдаланушыға сәйкес оқу материалдарын шақырып бередi. Егер ол қажет болмаған жағдайда, яғни оқушы Бұл тақырыптарды игерiп қойған болса, онда ол мазмұннан келесi тақырыпты таңдау арқылы Бұл тақырыптан шығып кетуiне болады.
Тақырыптар арасындағы осындай байланыстарды қамтамасыз ету оқушының нәтижелiк блiмiнiң тиянақты болуын қамтамасыз етедi. Ол осының көмегiмен өз санасында курстың толық құрылымы мен мазмұнынын қалыптастырады және курсты тез игерiп кетедi.
Курстың тапсырмалар жүйесін құруда Ұғымдық деңгейдегi тапсырмаларды тастап кетуге болады, себебi қолданбалы программалық қамсыздандыру курсы туралы жалпы теориялық мәлiметтер мен Ұғымдық деңгейдегi сұрақтар электронды оқулықтың тест бөлiмiнде толық қарастырылған. Сондықтан мұнда берiлетiн тапсырмалар бiр жағынан лабораториялық жұмыс ретiнде деп есептеуге болады.
Курстың тапсырмалар жүйесi FronPage ортасында веб-беттер түрінде құрылған. Тапсырмалар қадамдап орындау арқылы iске асырылады. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан соң оның нәтижесiн оқытушыға мiндеттi түрде өткiзуi тиiс. Операциялық жүйенiң FronPage ортасында құрылған 1-тапсырмасында Калькулятор программасымен танысу iс-әрекетi жұзеге асырылады. 12-суретте тапсырманың жалпы көрiнiсiнiң ортада қалай құрастырылғаны келтiрiлген.
Теориялық материалдар мен тапсырмаларды даярлаудың HTML кодтары қосымшада келтiрiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |