МР бұйрықтар жүйесін – жұмыс режімдеріне байланысты мына топтарға бөлуге болады:
-интерфейс бұйрықтары – мәзірге кіру және шығу, оның ішінен қажет пунктті таңдау;
-МР жағдайын өзгерту бұйрықтары – редакциялау режімінде шрифтті, төменгі/жоғарғы регистрді таңдауға, енгізу/ауыстыру режіміне ауысуға және т.б. мүмкіндік беретін бұйрықтар;
-мәтін бойы жылжу бұйрықтары – екі топқа бөлінеді: қадаммен жылжу (оңға, солға, жоғары, төмен стрелкалары); мәтін бойы тез жылжу (жолдың басына/аяғына, мәтіннің басына/аяғына, беттерді парақтау және т.б.);
-символдарды редакциялау бұйрықтары – символды енгізу/жою, кіші әріпті үлкенге ауыстыру және т.б.;
-үлгі бойынша іздеу бұйрықтары – нұсқалған символдар
жиынынан тұратын (әріп, сөз, фраза) мәтіндегі орынды табу үшін қолданылады;
-буферге көшіру, буферден алу бүйрықтары;
-МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар.
Компьютерде практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Мәтінді енгізу және редакциялау дағдыларын қалыптастыру, кез келген интерактивті режімде, қамсыздандыру бағдарламаларымен кәсіптік жұмыс жасаудың негізі болып табылады. Ең алдымен, оқушылар редакциялаудың негізгі стандарттық әдістерін игерулері қажет.
Редакциялаудың негізгі стандарты – символдарды енгізудің барлық нұсқасына бірдей орындалатын редакциялауды операциялар жиыны. Оған мыналар жатады:
1. Мәтін бойы жылжыту пернелері: [], [], [],[ ], [Home], [End], [PageUp], [PageDown].
2. Символды жою пернелері: [Backspace], [Del].
3. Символды ендіру/ауыстыру режімінің пернесі: [Insert].
4. Жолдарды үзу/біріктіру үшін [Enter] пернесі; бірінші біріктірілетін жолдың аяғы болса – [Del], екінші жолдың басы болса – [Backspace] пернелері қолданылады.
Мәтін бойы жылжу. Жылдам пернелер. Мәтінді енгізу, жыпылықтаған тік сызық – маркер тұрған жерден басталады. Жаңа жолға өту, алдыңғы жол толған кезде автоматты түрде жүреді. Енгізу үшін, керек символға тура жету үшін – оның алдында тінтуір шеріледі немесе мәтін бойы жылжыту пернелер тобы пайдаланылады. Меңзерді құжаттың аймағында жылжыту үшін мына пернелер тіркесі қолданылады:
Home
|
ағымды жолдың басына
|
End
|
ағымды жолдың соңына
|
Ctrl +
|
бір абзац алға
|
Ctrl +
|
бір абзац артқа
|
Ctrl +
|
бір сөз алға
|
Ctrl +
|
бір сөз артқа
|
Ctrl + Home
|
құжаттың басына
|
Ctrl + End
|
құжаттың соңына
|
Page Up
|
экран бойы жоғары
|
Page Down
|
экран бойы төмен
|
үрдісінде оқушылардың алдын қойылатын педагогикалық мақсаттардың тізбегі мұғалімге айқын болуға тиіс.
«Мәтінмен жұмыс жасау ақпараттық технологиялары» тақырыбының аясында аталған мақсаттар мына оқыту тізімімен ұсынылуы мүмкін:
-МР табу және жіберу; анықтама алу;
-қазақша/орысша мәтінді теру; жоғарғы/төменгі регистрге ауысу (кіші, үлкен әріп); тыныс белгілері;
-редакциялаудың қарапайым әдістері: Del, Backspace пернелері; енгізу және ауыстыру режімдері;
-мәтінмен файлды ашу; мәтінді қарау, мәтін бойы жылжу әдістері;
-берілген мәтінді редакциялау: қателерді іздеу және түзету; жолды үзу, жолдарды қосу;
-дискіге құжатты сақтау;
-құжаттың пішімін қою: өрістердің өлшемі, жоларалық және абзацаралық интервалдар, абзацтық шегініс, жолдарды туралау;
-ұзінділермен жұмыс: абзацтарды және үзінділерді ерекшелеу, алмасу буфері арқылы орнын ауыстыру, көшіру; абзацтарды пішімдеу;
-шрифттермен жұмыс жасау: шрифттің типін, өлшемін, кескінін, ерекшеленген үзіндінің шрифтін өзгерту;
-колонтитулды және иллюстацияларды енгізу;
-іздеу және ауыстыру;
-
көп терезелік режімде жұмыс жасау: бірнеше құжатпен жұмыс жасау, әртүрлі құжаттардың арасында үзінділердің ауысуы;
-кестелерді құру және редакциялау;
-гиперсілтемелерді құру және қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |