Есептерді шығару мысалдары
1–мысал. Компьютердің көмегімен терілген кітапта 150 бет бар, әр бет – 40 жолдан, әр жол - 60 символдан тұрады. Кітаптағы ақпарат көлемі қандай?
Шешімі. Компьютерлік алфавиттің қуаттылығы 256 – ға тең. Бір символ 1 байт ақпарат береді. Сонда кітаптың бір бетіндегі ақпарат 40 х 60 = 2400 байттан тұрады. Кітаптағы барлық ақпараттың көлемі (әртүрлі бірлікпен):
2400 х 150 = 360 000 байт.
360000/1024 = 351,5625 Кбайт.
351,5625/1024 = 0,34332275 Мбайт.
2–мысал. 2048 символдан тұратын хабардың көлемі, Мбайттың 1/512 бөлігін құрады. Хабарды жазу үшін қолданылған алфавиттің өлшемі (қуаттылығы) қандай болғаны?
Шешімі. Хабардың ақпараттық көлемін мегабайттан битке аударайық. Ол үшін берілген шаманы екі рет 1024 (байтқа аударамыз) және бір рет 8-ге көбейтеміз:
I =1/512* 1024* 1024*8 =16 384 бит.
Ақпараттың мұндай қөлемін 1024 символ (К) әкеледі, онда бір символға:
I = I / K= 16384/1024 = 16 бит келеді.
Бұдан, хабарды жазу үшін қолданылған алфавиттің өлшемі (қуаттылығы) – 216 = 65536 символға тең шығады.
Дәл осындай алфавит, компьютерде символдық ақпаратты ұсыну үшін, халықаралық стандарт (Unicode кодтауы) қолданылады.
1.5. Ақпаратты сақтау процесі
Қарастырылатын сұрақтар:
-ақпаратты тасушы;
-жады формалары;
-ақпаратты сақтау орындары;
-ақпаратты сақтау орындарының негізгі қасиеттері.
Информатиканың ақпарат сияқты іргелі ұғымдарының бірі – ақпараттық процестер ұғымы. Мұнда қарастырылатын түйінді ұғымдар: жады, ақпаратты тасымалдауыштар, ақпарат көзі, ақпаратты қабылдаушы, байланыс арнасы.
Адам ақпаратпен қандай күрделі жұмыс жасамасын, бәрі де үш құраушы: беру, сақтау және өңдеу тұрлеріне әкелетіні оқушыларға жеткізлетін негізгі қағида болуы қажет. Түсіндіруді: «ақпарат қандай процестерге қатысады?», «мұндай процестерде ол қандай өзгерістерге ұшырайды?» – сияқты сұрақтарды қою арқылы, диалог түрінде жүргізу керек.
Ақпараттық үрдіс – уақыт ағымына байланысты, ақпараттың мазмұнының немесе оны көрсететін мәліметтердің өзгеруі.
Ақпаратты сақтау процесіне қатысты қарастырылатын түйінді ұғымдар: ақпаратты тасушы (жады), ішкі жады, сыртқы жады, ақпаратты сақтау орны.
Ақпаратты тасушы – бұл тікелей ақпаратты сақтайтын физикалық орта. Адам үшін ақпаратың негізгі тасушысы – оның өз есі (миы). Оны – жедел жады деуге болады. Мұндағы «жедел» сөзі «тез» сөзінің синонимі ретінде қолданып тұр. Есінде жатталған білімді адам тез жаңғыртады. Өзіміздің есімізді біз ішкі жады деп атай аламыз, себебі ми біздің ішімізде.
Ақпаратты тасушылардың басқаша барлық формаларын (адаммен салыстырғанда) – сыртқы деп атауға болады. Бұл тасушылардың формалары уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады: көне замандарда тас, ағаш, папирус, тері, т.б. Біздің дәуірдің II-ғасырында Қытайда қағаз ойлап табылды. Бірақ Европаға ол тек XI-ғасырда жетті. Содан бері қағаз ақпараттың негізгі сыртқы тасушысы болып келді. Ақпараттық техниканың дамуы магниттік, оптикалық, т.б. замануи ақпаратты тасушылар формаларының жасалуына әкелді.
Ақпаратты сақтау орны – ұзақ мерзімге сақтау және үнемі пайдалану үшін сыртқы тасушыларда белгілі тәртіппен ұйымдастырылған жүйе.
Мысалы: құжаттардың мұрағаты, кітапханалар, картотекалар, анықтағыштар, т.б. Белгілі бір, нақты құжат: анкета, кітап, есеп, т.б. –сақтау орнының негізгі ақпарат бірлігі болып табылады.
Сыртқы сақтау орнымен салыстырғанда адамның есте сақтауы онша сенімді емес. Сол себепті адам сыртқы тасушыларды қолданады.
Ақпаратты сақтаудың негізгі қасиеттері: сақталатын ақпараттың көлемі, сақтаудың сенімділігі, керекті ақпаратты іздеу уақыты, ақпаратты қорғау беріктігі.
Компьютердің сақтау құрылғыларында сақталған ақпаратты деректер деп атайды. Ақпарат және деректер деген ұғымдарды бөліп айту қажет. Деректерді тасымалдауыштарға бекітілген, жазылған ақпаратты көрсетуге арналған құрал деуге болады. Деректер ақпаратты алу үрдісінде алғашқы «шикізат» ретінде қызмет етеді.
Компьютердің сыртқы жадында ұйымдастырылып сақталған ақпаратты – деректер қоры деп атау ұсынылған. Бұл сұрақтар кейінірек қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |