Информатиканы дамыта оқыту технологиясы



жүктеу 115,37 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.03.2018
өлшемі115,37 Kb.
#10953


ӘОЖ 378.147:004 

 

ИНФОРМАТИКАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 



 

Тоқтыбаева  Е.Н.  –  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 

Информатика мамандығының магистранты 

Муслимова А.З. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Байтұрсынов атындағы 

Қостанай мемлекеттік университеті 

 

Берілген  мақала  дамыта  оқыту  технологияларының  мәнін  және  оларды  информатика 

сабақтарында  қолдану  маңыздылығын  ашып  көрсетуге  бағытталған.  Дамыта  оқыту 

технологияларының  педагогика  ғылымында  алатын  орны  мен  дәрежесі  анықталған.  Сонымен 

қатар, дамыта оқыту тұжырымдамаларына, жүйесіне және тәсілдемесіне тоқталған. 

Қоғамды ақпараттандыру, өзінің оқу және кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды 

ұғынып,  әрі  шығармашылық  тұрғыда  пайдалана  алатын,  бәсекеге  қабілетті  мамандар  дайындау 

сияқты  міндеттерді  шешуге  информатика  пәнінің  және  дамыта  оқыту  технологияларының 

орасан зор рөлі бар екендігі көрсетілген. Оқудың түсіндіру және көрсету тәсілінен дамыта оқыту 

технологияларына көшу үдерісі сипатталған. 

«Дамыта  оқыту»  терминін  қарастыру,  алдымен,  педагогиканың  өзекті  проблемаларының 

бірі болып табылатын оқыту мен дамыту  байланысының мәселесін зерттеуді қарастырады. Бұл 

мәселе педагогикада осы күнге дейін өзекті, себебі ол әр баланың жеке мүмкіндіктері және жастық 

дамуы барысында олардың өзгеруі танылатын оқытудың ғылыми негіздерін іздеуді болжайды. 

Аталған  мақалада  информатика  оқытудың  міндеттері  мен  мақсаттары,  ақпараттық 

технологиялар сабақтарындағы негізгі міндеттер, дамыта оқытуды ұйымдастыруға қойылатын 

қысқаша  талаптар,  дамыта  оқыту  әдісі  негізделген  ережелер,  білім  ортасы  мен  мұғалімге 

қойылатын талаптар қарастырылған. 

Кілтті  сөздер:  педагогика;  информатика;  дамыта  оқыту  технологиясы;  информатика 

оқыту әдістемесі.  

 

ТЕХНОЛОГИЯ РАЗВИВАЮЩЕГО ОБУЧЕНИЯ ИНФОРМАТИКЕ 

 

Токтыбаева 

Е.Н. 

– 

магистрант 

специальности 

Информатика 

Костанайского 

государственного университета имени А. Байтурсынова 

Муслимова  А.З.  –  кандидат  педагогических  наук,  доцент,  Костанайский  государственный 

университет имени А. Байтурсынова 

 

Данная  статья  направлена  на  то,  чтобы  показать  значимость  технологий  развивающего 

обучения  и  важность  их  использования  на  уроках  информатики.  Определена  роль  и  выражен 

статус  технологий  развивающего  обучения  в  педагогической  науке.  А  также,  рассмотрены 

концепция, система и подход к развивающему обучению. 

Технологии  развивающего  обучения  и  информатика  играют  большую  роль  в 

информатизации  общества,  подготовке  специалистов  готовых  осмысленно  и  творчески 

использовать информационные технологии в своей учебной и профессиональной деятельности, а 

также  в  подготовке  конкурентоспособных  специалистов.  Изложен  переход  от  объяснительно-

иллюстративного способа обучения к развивающим технологиям. 

Проанализировать  термин  «развивающее  обучение»  предполагает,  изучение  проблемы 

связи обучения и развития, которая всегда считалась одной из основных проблем педагогики. Эта 

тема  актуальна  в  педагогике  по  сей  день,  так  как  она  предполагает  поиск  научных  основ 

обучения, в качестве которых распознавались бы индивидуальные возможности каждого ученика и 

их изменения в процессе возрастного развития. 

В данной статье рассмотрены цели и задачи обучения информатике, основные  вопросы на 

уроках  информационных  технологий,  требования  к  формированию  развивающего  обучения, 

требования к преподавателям и образовательной среде. 

Ключевые слова: педагогика;;  информатика;  технология развивающего обучения; методика 

обучения информатике. 

 

TECHNOLOGY OF DEVELOPING EDUCATION TO COMPUTER SCIENCE  

 

Toktybayeva Y.N. 

– Informatics specialization undergraduate of Kostanay state university named after 

A. Baitursunov. 

Muslimova  A.Z. 

–  candidate  of  pedagogical  science,  associate  professor,  Kostanay  state  university 

named after A. Baitursunov. 

 


This article aims to show the importance of developmental training technologies and the importance of 

their use in Informatics lessons. The role and status of the developmental education technologies in teaching 

science  are  identified.  Also,  the  concept,  system  and  an  approach  to  developmental  education  are 

considered. 

Developmental education technologies and informatics play an important role in the informatization of 

society, the training of specialists who are ready to intelligently and creatively use information technologies in 

their  educational  and  professional  activity,  as  well  as  in  the  preparation  of  competitive  specialists.  The 

transition from explanatory and illustrative way of learning to developmental technologies is set out. 

Analyzing the term "developmental education" implies the study problems of training and development 

communications, which has always been considered one of the main problems of pedagogics. This topic is 

relevant  in  teaching  to  this  day,  as  it  requires  a  search  of  scientific  bases  of  training,  as  that  would  be 

recognized by the individual abilities of each student and their changes in the course of age development. 

This article describes the goals and objectives of learning to computer science, basic questions on the 

lessons of information technology, requirements for the formation of developmental training requirements for 

teachers and educational environment. 

Keywords:  pedagogy;  computer  science;  technology  of  developmental  training;  methods  of  teaching 

computer science. 

 

 

Жоғары сапа мен нәтижелілікті қамтамасыз ететін қазіргі  білімнің басымдығы тұлғаның ӛзін-ӛзі 

жетілдіруге  және  ӛзін-ӛзі  танытуға  бағытталған  оқу  болуы  тиіс.  Қазіргі  кезеңде  қоғамды 

ақпараттандыру үдерісі педагогикалық ғылымның алдында оқушылардың дайындығын олардың ӛз оқу 

және кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды ұғынып, әрі шығармашылық тұрғыда пайдалана 

алатындай етіп ұйымдастыруға міндет қояды. Информатика осындай дайындықты жүзеге асыру үшін 

дәл келеді, себебі оған білім беру салаларының кӛптеген бӛліктері кіреді. Баланы тұлға ретінде ашуда 

үлкен кӛмекті информатиканың іргелі негіздерін зерттеу кӛрсетеді. 

Мұғалімнің  негізгі  және  жауапты  міндеті  –  оқушыларға  ӛз  қабілеттіктерін  толық  шамада 

кӛрсетуге,  бастаманы,  дербестікті,  шығармашылық  әлеуетті  дамытуға  кӛмектесу  болып  табылады. 

Ӛйткені  қабілеттіктер  бойынша  таңдаудан  және  қоғамға  қалаулы  тұлғаның  қаситтерін 

қалыптастырудан емес, әрбір оқушыны ӛзіндік адам ретінде педагогикалық зерттеуден бастау керек. 

Біздің  кӛзқарасымыз  бойынша  дәл  осы  оқушының  ӛзін-ӛзі  және  қоршаған  әлемді  тануда  белсендігін 

анықтайды.  Мұғалім  оқушының  жеке  дамуының  ерекшеліктерін  кәсіби  тұрғыдан  анықтап,  оларды 

тұрақтылыққа тексерген кезде оның болашақ оқуының нысандарын белгілей алады. 

Білімде  ең  маңызды  әлемдік  үрдістің  бірі  –  оқудың  түсіндіру  және  кӛрсету  тәсілінен  дамыта 

оқыту технологияларына кӛшу болып табылады. 

Дамыта  оқыту  педагогикасы  оқыту  және  тәрбиелеу  үдерісін  құра  отырып,  негізінен  жеке 

тұлғаның ӛзін-ӛзі жетілдіруден емес, сыртқы әсердің жетекші рӛлін танудан таралды.  

Дамыта  оқытудың  модельдері  интеллектуалды  қабілеттіктерді  дамыту  міндетіне  бағынышты 

болды.  Осы  қабілеттіктерді  дамыту  құралы  –  ӛз  мазмұны  мен  құрылымы  бойынша  «үлгілі»  деп 

құрылатын  оқу  қызметі  болып  табылады.  Кез  келген  пәнді  оқып  білу  жалпы  білімнің  мақсаттарына 

сәйкес келуі тиіс және ӛзінің пәндік ерекшелігі аясында білімнің жалпы міндеттерін шешуі тиіс. Білімнің 

басымдығы  –  жалпы  оқу  іскерліктерін  және  дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады.  Оларды 

меңгеру деңгейі айтарлықтай шамада кейінгі оқудың жетістіктерін алдын ала белгілейді. 

Сонымен қатар, информатиканы оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс: 

 

информатиканың  қазіргі  ғылыми  әлем  суретін  қалыптастыруға  қосқан  үлесін,  ақпараттық 



үдерістердің  қоғамдағы,  биологиялық  және  техникалық  жүйелердегі  рӛлін  кӛрсететін  базалық  білім 

жүйесін меңгеру; 

 

ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде зерттеу  кезінде басқа  да 



пәндерді пайдалана отырып, нақты объектілердің және үдерістердің ақпараттық модельдерін қолдану, 

талдау, түрлендіру дағдыларын меңгеру; 

 

ә

р  түрлі  оқу  пәндерін  оқу  кезінде  информатика  әдістері  мен  АКТ  құралдарын  меңгеру  және 



пайдалану  арқылы  танымдық  мүдделерді,  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеттіктерді 

дамыту; 


 

ақпараттық қызметтің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауға сәйкес жауапты қарым-

қатынасты тәрбиелеу; 

 

жеке  мен  ұжымдық  оқу  мен  танымдық,  оның  ішінде  жобалық  қызметтің  ақпараттық 



технологияларын пайдаланудың тәжірибесін алу. 

Компьютерді  ақпараттық  қызметтің  құралы  ретінде  пайдалануда  тәжірибенің  жинақталуы 

оқушыларды  ақпарат  және  ақпараттық  үдерістер,  ақпараттың  түрлері,  ақпаратты  және 

информатиканың басқа да осыған ұқсас  тарауларын ұйымдастыру және  іздеу сияқты тақырыптарды 

игеруге 

итермелейді. 

Оқу 

орындарының 



түлектеріне 

ұсынылатын 

қазіргі 

мамандықтар 

жұмысшылардың  интеллектіне  жоғары  талаптарды  қояды.  Жұмысшылардың  интеллектіне  жоғары 

талаптарды қоятын ақпараттық технологиялар халықаралық еңбек нарығында жетекші орын алады.  




Бірақ, егер нақты технологиямен жұмыс жасау дағдыларын тікелей жұмыс орнында алуға болса, 

онда  табиғатпен  белгіленген  мерзімде  дамымаған  ойлау  қабілеті  дамымаған  күйде  қалады.  Ойлау 

қабілеті  дамуымен  кешігу  –  бұл  біржола  кешігу  болып  саналады.  Сондықтан,  балаларды  қазіргі 

ақпараттық  қоғамда  ӛмірге  дайындау  үшін  ең  алдымен  логикалық  ойлау  қабілетін,  талдау  қабілетін 

дамыту қажет. 

Информатика пәнін оқыту мына мақсаттарға жетуге бағытталған: 

 

компьютермен  жұмыс  істеген  кезде  еңбек  дағдылары  мен  іскерліктерін,  адам  мен  қоғамға 



пайдалы болып табылатын ақпараттық объектілерді жасау бойынша практикалық қызмет тәжірибесін, 

компьютерде  жасампаз  қызметті  жоспарлау  және  ұйымдастыру  тәсілдерін,  ақпаратпен  жұмыс  жасау 

үшін компьютерлік техниканы қолдана білу дағдыларын меңгеру; 

 

қолдың  ұсақ  моторикасын,  кеңістіктік  қиялды,  логикалық  және  визуалды  ойлау  қабілетін 



дамыту; 

 

әлемнің ӛзгеруінде адамның ақпараттық қызметінің рӛлі туралы білімді меңгеру; ақпараттық 



технологиялар жетекші рӛл атқаратын мамандықтар туралы бастапқы ұғымдарды қалыптастыру; 

 

ақпараттық  және  коммуникациялық  қызметке  қызығушылықты,  авторлық  құқықтарға 



құрметпен  қарауды  тәрбиелеу;  ұжымдық  ақпараттық  қызметте  ынтымақтастықты  практика  жүзінде 

қолдану. 

Дамыта оқытуды ұйымдастыруға қойылатын қысқаша талаптар: 

 

оқу материалы (оның ұсыну сипаты) оқушының тәжірибе мазмұнын анықтауы тиіс; 



 

оқулықтағы  білімнің  мазмұндамасы  олардың  кӛлемін  кеңейтуге  ғана  емес,  сондай-ақ  әрбір 

оқушының қолда бар тәжірибесін түрлендіруге бағытталуы тиіс; 

 

оқыту  барысында  оқушының  білім  тәжірибесін  берілген  білімнің  ғылыми  мазмұнымен 



әрқашан келісуі қажет; 

 

оқушыны  ӛзін-ӛзі  жеткілікті  білім  беру  қызметіне  белсенді  ынталандыру  оны  ӛздігінен  білім 



алуға, ӛзін-ӛзі дамыту, білім алу барысында ӛзін-ӛзі кӛрсету мүмкіндігімен қамтамасыз етуі тиіс; 

 

оқу  материалы  оқушынының  тапсырмаларды  орындау,  есептерді  шығару  кезінде  таңдау 



мүмкіндігі бар болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс; 

 

оқушыларды ӛз бетінше таңдауға және  олар үшін оқу материалын жетілдірудің ең маңызды 



жолдарын пайдалануға ынталандыру қажет; 

 

оқу  іс-әрекеттерін  орындау  туралы  білімді  енгізу  кезінде  жалпы  логикалық  және  пәндiк 



әдістерді атап шығу қажет, бұл ретте олардың тұлғалық даму функцияларын есепке алу керек; 

 

нәтижелердің ғана емес, сонымен қатар оқыту үдерісінің, яғни оқушылардың оқу материалын 



игере отырып, жүзеге асыратын сол трансформациялардың бақылауын және бағасын қамтамасыз ету 

қажет; 


 

оқу  үдерісі  субъективті  қызмет  ретінде  оқытудың  құрылысын,  іске  асырылуын, 

рефлексиясын,  бағалауын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бұл  үшін  оқыту  бірліктерін,  олардың  сипаттамасын 

бӛлу мұғалімнің сабақта, жеке жұмыста пайдалануы қажет. 

Оқу  мәтінін  құрастыру  кезінде,  ғылыми  мазмұны,  меңгеру  мақсаттары,  мазмұндау  сипаты 

бойынша  таңдаудан  басқа,  осы  мәтінмен  жұмыс  жасауға  байланысты  жеке  қатынасты  да  ескеру 

қажет. 

Оқулықтың мәтінімен жұмыс жасау үшін  дамыту  әдісінің ұйымдастырылуы, ең алдымен,  ойлау 



қабілетін  емес,  ал  ойлау  дербестігіне  бағытталуы  тиіс.  Осыған  проблематизация,  ішкі  қарама-

қайшылық,  оқу  мәтінінің  бір  мағыналылығы  еместігі  ықпал  етуі  тиіс.  Ӛкінішке  орай,  оқулық  әлі  де 

анықтама  принципі  бойынша  құрылуда,  ал  түсіну  критериясы  ретінде  мәтінді  жаңғырту  болып 

саналады.  Түсіну  –  әрқашан  субъективті  тәжірибе  негізінде  тапсырылған  мәтіннің  жеке  түрлендірілуі 

енгізілетін күрделі үдеріс. 

Оқу тапсырмаларының жүйесін әзірлеу кезінде тапсырмалардың пәндік мазмұнының объективті 

күрделілігін  ғана  емес,  сондай-ақ  оларды  орындаудың  түрлі  әдістерін  ескеру  маңызды  болып 

саналады.  Тапсырмалардың  мазмұнына  тікелей  (ережелер,  нұсқамалар,  іс-әрекеттер  алгоритмдері 

түрінде)  немесе  дербес  ізденісті  ұйымдастыру  (әр  түрлі  тәсілдермен  шеш,  ең  оңтайлысын  тап,  екі 

әдісті  салыстыр  және  бағала  және  т.б.)  арқылы  кӛрсетілуі  мүмкін  олардың  орындалу  әдістерінің 

сипаттамасы кіруі тиіс. 

Дамыта оқытудың

 

әдісі мынадай бастапқы ережелерге негізделеді: 



 

арнайы  ұйымдастырылған  оқытудың  әсерінен  бұрын  туындайтын  субъективті  тәжірибені 

белсенді  тасымалдаушы  ретінде  баланың  жеке  тұлға,  ӛзін-ӛзі  бағалау,  ӛзіндік  ерекшеліктер 

басымдығы; 

 

білім – екі ӛзара байланысты құраушының бірлігі болып табылады: оқыту және оқу; 



 

білім  беру  үдерісін  жобалау  оқытуды  оқуда  берілген  игерудің  әлеуметтік  маңызды 

нормативтерін түрлендіру бойынша жеке қызмет ретінде оқуды жаңғырту мүмкіндігін қарастыруы тиіс; 

 

білім беру үдерісін жобалау және іске асыру кезінде әрбір оқушының тәжірибесі анықтау, оны 



әлеуметтендіру бойынша ерекше жұмыс; оқу жұмысы әдістерін бақылау; оқушы мен мұғалімнің түрлі 


мазмұндағы  тәжірибемен  алмасуға  бағытталған  бірлескен  жұмысы;  білім  беру  үдерісінің  барлық 

қатысушыларының арасында ұжымдық бӛлінген қызметті арнайы ұйымдастыру қажет; 

 

білім беру үдерісінде оқудың беретін қоғамдық-тарихи тәжірибесінің және баланың оқуда іске 



асырылатын осы (субъективті) тәжірибемен «кездесуі» орын алады; 

 

тәжірибенің екі түрінің (қоғамдық-тарихи және жеке) ӛзара әрекеттесуі қоғамдық тәжірибенің 



жеке  «толықтыруды»  ығыстыру  арқылы  емес,  ал  олардың  тұрақты  келістіру,  жеке  ӛмір  тіршілігінде 

тану  субъектісі  ретінде  оқушының  барлық  жинағанын  пайдалану  арқылы  жүруі  тиіс,  сондықтан,  оқу 

оқытудың тікелей проекциясы емес. 

 

оқушының  жеке  тұлға  ретінде  дамуы,  олардың  нормативтік  қызметін  меңгеру  жолы  арқылы 



ғана емес, ӛзін-ӛзі дамуының маңызды кӛзі ретінде субъективті тәжірибесін тұрақты байытуы арқылы 

анықталады; 

 

оқу оқушының танымды қамтамасыз ететін қызметі ретінде, оның табиғатын, психологиялық 



мазмұнын қамтып кӛрсететін тиісті терминдерде сипатталған процесс ретінде дамыту қажет; 

 

оқытудың  басты  нәтижесі  сәйкес  білім  мен  дағдыларды  игеру  негізінде,  танымдық 



қабілеттерін қалыптастыру болуы тиіс. 

Осы  ережелерге  сүйене  отырып,  білім  алуға,  дағдылануға,  оларды  оқытудың  бермеген 

жағдайларында қолдануға кӛмектесетін оқу жұмысының тәсілдерін меңгеру арқылы оқушының ӛзін-ӛзі 

билеу және ӛзін-ӛзі тану құқығын танып, оқытудың дамытуды тек түзетуі тиіс екеніне сүйену жӛн. 

Әрбір балаға, дамуы және ӛзін-ӛзі дамытуы үшін білім ортасы қажет, оған тӛмендегілер кіреді: 

 

әр түрлі мазмұндағы, түрдегі және нысандағы оқу материалын ұйымдастыру және қолдану; 



 

оқушыға  оқу  тапсырмаларын  орындаудың  тәсілдерін  (ӛз  әрекеттерінде  қателесу 

қорқынышымен байланысты эмоционалдық шиеленісті жеңілдету кезінде) таңдау еркіндігін ұсыну; 

 

балалардың  шығармашылығын  белсендету  мақсатында,  топтық  және  жеке  сабақтардың 



дәстүрлі емес нысандарын қолдану; 

 

жеке және ұжымдық қызметте шығармашылыққа жағдайлар жасау; 



 

оқушыны  барлық  жұмыстың  нәтижесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  процесін  жете  түсінуге 

түрткі болатын оқу жұмысының индивидтік тәсілдерін талдауға және бағалауға қатысты оқытушының 

тұрақты назары; 

 

зерттеу  (іздеу)  ойлау  қабілетін  модельдейтін  жеке  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  және 



пайдалану; 

 

диалог,  имитациялық-рӛлдік  ойындар,  оқу  қарым-қатынасының  тренингтері  негізінде  шағын 



топтарда сабақтарды ұйымдастыру. 

Неғұрлым  білім  ортасы  бай  болса,  соғұрлым  әрбір  оқушының  ӛзіндік  мүмкіндіктерін  ашуға, 

анықталған  қызығушылықтарды,  бейімдерді  және  оқушының  отбасыдан,  құрдастармен  қарам-

қатынастан,  оқудан,  қоршаған  әлеммен  шынайы  ӛзара  әрекет  етуден  жинаған  әр  түрлі  субъектік 

тәжірибені ескере отырып, оларға сүйену жеңіл болып келеді. 

Информатика  пәнін  оқытудың  дамыту  жүйесінде  білім  процесінің  жобалануы,  әрине,  оқушыны 

таңдау  еркіндігімен  қамтамасыз  ететін  оқу  материалын  арнайы  құрылымдаумен  шектелмейді. 

Мұғалімнің сабақта осы материалды қалай қолданатыны маңызды. Оқу процесі біртұтас дидактикалық 

жүйе  ретінде  білімді  ұйымдастыруға  және  беруге,  оны  меңгеруге  оңтайлы  жағдайлар  жасауға 

бағытталды.  Мында  оқытудың  мазмұны,  нысандары,  құралдары,  әдістері  бір-бірімен  тығыз 

байланысты және негізгі білім беру мақсатына  – оқушының қоршаған болмысты тануға тәуелді. Осы 

мақсатқа  сәйкес  оқу  процесі  ғылыми  білімнің  жүйесінде  бекітілетін  қоғамдық-тарихи  тәжірибенің 

туындау  және  даму  логикасында  ӛрістейтін  ӛз  мазмұнында  ғылыми  әлем  суретін  жаңғыртатын 

танымдық ретінде құрастырылады. 

Мектепте оқытылатын «Информатика» оқу пәні ӛз мазмұны бойынша ғылыми білім облысының 

(информатика,  математика,  физика,  геометрия)  ӛзіндік  «проекциясы»  болып  табылады.Оны  оқыту 

әдістемесі жиі логика заңдары, меңгерудің жастық және жеке мүмкіндіктеріне бейімделген танымның 

әмбебап  әдістемесі  бойынша  ұйымдастырылған  ғылыми  білім  жүйесінде  оқушының  алға  басуын 

кӛрсетеді. 

Оқушы  оқу  жұмысының  тәсілдерін  ӛз  бетінше  іздейді.  Себебі  сыныпта  барлық  балаларды 

бірдей  оқытады,  бірақ  әрбір  оқушы  ӛз  қалауынша  оқиды.  Тәсіл  оқушының  білім  алуға  деген 

эмоционалдық-қажеттілік  қатынасын;  тапсырмалардың  орындалуын,  ӛзінің  жұмыс  нәтижесіне  және 

процесіне  бағытталған  рефлексияны  қамтитын  әрекеттер  (операциялар)  жүйесін  игеруді  кӛрсетеді. 

Тәсілде меңгеруге жататын оқу материалының типіне, түріне және нысанына қатысты оқышының жеке 

талмағамы іске асырылады. 

Сабақта  жауапты  талдау  кезінде  оқушыға:  «Осындай  қорытындыға  келу  үшін  сен  қалай 

ойладың?»,  орындалған  тапсырманы  бағалау  кезінде:  «Жауап  табу  үшін  не  істедің?»,  «Есепті 

шығарып  қандай  әрекеттер  жасадың?»,  үй  жұмысын  тексеру  кезінде:  «Оқулықтың  мазмұнын  оқу 

кезінде,  неден  бастадың?»,  «Ауызша  жауап  дайындаған  кезде  қандай  жоспарды  қолдандың?», 

«Алгоритмнің  логикалық  схемасын құру кезінде қалай пайымдадың?» және т.с. сұрақтарды қою жӛн. 

Осы сұрақтарға жауап беріп, оқушылар жұмыс жасаудың жеке технологиясын ашады, бірақ бұл кезде 



сабақта  ақ  ниеттілік,  ашықтық,  сенімгерлік  атмосфера  болуы  тиіс.  Мұғалім  бұл  кезде  оқушының 

тапсырмаларды  қалай  орындайтыны,  қандай  ақыл-ой  әрекеттерін  (операцияларын)  жасайтыны, 

қандай жағдайларды  қиналатыны  туралы маңызды ақпарат алады. Осыны талдай отырып, ол сабақ 

бырысында  оқушыларға  жұмысты  тиімді  ұйымдастыру  бойынша  қажетті  кеңестерді  бере  алады, 

ұсынылатын  тәсілдерді  салыстыра  алады,  ең  тиімділерін  бағалай  алады,  олардың  ішінен  бірегей, 

нәтижелі тәсілдерді таңдай алады, оларды бірге талқылай алады. 

Сонымен, дамыта оқыту технологиялары қолданылған сабақтың сипатталатын сценарийі: 

 

мұғалім мен оқушының (командадан ынтымақтастыққа қарай) ӛзара әрекетінің типін; 



 

сабақ  барысында  мұғалімнің  оқытудың  қаншалықты  нәтижелілігіне,  соншалықты 

процессуалдық жағына бағдарын; 

 

оқушының  ұстанымын:  ұқыпты  орындаушыдан  есептерді  шығару  кезінде,  тек  стандартты 



тапсырмаларды  орындау  кезінде  ғана  емес  ӛз  интеллектуалдық  әрекеттерін  (сынамалы,  қате 

әрекеттерді қоса) рефлекстендіретін белсенді шығарушыға; 

 

мұғалімнің ӛзгертуі, оқушылардың белсенділігіне байланысты таңдауы тиіс сабақ барысында 



қалыптасатын оқу жағдайларының сипатын ӛзгертеді. 

Құндылықтардың  есебімен  іске  асырылатын  дамыта  оқыту  сабағы  дәстүрлі  сабақтан 

ерекшеленеді.  Дәстүрлі  сабақтың  мақсаттары  дамыта  оқыту  сабағында  іске  асырылатын  дәстүрлі 

емес сабақтың мақсаттарынан қалай ерекшеленетінін кӛрнекі түрде келтіреміз. 

Информатика  пәнінің  дамыта  оқыту  сабағына  қойылатын  негізгі  талаптарды  қысқаша 

тұжырымдайық. 

Мақсаты  –  оқушылардың  танымдық  белсендігін  кӛрсету  үшін  жағдай  жасау.  Мұғалімнің  осы 

мақсатқа қол жеткізудің құралдары: 

 

оқушыларды субъективтік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу қызметін ұйымдастырудың 



алуан түрлі нысандарын және әдістерін қолдану; 

 

әрбір оқушының сынып жұмысына деген қызығушылық атмосфераны жасау; 



 

оқушыларды  ӛз  пікірін  айтуға,  қателесу,  бұрыс  жауап  алу  қорқынышсыз  тапсырмаларды 

орындаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға ынталандыру және т.б.; 

 

сабақ  барысында  оқушыға  оқу  мазмұнының  маңызды  түрі  мен  нысанын  таңдауға  мүмкіндік 



беретін дидактикалық материалды қолдану; 

 

оқушының қызметін тек түпкі қорытынды (дұрыс-бұрыс) бойынша емес, сонымен қатар оған 



қол жеткізу процесі бойынша бағалау; 

 

оқушыны  ӛзінің  жұмыс  тәсілін  (есептерді  шығару)  табуға;  сабақ  барысында  басқа 



оқушылардың жұмыс тәсілдерін талдауға, ең оңтайлы тәсілдерді таңдауға және меңгеруге ұмтылысын 

ынталандыру; 

 

сабақта  әрбір  оқушыға  бастаманы,  дербестікті,  жұмыс  тәсілдерінде  талғамдықты  білдіруге 



мүмкіндік беретін қатынастың педагогикалық жағдайларын жасау; оқушының шынайы ӛз ойын білдіру 

үшін жағдай жасау. 

Информатика  және  АКТ  әр  түрлі  пәндермен  тығыз  байланысты.  Бұл,  ең  алдымен,  ақпаратты 

жинау:  әр  түрлі  қайнар  кӛздерде  іздеу,  тәжірибелік  қызмет,  кейін  талдау,  синтез:  шынайы  ӛмірде 

болатын процестерді модельдеу, жиналған ақпаратты ұсыну. Қазіргі сәтте ақпараттық технологиялар 

соншалықты  әр  түрлі,  олардың  кең  мүмкіндіктеріне  адамның  кәсіби  қызметінің  кез  келген 

бағыттарыннан деректерді ӛңдеу үшін баға жетпес. 

Әрине, сабақта мұғалімнің жұмысын бағалауға арналған база бірыңғай бола алмайды. Мұғалім 

тақырыпқа,  сыныптың  дайындық  деңгейіне,  мақсаттық  ұстанымға,  сабақты  ӛткізу  уақытына  және  т.с. 

байланысты  сабақтың  «режиссурасын»  ӛзі  құруы  тиіс.  Сондықтан  сабақтың  типіне  қарай  оны  тиімді 

ӛткізудің түрлі критерийлері болады. Бірыңғай критерийлер болмайды. 

Информатика  сабағында  мұғалімнің  қызметін  талдауға  мүмкіндік  беретін  критерийлерді  атап 

кетейік:  

 

мұғалімде сыныптың дайындығына қарай сабақты ӛткізудің оқу жоспарының бар болуы; 



 

проблемалық шығармашылық тапсырмаларды қолдануы; 

 

оқушыға  материалдың  типін,  түрін  және  нысанын  (сӛздік,  графикалық,  шартты-символдық) 



ӛзі таңдауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы; 

 

сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  жұмысына  жағымды  эмоционалдық  икемделуін 



жасауы; 

 

сабақ басында тек тақырыпты ғана емес, сонымен қатар сабақ барысындағы оқу қызметінің 



ұйымдастырылуын хабарлауы; 

 

сабақ соңында балалармен тек «нені білгенін» (нені меңгергенін) ғана емес, сонымен қатар 



ненің  және  нег    ұнатқанын  (ұнатпағанын)  талқылауы;  тағы  бір  рет  нені  орындағылары  келетіні,  нені 

басқаша істегілері келетіні; 

 

оқушыларды  тапсырмаларды  орындаудың  әр  түрлі  тәсілдерін  таңдауға  және  ӛз  бетінше 



қолдануына ынталандыруы; 


 

сабақта  сұрау  кезінде  оқушының  тек  дұрыс  жауабын  бағалауы  (ынталандыру)  ғана  емес, 

сонымен қатар оқушының қалай пайымдағанын, қандай тәсілді қолданғанын, неге және қай жағдайда 

қате жібергенін талдауы; 

 

сабақтың  соңында  оқушыға  қойылатын  баға  бірқатар  параметрлер:  дұрыстық,  дербестік, 



нәтижелік бойынша дәлелденуі тиіс; 

 

үйге  тапсырманы  беру  кезінде  тек  тапсырманың  тақырыбы  мен  кӛлемін  атауы  ғана  емес, 



сонымен  қатар  үй  тапсырмасын  орындау  кезінде  ӛз  оқу  жұмысын  қалай  тиімді  ұймдастыру  керек 

екенін толығымен түсіндіруі. 

Дамыта  оқыту  сабағының  ерекшеліктері  мұғалімнің  сабақтағы  тиімді  еңбек  критерийлерін 

белгілейді. Оларға: 

 

мұғалімнің  білімдердің  мазмұнын  айту  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушыларды  оның  тиімді 



меңгерудің тәсілдерімен таныстыру дағдысы; 

 

сыныпта  бірігіп  талдау  үшін  тек  берілген  тақырыптың  материалына  келетін  тәсілдерді  ғана 



емес,  сонымен  қатар  оның  ӛздігінен  ұйымдасуын  қамтамасыз  ететін,  яғни  түрлі  тақырыптық 

мазмұндағы материалды меңгеру кезінде «ӛтпелі» болатын тәсілдерді іріктеу дағдысы; 

 

мұғалімнің сабақ барысында танымдық стильдерді айқындауға бағытталған диагностикалық 



процедураларды  қолдану;  әрбір  оқушының  оқу  материалын  меңгеру  процесінде  оның  даму 

динамикасының дәлелденген болжамын құру үшін оларға сүйену дағдысы жатады. 

Сабаққа дайындалу кезінде біз оның икемді жоспарын әзірлеуге маңызды орын бӛлеміз. Оған: 

 

жалпы мақсатты белгілеу және сабақтың түрлі кезеңдеріне қарай оны нақтылау; 



 

оқушыға  тапсырманың  типін,  түрін  және  нысанын  таңдауға  мүмкіндік  беретін  дидактикалық 

материалды іріктеу және ұйымдастыру; 

 

оқу  қызметін  ұйымдастырудың  түрлі  нысандарын  жоспарлау  (фронталдық,  жеке,  ӛзіндік 



жұмыстың байланысы); 

 

жұмыстың нәтижелілігін оның сипатын ескерумен бағалауға қойылатын талаптарды анықтау 



(сӛзбе-сӛз айтып беру, ӛз сӛзімен қысқаша мазмұндау, белгілі алгоритмдерді қолдану, проблемалық, 

шығармашылық есептерді шығару және т.с.) кіреді. 

Дамыта оқыту сабағы әрбір оқушының даралығына кӛзделген. Осыған байланысты ол мұғалімді 

жаңа,  ол  үшін  әлі  әдеттенбеген  кәсіби  ұстанымға  қояды,  яғни  бір  мезгілде  пән  жүргізуші  және  сабақ 

барысында әрбір оқушыны кешенді педагогикалық тұрғыдан бақылай алатын психолог болу. 

Қазіргі  уақытта  дамыта  оқыту  сабағын  қадағалаудың  және  талдаудың  схемасы  бар.  Олар  осы 

сабақтың мақсаттарын және құндылықтарын іске асыруда мұғалімнің күшін бағалауға кӛмектеседі. 

 

Әдебиеттер: 

1. 

Қараев  Ж.А.,  Ермеков  Н.Т.,  Стифутина  Н.,  Нақысбеков  Б.,  Ермеков  М.,  Калашникова  С., 



Курман  И.  Информатикадан  оқу  материалын  тақырыптық  жоспарлау  үлгiсi.  //Информатика-  физика-

математика, 2000, №6. -51-57 б. 

2. 

Левченко И.В.,  Самылкина Н.Н.  «Общие  вопросы  методики  обучения  информатике  в 



средней школе. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и университетов». – М.: МГПУ, 

2003. 


3. 

Селевко Г.К., Современные педагогические технологии, М.: «Народное образование», 1998. 

4. 

Соломко Л.Г.,  Яровенко Л.В. Педагогический  словарь  работника  профессионального 



образования. Серия «Формирование социально открытой системы непрерывного профессионального 

образования как условия ее саморазвития». Вып. 101. Ноябрьск: НКПиИТ, 2005. 

5. 

Иванов Д.А.,  Митрофанов К.Г.,  Соколова О.В. Компетентностный  подход  в  образовании. 



Проблемы, понятия, инструментарий. М.; 2003 

 

References: 

1.  Karayev  Zh.A.,  Yermekov  N.T.,  Stiphutina  N.,  Nakysbekov  B.,  Yermkov  M.,  Kalashnikova  M., 

Kurman I. Informatikadan oku materialyn takyryptyk zhosparlau ulgisi. //Informatika-fizika-matematika, 2000, 

№6. -51-57. 

2.  Levchenko I.V., Samylkina N.N. 

«Obshie voprosy metoiki obucheniya informatike v srednei shkole. 

Uchebnoe posobie dlya stuentov pedagogicheskih vuzov I universitetov

». – М.: MGPU, 2003. 

3.  Selevko G.K., Sovremennie pedagogicheskie tehnologii,  

М.: «Narodnoe obrazovanie», 1998. 

4.  Solomko L.G.,  Yarovenko L.V. Pedagogicheskii  slovar  rabotnika  professionalnogo  obrazovaniya. 

Seriya 

«Formirovanie  socialno  otkrytoi  sistemy  nepreryvnogo  professionalnogo  obrazovaniya  kak  usloviya 



ee samorazvitiya

». Vyp. 101. Noyabrsk: NKPiIT, 2005. 

5.  Ivanov  D.A.,  Mitrofanov K.G.,  Sokolova  O.V. Kompetentnostnyi  podhod  v  obrazovanii.  Problemy, 

ponyatiya, instrumentarii. M.; 2003 



 


Авторлар туралы мәлімет 

Тоқтыбаева  Еңлік  Нұрланқызы  -  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университетінің Информатика мамандығының магистранты, e-mail: enlik.toktybaeva@mail.ru 

Муслимова  Агима  Зайнагатдинона  -  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  А. 

Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, e-mail: muslimova_agima@mail.ru 

 

Токтыбаева 

Е.Н. 

– 

магистрант 

специальности 

Информатика 

Костанайского 

государственного университета имени А. Байтурсынова, e-mail: enlik.toktybaeva@mail.ru 

Муслимова  А.З.  –  кандидат  педагогических  наук,  доцент,  Костанайский  государственный 

университет имени А. Байтурсынова, e-mail: muslimova_agima@mail.ru 

 

Toktybayeva Y.N. 

– Informatics specialization undergraduate of Kostanay state university named after 

A. Baitursunov, e-mail: enlik.toktybaeva@mail.ru 

Muslimova  A.Z. 

–  candidate  of  pedagogical  science,  associate  professor,  Kostanay  state  university 

named after A. Baitursunov, e-mail: muslimova_agima@mail.ru 

 

жүктеу 115,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау