Информатикадан сыныптан тыс ж¦мыстарды ¤ткізу єдістемесі


Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар



бет2/6
Дата14.06.2023
өлшемі93 Kb.
#42982
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
инф әдістеме

Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер, т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш, т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Сыныптан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілген жұмыс мысал бола алады.
Сабақтан тыс жұмыс - бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдермен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруға, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар. Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс - бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар - баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
1) Балада жағымды «МЕН»- тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:
- өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
- өзінің белгілі тақырыпты немесе материалды меңгеретініне сенімділігі;
- өзінің маңызды орын алатынын сезіну.
Жағымды «мен» - тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады..
2)Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3) Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастару мүмкіндігі бар. Бұл жағдай әсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тәртіп бұзушылық, т.б.) көбеюімен көкейкесті болып тұр.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Информатика пәнінен жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндіктер береді. Ол өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
- информатиканы және оның қолданылуларын тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып, дамыту;
- ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;
- информатика мен ЭЕМ-ны қолдану саласында мектеп оқушыларының еңбекке, мамандық алуға дайындығын қамтамасыз ету;
Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Бастауыш сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс- шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білімін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алалды. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті - әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып, ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.
Жоғарғы сынып оқушылары - бұлар болашақ жоғарғы және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саласындағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моральдық тұрғыдан жетілген және жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздерін өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау