Технологическая карта урока



жүктеу 0,6 Mb.
Дата14.12.2017
өлшемі0,6 Mb.
#4113
түріСабақ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ»

ГККП «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ЭНЕРГЕТИКИ

И ЭЛЕКТРОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»
Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта занятия



Пән/Дисциплина информатика

Мерзімі/Дата 03.03.2013 Топ/Группа МЭН-12

Сабақтың №/Урок № 7.1.

Тақырыбы/Тема занятия Power Point туралы түсінік

Сабақтың мақсаты/Цель занятия

білімдік/образовательная Power Point программасында анимациямен жұмыс жасауды үйрету, жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.

дамытушылық /развивающая Power Point программасында анимациямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту

тәрбиелік/воспитательная Оқушыларды ақпараттық мәдениетілікке, өзін – өзін бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру

Сабақтың типі/Тип занятия жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың қамтамасыздандырылуы/Обеспечение занятия

а) оқу-көрнекілік құралдар/учебно-наглядные пособия

«Power Point туралы түсінік» презентация, электронды оқулық

б) үлестірмелі материалдар/раздаточный материал тапсырма жұмыстары тест жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар ___________________________________

в) ТОҚ /ТСО_________интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс/Межпредметная связь іс жүргізу

Қолданатың әдебиет/Литература к занятию

Негізгі/Основная С. Джонсон Microsoft Office 2007 §12. 305-310 б.

Қосымша/Дополнительная Арман Данеш “Linux Red Hat 7.1”. Полное руководство: А.Данеш – Киев, 2002 – 686с. 2)С. Ивановский “Операционная система Linux”. Позновательная книга плюс, Москва, 2000–511с. www.google.kz инетрнет

3) Р. Петерсен “Linux” 2000. Руководство по операционной системе, Киев, 1997 – 687с.

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа на занятии Linux ОЖ-нің файлдық жүйесімен жұмыс

Сабақтың өту барысы/Ход занятия
Ұйымдасытру кезеңі/Организационный момент Үй тапсырмасын сұрау, дәптерлерін тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Проверка знаний и умений обучающихся



М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып, оқушыларға деңгейлік тапсырма беріледі.
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Содержание и последовательность изложения новой темы



MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімділік жиынтығы.

MS Power Point – тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігі арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Power Point көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді. Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау – Бас мәзір – Бағдарламалар – Microsoft Power Point.

Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері. Жасақтаманы және қалыптарды қолдану

Power Point-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап, жасауға болады. Microsoft Power Point-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайтарды және олардың мазмұнын істеу, слайтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен

басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады. Power Point-та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады: Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санынқамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.

Слайдтарды безендіру

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер,клиптер, дыбыстар сияқты түрлі ысандарды қолдануға болады. Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдарүстелі қолданылады.Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді,WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді. Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру керек. Сіз слайд ішінде бұндай жазбаоардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет.

  • недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы);

  • ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);

  • ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары);

  • жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;

  • қаріп түсін таңдау және т.б.

Жан бітірім баптау.

Power Point көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандары –бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді. Power Point қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жмн бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тышқанды шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкеспәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда

болады. Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірнің Жан бітірімде баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады.

Көрмелерді көрсету

Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б. Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тышқан нұқыуымен

немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады. Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті

параметрлерді баптау қажет.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Закрепление нового материала, формирование умений и навыков



1-тапсырма: Бұл кезеңде 2 топ оқушыларына тәжірибелік жұмыстар беріледі, тапсырманы жылдам, ұқыпты, толық орындаған топқа 1 ұпай беріледі.

Өздік жұмыс: Төрт слайд құру.

  1. Әр слайдтың фондық дизайнына мына әдістерді қолданамыз:
    1-ші слайдқа Градиент 2-ші слайдқа Текстура
    3-ші слайдқа Узор 4-ші слайдқа Рисунок

  2. Әр слайдқа әр түрлі анимация мен эффектілерді қолданамыз:
    1-ші слайдқа word Art көмегімен «ДК құрылғылары» деп жазамыз.
    2-ші слайдқа схема арқылы ДК құрылғыларының негізгі және қосымша бөліктері деп жазамыз және гиперсылканы қолданамыз.
    3-ші слайдқа ДК негізгі құрылғыларының суреттерін қою
    4-ші слайдқа ДК қосымша құрылғыларының суреттерін қою


2-тапсырма: Бұл кезеңде әріптерді байланыстыра отырып, информатика пәніне байланысты сөз құрастыру керек. Әр сөзге бір ұпай беріледі. «Сөзсызба»


Сабақтың қорытындысы/Подведение итогов занятия

1.Слайд – көзге көрінетін күрделі ......... Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, ......... үзінділері, сызбалар енгізуге болады. (Жауабы: көрініс, дыбыс)



2Группа 3.

Жауабы: меню қатары



3.MS Power Point бағдарламасының әрбір презентациясы ......... жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін. Жауабы: слайдтар

4.

Жауабы: интерактивтілігі



Рефлексия


Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім












Бағалау/Оценка Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен көрсеткен біліміне қарай бағалау

Үй тапсырмасы/Домашнее задание С. Джонсон Microsoft Office 2007 §12. 305-310 б.

Оқытушының қолы/Подпись преподавателя __________________________________________

Ф.24 КП-05 СМК. АГКЭиЭТ. Технологическая карта занятия. Издание 2


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау