Microsoft Access-ті жүктеңіз. Жаңа МҚ құрыңыз. Оны ДАННЫЕ атымен сақтаңыз.
Экранның жоғары бөлігінде орналасқан меню қатарынан Кірістіру (Вставка) – Кесте (таблицы) командасын орындаңыз. Немесе, мәліметтер қоры терезесінде Кестелер қабаттамасы - Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа кесте сұхбат терезесі шығады (Сурет 16)
Тышқанмен Кесте шебері (Мастер таблиц) таңдап, сонымен ОК батырмасына басыңыз. Кесте құру сұхбат терезесі шығады.
Қызмет (Деловые) өрісіне белгі қойыңыз. Сонда осыған кестелер тізімі шығады. Кестелар үлгісітізімінен Студенттер кестесін таңдаңыз. Жаңа кесте өрісіне қажетті өрістерді суреттегідей таңдаңыз (Сурет 17)