13-апта
№25 дәрістің тақырыбы: Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер жеке, топтық жұмыстар ұйымдастыру тәсілдері
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер жеке, топтық жұмыстар ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру.
Жоспары:
Әдіс ұғымына жалпы сипаттама.
Топтық жұмыс.
Топтық жұмыстың ерекшелігі мен артықшылықтары.
Математика оқытудағы тәсілдер педагогикалық әдебиеттерде және тәжірибеде нақты жағдайлардағы оқу әдістерінің жүзеге асырылуы деп қарастырылады. Әдіс – оқытуға арналған бағыт, яғни, ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Жалпы дидактикадағы әдістерді сабақтың түріне, қойылатын мақсаттарына сай алуға болады. Оларды оқытуды ынталандыру, уәждемелеу әдістері, оқу қызметтерін ұйымдастыру, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері деп алып, олардың ішінара жеке әдістерін былай қарастыруға болады: әңгімелесу, көрнекілік, аудиовизуалды, практикалық-мәселелік іздеу, оқу қызметін өз бетінше басқару, бақылау әдістері. Практиаклық әдістер түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы іске асырылады. Әңгімелесу әдісінде тақырыптық сұрақтар дайындап, солар бойынша әңгімелесу, мәселелік сұрақтарға жауап беру, т.с.с. арқылы жүзеге асырылады.Көрнекілік әдісте түрлі сюжеттік суреттер,, кинофильмдер, бейнефильмдер көрсетіледі. Аудиовизуалды әдіс мультимедиялық сабақтарда толығымен қолданылады. Мәселелік іздестіру әдістері коммуникативтік, жобалау, рольдік ойындарда іске асырылады. Ал оқу қызметін өз бетімен басқару әдісі тіл үйренушілердің коммуникативтік, жобалау, рольдік ойындардағы орындалатын тапсырмалар жүйесімен көрінеді. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі, сауалнама жұмыстарын орындауда іске асырылады. Қазақ тілін игерудің сапасын арттыруда ерекше рөл атқаратын оқыту тәсілдері. Олар: сөздерді семантизациялау тәсілдері, жаңа лексиканы бекіту тәсілдері, грамматикалық материалды түсіндіру, грамматикалық материалды бекіту, сөйлеуді тыңдау арқылы дамыту, дайын және дайын мес сөйлеуді (монологтық, сұхбаттық сөйлесу) дамыту тәсілдері, оқыған мәтінді түсінуді тексеру тәсілдері. Бұл тәсілдердің барлығын әр мұғалім өзінің біліктілігі мен мүмкіндігіне қарай дамытуға болады.Дегенмен де қандай иновациялық әдістер енгізілгенімен , тек қана сабақта, жүздеген және мыңдаған жылдар бойы келе жатқандай оқу үдерісінің қатысушылары болады: мұғалім және оқушы. Бұл кездесудің қалай болуынан көп нәрсе байланысты. Қазіргі заманның мектептерінің мақсаты – тұлғаның өзінің білімділігі, қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сай, зерделік шығармашылық еңбекке дайын, өз ісін жүзеге асыруға жағдай жасайтын, білім қажеттілігін қамтамасыз ететін білім жүйесін жасау. Жаңа уақыт талабы бойынша, қарама-қарсы қатынас жасай алатын, бірлесе отырып істер атқаратын, басқаға қол ұшын бере алатын адамдар қажет. Яғни, қоғамның сұранысына сай, сабақтарда топтық жұмыстарды енгізу қажет болды. Яғни, білім беру жүйесінің рөлі өзгертіле бастады. Әлемдік деңгейдегі бағдарламалардың жаңа әдіс-тәсілдеріне көше бастағанымыз баршамызға аян.
Кембридж бағдарламасы - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген, жеті модуль негізіне құрылған бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне негізделе отырып, сындарлы оқыту теориясына құрылған.
Осы сындарлы оқыту теориясын тәжірибеде жүзеге асыруда топтық жұмыстың алатын орны ерекше. Ағылшын ғалымы Мерсер құрдастар тобыңдағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Оқушылардың бір-бірімен қарым- қатынас, сыйластық, ұйымшылдық, бір-біріне көмек көрсету сияқты дағдыларын дамыту барысында ғана топтық жұмыс тиімді ұйымдастырылады. Яғни, ағылшын ғалымы Ж.Пиаже айтқандай, «Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым- қатынаста ғана дамиды, тек қарым- қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі». Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу деген сөз.
Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезімдерін қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян. Топ болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артатынын байқауға болады. Жыл басында мұғалім әр сыныпта жұмысын топ ережесін құрудан бастайды. Топ ережесі оқушылармен бірлесе отырып құрылады. Дәстүрлі сабақтарда оқушыларды жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асырылса, ал топтық жұмыста кеңесу, сұраныс, ұсыныс арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі сабақта ұстаздар әр оқушыны өзі бақылауға алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді.
Топтық жұмыс оқушыларда ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, сабаққа деген ынталары артады. Яғни «Мен» деген қағидадан гөрі «Біз» деген тұжырымның анағұрлым пайдалы екенін аңғарады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында топтық жұмысты ұйымдастыруда диалогтік қарым- қатынастың алатын орны ерекше. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Топтық жұмыс барысында білім деңгейлері, танымдық қабілеттері жоғары оқушылар теориялық жағынан өз идеяларын айтса, қабілеті төмен оқушылар жазуда, рәсімдеуде өз үлестерін қосып жатады. Жұмыс барысында белсенді, жақсы оқитын оқушылар өз топтарында кеңес беріп, тапсырмаларды бөліп, барлық оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап отырады. Сонымен қатар осы қазақ тілі және әдебиет сабақтарында топтық жұмыстағы белсенділік әр түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешуде, көркем шығармалар бойынша көріністер көрсету сияқты жұмыстарда өте жақсы көрініс табады.
Топтық жұмыстардың тиімділігін мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде де көруге болады. Мазмұны көлемді мәтіндерді оқытуда СТО стратегияларының бірі «ДЖИКСО» әдісін қолдану тиімді деп ойлаймын. Әрі бұл әдісті қолдана отырып оқушылардың бірнеше топқа ауысып жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Оқушылар әр топта жұмыс істей отырып өз мүмкіндіктерін, білімдерін көрсете алады. Топтық жұмыстарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын элементтерін қолдану да тиімді әдістердің бірі. Ойын барысында топтың әр мүшесі өз тобы үшін жоғары ұпайларды жинауға тырысады және белсенділіктері артып, қызығушылықтары оянады.
Әр оқушының таланты мен қабілеті бар. Сол қабілет пен мүмкіндіктерін біз, мұғалімдер, дер кезінде байқап, қолайлы жағдай жасап, ашуымыз керек. Бұл - біздің міндетіміз. Топтың ішінде тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында тиімді диалогты негізге алған жөн.Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтық жұмыс барысында Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын. Топқа бөлу – міндетті түрде тақырыппен байланысты болады. Оқушылар топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады. Бірақ, уақыт өте келе, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді. Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын айтады, біреу мәліметтер іздейді, бос отырмайды.
Мерcер мен Лилтон (2007) еңбектерінде диалог cабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өcуіне үлеc қоcады дегендей, оқытудағы жаңа тәcілдерді cабағымда қолданып, оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту үшін диалогтік әдіcін де қолданамын. Оқушылар жұппен, топпен cұрақтар құраcтырады.
Топтасу барысында әр оқушы қамтылады.Топтық жұмыс әдісі мұғалімнің тарапынан мұқият дайындықты талап етеді. Мұндай сабақтың жоспары барлық екжей-тегжейіне дейін қаралуы керек. Мұғалім топтарға арналған негізгі және қосымша тапсырмаларды анық тұжырымдап, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін мұқият ойластыруы (топтың сыныптағы, тапсырманы орындау барысындағы құрылымы, жедел бақылау түрлерін және т. б.), кедергілерді ескеруі керекапн топтарды әртүрлі деңгейдегі оқушылардан құрамын. Бастапқы кезде топтарға бірыңғай жақсы оқитын немесе бірыңғай нашар оқитын оқушылар түсуінің нәтижесінде жұмыстың өнімі мен ойлағандай мақсатқа жеткізбеді.. Топқа бөлу – міндетті түрде тақырыппен байланысты болады. Әрине, бастауыш сыныптар болғандықтан кейін, топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады екен. Бірақ, уақыт өтегелі, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді..Топтық жұмыстан кейін, оқушылар рефлексия жазады. Кейде рефлексия ауызша да алынады. Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
№26 дәрістің тақырыбы: Сабақта әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен әдіс-тәсілдерді саралап қолданудың маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |