Қан топтары және олардың сәйкестігі
Қанның негізгі 4 тобы бар. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді.
0 тобы (I топ) «Әмбебап донор»
0 қан тобы бар адамның А және В антигендері жоқ. Сондықтан мұндай қанды кез келген қан тобы бар адамдарға құюға болады, себебі ол бөгде қан ретінде қабылданбайды. Сонымен бірге осындай ағзада АВ-антиденелері бар, сондықтан иммундық жүйе өзінен басқа қан тобын қабылдамайды.
А тобы (II топ)
Бұл ағзада а антигендері мен В антиденелері бар, сондықтан ол 0 және А (I және II топтар) қанын қабылдай алады, В және АВ антигендері бар жасушалар бөгде болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |