3. Табиғи тж кезінде жергілікті халықты қорғау
Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
№4 дәрістің тақырыбы: Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және онда көмек көрсетуді ұйымдастыру
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).
Техногенді сипаттағы тж-ға жалпы түсінік
ҚӘУЗ және радиоактивті заттар бөлетін авариялар
Өрт кезіндегі іс-әрекет және ҚӘУЗ ошағынан жергілікті халықты қорғау
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ) – шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін. ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді. ӘКУЗ қайнайды және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ-дың пайдаланатындығын білуге тиіс.
ӘКУЗ төгілге кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер:
Хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу қажет: а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз жоғарғы қабатқа көтеріліңіз; б) егер сіз көшеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле). Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралдарын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты жабыңыз;
Есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;
Ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Егер дабыл сіз көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағынан шығып, желге қарай жүріңіз. Тыныс органдарын қорғау үшін тыныс органдары аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаздар кию керек. Егер противогаздар жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон немесе бор қышқылыныңы 5% (аммиак төгілген кезде) ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.
2. Өрт немесе жану оқиғасының белгісі байқалған кезде (түтіндеу, жану иісі, температураның көтерілуі) әрбір азаматқа:
- тез арада «101» немесе «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметте хабарлау (объектінің мекен жайын, өрттің шығу орнын, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлау);
- мүмкіндігінше адамдарды және құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіру, өртті сөндіруге тиісті шаралар қабылдау;
- өртке қарсы қызмет бөлімшелерін келуін күтуді ұйымдастыру және өрт сөндіру көліктерінің өрт орнына ең жақын жолдармен келуіне жәрдем беру қажет, ал көпқабатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындарына тұрғын үй пәтерлері мен жатақхана бөлмелерінде пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерінде:
- тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;
- төсек – орында шылым шегуге;
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
- плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға жол берілмейді;
- жарылыс, өрт қауіпі заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлі шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орындауға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшін жалға беруге жол берілмейді.
- техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткіш камераларын, бойлерлік орындарды, лифтілер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тікелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретінде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшін пайдалануға жол берілмейді. Осы үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады, олардың кілттері тәуліктің кез келген уақытында алу үшін белгілі бір, қол жетімді, тәулік бойы кезекші персонал болатын жерде болады.
- жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекі шегуге арналған орындар «Темекі шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекі тұқылын салғыштармен жабдықталады.
- газ өткізгіштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлік коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді. Қатып қалған құбырларды, жабдықты инженерлік коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізіледі.
№ 5 дәрістің тақырыбы: Ядролық қарудың жарылыс ошақтары
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ядролық зақымдану ошағына және оның зақымдау факторларына сипаттама
2.Өткір сәуле аурулары
Достарыңызбен бөлісу: |