Имени с. Аманжолова



жүктеу 1,16 Mb.
бет3/18
Дата04.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#31473
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
5027348504732 Силлабус Утверж Технохим контроь хлеба и хлебобулоч 1.04.2020. -

Оқыту нәтижелері

  • өңдеу өндірісінің арнайы технологиясын;

  • технологиялық процестің өту заңдылығын;

  • қажетті аналитикалық әдістерді таңдау және қолдану.


Пререквизиттер




Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары

1

Органикалық химия, неорганикалық химия, биохимия

2

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу және сақтау

3

Өндеу өндірісінің арнайы технологиясы,


Постреквизиттер тізімі




Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары)

1

Сапа менеджмент негізіндегі өңдеу өндірістеріндегі техно-химиялық бақылау

2

Нан – тоқаш өндірісінің технологиясы

3

Наубайхана өндірісіндегі шикізаттарға сипаттама


5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар / Календарно-тематический план




Пән тақырыптарының атауы / Наименование тем дисциплины

Апта недели

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағат саны / Количество аудиторных часов по видам занятий

Сабақ түрі бой ынша аудитория лық емес сағат саны / Количество внеаудиторных часов по видам занятий

Барлығы (с.) / Всего (ч.)

Дәріс (с.) / Лекция (ч.)

Пр/сем./

зертх-қ./

студ (с.) / Пр/сем./лаб./студ (ч.)

БОӨЖ (с) / СРОП (ч)

БӨЖ (с) / СРО (ч)

1

Техно-химиялық бақылаудың жалпы әдістер.

1.Пәнге кіріспе.

1

2

1/1

2

7

13

2

Азық – түлік товарлардың сапасы.

1. Негізгі анықтамалар мен терминдер.

2

2

1/1

2

7

13

3

Технологиялық процесті және жартылай фабрикаттардың, дайын өнімдердің сапасын бақылау.

    1. Технологиялық процессті бақылау.

    2. Жартылай фабрикаттарды бақылау.

    3. Дайын өнімдердің сапасын бақылау.

3

2

1/1

2

7

13

4

Сапаны органолептикалық тәсілдермен анықтау

1.Органолептикалық сынақтарды өткізу жағдайы.



4

2

1/1

2

7

13

5

Сапаны өлшеу тәсілдерімен анықтау.

5

2

1/1

2

7

13

6

Ұнның сапасын сараптау

1.Үлгі алу және ұнның сапа көрсеткіштерін талдау

6

2

1/1

2

7

13

7

Нан өндірісінің негізгі және қосымша шикізатының сапасын бақылау.

1.Өндірістің технологиялық жоспары

2.Ұн қоспасын құру тәртібі. 3.Өндірістік рецептураларды құру тәртібі.

7

2

1/1

2

7

13

8

Нан өндірісін цех бойынша бақылау сызбасы.

1.Ұнның және қосымша шикізатты сақтау .

8

2

1/1

2

7

13

9

Нан – тоқаш бұйымдарының сапасын сараптау

9

2

1/1

2

7

13

10

Нан-тоқаш бұйымдарының массасын және органолептикалық

көрсеткіштерін талдау



10

2

1/1

2

7

13

11

Нан-тоқаш бұйымдарының физико-химиялық көрсеткіштерін

талдау


11

2

2/2

3

7

16

12

Кондитер бұйымдарының сапасын сараптау

12

2

2/2

3

7

16

13

Кәмпиттің сапасын сараптау.

13

2

2/2

3

7

16

14

Кәмпит сапасын зерттеу әдістері.

14

2

2/2

3

7

16

15

Шоколад бұйымдарының сапасын сараптау.


15

2

2/2

3

7

16




Барлығы / Всего




30

20/20

35

210

310

Ағымдағы бақылау / Текущий контроль

Пәннің жалпы сағат санының 10% (санын көрсету) /

10% от общего количества часов по дисциплине (указать количество)


6. Дәріс сабақтарының мазмұны


І – МОДУЛЬ. ТЕХНО - ХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ.
Тақырыбы: № 1. Пәнге кіріспе
Мақсаты: Кезгелген тағамдық өнімді бақылау – күрделі аналитикалық тапсырмын оқу.

Сабақ жоспары:

1.Кіріспе.

  1. Өнімнің жеке құрамы және көп компоненттігі үшін өнімнің физика – химиялық құрылымы мен құрамының ерекшіліктеріне қарай стандартты тәсіл орнату қажет, себебі қандайда бір талап ететін жағдайда аналитикалық зерттеу жумыстарын жүргізу керек. Бұл кезде зерттелетін заттың физикалық жағдайын және компоненттерін еске алу қажет.

Тағамдық өнімдердегі белгілі бір компоненттерді табу формасы мен құрылымы сынаққа дайындалуды күрделендіреді: сондықтанда компонентті алдын ала бөліп алу керек.

Тек қана анализдер (физика – химиялық, органолептикалық, микробиологиялық және басқада) комплексі шикізат сапасын және өндіру процессінің технологиясын, сонымен қатар дайын өнімді қадағалауға мүмкіндік береді.


Берілген пәннің мақсаты – шикізат және дайын өнімнің сапасын технологиялық бақылауға, бақылауға арналған стандарттау тәсілімен және нан – тоқаш, кондитерлік, жарма өндірісіндегі нормалармен таныстыру.


Берілген пәнде нан – тоқаш, макарон, жарма, кондитерлік өнімдердің сапасын бақылау тәсілдерін оқытады.

Берілген пән бірнеше бөлімдерден тұрады.

Техно – химиялық бақылау өткен кезде, студенттер әртүрлі реактивтермен, приборлармен, жабдықтармен жұмыс атқарады, сондықтанда жұмыс басталар алдында олар техника қауіпсіздігімен, ауысша нұсқаумен танысып, дәптерге жазулары қажет. Сондықтанда бірінші бөлім техно – химиялық бақылау жүргізілетін зертхананы ұйымдастырудан басталады. Олар зертханаға қойылатын талаптармен, ыдыстармен, реактивтермен, приборлармен жұмыс істеу техника қауіпсіздігімен жұмыс атқару жолдарымен танысады.

Әртүрлі тағам өндірісінің салаларында шикізат және дайын өнімдердің сапасын бақылаудың көптеген әдістері қайталанады, сондықтанда екінші бөлімінде солардың арасындағы кең таралған әдістерін көрсетеміз.



Әдебиеттер:

1.Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



  1. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: № 2. Азық – түлік товарлардың сапасы.
Мақсаты: Негізгі анықтамалар мен терминдер..

Сабақ жоспары:

1. Негізгі анықтамалар мен терминдер.

1. Азық – түлік товарлардың сапасы.

Тағамдық өнімдердің сапасы – бұл өзінің бағытталуына қатысты белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға жарамдылығын көрсететін қасиеттерінің жиынтығы.

Тағамдық өндірістерде өнім сапасы деп – оның нормативті – техникалық құжаттардың талаптарына сай келуін айтады.



Сапа көрсеткіші – бұл өнімнің бір немесе бірнеше пайдалы заттарының сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіштері бір ғана және комплексті болуы мүмкін. Бірлі – жарым көрсеткіші – өнімнің бірғана қасиетін, ал комплексті – бірнеше қасиетін сипаттайды. Мысалы: көрсеткіш «түсі» бір ғана көрсеткішке, ал «консистенция және сыртқы түрі» комплексті көрсеткішке жатады, себебі өзіне біртектілік, созыңқы, тығыздық анықтамаларын енгізеді.

Қандайда бір белгілі бір жағдайларда өнім сапсы белгілі бір көрсеткіш бойынша бағаланады.

Сапаның органолептиткалық көрсеткішін анықтау кезінде сапаның бірдей емес жеке көрсеткіштерін орын басу (компенсировал) үшін мыс: весомости - коэффициенті, қандай бір коэффицинет қолдану қажет.

Әдебиеттер:

1.Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



  1. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: № 3. Технологиялық процесті және жартылай фабрикаттардың,

дайын өнімдердің сапасын бақылау.
Мақсаты: Нан – тоқаш кәсіпорнында жұмыс атқару кезінде технологиялық процесстерге бақылау жүргізуге сипаттама беру.

Сабақ жоспары:

1. Технологиялық процессті бақылау.

2. Жартылай фабрикаттарды бақылау.

3. Дайын өнімдердің сапасын бақылау.
Нан – тоқаш кәсіпорнында жұмыс атқару кезінде технологиялық процесстерге бақылау жүргізіледі. Цехтар бойынша технологиялық процесстерді бақылау келесі түрде болады:

  • Қоймада ұн және қосымша шикізаттарды МСТ және ТЖ сай келетін талаптар бойынша шикізат партиясы маркаланып және қоймаға орналастырылуы, сақтау мерзімі жөнінде тексеріліс жүргізіледі.

  • Цехта қосымша шикізттарды дайындау кезінде тексеру өтеді – тұз ерітіндісінің тығыздығы, қант, ашытқы сүті және басқаларына дозалап өлшеу мөлшеріне.

  • Қамыр илейтін цехта жартылай фабрикаттардың температурасын, ашу ұзақтығын (уақыты бойынша, ыдыстың берілген өніммен көтеріліп толтыру көлемі немесе дежа саны бойынша), жартылай фабрикаттарды дұрыс илеу (орнатылған ритмде ұстау) және дозалаушы аппараттың жұмысын – берілген порцияны өлшеу және үлгі алу жолы арқылы жұмысын тексеру.

  • Бөлетін және пысіретін цехтарда қамыр бөлігінің массасын, ұзақтығын, расстойка температурасын және ылғалдандыру тәртібін, пысіру камерасының пысіру температурасын және ұзақтығын, қамырдың пеште көтерілуін және бөлгіш машинаның нақтылңын қамырдың 10-12 бөлігін өлшеу жолы арқылы тексеру жүргізіледі.

Әдебиеттер:

1.Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



  1. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: № 4. Сапаны органолептикалық тәсілдермен анықтау.
Мақсаты: Сапаны органолептикалық тәсілмен анықтауды барлық оқу.

Сабақ жоспары:

1. Органолептикалық сынақтарды өткізу жағдайы.

Тағамдық өнімдердің сапасын органолептикалық әдіспен бағалау ешқендей приборларды қолданбайақ, сезу мүшелерінің көмегімен қабылдау (көру, есту, сезу және дәм сезу) ангализіне негізделген.

Органолептикалық көрсеткіштерге сыртқы түр, дәм, иісі және консистенциясы жатады. Консистенциядан басқа (тағамдық өнімдердің консистенциясын өлшеу тәсілдері арқылы анықтауға болады) берілген көрсеткіштерді органолептикалық әдістермен бағалау көптеген жағдайларда тағамдық өнімдердің сапасын анықтаудағы ең бір қолайлы тәсілдерге жатады.

Өнімдерді органолептикалық бағалау өлшеу тәсілдерімен ауыстырылуы мүмкін емес, бұл әдіс оңай болып көрінуіне қарамастан, оған оны өткізе алуға қабілеттілік тәжірбиесі қажет.

Тағамдық өнімдердің сапа сын органолептикалық бағалауды сенсорлы сезімтелдыққа сынақ өткен мамандар өткізулері қажет. Өндірістік зертханаларда органолептикалық зерттеулерді өткізу үшін белгілі бір талаптарға жауап беретін жеке бөлімшелер болуы керек.


Әдебиеттер:

1.Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



  1. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: № 5. Сапаны өлшеу тәсілдерімен анықтау.
Мақсаты: Өлшеу тәсілдері мен сапа көрсеткіштерін танысу.
Сабақ жоспары:

1. Өлшеу тәсілдеріне сипатта.

Өлшеу тәсілдері тағамдық өнімдердің сапа көрсеткіштерін, белгілі бір құралдар мен реактивтерді қолдана отырып анықтауға негізделген.

Азық – түлік өнімдерінің сапасын анықтаудағы өлшеу тәсілдеріне келесілер жатады:


  • физикалық (өнімнің құрылымдық – механикалық, оптикалық және

электрлі қасиеттерін зерттеуге негізделген); физикалық тәсілдің көмегімен өнімнің тығыздығын, үлестік массасын, еру температурасын, қату температурасын, сутек иондарының консентрациясын, жарық түсу кояяицинентін, нәзіктігін, созылғыштығын, бөтен заттардың бар болуын және басқада көрсеткіштерін анықтайды;

  • химиялық (тағамдыө өнімдердің құрамына кіретін жеке органикалық

және органикалық емес заттардың санын және сапасын анықтау үшін қолданылады); химиялық әдістің негізіне зерттелетін зат үшін белгілі бір реактивтермен химиялық реакциялар салынған;

Әдебиеттер:

1.Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



  1. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырып №6. Ұнның сапасын сараптау.

Жоспар

1. Ұнның түрлерін және сорттарын талдау

Ұнды түрлерге, типтерге және тауарлық сорттарға бөледі. Ұнның түрін өндірілген дақылына байланысты анықтайды. Ұнның негізгі түрлеріне бидай және қарабидай ұндары жатады. Сонымен қатар жүгері, сұлы, күріш, қарақұмық, асбұршақ және соя ұндарын дайындайды.

Ұнның типі мақсатына байланысты болады. Бидай ұның келесі типтерге бөледі:

- наубайханалық;

- макарондық;

- тұтынуға дайындалған (аспаздық бұйымдар үшін рецептуралық

қоспалар).

Қарабидайдан бір типті – наубайханалық ұнын алады. Әртүрлі типті ұндар бөліктерінің мөлшерімен, химиялық құрамымен және технологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Өндіру ерекшелігіне байланысты соя ұнын үш типке бөледі:

- майсызданған;

- жартылай майсызданған;

- майсызданбаған.

Әдебиеттер:


  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

  2. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001



Тақырыбы: №7 . Нан өндірісінің негізгі және қосымша шикізатының

сапасын бақылау.
Мақсаты: Нан өндірудің негізгі сатыларымен танысу. Бидай қамырын дайындау тәсілдерімен танысу.
Сабақ жоспары:

1.Өндірістің технологиялық жоспары

2.Ұн қоспасын құру тәртібі.

3.Өндірістік рецептураларды құру тәртібі.

4. Өндірісте қосымша шикізаттарды дайындауды бақылау.
Нан өндірісі кәсіпорындарында ұн қаптамада немесе қаптамасыз келіп түседі. Ұнның әрбірпартиясында тауарлы - транспортты құжат және сапалы куәлігінің көшірмесі болуы тиіс. Онда бидай ұны үшін - түсі,иісі, дәмі, металл магнит қоспасының құрамы, сорты, ылғалдылығы, күлділігі, ірілігі, клейковина мөлшері мен сапасы, ИДК құрамында анықталатын серпімділік қасиеттері, қауіпсіздік көрсеткіштері; қара бидай ұны үшін –түсі, иісі, дәмі, металл магнит қоспасының құрамы, сорты, ылғалдылығы, күлділігі, қауіпсіздік көрсеткіштері.

Нан өндірісі және диірмен кәсіпорындары арасында құрылған келісім- шартта қосымша келесі көрсеткіштер көрсетілуі тиіс: қышқылдылығы, автолитикалық активтілігі, картоп таяқшасының споралармен ұнның залалдану дәрежесі, диірменде ұнның сақталу мерзімі.

Қабылдау орнында ұнның салмағын өлшейді. Ұн қаптамада болса автомобиль немесе платформа таразыларында, қаптамасыз болса автомобиль таразыларында өлшейді. Егер ұн қапта болса салмағын 3-5 қапты өлшеп, партияның салмағын қаптап, бірлігінің номиналды массасы бойынша алады.

Әдебиеттер:


  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

  2. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: №8. Нан өндірісін цех бойынша бақылау сызбасы.
Мақсаты: Нан өнімдерінің сапасын бакылаумен танысу.
Сабақ жоспары:

1. Цех бойынша өндірісті қадағалау сызбасы.

2. Қосымша шикі зат және ұн қоймасы
1. Нан пісіру кәсіпорында технологиялық жоспарға сәйкес таңдау жолымен зауыттың негізгі цехтың жұмысын бақылайды. Бұл кезде тексереді: ұн және қосымша шикізаттың қоймада дұрыс орналастырылуы және сақталуы ; шикізатты өндіріске дайындау ( тазалау, фильтрация, еріту, елеу т.б,); ұн қоспасын дұрыс дайындау; жалпы және өндірістік рецептураны құру дұрыстығы (технологиялық процесс кезеңі бойынша); технологиялық процесс режимдерін сақтау ; жартылай фабрикаттар сапасын; процестің мөлшерін көрсеткіштері; шығымы; дайын өнімді дұрыс фильтрлеу және сақтау.
Жартылай фабрикаттың сапасын бақылау сызбасы.

Жартылай фабрикаттардың атауы және қамыр дайындау кезеңі


Ағымды бақылау

Қосымша талдау

Көрсеткіштер атауы

Бақылаудың және сынама алу орны

Көрсеткіштер

атауы



Бақылалу

орны



































Тақырыбы: № 9. Нан – тоақаш бұйымдарының сапасын сараптау.
Мақсаты: Нан-тоқаш бұйымдарының тағамдық және биологиялық құндылығы

Сабақ жоспары:.

1. Нан өнімдеріне сипаттама

Піскен нан – бидай және қарабидай ұнының барлық түрлерінен дайындалатын, ұйытқы немесе ашытқымен қопсытылған қамырды пісіру жолымен алынатын өнім. Ол адамның тағамдық рационының едәуір бөлігін құрайды және өсімдік ақуызы мен көмірсулардың негізгі көздерінің бірі. Нанның тағамдық құндылығы жоғары және ұн сорты мен қамыр рецептурасына тәуелді. Нанда орташа есеппен 5,5-9,5% ақуыз, 0,7-1,3% май, 1,4-2,5% минералдық заттар, 3,9-4,7% су, 42-50% көмірсу болады. Нанның биологиялық құндылығы үлкен емес. Піскен нанда лизин, метионин, треонин және триптофан сияқты ауыстырылмайтын аминқышқылдарының мөлшері байытқыштарсыз жеткіліксіз. Сондықтан осы аминқышқылдарының үлкен мөлшері болатын ақуызды байытқыштарды (сүт, сарысу, соя) нанның рецептурасына енгізу нанның тағамдық құндылығын көтеруге септігін тигізеді. Рецептурасы қарапайым нанда май аз. Бірақ нан 38% ағзаның өсімдік майына және 25% фосфолипидке деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Жоғары сортты ұннан жасалған нанда май обойлы ұнға қарағанда едәуір аз болады.



Әдебиеттер:

  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

  2. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001


Тақырыбы: № 10. Нан-тоқаш бұйымдарының массасын және органолептикалық

көрсеткіштерін талдау
Сабақ жоспары

  1. Oргaнoлeптикaлық көрceткiштeрi.

  2. Физикo-химиялық көрceткiштeрдi

Oргaнoлeптикaлық көрceткiштeрi.

Нaнның caпacын oргaнoлeптикaлық бoйыншa cыртқы түрi, жұмcaғының жaңдaйы, дәмi жәнe иici бoйыншa бaғaлaйды.

ҚР CТ 984-2008 cәйкec oргaнoлeптикaлық көрceткiштeрi бoйыншa бидaй ұнынaн дaйындaлғaн нaн 7–кecтeдe көрceтiлгeн тaлaптaрғa cәйкec бoлуы қaжeт.

3-кесте. Бидaй ұнынaн дaйындaлғaн нaнның oргaнoлeптикaлық

көрceткiштeрi

Нaнның caпacын бaғaлaу кeзiндe aқaулы бұйымдaрды iрiктeп aлaды. Cыртқы түрiнiң aқaуынa дұрыc eмec пiшiндi, coлғын жәнe күйiп кeткeн қaбығын (кoркa), қaбықтың жұмcaғынaн бөлiнуiн, aca қaлың қaбықты, iрi жaрықтaрды жәнe жaрылулaрды жaтқызaды. Бұндaй aқaулaр тacымaлдaудың нaшaр шaрттaры кeзiндe пaйдa бoлaды.
Әдебиеттер:


    1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

    2. Лурье И.С., Шаров А.И. Технохимический контроль сырья в кондитерском производстве: М.: Колос, 2001

Тақырыбы: №11. Нан-тоқаш бұйымдарының физико-химиялық көрсеткіштерін

талдау
Сабақ жоспары:

  1. Физико-химиялық көрсеткіштерінталдау.

Физикo-химиялық көрceткiштeрiн бaғaлaу кeздe жұмcaқтың ылғaлдылығын, қышқылдығын жәнe кeуeктiлiгiн aнықтaйды.

Нaнның ылғaлдылығы cтaндaрттaрмeн нoрмaлaнaды: бидaй нaнындa – 30-48%, қaрaбидaй нaнындa – 46-51%, қaрaбидaй-бидaй нaнындa – 45-50%. Жoғaры ылғaлдылық нaнның тaғaмдық құндылығын төмeндeтeдi, oның дәмiн нaшaрлaтaды жәнe caқтaу мeрзiмiн қыcқaртaды. Әдeттe, ұнның coрты жoғaры бoлғaн caйын, нaн ылғaлдылығын нoрмacы төмeн. Нaнның қышқылдылығын ciлтiнiң қaлыпты грaдуcымeн өрнeктeйдi. Coрттық ұннaн aлынғaн бидaй нaнының қышқылдылығы 2,5-7 грaдуcтaн aртық eмec, қaрaбидaй нaнындa – 7-12 грaд., қaрaбидaй-бидaй нaнындa – 7-11 грaд. Қышқылдылық нaн жәнe нaн бұйымдaрының дәмдiк қacиeттeрiнe әceр eтeдi.


Әдебиеттер:

  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

  2. О.Н. Чеботарев, А.Ю.Шаззо, Я.Ф.Мартыненко. Технология муки, крупы и комбикормов. - М 2004, - 305 б


Тақырыбы: №12. Кондитерлік бұйымдардың сапасын сараптау

Мақсаты: ұннан жасалынған кондитер өнімдерінің сапасына сипаттама беру және олардың сапасына қойылатын талаптарды қарастыру.
Сабақ жоспары:

1. Печеньенің сапасын сараптау.

2. Олардың сапасына қойылатын талаптар.

Печенье – құрамында қант және майдың біраз мөлшері бар, қалыңдығы кішкентай және әр алуан пішінді бидай ұны қамырынан жасалған кондитерлік өнім.

Сапаны бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: тағамдық және биологиялық құндылығы, органолептикалық, физико-химиялық.

Печенье сапасын органолептикалық бағалауды сыртқы рәсімделуін, таңбалануын тексеруден және салмағындағы ауытқуларды анықтаудан басталады. Бір қорап печеньені тексеру жолымен орнатады: мөр, сурет және жазбаның нақтылығы, қапталған материалда ластану, майлы дақтар, жарылулар болуына (болмауына) назар аудара отырып, заттаңбаның айқындығын.

Печеньенің органолептикалық көрсеткіштері – пішіні, беті, түсі, дәмі және иісі, сынған жеріндегі түрі-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс (5- кесте).
Тақырыбы: №13. Кәмпиттің сапасын сараптау.
Мақсаты: Ұнды емес кондитер бұымдарының сапасына сипаттама.
Сабақ жоспары:

1.Кәмпит сапасын сараптау.

Кәмпит – кристалл құрылымға ие және құрамы, пішіні, бетінің әрленуі бойынша алуан түрлі, қант негізінде дайындалған кондитерлік өнім.

Кәмпиттің тағамдық құндылығы кәмпит массасының түріне байланысты және адам ағзасына қажетті заттардың кешенінің бар болуымен шартталған.

Кәмпиттің құрамындағы ақуыз мөлшері 6,5%, май - 35%, көмірсулар 50 - 90%.

Кәмпиттердің энергетикалық құндылығы – 100 г-ға шаққанда 1466-2514 кДж.

Кәмпиттердің сапасына қойылатын талаптар

Кәмпиттің сапасын сараптауды жүргізу кезінде қаптаманы, заттаңбаны, органолептикалық, физико-химиялық сапа көрсеткіштерін зерттейді.

Кәмпиттің сапасын сараптауды МЕМСТ 4570-2014 «Кәмпиттер. Жалпы техникалық шарттар» бойынша жүргізеді.

Кәмпиттің негізгі органолептикалық сапа көрсеткіштеріне дәмі мен иісі, пішіні, беті жатады. Дәмі мен иісін сынау арқылы бағалайды. Олар майлы, ашыған, қышқыл немесе басқа да жағымсыз дәмдер мен иіссіз, тым тәтті емес, хош иістендіргіш және дәмдеуіш қоспалардың айқын білінетін дәмімен болуы тиіс.

Әдебиеттер:


  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.

  2. О.Н. Чеботарев, А.Ю.Шаззо, Я.Ф.Мартыненко. Технология муки, крупы и комбикормов. - М 2004, - 305 б


Тақырыбы: №14. Кәмпит сапасын зерттеу әдістері.

.
Мақсаты: Қант өндірісіне сипаттама беру. Қанттың түрлері және алу кезеңдері.

Сабақ жоспары:

1. Кәмпит сапасын зерттеу әдістері.

Кәмпит сапасын бағалауды органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері бойынша жүргізеді.

Органолептикалық көрсеткіштерін МЕМСТ 5897-90 «Кондитерлік өнімдер. Сапаның органолептикалық көрсеткіштері, өлшемдері, нетто және құрамдас бөліктерінің салмағы» бойынша анықтайды. Кәмпит қаптамасының сыртқы түрін, рәсімделу жинақтылығын және эстетикалығын, таңбалау талаптарына сәйкестігін, қаптама салмағынан ауытқуын, өнімнің сыртқы түрін, бұйым пішінін, бетінің күйін, дәмі мен иісін бағалайды. Өнімнің сыртқы түрі тартымды болуы тиіс.

Қаптама саңылаусыздық және кәмпиттің бумасымен немесе заттаңбасымен тығыз қапталу талаптарына сай болуы керек. Ашылған немесе жартылай ашылған бұйым бар болса, олардың құрамын салмағы бойынша анықтайды (орташа үлгінің салмағына немесе қаптама бірлігіне қатысты пайызбен).


Әдебиеттер:

  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.


Тақырыбы: №15. Шоколад бұйымдарының сапасын сараптау.
Мақсаты: Шоколад өндірісіне сипаттама беру.

Сабақ жоспары:

1. Шрахмал өнімдеріне сипаттама.

Шоколад құрамына және әзірлену процесіне байланысты жіктеледі.

Салымды және салымсыз шоколад деп бөлінеді. Шоколадтық масса қоспамен және қоспасыз болуы мүмкін. Шоколадтық массаны өңдеу тәсілі бойынша шоколад кәдімгі және десерттік болып бөлінеді. Сорттар арасындағы айырмашылықтар қанттың, какао-массаның және какао майының рецепттік қатынасымен анықталады. Рецептураға какао-бұршақтардың ең жақсы сорттарын (Арриба, Ява, Гваякиль және басқалары) енгізу бұйымдардың сапасын арттырады және түрлі дәмдік қасиеттері бар шоколад алуға мүмкіндік береді.

Салымсыз шоколадтың келесі түрлері шығарылады: қоспасыз (кәдімгі, десерттік, ұнтақты, ақ) және қоспамен (сүтті, жаңғақты, кофелік, вафлямен және басқалары). Қоспасыз шоколад какао-массадан, какао майынан және хош иісті заттары бар қанттан, ванилиннен дайындалады.

Шоколадтық массаны әзірлеу әдісіне байланысты шоколадтың екі түрі болады: кәдімгі және десерттік.

Әдебиеттер:


  1. Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б.



7.Практикалық (семинарлық) / зертханалық сабақтар

Тақырып 1. Өнім сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістері

Тапсырмалар:

1. Өлшеу әдістеріне сипаттама.

2. Қолданылатын реактивтер мен приборлардың түрлері


Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Қәзіргі уақытта өсімдікшаруашылығы өнімдерін сапасын анықтаудың келесі түрлерібар: өлшеу, тіркеу, есептеу, органалептикалық, әлеуметтік, сараптық. Өлшеу әдістері – көрсеткіштерді құралдар арқылы өлшеу және талдауға негізделген және санды көрсеткіштермен өрнектеледі. Өлшеу әдістері физикалық, химиялық, физико-химиялық, микроскопиялық, биологиялық, физиологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Физикалық әдістер өнімнің физикалық қасиеттеріне негзіделген. Физикалық әдістерге поляметриялық, рефрактометриялық, реологиялық және диэлектриялық әдістер жатады. Поляметриялық әдістерді оптикалық белсенді заттарды (сахароза, глюкоза, фруктоза) сандық анықтаму үшін қолданады. Рефрактометриялық әдістерді ерітілетін құрғақ заттарды, қанты және майды анықтау үшін қолданады.

Реологиялық әдістерді тағамдық өнімдердің құрылымды-механикалық қасиеттерін аныөтау үшін қолданады. Яғни мөлшерін, ірілігін, көлемін, астықтың шынылығын мен натурасын, сусымалдығын, өздігінен сортталуын және т.б. Диэлектриялық әдісті ылғалдылығын анықтау үшін қолданады.


Әдебиеттер:

  1. Технология и технохимический контроль хлебопекарного производства. Л.Ф.Зверева, Б.И.Черняков. Изд. «Пищевая промышленность», 1974, 431 стр.


Тақырып 2. ҰННЫҢ САПАСЫН САРАПТАУ.

Тапсырмалар:

1. Ұнның түрлерін және сорттарын талдау
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):
Ұнның тағамдық құндылығы ұн дайындалған астық дақылының құрамында болатын заттармен сипатталады. Әртүрлі сорт ұндары дәннің әртүрлі бөліктерінен құрылады. Бұл өз кезегінде ұнның тағамдық құндылығына әсер етеді. Бидайлы обйлы ұнның химиялық құрамы астыққа жақын, ал сорттық ұндікі – шығымға байланысты өзгереді. Ұнның сортты жоғарлаған сайын оның құрамындағы көмірсулар көбейеді. Бірақ оның құрамындағы ақуыздар мен басқа заттардың мөлшері азаяды. Екінші сортты ұнда жоғары сортты ұнға қарағанда дәрумендер 2-3,5 есе көп болады. Бұның себебі дәрумендердің көбісі дәннің ұрығында және алейрон қабатында болады және тарту кезінде екінші сортты ұнға түседі.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 3. Жарма сапасын сараптау.

Тапсырмалар:

1. Жарма сапасын сараптау жолымен танысу.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Жарма атауы, сорты, талдау нөмірі, үлгінің реттік нөмірі және түскен күні көрсетілген арнайы ыдыста жарманың үлгілерін сақтайды.

Талдауды жүргізу үшін орташа сынамадан бөлгіште немесе қолмен 25 г- нан кем емес жарма өлшендісін бөледі. Жарма сапасының келесі көрсеткіштерін: түсі, иісі, дәмі, қытырлығы, зиянкестермен залалдануы, металмагнитті қоспалар мөлшері, жарма ірілігі немесе нөмірі, қоспалар мен сапалы ядролардың мөлшері, ал жарманың кейбір түрлерінде - күлділігін анықтайды.

Түсі. Үлгінің бір бөлігін қара қағаз немес қара тақтай бетіне жұқалап себеді және күндізгі шашыраңқы жарықта түсін анықтайды. Жарманың түсі оның тауарлық түрін көрсетеді. Жарманың әрбір түрі өзіне тән түске ие, ол дәннің түріне, сапасы мен технологиялық үрдістердің жүргізілуіне байланысты. Жарманы дұрыс сақтамағанда, оның түсі өзгеруі мүмкін.



Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 4. Нан-тоқаш бұйымдарының физико-химиялық көрсеткіштерін

талдау

Тапсырмалар:

1. Нан-тоқаш бұйымдарының физико-химиялық көрсеткіштерін анықтау.
Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Физикo-химиялық көрceткiштeрiн бaғaлaу кeздe жұмcaқтың ылғaлдылығын, қышқылдығын жәнe кeуeктiлiгiн aнықтaйды.

Нaнның ылғaлдылығы cтaндaрттaрмeн нoрмaлaнaды: бидaй нaнындa – 30-48%, қaрaбидaй нaнындa – 46-51%, қaрaбидaй-бидaй нaнындa – 45-50%.

Жoғaры ылғaлдылық нaнның тaғaмдық құндылығын төмeндeтeдi, oның дәмiн нaшaрлaтaды жәнe caқтaу мeрзiмiн қыcқaртaды. Әдeттe, ұнның coрты жoғaры бoлғaн caйын, нaн ылғaлдылығын нoрмacы төмeн.

Нaнның қышқылдылығын ciлтiнiң қaлыпты грaдуcымeн өрнeктeйдi.

Coрттық ұннaн aлынғaн бидaй нaнының қышқылдылығы 2,5-7 грaдуcтaн aртық eмec, қaрaбидaй нaнындa – 7-12 грaд., қaрaбидaй-бидaй нaнындa – 7-11 грaд.

Қышқылдылық нaн жәнe нaн бұйымдaрының дәмдiк қacиeттeрiнe әceр eтeдi.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 5. Нан-тоқаш бұйымдарының ылғaлдылығын aнықтaу

Тапсырмалар:

1. Нан-тоқаш бұйымдарының ылғaлдылығын aнықтaуды уйрету.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Түбiнe қaқпaқтaр төceлгeн дaйындaлғaн мeтaл тaбaқшaлaрды aлдын aлa 130 °C тeмпeрaтурaғa дeйiн қыздырылғaн кeптiру шкaфынa oрнaтaды жәнe ocы тeмпeрaтурaдa 20 мин ұcтaйды, cocын экcикaтoрғa oрнaтaды, caлқындaтaды, ocыдaн кeйiн 0,5 г acпaйтын қaтeлiкпeн тaбaқшaлaрғa caлaды. Мaccacы 0,2 кг acaтын нaн жәнe ұннaн жacaлынғaн өнiмдeрдiң ылғaлдығын aнықтaу. Зeртхaнaлық үлгiнi eкi шaмaмeн бiрдeй бөлiктeргe көлдeнeңiнeн кeceдi жәнe бiр бөлiгiнeн қaлыңдығы 1-3 cм тiлiм кeceдi, нaн жұмcaғын қaбығынaн шaмaмeн 1 cм қaшықтықтa бөлeдi, бaрлық қocпaлaрды (өрiк, қaйнaтпa, жaңғaқтaр жәнe т.б. көкнәрдaн бacқa) aлып тacтaйды. Бөлiнгeн үлгi мaccacы кeм дeгeндe 20 г бoлуы кeрeк.

Дaйындaлғaн үлгiнi пышaқпeн, үккiшпeн нeмece мeхaникaлық ұcaқтaғышпeн жылдaм жәнe мұқият ұcaқтaйды жәнe бiрдeн aлдын aлa кeптiрiлгeн жәнe бөлiнгeн қaқпaқтaры бaр мeтaл тaбaқшaлaрдa 0,05 г acпaйтын қaтeлiкпeн әрбiрeуi 5 г eкi үлгiнi өлшeйдi.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 6. Нан-тоқаш бұйымдарының қышқылдылығын aнықтaу
Тапсырмалар:

  1. Нан-тоқаш бұйымдарының қышқылдылығын aнықтaу

Нaн бұйымдaрын aнaлиз жүргiзугe дaйындaу тәртiбi бoйыншa aлынғaн 25,0 г қиқым өлшeйдi. Үлгiнi қaқпaғы жaқcы кeлтiрiлгeн cыйымдылығы 500 cм3 құрғaқ бөтeлкeгe (cүттi тәрiздi) oрнaлacтырaды.

Cыйымдылығы 250 cм3 өлшeуiш кoлбaны бeлгiгe дeйiн тeмпeрaтурacы 18-25 °C тaзaртылғaн cумeн тoлтырaды. Aлынғaн тaзaртылғaн cудың шaмaмeн ¼ бөлiгiн қиқымы бaр бөтeлкeгe құяды, aғaш қaлaқшaмeн нeмece рeзeңкe ұшы бaр шыны тaяқшaмeн үгiтiлмeгeн қиқымның көрiнeтiн түйiндeрiciз бiрыңғaй мacca aлынғaншa жылдaм үгiтeдi.

Aлынғaн қocпaғa өлшeуiш кoлбaдaн қaлғaн тaзaртылғaн cуды құяды. Бөтeлкeнi қaқпaқпeн жaбaды, қocпaны 2 мин бoйы бeлceндi шaйқaйды жәнe 10 мин бoйы бөлмe тeмпeрaтурacындa тыныштықтa қaлдырaды. Cocын қocпaны қaйтaдaн 2 мин бoйы бeлceндi шaйқaйды жәнe 8 мин бoйы тыныштықтa қaлдырaды.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 7. Кондитер бұйымдарының сапасын сараптау
Тапсырмалар:

1. Кондитер бұұйымдарының сапасын анықтау әдістерімен танысу.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Печенье – құрамында қант және майдың біраз мөлшері бар, қалыңдығы кішкентай және әр алуан пішінді бидай ұны қамырынан жасалған кондитерлік өнім.

Сапаны бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: тағамдық және биологиялық құндылығы, органолептикалық, физико-химиялық.

Печенье сапасын органолептикалық бағалауды сыртқы рәсімделуін, таңбалануын тексеруден және салмағындағы ауытқуларды анықтаудан басталады. Бір қорап печеньені тексеру жолымен орнатады: мөр, сурет және жазбаның нақтылығы, қапталған материалда ластану, майлы дақтар, жарылулар болуына (болмауына) назар аудара отырып, заттаңбаның айқындығын.

Печеньенің органолептикалық көрсеткіштері – пішіні, беті, түсі, дәмі және иісі, сынған жеріндегі түрі-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс (9- кесте).

Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.



Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 8. Кәмпиттің сапасын сараптау
Тапсырмалар:

1. Қантты кондитер өнімдерінің сапасын анықтау.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Кәмпиттің сапасын бақылауды жүргізу кезінде қаптаманы, заттаңбаны, органолептикалық, физико – химиялық сапа көрсеткіштерін зерттейді, кәмпиттің сапасын сараптауды МЕСТ 4570 – 2014 «Кәмпиттер. Жалпы техникалық шарттар» бойынша жүргізіледі.

10-кесте. Кәмпит сапасының органолептикалық көрсеткіштерін толтыру


Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014



Тақырып 9. Қант және крахмал-сірне өндірісін технохимиялық бақылау.
Тапсырмалар:

Жұмыстың мақсаты:

Крахмалдың сапа көрсеткіштерін органолептикалық және физикохимиялық әдіспен анықтауды үйрену. Органолептикалық крахмалдың түсін, иісін, және оның кулинарлық үлгіде қытырлақтығын анықтайды.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Түсін келесі әдіспен анықтайды: Крахмалдың орташа үлгісін, тақтайға немесе қағазға тегіс қабат етіп жаяды және бетін сипап күн көзінде қарайды. Ең жақсысы зерттелетін үлгінің түсіне сәйкес келетін крахмал түрі және сортының түсімен салыстыру болып табылады.

Иісін екі әдіспен анықтайды:

Крахмалдың аз ғана бөлігін алақанға салады және деммен жылытады;

Крахмалды таза стаканға салады және (50˚С жуық) жылы су құяды. 0,5 минуттан кейін суды құйып алады да және иісін анықтайды.

Крахмалдың қышқылдылығын анықтау.

Құралдар мен қондырғылар: 200 мл конусты колбалар; 100 мл өлшегіш колбалар; техникалық таразы; шпатель.

Реактивтер: 0,1н NaOH немесе KOH ерітіндісі, техникалық этил спирті, 1% фенолфталейннің спирт ерітіндісі, дистелденген су.

Анализді жүргізу реті: 0,01 г дәлдікпен техникалық таразыда өлшенген колбадағы 20 г крахмал шөкіміне 100 мл нейтралды дистелденген су құяды, 1 %-ды фенолфталейннің спирт ерітіндісінен 5 тамшы қосады және 1 мин ішінде кетпейтін ашық ал-қызыл түс болғанша 0,1 н NaOH немесе KOH ерітіндісімен титрлейді.

Крахмалдың фенолфталейнді жұту қабілетіне байланысты, титрлеу аяқталар алдында тағы да 5-6 тамшысын қосады. 100 г құрғақ крахмалда миллиметрмен көрсетілген қышқылдықты келесі формуламен есептейді:



Мұнда:


V - титрлеуге кеткен 0,1 н ерітіндісінің мөлшері, мл

m - крахмал шөкімі,

W - крахмалдың ылғалдылығы, %

Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.



Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 10. ГОСТ 12570-98. Қантты кептіруге арналған әдіс

Тапсырмалар:

Қантты кептіруге арналған әдіспен танысу

Анализ жасау үшін келесі қажеттіліктер:



Қондырғылар және қосымша материялдар: электірлі кептіргіш шкаф, лабораториялық таразығ, секундомер(сағат)

Ыдыс- аяқ: Эксикатор, қақпашалары бар әйнек стакан және бюкстер.

Анализге дайындау. Кептіру үшін керекті ыдысты(әйнек стакна және бюкс) диаметрі бойынша тандап алады, 20-30гр қант- құмшекерін өлшемінің қалыңдығы 10мм аспауы керек.Қақпағы ашық стаканды немесе бюксті және қақпашаларды кептіргіш шкафта ысытады, температурасы (105±1)ºС 30мин. аралықта. Кептіру шкафынан бюкстерді шығарып қақпағын жауып жауып сусыз хлорлы кальцимен немесе сисикагеллі эксикаторға орналастырады, бөлме температурасына дейін суығаннан кейін, 0,0001гр дәлдікпен өлшеп алады.

Анықтау әдісі.

Әрбір әйнек стаканға немесе бюкске шамамен 20-30гр қант- құмшекер немесе алдын ала ұсақталған рафинад салынады, содан кейінқақпақтарымен жауып өлшейді. Бюкстердің қақпағын жаппай 3сағ. бойы (105±1)ºС температурада кептіргіш шкафта кептіреді. Сынамаға алынған кептіру шкафындағы бюкстерді шығарып суытады, суыту процесі эксикаторда жүреді, өлшем шегі 0,0001гр аспауы керек.

Ылғалдын массалық үлесін 1% есептеп шығарады (W) мына формула бойынша

Мұндағы: м1 – кептіруге дейін ыдыстағы қанттың массасы,гр

м2- кептіруден кейінгі ыдыстағы қанттың массасы,гр

м3- бос ыдыстың массасы,гр

100- процентке айналдырудағы коэффицент

Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014



Тақырып 11. Ашытқылар өндірісін технохимиялық бақылау

Тапсырмалар:

1. Ашытқылардың органолептикалық және физикохимиялық

көрсеткіштерін анықтау.

2. Ашытқыдағы ылғалдың массалық үлесін анықтау

3. Ашытқының қышқылдылығын титрлеу әдісімен анықтау

4. Ашытқының көтерілу күшін анықтау

Жұмыстың мақсаты: ашыткы сапасын анықтау

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Берілген ашытқы үлгілерінің сапасын келесі көрсеткіштермен анықтаймыз: түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, қышқылдылығы, көтерілу күші (термостатта қамырдың көтерілу жылдамдығы және қысқартылған әдіс бойынша) және осмосезгіштіктік.

Наубайхана өндірісінде биологиялық сапасы жағынан престелген ашытқы (ГОСТ 171-81), кептірілген ашытқы (ГОСТ 28483-9 және ТУ 100334585-90), сүт ашытқысы (ГОСТ 18-369-81) қабылданады.

Ашытқылар сапасы жағынан органолептикалық және физико- химиялық көрсеткіштермен бағаланады. Ашытқының органолептикалық көрсеткіштеріне: түсі, иісі, дәмі және консистенциясы жатады.

Түсі престелген ашытқы тегіс дақсыз, ашық сары немесе ақшыл түсті болуы керек. Кептірілген ашытқы ашық сары немесе ақшыл қоңыр, ал сүт ашытқысынікі ақшыл сарғыш болады.

Иісі. Ашытқының иісіне тән, бөтен иістері болмау керек жәнекөгермеген болуы шарт. Дәмі. Ашытқының дәміне сәйкес көгерген дәмдер шықпауы керек және басқа да жағымсыз дәмдер болмауы шарт.



Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014


Тақырып 12. Ашытқының көтерілу күшін анықтау.

Тапсырмалар:

1. Ашытқының көтерілу күшін анықтау әдісімен танысу.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Ашытқының көтерілу күші қант белсенділігімен және жайманың қопсытуына байланысты болады.ашытқының көтерілу күшін термостаттары көтерілу күшінің жылдамдығымен немесе жаймадағы түйіршіктердің бетіне шығуы тездетілген әдіспен анықтауға болады. ашытқының көтерілу күшін термостаттағы көтерілу күшінің жылдамдығымен анықтау техниксы: 280 г ІІ сорт наубайханалық бидай ұнын NaCl –дың 160 мл 25% сулы ерітіндісін



Жұмыстың қорытындысы: Зертханада жұмыс атқарып болған сон жұмыстың нәтижесін кесте түрінде толтыру.

Әдебиеттер:

1. Өңдеу өндірістерінің технологиясы: Оқулық. / Ә. Ізтаев, С.Т. Жиенбаева, М.П. Байысбаева т.б.; ҚР Жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012. - 632б

2.Диханбаева,Ф.Т. Азық – түлік өнімдерінің сапасын бақылау және ұйымдастыру: Оқу құралы. / Ф.Т. Диханбаева, Б.Ш. Джетписбаева, А.И. Матибаева. - Алматы: АТУ, 2014





жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау