Имашева Әлия Қошқарбайқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы И.Рыбалко атындағы
жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Шығармашыл ұстаз.
Ұстаздық еткен жылдарында жеткен жетістіктері аз емес. Оқушылары да аудандық, облыстық,республикалық байқаулардың жеңімпаздары.
1.Имашева Әлия «Білім берудің сапасы – мұғалімнің кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» тақырыбында өткен облыстық педагокикалық оқуда ІІ орынға ие болды.
2. Оқушысы Сәттібаева Ақбота отансүйгіштік, адамгершілік тәрбие аясындағы «Қайырымдылық көмек» атты шығармалардың аймақтық байқауында жүлделі ІІ орынға ие болып Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
3. Оқушысы Данаева Нурила VI облыстық «Ақ қауырсын» шығармалар бәйгесінде бас жүлдеге ие болды.
4. Оқушысы Көлбаева Жайна Х облыстық Абай-Шәкәрім оқуларында ІV орынға ие болды.
5. Облыстық ғылыми жоба жарысында оқушысы Бұхарбек Назеркенің «Мұқағали шығармаларындағы арнау өлеңдер» тақырыбындағы ғылыми жұмысы «Әдебиеттанушы» номинациясына ие болды.
Сабақтың тақырыбы:
Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені; (шығармашылық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі:
Ән өнеріне жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш. Қалдяқовтың өмірі мен шығармашылығына бойлата отырып, кең көлемде таныстыру.
Ә) Дамытушылығы:
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру, ғылыми ізденістерге жетелеу.
Б) Тәрбиелігі:
Халқымыздың ұлы сазгері Шәмші өмірі, өлеңдері, әндері арқылы балаларды өнерді сүюге, ұлылыққа бас июге, сұлулыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Шығармашылық сабақ.
Сабақтың типі:
Ізденіс сабағы
Сабақтың көрнекілігі:
Шәмші портреті, нақыл сөздер, буклеттер, баспа материалдары, стенд, т.б
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады
І топ. Шәмші жайлы естеліктер
«Шәмші қандай бақытты еді қазақта»
ІІ топ. Шәмші – сазгер
«Еліңе мәнгі ұнатқан, нәр бердің ән бұлақтан»
ІІІ топ. Шәмші – ақын
«Дарын едің алдына жан салмаған»
IV топ. Шәмшіге арналған өлеңдер, әндер
«Кеудем кейде мұңлылау ән салады,
Іздеймін кеп сондайда Шәмші ағаны»
Қонақтар отырған әр столға осы бағдарлама қойылған
Достарыңызбен бөлісу: |