Жайна:
Қымбатты ұстаздар, сіздер Шәмшімен бірге болған, Шәмшінің көзін көрген даналарымыздың, ұлдарының оған деген ыстық ықыластарын тыңдаңыздар.
Дәулет:
Мүмкін сіздердің орталарыңызда да Шәмші атамызбен кездескен, онымен тілдесу бақытына ие болған кісілер бар шығар. Егер бар болса осындай керемет сәтті пайдалана отырып, сіздерге де сөз кезегін берсек дейміз.
1.Қонақтардың сөзі.
2.Мұғалімнің сөзі (Теріскей әні орындалады)
Дәулет:
Ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын бұл күндері атамекені әлдилеп жүр. Бүгінгідей қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әндеріне, оның шығу тарихына кезек берейік.
Фариза:
Мен ән айтқанды ұнатамын. Болашақта әнші болсам деген арманым да жоқ емес. Менің ән айтып жүргеніме 2 жыл болды. Ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Бірақ Шәмші атамыздың бір әнін де орындамағаным үшін өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Бірақ мен әлі жаспын, болашағым алда. Мүмкін болашақта Шәмші Қалдаяқов атындағы халқаралық ән фестиваліне қатысуға бүгінгі сабақ ұйытқы болатын шығар деп ойлаймын. Сондықтан Шәмші Қалдаяқов атамыздың қазір орындағалы тұрған «Әнім сен едің» әнінің шығу тарихына тоқтап өтейін. Өзбекстанда жастардың әлдебір үлкен жиыны өтеді. Бұған Шымкенттен облыстық комсомол комитетінің сол кездердегі бірінші хатшысы Қалаубек Тұрсынқұловпен бірге Ш.Қалдаяқов та қатысады. Жиын соңынан берілген концертте Юнус Тураев «Дильбор, Дильбор» әнін орындайды. Шәмшіге қатты ұнаған сол әнннен соң шабыты оянып, Шымкентке келе пианиносына отыра қалып, «Әнім сен едіңді» дүниеге әкеледі. Әнді Фариза орындайды.
Мәлік:
Жазушы Оразбек Бодықов «Арыс жағасында» әнінің жазылу тарихын сұрағанда Шәмші сәл жымиып, біраз ойланып былай деді:
«Маған бір күні қара торы жігіт жолықты да былай деді.
Екеуміз де бір өзеннің бойында туыппыз, бір өзеннің суын ішіппіз. Мен осында нақ сүйіктімді, ең сұлуымды тауыппын, Шәмші деген атыңыз бар, қалайша сізге бір сұлу кезікпеді.
Неге олай дейсің?-деді Шәмші,-менің қиялыма ең сұлу осы жерде туды.
Олай болса неге әндеріңіздің ішінде Арыс жоқ, неге ерке өзеннің сұлуларын ән етпедіңіз?-дейді әлгі жігіт.
Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды тек Шәмші атамыздың әніне ғана емес, оның өміріне, жалпы Қалдаяқов әлеміне, Қалдаяқов өзеніне арнамақпыз.
Дәулет:
Ендеше сөз кезегі «Шәмші қандай бақытты еді қазақта» деп тебіреніп отырған жас дарындарда.
Нурила:
Қазақ қашаннан да көкірегі күмбірге толы, жан дүниесі әнге, әуенге бай халық. Сондықтан да әнші -өнерпаздарын аспандатып ардақтаған. Халықының мұндай сый- құрметінен Шәмші атамыз да кенде болған жоқ. Оны бүкіл елі еркелетті, ресми орындар, қасаң қоғам қаншалықты елемеуге, ескермеуге тырысса да халық ханнан да биікке көтерді. Екі адамның басы қосылған жерде Шәмшісіз, оның әндерінсіз жиын-той өткен емес. Солай болып келді, солай болып келеді және солай болып қала бермек.
«Ән шығармас Шәмші ме,
Оны айтпаған әнші ме?»- кезінде халқы осылай деп еркелеткен Шәмші есімі сол бір алпысыншы-жетпісінші жылдарда ән деген ұғыммен, сезіммен астасып, бірігіп кеткендей еді. Ән дегенде Шәмші деп ұқты, Шәмші десе- ән деп түсінді. Халықтың арасында осыншалықты сүйіспеншілікке, атақ –абыройға бөленген, аты аңызға айналған Шәмші атамыз өмірде тым қарапайым, кішіпейіл, кеуде қақпаған, сұрамсақтықпен шенеуніктердің есігін қақпаған еді. Бірқатар тұстастары ресми атақтарға, лауазымдарға, сыйлықтарға ие болып жатқанда Шәкең бір ғана Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атағын қанағат тұтып жүре берді. Бірақ, Шәкеңе ең үлкен сыйлықты да, атақты да, лауазымды да елі, халқы беріп қойған еді. Ол-Шәмші есімін оның әндерін әрбір қазақтың көкірегіне құйып, көңіліне түйіп алуы болды. Әрбір қазақтың қанына сіңіп, жанына тұнып тұрған бұл есім, бұл әндер енді ешқашан да өшпек емес. Ал Қазақ бар кезде ән бар, ән бар жерде Шәмші бар. Шіркін-ай, Шәмші қандай бақытты еді, қазақта.
Әсел:
Мен Шәмшінің әндерін сиясы кеппеген кезінде алдымен айтып, Шәмшіні көре алмаған дұшпандарымен тартысып «бұл- ән әлемінде мәңгі қалатын талант» деп тіресіп жүріп, әндерін халыққа таратып едім. Шәмші өзінің «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Қайдасың», «Еркежан» әндерін қағазға түсіре салып маған әкеп берген болатын. Екеуміз қазақ тангосын шығарайық деуші едім. Мен Шәмшінің «Кешікпей келем деп ең» әнін сол кезде неге айтпадым, білмеймін. Бірақ соған әлі күнге дейін қатты өкінем – дейді халық қаһарманы Роза Бағланова апамыз.
Равшан:
Ш.Қалдаяқовтың 70 жылдық торқалы тойында халық жазушысы, Шәмші атамыздың жерлесі М. Шаханов былай деп тебіренген еді:
Отырардың оттай ыстық топырағы Әлемге данышпандық даңқымен дараланған дарын Әбу-Насыр Әл-Фараби сынды ұлы тұлғаны жаратты. Дәл осы топырақ ешкімді қайталамайтын талант Қалдаяқовты туғызды. Жер қасиеті – ер қасиеті деген осы.
Мен 25 жасқа толғанымда туған күнімді тойладым. Сонда маған екі адам екі үлкен сыйлық жасады. Оның бірі Т.Айбергенов «Іле Алатауы өсімдіктерінің түсі және тасбақаның түрлері» деген кітап сыйлады.
Мен «Отырар дастанын» жазғанымда Шәкең «Сен бақыттысың, өйткені туған жер алдындағы перзенттік парызыңды өтедің, ал мен қайтемін» деп қабағын төмен салып еді.
Мен сонда «Оу, Шәке, сіз туған жердің де, туған елдің де алдында қарыз емессіз. Сіз бұл парызыңызды еліңіз ескерткіш қып шырқап жүрген әрбір әніңізбен әлдеқашан өтеп қойғансыз» дегенмін. Қалдаяқовтың бұл қобалжуы- өнерге деген тазалығы мен адалдығының айғағы.
Аспанда қалқып жүріп жердегіні теріп жейтіндер қауіпті. Шәмші жерге жақын еді. Оның ұлылығының өзі осында.
Жайна:
Мұхтар ағамыздың жастық шағының едәуір бөлігі Шәмшімен бірге өтті. Бірлесіп жазған өлең-әндерін кезінде бүкіл Қазақстан айтты. Қазір де сіздердің назарларыңызға екі «ұлының» достығының куәсіндей болған «Өмір-өзен» әнін жас әнші Базарбайқызы Ақеркенің орындауында қабыл алыңыздар.
Мықтыбек:
Шәмші атаның үлкен ұлы журналистерге берген сұхбатында былай дейді. Біз Қалдаяқовтың әкелік қағидасын қалтқысыз қазық етіп өстік. Ол солай өсірді. Ол «гармоничный» адам еді. Күн де бола білетін, қажет жерінде Түн де бола білетін. Негізінен жүрегі өте жұмсақ, сезімтал жан-тұғын. Олай болмаса ол жаныңды жұмақ күйге бөлейтін нәзік, нәрлі ән жазар ма еді. Біз оған еркелеп өстік. Бірақ, шолжаңдаған емеспіз. Ол сүйкімсіз еркелік, қисынсыз қыңыр-қиқарлықты қаламайтын. Тәрбиеге темірдей қатаң, талапшыл-тын. Бұл мінезі бәлкім әскери училищеде оқып, әскери тәртіпке үйренгендігінен болар. Далаға ойнауға жіберсе немесе бір жерге баруға рұқсат берсе, келетін сағатымызды белгілеп айтатын. Сағат 10-да кел деді ме, 10-да келуіміз керек. Өйткені, оның айтқаны біз үшін заң еді. Ол бізді сондай тәртіпке үйретіп өсірді. Құдайға қатты сенетін. Ол «мен адамдарға да, қоғамға да тәуелді емеспін. Мен Құдайға ғана тәуелдімін » деп айтып отыратын.
Өзі кезінде ішкенмен, бізге Мұхтар екеумізге «Темекі тартпаңдар, арақ ішпеңдер» деп талап қоятын. Біз оның талабынан шет шыққан жоқпыз, екеуміз де темікіні де, арақты да татып алған емеспіз.
Мағжан:
Былайғы жұрттар әкемізге сырттай баға беріп, оның болмысын өз қолдарымен жасап алып жатады. Мен оған ренжимін. «Шәмші әнді ішіп алып жазатын» дейтін «білгіштер» де болды. Біз бала болсақ та әкеміздің шабыт қысқан шақтардағы бейнесін жадымызда сақтап өстік. Ол әндерінің денін үйде отырып жазды және арақ ішіп отырып жазған емес. Рас, шабыты шалқыған шақтарда аласұрып, бөлмеге сыймай кететін. Ол ондай сәттерде басқа бір дүниені шарлап жүргендей көрінетін. Әнін қағазға түсіріп, аяқтаған соң шалқып, шаттанып жүретін. Мұндай кезде тіпті мейірімді болып кетуші еді. Кейде жазған әніне өлең шығару үшін үйге бір ақынды алып келетін. Мұндайда ол бізге «үйді босатыңдар немесе тыныштық болсын» дейтін. Әкеміз дүниеге әкелген қайсыбір жаңа әнін алдымен анамыз Жәмилаға орындататын. «Мен сені, Жамила Төлебаевна, әнді керемет салатының үшін 800 қыздың ішінен таңдап алғанмын» деп еркелетіп қоюшы еді.
-Адам болыңдар, қарапайым болыңдар, әділ болыңдар. Адамдықтың алғышарты- осы. Ешқашан менің атымды пайдаларыңа шешуші болмаңдар. Мен сендерге ондай право бермеймін, естеріңде болсын – деп қатаң ескертетін ол.
Әкеміздің қағидасы өміріміздің принципіне айналып кеткені де осыдан болар. «Қалдаяқовтың атына кір келтіріп алмайық» деп ойлап тұрамыз әр сәт,- дейді ұлы Әбілқасым.
Бекжан:
Шәмшінің досы Оразбек Бодықовтың мына естелігін оқығанда менің де көзімнен жас шығып кетті. Шәмшінің бұл өмірде тартқан тауқыметі аз емес-тін. Әйтсе де оған «Қазақ ССР – ы өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берілер ме екен? – деп күтіп жүрген күндерінің сарсылдырған азабын айтып жеткізуге тіл жетпейді. Бұл 1989 жылдың жаз айы болатын. Біздер Шымкенттің түбіндегі Ленинск деген ауылда Темірбеков Райымқұл деген музыкант жігіттің үйінде қонақ болып отырғанбыз. Таңертеңгілік газетті қарап отырған Шәмшінің даусы оқыс шықты.
Мә! – деде ол маған газетті ұсынып.
Мына указды оқы.
Мен қарасам, газетте Шәмшіге «Қазақ ССР - ына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» деген указ жарияланыпты. Екеуміз бір – бірімізге жалт қарастық, жүрегімізде жүретін бір әдемі сарын бар еді, ол да сап тиылды. Әсіресе Шәмшінікі.
Ия бәрі бітті...Тынды – деді Шәмші терең күрсініп
Апыр-ай, неге бұлай етті? Олардың бұл ісі сізді композитор емес, автоклуб бастығы дегені ғой, - деп қалды Райымқұл.
Дүниеде не нәрсе терең? Қай көл? – деді Шәмші даусы әрең шығып.
Байкал болар – дедік біз.
Жоқ, ең терең көл – көңіл, - деді Шәмші.
Бірақ сол көлдің шөлге айналғаны жаман. Мен Шәмшіге жалт қараған едім, есіл ер жылап отыр екен. Сондай адамды жылату – адам жүрегіне қуаныш егетін әсем әнді жылатқандай болды маған, - дейді Оразбек Бодықов.
Мен кімді ән етемін,кімді...
Онда сенің қандай шаруаң бар? – деді ашуланған Шәмші.
Шаруам бар! Неге ерке өзеннің сұлуларын жырламадыңыз, әлде жақтырмадыңыз ба? – деді де әлгі жігіт тайып тұрды.
Ой, әлгі жігіт не деп кетті? – деді қасымдағылар.
Ол менің дәл ауырып тұрған жерімен түртіп кетті,-деді Шәмші
Осылайша осы әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды» - деді Шәмші.
(Мәлік «Арыс жағасында» әнін орындайды)
Жайна:
Шәмшінің әр әні – бір тарих. Қазір ғана екі әннің шығу тарихына куә болдыңыздар.
Дәулет:
70 – жылдары дүниеге келіп, өз орындаушысын отыз жылдан кейін ғана тапқан «Цыган серенадасы» қалай келді екен. Тамашалап көрейік. Көрініс (Цыган серенадасы әннің шығу тарихы жайлы)
Достарыңызбен бөлісу: |